Карбозова булбул давлетханкызы



Pdf көрінісі
бет34/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

Омонимдердің 
танымдық жағынан
ең алғаш қарастырған ғалым Г.Қосымова «Көне түркі 
тіліндегі бастапқы түбірден түрлі сөзжасамдық тәсілдермен жасалған туынды 
сөздер көне түркілердің әлемді тану танымынан хабардар етеді, тілдегі әрбір 
лексикалық бірлік қазіргі тілге дейін сақталып келген тілдік жүйенің 
заңдылықтарын сақтай отырып, шындық болмыстағы реалийлерді анықтауға 
мүмкіндік береді. Мән берілген нысанның ерекше белгілеріне қарап пайымдау 
жасап, тілдік құралдарды таңдау негізінде атау беріп, атаудың мазмұнында 
табиғаттан ажырамаған адамдардың таным-түсінігі жатады» – деп, 
омонимдердің пайда болуында затты тану, тани отырып өзіндік атау беру 
жағына кеңірек тоқталады [64, 121 б.]. Санада болатын когнициялық 
құбылыстарды адамның вербалды және бейвербалды әрекеттері арқылы тануға 
болады. Ал оның вербалды жеткізген ақпараты арқылы аялық білімін анықтай 
аламыз. Когнитивтік лингвистиканың зерттеу тәсілдері тек мағына, ұғым мәнін 
анықтауда белсенді қызмет атқара алатын қасиетін пайдалана отырып, қазақ 
омонимдерінің концепт құрау әлеуетін тануда, омонимдес мағыналардың 
түрлерін, олардың аражігін айқындап алуда негізгі зерттеу әдісі ретінде таңдап 
алдық. Сондықтан омонимдердің лингвокогнитивтік әлеуетін былайша талдап 
көрсетеміз.
Қай тіл болмасын омонимдердің көп болғанын қаламайды. Дегенмен, бұл – 
тілдің заңдылығы. Қазақ тілінде де уәжді және уәжсіз омонимдер көптеп 
кездеседі. Әсіресе, ұлттық заттық-мәдени ұғымдардың бірдей дыбысталуы, 
омоним қалыптастыруы жиі кездеседі. Мәселен, тілімізде «АҚСҮЙЕК» екі 
қатардан тұратын омоним сөз. Ақсүйек 1 (аристократ), ақсүйек 2 (ұлттық 
ойын). Аталмыш омонимдердің түпкі уәжі бір – сүйегінің ақ болуы. Ақсүйек 
(аристократ) ұғымында «ақ» – бейнелі мағынада, яғни текті ұрпақтың жалғасы 
деген мәнде қабылданған, ал ақсүйек (ұлттық ойын) ұғымындағы «ақ» –
сүйектің табиғи түсіне тән берілген тура мағына. Сүйектің бойындағы 
фосфордың әсерінен сүйек түнгі қараңғыда аппақ күйінде жарқырап көрінеді. 
Осы қасиетіне орай атауыш мағынаға ие болған. Үшінші омоним – 
ақсүйек болу 
фразеологиялық тіркес құрамындағы ақсүйек мағынасы – қу сүйек болу, еті 
жоқ, сүйегі адырайып көрініп тұратын визуалды қабылдау нәтижесінде 
туындаған ұғым. Демек, 
ақсүйек
омонимдері әртүрлі мағынада әртүрлі заттық, 
болмыстың атауын білдіргенімен, түбіндегі уәжі, архетипі – сүйек, адамның 
жаратылысының бір бөлшегі.


29 
Ақсүйек 1 - концепт. Ақсүйек 2 - лингвомәдени бірлік. Ендігі кезекте, 
лингвоконцептуалдық талдау жүргізу арқылы концепт пен лингвомәдени 
бірліктің мәдени кодын ашуға тырысайық. 
Философиялық түсінік бойынша
, АҚСҮЙЕК 1 – хандық дәуірдегі қазақ 
қоғамында айрықша құқықтар мен ерекше артықшылықтарға ие болған 
таңдаулы әулет өкілдері, әлеуметтік жік, төрелер, қожалар мен сейіттер. 
Дәстүр бойынша «қара халыққа» үстемдік етуші таңдаулы әулеттердің өкілдері 
ақсүйек саналған. Ақсүйектердің бұқарадан бөлек айрықша құқықтары мен 
артықшылықтары болған. Мемлекеттік билік ақсүйектер қолына берілген. 
Өркениет жемісін де солар пайдаланған. Қазақтар «текті», «бекзат», «бек» 
лауазымын иеленген кісілерді асыл, ақсүйек деп құрмет тұтқан. Қазақ 
тарихында  Шыңғысханның ұрпақтары – хан, сұлтандар ақсүйек саналып келді. 
Олар төре аталып, халықтың ерекше ілтипатына бөленді. Патшалық Ресей 
өкіметі ақсүйектердің ықпалын шектеді, ал Кеңестік дәуірде ақсүйек әулетінің 
өкілдері саяси қуғынға ұшырап, жапа шекті. Қазақ халқының дәстүрлі 
дүниетанымындағы ақсүйек ұғымы әлеуметтану ғылымындағы «аристократия», 
«элита» ұғымдарына жақын келеді [65].
Ұлттық түсінік бойынша
, АҚСҮЙЕКТЕР – аристократ сөзінің қазақы 
мағынада айтылуы. Қазақта «сүйек» адам тегінің асыл, не қарапайым 
болуының символ сөзі ретінде қолданылған. Әдетте тегің кім дегенді кейде 
«сүйегің қайсы ел» деп те айтатыны бар. Қазақтың дәстүрлі сөздерінде 
«ақсүйек», «қарасүйек», «сарсүйек» деген сөздер кездеседі. Қара сүйек – бұл 
қарапайым адамдар. Сары сүйек деген бұл – құдандалы байланысты көрсетеді. 
Ал, ақсүйек деген арғы атасынан қаракөктің тұқымы дегенді білдіреді. Қазақта 
Шыңғысханның үлкен ұлы Жошыдан тараған Төрелер сондай ақсүйектер 
ретінде Қазақ хандығы кезінде елді билеу құқын өз қолына алған болатын. 
Ақсүйектер қара қазақпен араласуда белгілі шек қойды. Мысалы, өздерін
пайғамбардан  тарататын Сейіттер әулеті әртүрлі әлеуметтік жіктерден қыз 
алғанымен, өз қыздарын басқаларға бере бермеген. Өйткені сейіт қызынан 
туған бала, ата-тегіне қарамай, Мұхаммед пайғамбар әулеті сейіттердің барлық 
құқығы мен артықшылығына ие болып отырған. Сейіт болу құрметі қымбат 
бағаланғаны, олардың өз қатарына өзгені жолатпауға тырысқаны соншалық, 
XVIII-XIX ғ. тіпті Шыңғыс тұқымына жатпайтын Түркістан билеушілерінің 
кейбірі өз ұрпақтарының дәрежелері мен құрметті теңеулеріне «сейіт» деген 
жоғары атақты қосу үшін Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар әулетінен зорлықпен қыз 
алып отырған деп жазады тарихшы Т.И.Султанов.
М.Михайлов келтірген дерегі бойынша, ақсүйектер оқып және жаза білген 
сауатты жоғары топ деп саналған. Сондай-ақ, ақсүйектер жолын жалғастырушы 
балаларының сауатын ашу мақсатында алдымен молдадан  дәріс алған. 
Ақсүйектердің саяси, әлеуметтік құқығында артықшылықтар болды. Айталық, 
әдет-ғұрып құқығында ақсүйектердің артықшылықтары арнайы белгіленді: 
қожаны өлтіргені үшін 3000 қой, ал төрені, сұлтанды өлтіргені үшін 7000 қой 
құн төленді, ал ханның құны қарапайым жеті қазақтың құнына тең болды. 
Негізгі уәж хан жеті рудың немесе жеті ру тармағының әміршісі екендігі [66]. 


30 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет