Кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібі Касса арнайы жабдықталған



бет1/2
Дата15.03.2022
өлшемі16,56 Kb.
#135693
  1   2
Байланысты:
Тақырып 1



1.1 Кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібі
Касса – арнайы жабдықталған, дабылдама (сигнализация) орнатылған және ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлімде орналастыруды қажет етеді. Кассадағы нақты ақшалар касса қызметкерінің мөрі сүргіш арқылы басылып жабылатын сейфте сақталуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сүргіш басатын мөр касса қызметкерлерінде, ал кілттің екінші данасы ұйымның басшысында болады. Касса қызметкері әр бір жұмыс күнінің соңынды кассаны жауып қызметшіге тапсыруға тиіс. Кәсіпорындар, ұйымдар өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі бергенше кітапшасы ғана арқылы ғана алады.
Толтырылған чекке кәсіпорынның бас бухгалтері және басшысы қол қойып, осы ұйымның мөр таңбасы басылады. Сондықтан банк мекемесінің алынған нақты ақша сол алынған күні ұйымдардың кассасына кіріске алынуы керек және ол үшін кассир кассалық кіріс ету ордерін толтырып, содан соң кассалық кітапқа жазады.
Кассада негізінен кіріс және шығыс ордері толтырылады, соңында бұл ордерді кассалық кітапқа енгізеді. Күн сайын кәсіпорын касса қызметкері кассадағы нақты ақшалардың қалдығын жұмыс күнінің соңында санап оның соммасын қаржылық кітапқа жазады.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім – шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық жиынтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай – ақ заңды тұлғаның ақшаланған бөлшектері үшін де ашылады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі негізгі нысандары: төлем тапсырмасы, чек, вексель, төлем – талап тапсырмасы, кеден және салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеушілер мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім – шарт негізінде анықтайды, сондай – ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелері зачетқа да жазыла алады.
Төлем тапсырмалары онда көрсетілген сомманы бенефициардың пайдасына ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттер көрсетіледі:
• Төлем тапсырмасының нөмірі;
• Төлем тапсырмасының жазылған күні;
• Жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды (ЖТК және ИИК);
• Жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
• Бенефициар аудару жасалған ақша қаражатын алушы.
Бір жақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң
нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аудармалы болып бөлінеді.
Қолма-қол ақшаны қабылдау, сақтау және жұмсау үшін кәсіпорында касса болады. Қолма-қол ақшамен жұмыс істеу ережелері ҚР-ы Ұлттық банкінің нұсқауымен бекітілген.
Нұсқау мыналарды ұйғарады:
– ҚР-ы банк мекелерінде барлық ақша қаражаттарын сақтау; чекте көрсетілген мақсаттарға, банктерден алынатын қолма – қол ақшаларды жұмсау;
– банк мекемелерімен бекітілген лимиттер шегінде кәсіпорынның кассасында қолма-қол ақшаны сақтау;
– кассалық құжаттарды дайындау және қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру тәртібі;
– ақша қаражаттарын сақтау мен тасымалдау кезінде олардың түгелдігін қамтамасыз ету бойынша көрсетулер;
– кәсіпорын кассаларының орнын жабдықтау тәртібі.
Кассир жұмысқа орналасқан кезде кассалық операцияларды жүргізу ережелерімен танысып және кәсіпорын әкімшілігімен толық жеке материалдық жауапкершілік туралы келісім шартқа отыруға тиісті. Ол өзі қабылдаған құндылықтардың түгелдігі үшін материалды-жауапты болады.
Кассалық операцияларды дайындау кезінде төмендегі құжаттар пайдаланылады:
кіріс кассалық ордерлер;
– шығыс кассалық ордерлер;
– кіріс және шығыс кассалық ордерлерді тіркеу журналы;
– кассалық кітап.
Кассаға қолма-қол кіріс кассалық ордер бойынша қабылданады, ал шығыс етілуі шығыс кассалық ордерлер арқылы жасалады. Оларға ақша алу немесе беруге негіз болған құжаттар қоса тігіледі.
Ақша өткізетін тұлғаға кіріс кассалық ордердің бөлігі болатын жыртылмалы квитанция беріледі.
Қолма-қол ақша беру кезінде шығыс кассалық ордер немесе оған қоса тігілетін құжаттарда қаржы басқарушының қол таңбасы болуы тиіс. Құжаттарға келсек, олар қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын күні, айы, жылы белгіленген «Алынды» немесе «Төленді» таңбасымен жойылады. Кіріс және шығыс кассалық ордерлерде ешқандай өшірулер мен түзетулерге жол берілмейді.
Егер ақша бұл кәсіпорында жұмыс істемейтін тұлғаға берілетін жағдайда, сол шығыс ордерінде реквизиттері жазылатын төл құжат немесе оның орнына жүретін құжатын көрсетуге тиіс.


1.2 Ұйымда ағымдық шоттағы операциялардың есебі қалай ұйымдастырылады


Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет