139
әрекеті
білім
беруші
статусынан
білімді
жүйелеуші,
әрекеттерді
ұйымдастырушы
статусына
бағытталды.
Оқытушы
тарапынан
оқу
әрекеттеріндегі білімнің сапасы мен ондағы студент әрекеті (сөйлеу әрекеті мен
пікірталас жүргізу мәдениеті, ақпараттады сұрыптай алу дағдысы мен тәртібі,
ойын жүйелеу т.б.) қадағаланып отырды. Экспериментке
таңдалып алынған
педагогикалық технологиялардың тиімділігін студенттердің қорытынды
бақылау материалдары дәлелдеді.
Қорыта келгенде, эксперимент барысында жүргізілген әдістемелік әдістер
мен тәсілдердің нәтижесінде жүйелі жоғары нәтижеге тәжірибиелік сынақ
кезеңінде қол жеткізілді. Омонимдердің когнитивтік семантикалық өрісін
оқыту барысындағы эксперимент нәтижелері
омонимдерді когнитивтік
аспектіде оқытудың ұтымдылығын көрсетті.
Омонимдердің лингвистикалық және когнитивтік ерекшеліктерін оқытуда
білім алушылардың кәсіби дайындықтарының жоғарылауы болашақтағы кәсіби
дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Эксперимент кезеңіндегі
омонимдердің когнитивтік семантикасын оқытудың нәтижесі болашақ
мамандардың кәсіби-лингвистикалық және педагогикалық шеберлігін,
сөйлеу
мәдениетін, берілген материалды түсіну және игеру деңгейін көтеруге ықпал
етеді. Эксперименттік кезеңдегі педагогикалық әдіс-тәсілдердің жүйелі және
ұтымды таңдалуы білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытып,
ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыруға жол ашады. Сабақ
үрдісінде омонимдердің лингвистикалық табиғатына
қатысты пайдаланылған
тапсырмалар білім алушылардың ой ұшқырлығын, сөйлеу шеберлігін
дамытады. Сонымен қатар білім алушылардың тағылымдық-тәрбиелік
категорияларды игеруіне де септігін тигізеді. Студенттердің
ойлау мәнері мен
сөйлеу әдебінің жағымдылық сипатын арттырып, олардың байқампаздық пен
талғампаздық және талдай білу қабілеттерін жетілдіріп, омонимдік бірліктердің
лингвистикалық табиғаты мен когнитивтік ерекшеліктерін жете білуге, түсінуге
септігін тигізеді. Білім алушылардың әдеби нормада сөйлей білуіне жол ашып,
олардың мәдени, танымдық, интеллектуалдық, дара тұлғалық құзыреттіліктерін
қалыптастыруға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: