карта Бұғанаасты аймақтың топографиялық анатомиясы. Бұғанаасты аймақтың қабаттылық құрылымы. Бұғанаасты аймақтың шел-май кеңістігі. Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы



бет10/29
Дата30.05.2022
өлшемі1,52 Mb.
#145473
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Байланысты:
топочка полный

2) Қан кетуді тоқтату жолдары
Қан кетуінің себептеріне, механизміне байланысты қан кетуді 3 топқа бөледі:қан тамыры қабырғасының механикалық жарақаттану салдарынан болатын қан кету. Ең жиі кездесетін түрі. қан тамыры қабырғасының кейбір дерттер (қабыну процестері, ісік, ферменттередің әсері) кезіндегі аррозиясы (жаралану, желіну, өліеттену) салдарынан қан кету. қан тамыры қабырғасының өткізгіштігі микроскопиялық деңгейде бұзылған кезде қан кету (авитаминоз, Шенлейн-Генох ауруы, уремия, сепсис, скарлатина және т.б.). Қанның үю жүйесінің де қан кетуде өзіндік ролі бар. Қан кетіп жатқан тамырдың сипатына байланысты артериялық, көктамырлық, капиллярлық және паренхиматоздық қан кету болып бөледі. Артериялық қан кету – өзінің молдығымен және қарқындылығымен сипатталады. Қан тез, қысыммен, шапшып ағады. Қанның түсі алқызыл. Науқас тез қансырайды және қан кету өздігінен тоқтамайды.
Көктамырдан қан кету қан тамыр ішінен шие түстес, қара – көк түсті қанның үздіксіз бөлінуімен ерекшеленеді. Кейде іргелес орналасқан артериядан берілетін соғу нәтижесінде шапшып ағу байқалуы мүмкін. Артериялық қан кетуге қарағанда жылдамдығы төмен, бірақ тамырдың диаметрі (көлденең кесігі) үлкен болса қан кету көлемді болуы мүмкін. Мойын көктамырларынан қан кеткенде ауа эмболиясының қаупі бар. Капиллярлық қан кету. Аралас сипатты қан кету, негізінен капиллярлардың, ұсақ артериялар мен көктамырлардың жарақаттануымен сабақтасты. Қан кету мөлшері мардымсыз, егер қан үю жүйесінде өзгерістер болмаса қысып таңу немесе тығындау арқылы тоқтатылады. Паренхиматоздық қан кету. Бауыр, талақ, ұйқы безі сияқты паренхиматоздық ағзалар жарақаттанған кезде байқалады. Бұл қан кетудің паренхиматоздық тіндердің массивті ұсақ қан тамырлар желісінің жарақаттануына байланысты ағыны қатты (профузды) болуы мүмкін. Егер ірі артериялар мен көктамырлар зақымданбаған жағдайда паренхиматоздық ағзаның жарақатталған жерін тығындап тұратын қан ұйындысынан қан өздігінен тоқтауы мүмкін.
Қан кетуді анықтау үшін оның жергілікті және жалпы белгілерін анықтай білу және арнаулы әдістерді қолдана білу керек.Сыртқы қан кету кезінде диагноз қою қиындық тудырмайды, қан кетудің сипатын (артериялық, капиллярлық, көктамырлық), ал кеткен қанның мөлшеріне қарап көлемін оңай анықтауға болады. Ішкі айқын қан кетулерді, анықтау қиынға түседі, өйткені қан әуелі ағзалар қуысына түсіп, біршама уақыттан соң ғана түсін өзгертіп шығады: өкпеден қан кеткенде қанды қақыру немесе көпіршікті қанмен, асқазаннан, өңештен қан кеткенде “кофе тұнбасы” түстес құсықпен, ұлтабардан қан кеткенде қара түсті нәжіспен білінеді.Малина түстес немесе шие түстес, кейде алқызыл қан патологияның орналасқан жеріне байланысты тоқ, аш және тік ішектен қан кету кезінде болады. Бүйректен қан кеткенде несеп алқызыл түске боялады. Ішкі айқын қан кету кезінде қанның тез арада пайда болмайтынын есте тұтқан жөн және мұндай жағдайда қан кетудің жалпы белгілерін жақсы білумен қатар арнаулы әдістерді қолданған дұрыс. Астыртын қан кетулерді анықтау айқын қан кетулерге қарағанда анағұрлым күрделі.
Қан кету науқас өміріне қауіпті және ол шұғыл түрде тоқтатуды қажет етеді.Қан кету кезінде хирург 3 негізгі мәселені шешуге тырысуы тиіс:Қысқа мерзім ішінде уақытша болса да қан кетуді тоқтатуы немесе азайтуы тиіс. Осылайша науқас өміріне төнген қауіпті сейілтуі тиіс.
Организм жүйелері мен ағзаларына зиян келтірмеуге тырыса отырып, қан кетуді сенімді түрде тоқтатуы керек. Организмде қан жоғалту салдарынан болатын бұзылыстарды қалпына келтіру қажет
Қан кетуді уақытша тоқтату.
Қан тоқтатудың уақытша әдістерінің барлығы да механикалық болып табылады. Оларға мыналар жатады: қыл бұрау салу, артерияларды саусақпен басу, аяқ-қолды мейлінше бүгу, қысып таңу, жараға тығын салу, аяқ-қолды жоғары ұстау, қанап тұрған тамырға қысқыш салу, уақытша шунттау. Қыл бұрау салу. Қан тоқтатудың сенімді тәсілі. Көрсеткіштері:аяқ-қолдағы артериялардан қан кету; аяқ-қолдағы кез-келген масситві қан кету.
Артерияны саусақпен басу.
Мейлінше қарапайым және қосымша құрал-сайман қажет етпейтін әдіс. Бұл әдістің артықшылығы – тез арада қолдануға болатындығында, ал кемшілігі оны 10-15 минут ішінде ғана, яғни қысқа мерзім ішінде қолдануға болатындығы. Артерияны саусақпен басуға (қысуға) негізгі көрсеткіш сол тиісті артерия бассейнінен массивті артериялық қан кету. Саусақпен артерияны басу шұғыл жағдайда, қан тоқтатудың басқа түріне дайындау кезінде уақыт ұту үшін, мысалы, қыл бұрау салуға дайындық кезінде таптырмайтын әдіс. Аталған әдісті тез және ұтымды пайдалану үшін

артериялардың орналасқан жерін, олардың сыртқы нобайларын және оларды қысатын сүйекті түзілістердің нүктесін жақсы білу қажет. Олар топографиялық анатомия мен жедел хирургия әдебиеттерінде жеткілікті дәрежеде келтірілген.


Аяқ-қолды мейлінше бүгу.
Бұл әдіс сенімді емес, дегенмен жарақаттау дәрежесі аз. Бұл әдіс аяқ-қол сегменттерінің ірі буындардан төмен орналасқан жерлерінен қан кеткенде нәтиже береді. Мысалы, ұршық буынын сан артериясынан қан кеткенде, тізе буынын аяқ басы мен балтырдан, иық буынын – қол басы мен білектен қан кеткенде мейлінше бүгу керек.Аяқ-қолды жоғары ұстау әдісін капиллярдан немесе көктамырдан қан кеткенде қолданады. Әдіс өте қарапайым.
Қысып таңу.
Бұл әдісті қолдану үшін дәке мен таңғыш материалдар қажет. Қысып таңу әдісі көктамырлар мен ұсақ қан тамырларынан, әсіресе аяқтың кеңейген көктамырларынан қан кеткенде таптырмайтын әдіс.
Қан кетуді біржола тоқтату
Тәсілдері. Қан кетуді түпкілікті тоқтатудың әдістері табиғатына орай механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді. Механикалық әдістер – ең сенімділері:тамырды жара ішінде байлау (ең дұрысы осы әдіс); тамырды бастауынан байлау: жарақаттанған жердің жоғары жағындағы ірі магистралдық діңгек тамырды байлау жөнінде сөз қозғалып отыр. Бұл әдістің ең бір кемшілікті жері – жарақат ішінде байлауға қарағанда қан айналысынан айырылатын тіндер көлемінің үлкендігі. Әдіс амалсыз шара ретінде ғана қолданылады.
Қан тамырын көктеп тігу.
Қанап тұрған тамыр жара ішінде көрінбесе және оны қысқышпен қысу мүмкін болмағанда тамыр айналасындағы тіндерге бүрме немесе 2-тәріздес тігіс салынады да қысып байланады. Бұл әдіс – тамырды көктеп тігу әдісі.
Қан тамырын бүрау, қысып езгілеу.Ұсақ қан тамырларынан қан кеткенде қолданылады. Тамырды бұраған кезде оның жарақаттанып қан ұйық (тромб) түзілуіне негізделген әдіс.
Жараны тығындау, қысып таңу – бұл аталған әдістер қан тоқтатудың уақытша әдістері болғанмен кейде түпкілікті әдіс ретінде де қолданылуы мүмкін.
Тамыр ішіне эмбол енгізу (эмболизация). Эндоваскулярлық хирургияның әдістерінің бірі болып табылады. Тамырды Сельдингер әдісімен катетеризация жасаған соң, жарақаттанған аймаққа артерияның қуысын бітейтін жасанды эмбол жеткізіледі (спираль, спирт, химиялық заттар, полистирол).Қан кетумен күресудің арнаулы әдістері. Операциялардың жекелеген түрлері – спленэктомия (талақ жарақаттанғанда), асқазан резекциясы (жарадан қан кеткенде) да қан тоқтатудың механикалық әдістеріне жатады.
Қан тамырын тігу және тамыр реконструкциясы.
Қан тоқтатудың бұл түрлері ірі қан тамырлары жарақаттанған кезде қан айналысының тоқтауы науқас өміріне қолайсыз жағдайларға әкеп соғатын болған кезде қолданылады. Қан тамырын тігудің 2 түрі бар: қолмен тігіс салу және мехникалық тігіс.Тамыр жарақатының сипатына қарай бүйірлік тігіс, жамау салынады, тамыр резекциясы жасалады, ұштастырып анастомоз салынады. Қан тамырының реконструкциясына протез немесе шунт ретінде өз көктамыры (аутовена), синтетикалық материалдар пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет