Касымалиева Галия Ануархановна Учитель русского языка и литературы


«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»



бет13/21
Дата08.01.2017
өлшемі3,81 Mb.
#6455
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

математика пәні мұғалімі

Еңбек өтілі 10 жыл.Санаты-ІІ

«Критериалды бағалау» тақырыбы бойынша

Сабақ тақырыбы:

«Критериалды бағалау»


Жалпы мақсат:

Мұғалімдерге оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, оқушының өз біліміне қойылған бағаның нақтылығын көрсту мақсатында критериалды бағалауды жүргізудің маңыздылығын ұғындыру

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 104 -123 -беттер

Үлестірмелі нұсқаулық

Оқу нәтижесі

Мұғалімдер коучинг сабағында бағалаудың оқушы жұмысында, сондай-ақ кез тек білім саласында емес, ал қоғамның келген саласында критерий арқылы бағалаудың маңыздылығын түсінеді, критерий бойынша бағалау бойынша өз түсініктерін толықтырады.

Түйінді идеялар:

Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыруда нақты критеий арқылы бағалауды қолдану және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау. Тапсырмалардың мазмұнына қарай дискрипторларды құру және соның нәтижесінде критериалды бағалауды қолдану. Тыңдаушылардың топтарда бірлесе жұмыс істеуіне ықпал жасау.


Сабақта қолданылатын материалдар:

А- 3, А-4 парақтары, стикер, интербелсенді тақта, флипчарт, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары, сергіту сәті үшін доп, екі мәзірмен жасалған пирог

Оқыту әдістері:

  1. Диалогтік оқыту

  2. АКТ

  3. Жеке жұмыс

  4. Топтық жұмыс

  5. СТО

  6. Бағалаудың түрлері







Дерек көздері:

Әдеби материалдар, портал материалдары

Тапсырмалар:

Критериалды бағалау үшін екі тапсырма, сергіту сәті, рефлексия

Оқуға арналған тапсырма:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.104-123-беттер


Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

Тапсырмалар реттілі, уақыты


Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Жағымды атмосфера қалыптастыру

(2-минут)




Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – көңілдің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы- деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз  жүгі – ауыр жүк- деген сөздер арқылы коучинг басталады.



Мұғалімдер ұстазға арналған өлең шумақтарын есіте отырып, интербелсенді тақтада көрсетілген әдемі гүл шоқтарына қарай отырып көңіл-күйлері көтеріледі

Тақырыпты ашу

(3 минут)




Пікір-талас. Интербелсенді тақтада слайд көрсетіледі, және сол слайд арқылы коуч мұғалімдерден өз пікірлерін білдіруін сұрайды.

Мұғалімдер көрсетілген слайд бойынша өз пікірлерін айтып талқылайды.

Шағын топтарға бөлу.

(2 минут)




Мұғалімдерді бағалаудың түрлері бойынша 3 топқа бөледі: формативтік, жиынтық, критериалды бағалау. Коучтің қосымша тапсырмасы: әр топтың бір мүшесі басқа топтың кез келген мүшесін сабақ бойы өз топ атына сәйкес бағалап барады

Мұғалімдер бағалаудың түрлері бойынша 3 топқа бөлінеді: формативтік, жиынтық, критериалды бағалау. Коучтің қосымша тапсырмасы бойынша әр топтан бір адам басқа топтың кез келген бир мүшесін өз тобының атауына сәйкес бағалап барады.

Ой- толғаныс

(2 минут)



Әр топқа өз топтарының аты бойынша бір сөйлемнен пікір айтуды ұсынады.

Әрбір топ өздерінің топ аттарына сәйкес бір сөйлемнен айтып, өз пікірлерін ортаға тастайды

1-тапсырма

(10 мин)



Жеке тапсырма. Топқа тапсырмалар беру. Қозғалмалы ойыншықтың суретін бейнелеу, топ мүшелері бір-біріне қойған бағаларын дәлелдеп беру және бір-бірін бағалап болғансоң біргелікте критерий жасау, соң қайтадан бағалау


Топ мүшелері берілген тапсырмаларды орындайды яғни бейнеленген суреттер бойынша топтар бірін-бірі бағалайды, қойған бағаларын дәлелдеп береді, коучпен бірге критерий құрады, қайтадан бағалайды.

Сергіту сәті

(4 минут)



Мұғалімдерге сергіту сәтінің барысын түсіңдіреді.



Мұғалімдер ойынның шарты бойынша шеңбер болып тұрады, соң допты бір-біріне береді, доп берген адам допты алған адамға баға береді, ал, допты алған өзіне қойылған бағаның өзіне не үшін қойылғанын айтуы керек. (әрине қалжың ретінде)

2-тапсырма

(14 минут)



Топтық жұмыс. Әр топқа екі мәзірмен жасалған пирог ұсынылады. Ал, топ мүшелері постерге сол пирогтарға критерий құруы, өз постерлеріне қорғауы тиіс. Барлық топ мүшелері өз постерлерін қорғап болған соң коуч мұғалімдермен бірге критерийді толықтырады.

Мұғалімдер екі түрлі пирогтың формасына, дәміне, жасалу мәзіріне, ж.т.б қарай отырып критерий құрып бағалайды, постерге жазады, соң әр топтан бір адам шығып қорғайды. қорғайды. Барлық топ бағалап болған соң коуч пен бірге критерийді толықтырады, қайта бағалайды.

Қорытындылау

(4 минут)


Коучинг басында коучтің қосымша тапсырмасы бойынша әр топ мүшесі өзі бақылауға алған әріптесін бағалайды

Әр топ бүгінгі коучинг сабаққа өз пікірлерін топ аттарына сәйкес білдіреді. Мысалы: I топ формативтік бағалау, сол үшін, ол топ коучинг сабаққа формативтік бағалайды. Дәл сол сияқты, IIтоп жиынтық бағалайды, ІІІ топ критериалды бағалайды.

Рефлексия

( 4 мин )




Стикерге өз көңіл-күйлерін смайлик арқылы салуды тапсыру және сабақтан алған әсері туралы пікірін ақ параққа жазуды тапсыру

Стикерге өз көңіл-күйлерін бейнелейді және сабақтан алған әсері туралы пікірін ақ параққа жазады.

Аудандық семинар

«Критерий арқылы бағалау» тақырыбында өткізілген коучинг сабақ бойынша рефлексивтік есеп

Мектебімізде 21-қаңтар күні аудан бойынша 3 айлық деңгейлік курсқа барған мұғалімдердің семинары болып өтті. Семинардың тақырыбы: Оқушы білімін бағалау. Семинарда жоспар бойынша мен «Критерий арқылы бағалау» тақырыбында коучинг өттім. Коучинг жоспарын жасауда тапсырмалардың ерекше болуы басты назарға алынды, себебі бұл сабаққа тек курс бітірген мұғалімдер келетін болғандықтан бұрыннан бар, күнделікті қолданып жүрген тапсырмалар болмауы керек еді. Сол себепті, тапсырмаларды құрастыру көп ойландым, соң пікіріммен бөлісіп, ақылдасу мақсатында әріптесім Қармысова Қансұлуға барып өз мақсатымды айттым және оның айтқан пікірлерін түртіп алдым. Сонымен, коучинг сабақтың жоспарын төмендегіше жасадым:

Сабақ басында жайлы атмосфера қалыптастыру мақсатында слайд арқылы ақын Ғ. Қайырбековтың ұстазға арналған бір шумақ өлеңімен бастадым. Соң бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу мақсатында слайдта мұңайған баламен оның жанұясының көрінісін келтірдім. Мұғалімдер слайд бойынша өз пікірлерін айтты, яғни мұғалімдер бағаның балаға және оның ата-анасына әсері, бағаның нақтылығы жайлы өз пікірлерін білдірді. Соң бағалаудың түрлері бойынша топқа бөлініп, әр топ мүшелері өздерінің топ аттарына сәйкес түсініктерін атап өтті.

№1 тапсырма. Жеке жұмыс. Тапсырманың мақсаты: мұғалімдер қаншалықты критерий жасай алуын тексеру. Бұл тапсырмада мұғалімдер слайд арқылы көрсетілген қозғалмалы балалар ойыншығының суретін салып, өз-өзін бағалайды. Соң бәрі бірігіп сол ойыншыққа критерий жасап қайтадан бағалайды. Тапсырманы орындау барысында мұғалімдер өздерінің критерий мен бағалауды өз іс-тәжірибелерінде қолданып жүргендігін дәлелдеді.

Сергіту сәті. Мұнда мұғалімдер шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне баға қою арқылы допты лақтырады. Допты алған мұғалім өзіне қойылған бағаның не үшін қойылғанын айтуы керек. Бұл сергіту сәтінде мұғалімдер формативтік бағалауды тиімді қолданды. Негізі, сергіту сәтінің мақсаты да сол еді.

№2 тапсырма. Топтық жұмыс. Мұғалімдер топпен бірге үйде жасалған екі түрлі пирогке алдын-ала критерий құрады, соңынан бағалайды. Тапсырманың орындалуы сәтті өтті. Себебі, мұғалімдер критерийді өте жақсы түзді. Топтар бір-бірінің пікірлерін толықтырып барды.

Коучинг соңында мұғалімдер бүгінгі сабақ бойынша өз пікірлерін білдіру мақсатында рефлексия жазып беріп, өз алғыстарын айтты.

Коучинг сабағым жоғары деңгейде өтті деп айта аламын, себебі, мен осы коучинг сабақты өтуде алдыма қойған мақсатыма жеттім.

Коучинг сабақтан көріністер





Каталог: uploads -> doc -> 0984
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0984 -> Психологиялық дайындық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет