Қарағанды облысы
Ақтоғай ауданы
Абай ауылы.
азіргі таңда мектептерге жүктелер міндет аса зор.
Өйткені, заман талабының тұрмыс мәдениетін оқушы
«ШЕБЕР ҚОЛДАР» ҮЙІРМЕСІ
Куляра ҚАМЫСБАЕВА,
№1 “Шұбарқұдық” мектеп-гимназиясының
технология пәні мұғалімі
Қ
бойына сіңіру – басты мақсат. Сондықтан біздің мектептегі “Шебер қолдар”
үйірмесі оқушыларға өздігімен еңбек етуді үйретуді көздейді. Ендеше үйірме
мақсаты:
– оқушылардың бойында экономикалық, эстетикалық, экологиялық
білімдерді бойына сіңіру;
– еңбексүйгіштікке, іскерлікке, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәр-
биелеу;
– сәндік қолданбалы өнерді тиімді қолдана білу;
– жұмыс нәтижесін көрсету мақсатында көрме ұйымдастыру, көрмеге
қатыстыру.
Ол үшін, ең бастысы, еңбек тәрбиесін тиімді әдіс-тәсілдер арқылы
жүргізу қажет. Өйткені, оқушының барлық пән түрлерінен алған білім қорын,
қабілеттілігін еңбек технологиясы арқылы іске асырады. Бірак, өкінішке орай,
мектепте материалдық база өте төмен. Материалдары жоқ, құрал-саймандар
жетіспейді. Осы мәселелер шешілсе, технология пәні өз дәрежесінде өтіп,
оқушылар еңбекке икемделер еді. Қолөнерге тиісті оқушыға арналған
танымдылық әдебиеттер, көркем суретті журналдар болса екен деп ойлай-
мыз. Себебі, барлық пәндер бойынша кітапханада әдебиеттер табуға бола-
ды, ал қолөнерде қазақ тілінде кітаптар өте аз. Мұғалім оқырмандар үшін
әдебиеттер табуға болады, ал оқушы балалардың ерекшелігін ескерген, тірек
оқулыққа жақын әдебиеттер табу мүмкін емес.
Қолөнерге деген дарын қабілеті өздігінен жетілмейді, оған да белгілі бір
факторға ықпал жасайды. Атап айтқанда, олар мына төмендегілер:
– мектеп өмірі, мектептегі оқыту мен тәрбие жұмысы;
– оқушылар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынас;
– отбасы жағдайы;
– физиологиялық даму үрдісі;
13
www
.kazmektep.kz
– балаға қажет білімнің берілу сапасы;
– өнер туралы әдебиет оқыту, мұражайға бару, қолөнер туындысын
көру,талдау;
– өнер тілінде баламен сөйлесу, үнемі оны қызықтырып отыру;
– жасаған бұйым арқылы мадақтап отыру, өз күшіне сендіру.
Нәтижелі еңбектің арқасында оқушылардың қолөнерге деген қызығуы
пайда болады, іске бейімділігі мен икемдігі қалыптасады, шығармашылық
қабілеті артады. Сонымен қатар, үйірме жұмысына тарту арқылы баланың
өз қиялы, идеясы, өзіндік пікірі, көзқарасы қалыптасады, шығармашылық
ізденісі пайда болады. Ең бастысы, өзіндік еңбек ету қабілеті ашылып, кәсіби
шеберлігі өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |