Канафина Маржан, Зикр 19-13 Тақырып: Конституциялық құқық және әкімшілік құқық негіздері. Тест тапсырмалары



бет4/5
Дата11.12.2021
өлшемі24,59 Kb.
#79074
1   2   3   4   5
Байланысты:
Құқық 1 неделя, Канафина Маржан 19-13

Конституцияның мәні: мемлекеттік негізгі заңдылық мүдделерін халықтың шын мәніндегі еркіне сай келуімен және құзіреттілігімен айқындалады, адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең негізгі Конститутциялық құндылығы ретінде саналады.


  1. Тәуелсіз Қазақстанның негізгі мүдделері (позициясы) қандай?



Тәуелсіз Қазақстанның негізгі мүдделері:

1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;

2) заңдардың дәлме-дәл әрi бiркелкi орындалуы және құқықтық тәртiпті сақтау;

3) елде қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау;

4) қазақстандық отаншылдық және Қазақстан халқының бiрлiгi;

5) қазақстандық қоғамның материалдық және рухани-имандылық құндылықтарын сақтау мен еселей түсу;

6) денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің азаматтар мен қоғамның әл-ауқатын жақсарту қажеттіліктеріне лайықты деңгейі мен сапасына қол жеткізу және оны сақтап тұру;

7) елдің білім және ғылым әлеуетінің қоғам мен азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, инновациялық және зияткерлік даму қажеттіліктеріне лайықты деңгейі мен сапасына қол жеткізу және оны сақтап тұру;

8) Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының, оның iшiнде елдің тәуелсіздігінің, бiртұтастығы мен президенттiк басқару нысанының, тұтастығының, мемлекеттiк шекарасына қол сұғылмаушылығының және аумағының бөлiнбестiгiнiң мызғымастығы;

9) мемлекеттiк институттардың тұрақты жұмыс iстеуi, олардың қызметiнiң тиімдiлiгiн арттыру;

10) Қазақстанның бүкiл халқының игiлiгi үшiн экономикалық даму;

11) экономикалық қауіпсіздікті толық көлемде қамтамасыз ететін агроөнеркәсiптiк, отын-энергетика кешендері, көлік және өндірістік салалар, қаржы жүйесі субъектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуi;

12) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының жауынгерлiк және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;

13) Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін толық көлемде қамтамасыз ететін қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыруды қамтамасыз ету және қорғаныс өнеркәсібі кешенінің отандық субъектілерін дамыту;

14) бәсекеге қабілетті және қорғалған ұлттық ақпараттық кеңістікті қолдау және дамыту;

15) қоршаған ортаның жай-күйін сақтау және жақсарту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;

16) Қазақстан Республикасының даму басымдықтарына сай келетін халықаралық ынтымақтастықтың жай-күйі;

17) халықаралық деңгейде Қазақстан Республикасының жағымды имиджі мен беделін нығайтуға бағытталған саяси бастамаларды ілгерілету;

18) Қазақстан халқы мен аумағын төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар кезінде немесе осы қақтығыстардың салдарынан туындайтын қауіп-қатерлерден бейбіт уақытта және соғыс уақытында қорғау болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет