Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет29/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

Омофóндар
– айтылғанда бірдей дыбысталатын, бірақ, формасы мен 
мағынасы әртүрлі, яғни, жазылғанда айырмашылығы бар сөздер: луг (алаң) – 
лук (садақ), бал (би кеші) – балл (баға). 
2.
 Омóграфтар 
– мағыналары да дыбысталулары да әртүрлі, бірақ бірдей 
таңбаланатын сөздер: атлáс (мата) – áтлас (географиялық карталар жиынтығы), 
зáмок – замóк. 
3. 
Омоформалар
(морфологиялық омонимдер) – бір немесе бірнеше 
грамматикалық формамен келген, дыбысталғанда да айтылғанда бірдей сөздер:
рой (зат есім) пчел – рой (етістік) яму, дорóгой (зат есім) – дорогóй (сын 
есім), новая (зат есім) пила – пила (етістік) кофе, жгут (етістік) траву – 
медицинский жгут (зат есім)» [16] көрсетіліп жүр.
Қазақ тіл білімінде К.Аханов бұларды жартылай омонимдер деп нақты 
көрсетпесе де, «Омофондар да, омографтар да таза омонимдер емес, өйткені 
олардың біреуі (омографтар) айтылуда бір-бірінен ажыратылып шектелсе, 
екіншісі (омофондар) жазылу жағынан бір-бірінен сараланып шектеледі. Таза 
омонимдердің қатарына айтылу жағынан да жазылу жағынан да біркелкі болып, 
мағынасы жағынан ажыратылатын сөздер енеді» [17, 155 б.] – деп, омофондар 
мен омографтарды таза омоним бола алмайтындығын көрсетеді. Десек те осы 
сипаттағы құбылысқа ғалым атау бере алмаған. Біздіңше, таза омоним деген 
термин қарама қарсы мағынада жартылай деген ұғымға саяды. 


19 
Омонимдердің омофон, омограф, омоформа деп жіктелінуі лексика-
морфологиялық және фонетикалық ерекшеліктеріне байланысты. Осыған 
сәйкес омонимдерді шартты түрде 1) лексикалық омонимдер; 
2) графикалық омонимдер; 
3) фонетикалық омонимдер; 
4) морфологиялық немесе грамматикалық омонимдер деген топтарға 
бөлінеді.
Омонимдердің омофон, омоформа, омограф деп жіктелуі жоғарыда 
көрсетілген тіл білімі салаларының әсерінен болса керек. Сөзіміз түсініктірек 
болу үшін мынадай сызба ұсынамыз: 
Кесте 1 – Омонимиядағы терминдік атаулар 
Терминдік атау 
Пайда болуда тіл білімінің әсер еткен 
саласы 
омоним 
лексика 
омограф 
графика 
омофон 
фонетика 
омоформа 
морфология немесе граммтика 
Сонымен қазақ тіл білімінде толық омонимдерге лексикалық, лексика-
граматикалық, аралас омонимдер жатады, ал жартылай омонимдерге 
омографтар, омофон, омоформалар жатады: 
Кесте 2 – Омонимдердің түрлері 
Толық омонимдер 
Жартылай омонимдер 
Толық 
лексикалық 
омонимдер: 
Лексикалық 
омонимдер 
Жартылай 
лексикалық 
омонимдер:
лексика-
грамматикалық 
омонимдер, 
аралас 
омонимдер 
омограф 
омофон 
омоформа
бірдей 
айтылып, 
бірдей 
жазылатын, бірақ мағыналары 
әртүрлі сөздер. 
Мысалы: қаз (зат.), қаз (ет.); 
тамыр (корень, сосуд), тамыр 
(таныс) және т.б.
бірдей 
жазылғанымен, 
айтылуы 
мен 
мағынасында 
өзгешелік бар 
сөздер. 
Мысалы: баспа 
(издательство), 
баспа 
(ет.) 
және т.б. 
бірдей 
айтылғанымен, 
жазылуы мен 
мағынасында 
өзгешелік бар 
сөздер. 
Мысалы: 
қарала 
(жала 
жабу), қара ала 
(түс) және т.б.
әртүрлі 
формада 
болғанымен бірдей 
айтылатын сөздер. 
Мысалы: 
балама 
(болымсыз етістік), 
бала 
ма 
(сұрау 
есімдігі) және т.б. 


20 
Тілдің ішкі (натуралды) лингвистикалық «әлеуеті» мен оны тұтынушының 
психологиялық, танымдық және т.б. қасиеттеріне, коммуникативтік, 
прагматикалық мақсаттарына байланысты тілдік бірліктердің, оның ішінде 
лексикалық бірліктердің мағынасының кеңеюінен туындайтын құбылыс 
«омонимия» деп аталады.
 
Омонимдерге тіл білімінде берілген анықтамалары өте көп және олардың 
ортақ мазмұны бір-біріне жуық келеді [18]. Алайда тіл-тілдің өзіндік 
құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты принциптік өзгешеліктер болуы 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет