1s22s2 2p6 3s23p64s2,
валенттілік электрондары 4s2болғандықтан
кальций қосылыстарында II валентті.
Табиғатта таралуы
Табиғи қосылыстары:
сульфаттар CaSО4∙ 2Н2О ғаныш,
карбонаттар - СаСО3,
доломит СаСО3 ∙ 2MgCО3;
фосфаттары - фосфорит Са3(РО4)2,
апатит Са5(РО4)3ОН,
фторапатит Са5(РО4)3Ғ,
флюорит СаҒ2.
Алынуы,
Физикалық қасиеттері
Кальцийді кальций хлоридінің балқымасын электролиз- деп алады.
Кальций ақ түсті, жеңіл (р=1,55 г/см3), сілтілік металдардан қаттырақ зат, t°балқу = 851°С, керосиннің астында сақталады.
Ат. н. 20; ат. м. 40,08; балқу t 842°С; қайнау t 1495°С тығыздығы 1,55 г/см2. Кальцийді 1808 жылы ағылшын ғалымы Г.Дэви ашқан. Түсі күмістей ақ, жеңіл металл, белгілі изотоптары 14, табиғи изотоптары 6. Негізгі минералдары: кальцит, ангидрит, гипс, флюорит, апатит, т.б.
Химиялық қасиеттері:
Кальций белсенді метал болғандықтан көптеген реакцияларға түседі.
Жай заттармен
Са + Н = СаН₂ кальций гидриді
Са + Сl₂ = СаСl₂ кальций хлориді
2Са + О₂ = 2СаО кальций оксиді
6Са + 2N₂ = СаN кальций нитриді
Ca + 2С =СаС₂ кальций карбиді
Күрделі заттармен
Ca + 2НОН = Са(ОН)₂ + Н₂ ↑
Ca + 2HCl=СаСl₂ + Н₂ ↑
Кальцийдің қосылыстары
Кальций оксиді — ақ түсті қиын балқитын зат. Техникада оны "сөндірілмеген әк" деп атайды. Оны әктасты жоғары температурада (1000 C0 шамасында) қыздырып, ыдырату арқылы алады:
СаСО3 СаО + СО2↑- 180кДж
Кальций оксиді — нағыз негіздік оксид. Кальций сілтілікжер металл болғандықтан, оның оксиді сумен оңай әрекеттесіп кальций гидроксидін, яғни сілтісін түзеді: СаО + Н2О = Са(ОН)2 + 70 кДж
Достарыңызбен бөлісу: |