Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет75/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

Интербелсенді технология 
– білім беруші мен білім алушылар 
арасындағы әрекеттің бірлестігінен тұратын бұл технологиядағы жұмыс 
түрлеріне жұптық және топтық жұмыстар, дербес және бірлескен ізденіс 
жұмыстары, ғылыми-зерттеу жұмыстары, рөлдік ойындар секілді жұмыстар 
белсенді түрде жүргізіледі. Интербелсенді технологияда білім алушылар жүйелі 
ойлау мен терең толғаныстан ақпаратты өздігімен түсініп, нәтижесінде өзіне 
қажеттісін таңдап, оған жан-жақты талдау арқылы өзіндік баға беруге 
дағдыланады. «Бүгінгі күннің талаптары диалогты оқу/оқытудың басты әдісі 
мен құралына айналдыруды қажетсініп отыр. Бұл мәселе жоғары мектептің оқу 
процесінде интербелсенді әдістемені жан-жақты қолдану ісін мықтап қолға 
алуды міндеттейді». Сонымен қатар, «интербелсенді әдістеме оқу мақсаттарын 
екі бағытта нақтылауды талап етеді: 
1. Студенттердің оқу материалын меңгеру деңгейін (сапасын) бақылау. 
2. Әр студенттің дамуын қадағалау. 
Оқу мақсаттары өлшенбелі және нақты, айқын түрде келтірілген (мәселен, 
кез келген студент пен оқытушының тануына тұрарлықтай) оқу нәтижелері 
арқылы көрсетілуі керек. Ал өз кезегінде оқу нәтижелері студенттердің 
әрекеттері арқылы құрастырылады» [94, 119 б.].
Омонимдердің когнитивтік құрылымын интербелсенді технология арқылы 
оқыту барысында білім беруші мен білім алушы өзара бірлестікте омонимдік 
бірліктерді жұптасып, топтасып оқу арқылы өздеріне деген сенімін 
қалыптастырса, омонимдердің семантикалық ерекшеліктері мен компоненттік 
құрамдарының лингвистикалық табиғатына үңілу арқылы дербес ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жүргізуге қол жеткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет