13-карта
Мойынның топографиялық анатомиясы. Сыртқы бағдарлар. Қан тамырлары мен нервтердің проекциясы. Мойын үшбұрыштары.
Қаңқасын 7 омыртқа сүйегі мен тіласты сүйегі құрайды.Бас пен адам денесін байланыстырушы. Тiршiлiк үшін маңызды функцияларды орындайды.
Шекарасы:
Жоғарыдан-төменгі жақтың қыры және оның бұрышы, сыртқы есту жолдарының төменгі шеті, processus mastoideus-тің төменгі және алдыңғы шеттері,желкенің жоғарғы сызығына жүргізілген сызық, linea nuchae superior.
Төменнен - төстің мойындырық ойығынан бұғана бойымен өтіп, жауырынның басы (акромион) арқылы VII мойын омыртқаның жоталық өсіндісіне жалғасатын сызыққа сәйкес келеді.
Мойынның пішіні.
Мойын ұзындығы, оның негізінің орташа диаметріне тең, ал кейде одан екі есе ұзын болады. Бірінші жағдайда брахицефалды адамдардағысы – қысқа және жалпақ, ал екінші жағдайда долихоцефалды адамдардағысы – ұзын әрі жіңішке мойын дейді. Мойынның сыртқы пішінінің өзгергіштігі, ондағы қантамыр және ағзалардың орналасуының да әр түрлі болуына әкеледі. Мойынның алдындағы терісі қозғалмалы, әрі созылмалы болса, ал мойын артындағы терісі қалыңдау және аз қозғалады.
Негізі операциялар мойынның алдыңғы аймағында жасалады. Сондықтан бұл аймақ «хирургиялық қауіпті аймақ» деп ескеріледі. Операция жасалатын аймақ тіндерін кесу үшін және ағзаға жету жолын табуды жеңілдететін жағдай – сүйектік нысаналарды білу (тіласты сүйек, os hyoideum, төменгі жақ, mandibula, төстің мойындырақ ойығы, бұғана сүйек үсті).
Арық адамдарда трапеция тәрізді бұлшықеттің алдыңғы қыры көрініп тұрады.
Бұлшықеттері топографиялық орналасуына қарай беткей және терең орналасқан болып бөлінеді.
Беткей тіласты сүйегінен төмен және тіласты сүйегінен жоғары деп бөлінеді.
Терең орналасқан латеральді және медиальді болып бөлінеді.
Мойынның беткей бұлшықеттері:
1) Мойынның тері асты бұлшықеті, m.Platysma seu subcutanea
2) Төс-бұғана-еміздік бұлшықеті m.Sternocleido-mastoideus
Достарыңызбен бөлісу: |