ҒЫЛЫМИ РЕДАКТОР
М. ЕЛЕУОВ
с
0503020905
~ 00(05) 0-1
ІЗВЫ 9965-9329-1-3
© Самашсв 3., Жетібаев Ж., 2005 ©
"Иль-Тех-Кітап", 2005
8
КІРІСПЕ
Қазақ даласы — бірнеше мыңдаған, жүздеген, ондаған жылдар тарихынан әртүрлі мағлүматтар
беретін ескерткіш түрлеріне оте бай.
Солардың бірі — петроглифтер. Петроглиф — латынның "петро" — тас және гректің "глиф" —
жазу деген сөздерінен қүралған термин. Қазақ тілінде ол — жартастағы жазу немесе сурет деген
үғымды білдіреді.
Сонау жоғарғы палеолит дәуірінде пайда болып, қазіргі заманға дейін келіп жеткен жартас
суреттері — бір жағынан, оларды салған адам баласының рухани жан-дүниесін көрсететін "ашық
аспан астындағы галерея" болса, ал екінші жағы-нан, откен дәуірлер мен қоғамдар тарихы үшін
теңдесі жоқ дерек коздерінің бірі. Себебі, иетроглифтерден біз ата-бабаларымыздың күнделікті
түрмыс-тіршілігіне, шаруашылығы мен кәсібіне, діни наным-сенімдері мен әдет-ғүрыптарына,
дүниета-нымына, қоршаған ортамен қарым-қатынасына және тағы басқа да іс-әрекеттеріне
байланысты мағлүматтарды ала аламыз.
Қазақ даласы осындай мағлүматтар беретін жартас сүреттері жиынтық орын-дарының көптігі
жөнінен Еуразия континентіндегі алдыңғы орындардың бірін алады. Осы уақытқа дейін Қазақстанда
әр тарихи кезеңді қамтитын 200-ден астам жартас суреттерінің шоғырланған орындары белгілі болып
отыр. Солардың ішінде жан-жақтылы зерттеліп, ғылыми айналымға түскендерк Ақбаүыр, Арпаөзен,
Баян-жүрек, Ешкіөлмес, Қойбағар, Майдантал, Мойнақ, Таңбалы, Теректі Әулие. Атал-мыш
ескерткіштерге байланысты еліміз бен бірқатар шетелдердің баспа беттерінен арнайы еңбектер жарық
көріп, өз орындарын әлем мәдениеті мен ғылымының алтын қорынан тапса, ал олардағы кейбір
бейнелер — түрлі басылымдардың мүқа-басын безендіріп, халықаралық конференциялар мен
байқаулардың жоне т.т. таң-басына айналып отыр.
Біздің бұл зерттеу жүмысымызға негіз болып қазақ петроглифтері, соның ішінде авторлардың
1989—2003 жж. Маңқыстау және Үстірт өңірлерінен жинаған материалдары алынып отыр.
Заманымыздың XX ғасырыньщ басына дейінгі аралық-ты қамтитын бұл суреттер негізінен осы
өңірлердегі Айрақты, Ақмая таулары мен Жығылған мүйісінің жартастарына және табыну орны —
мешіттер мен қайтыс болған адамдардың басына түрғызылған ескерткіш-қүрылыстардың (мазар,
сағана-там, сағана) қабырғаларына, сондай-ақ қабір үсті ескерткіштерінің ерекше түрлері болып
табылатын зоо-антропоморфты тас мүсіндер — қойтас-қошқартастар мен қүлпытастардың өн-бойына
салынған. Бүл жерде айта кететін бір жәйт: жерлеу ескерткіштерінін, кабырғалары мен өн-бойына
салынған суреттердіи; пайда болүын немесе "қүрып кетуін" бірқатар зерттеушілер исламның
таралуымен, яғни жерлеу ескерткіштеріне заттарды қоюға, тірі жанды бейнелеуге тыйым салумен
байланыс-тырады. Ол туралы этнограф В. В. Востров былай деп жазды: "Өлген адаммен бірге
қару-жарақтарды, ыдыстәрды, яғни оның тірі кезінде пайдаланған заттарын бірге көмуге тыйым
салынғандықтан, олардың бейнелерін қабір үсті ескерткіштерінің қабырғаларына салған..."
(Востров,1959, 58 б.). Соз жоқ, қазақ петроглифтеріне (негізінеы жерлеу ескерткіштеріндегі
бейнелерге - - авторлар) ислам оз осерін тигізгенімен суреттердіц пайда болуы бір мәнде өрбімеді,
Олай дейтін себебіміз, петроглифтердің арасынан діни наным-сенімнің көне калдықтарына, көшпелі
омірдің қатал көріністері меп жағдайларына негізделіп салынған суреттерді көптеп кездестіруге
болады.
Ал енді осы суреттердің зерттелу деңгейіне кслер болсақ, қазақ петроглифтері туралы алғашқы
мәліметтерді біз XVIII ғ. аягы — XIX г. басындағы кейбір Ресей және Батыс Еуропа зерттеушілері мен
саяхатшыларының еңбектерінен кездестіре аламыз. Осы жерде, әсіресе, Патшалық Ресейдің оскери
және басқа да ведом-стволары мен Орыс Гсография Қоғамы (ОГҚ) үлкен рол атқарды. Осы жерде
полковник Ф. Ф. Бергтіц басқаруымеп 1825—1826 жж. Қазақстанның батыс өңірлерінде жүмыс
істеген әскери-ғылыми экспедициясының жүмысын атап өткен жон. Осы оңірлерде жүргізілген
экспедиция мемориалды-табыну ескерткіштеріне және олардын, қабыргаларына салыпған суреттер
9
туралы маңызды этнографиялық мәліметтер жинады. (Первые русские научные..., 1963). Осындай
мағлүматтарды біз сондай-ақ Г.С.Карелин (Карелин, 1832) мен ОГҚ-ның мүшесі М.И.Иваниннің
(Иванин, 1847) еңбектерінен де кездестіре аламыз. Мосе-лен, Г.С.Карелин өз еңбегінде теңізге жақын
қоныстапган қазақтардың балық аулап, теңізде қарақшылық кәсіппен айналысқаны жөнінде мінген
кемелері мен қайықтарының бейнелерін жартастар мен қайтыс болған тумаластарының басына
түрғызған ескерткіш-қүрылыстарының қабырғаларына салатындығы жөнінде моліметтер жинаған
болса, ал М.И.Иванин өз мақаласында Маңқыстау далаларында суреттердің коп екендігі жайында
айтып откен.
Ескерткіштің осы түрлері жайында қүнды деректерді А. Левшиннің (Аев-шин, 1832) белгілі
еңбегінеп және подпоручик Алексеевтін, 1851 —1852 жж. Үстіртте жүргізген топографиялық
зерттеулерінен (Первые русские научные..., 1963) кездестіре аламыз. А. Левшин кітабында қазақ
зиратыныц қабырғаларына салы-нған найза, садақ, жебе сияқты қару түрлері, қүсбегі жопе оның
бүркітінің бейнелері туралы мағлүматтар болса, ал Алексеевтің зерттеулерінде Домқара, Уәли,
Қыштым, Мыңсуалмас, Ақмешіт-Бекет сияқты қазақ зираттарыныц орна-ласқан жері, олардағы
скульптуралық бейнелер мен схемалы түрде салған сурет-тер жайлы айтылады.
Қазақ петроглифтері туралы келесі бір моліметтерді И. Мейердің жоне XIX г. 50-жылдары
Маңқыстау өціріне жер аударылгандар — Т. Г. Шевченко (Беисов, 1952) мен Б. Ф. Залесскийдің
еңбектерінен (көркем сурет) кездестіре аламыз. Мо-селен, И. Мейер өз мақаласында Орынбор
ведомоствосында түратын қазақтардыц мәйітті жерлеу қүрылыстарының қабырғаларына кошпелі
өмірдің әртүрлі коріністері жайында салынған мәліметтер келтірсе (Мейер, 1862), ал Т. Г. Шевченко
мен Б. Ф. Залесский аталмыш өңір қазақтарының петроглифтерін халық архитектурасы ту-ралы салған
көркем суреттерінде кескіндеген. Б. Ф. Залесскийдің 1865 ж. Парижде жарық көрген альбомының
арқасында қазақ петроглифтері Батыс Еуропа жүртшы-лығына белгілі болды (Тліезкі, 1865).
Арал-Каспий оцірлсрін жайлаган қазақтардыц модепиеті меп түрмысы XIX ғ. аягы — XX ғ. басында
да зерттеушілердіц назарын одан әрі озіне аудартты. Осы уақытта коптегеп ортүрлі очерктер баспа
беттерінен жарық корді. Онда мазар жопе т. б. мойітті жерлеу ескерткіштеріне, олардыц
қабыргаларындағы суреттер мен ою-орнектерге жопе соларга байланысты аңыздарга, гүрыптарга коп
көңіл боліпген. Бірақ та солардың ішінде олке этнографиясына байланысты жазылған толық ецбек
болып неміс ғалымы, орі дәрігері Р. Карутңтің еңбегі саналады (Ка-рутң, 1910). Автор аталған өлкені
қоныстанған халықтардың жерлеу қүрылыстары-ныц кейбір жеке түрлеріне, олардыц еске алу
ғүрпына байланысты безендірілуіне (суреттермен, ою-ориектермен — авторлар) тоқталып ксткеп.
Аталмыш оңірлердің солтүстігіндегі коне ескерткіштерді зерттеуде (XIX ғ. соңы - - XX ғ. басы)
Орынбор ғылыми-архивтік комиссиясының мүшелері үлкен жетістіктерге жетті. Соның ішінде,
осіресе, 1910—1911 жж. Орынборда жарық коргеіі И. А. Кастаньенің екі үлкен жинағын ерекше атаған
жен (Кастанье, 1910; 1911).
Қазақ петроглифтері туралы қүнды материалдарды 1939 ж. Мәскеуде жарық корген Б. А.
Клодтың альбомы мен А. Тереножкиннің ецбегінен кездестіруге болады. Мәселен, Б. А. Клод
альбомының алғашқы басылымынын, кіріспе созі мен ескертулерінде қазақ далаларында кездесетін
күмбезді мазарлардыц (Қорқыт-Ата, Атбасар өңірінде және т.б.) қабырғаларына аттар мен салт
аттылардың бейнелері салынғандығы айтылса (Казахский народный орнамент..., 1939), ал А.
Тереножкин оз ецбегінде Жантай, Байымбет, Ақтепе сияқты күмбезді мазар-ларға салынған суреттер
туралы айта келіп, олардагы сюжеттердің шеңбері анимистикалық түсіпікке негізделғен, яғни олген
адам о дүниеге барганда қажеттілердің борімен (мәселен, бүрын (ислам дініне дейін) қабірге олген
адаммен қылыш, садақ, жебе жоне т.б. қажетті заттарын, сондай-ақ мінген атып бірге кометін болса, ал
ислам дінін қабылдаганнаи кейін олардыц орнына сол заттардың бейнесін басына түргызылған
қүрылыстың он-бойына салатын болган) қамтамасыз етілуі керск дегеп пікір айтады (Тереножкин,
1938).
8
Қазақ петроглифтері туралы келесі бір моліметтерді екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі
уақыттарда жүргізілгеп далалық зерттеу жүмыстарының материалдарынан кездестіре аламыз.
Солардыц ішінде, осіресе, Батыс Қазақстан-ның соулет онері мен монументалды глиптикасын
зерттеген Т. К. Басенов (Басенов, 1957) пеи М. М. Меңдіқүлов (Мендикулов, 1987) еңбектерінің
маңызы оте зор.
Қазақ петроглифтеріне қатысты материалдарды сондай-ақВ. В. Востров пен С. П. Поляков
еңбектеріиен де кездестіре аламыз. Моселен, В. В. Востров қабір үсті ескерткіштерінің
қабырғаларындагы суреттердіц қалай пайда болғандығы жонінде моселе қозғаса (Востров, 1959), С.
П. Поляков Маңқыстаудыц оңтүстігіндегі қорым-дардагы қабір үсті ескерткіштерініц кіші формалары
— қойтастар мен үштас
:
бестастарға қылыш, найза, айбалта сияқты қару түрлерініц бейнелері
салынаты-нын атап өткен (Поляков, 1973).
Ескорткіштіц осы түрін зорттеуге коңіл болген ғалымдардың бірі - - А. Г. Медоев. Ол откен
гасырдың 60-жылдарындағы зерттеу жүмыстарының нәтижесінде баспа беттерінен жарық корғен
озінің кейбір мақалалары мен монографиялық еңбегінде осы суретгердің қазақ тарихы үшін гана емес,
бүкіләлемдік гылым үшіп маңызы зор екенін айта келіп, оны одан орі зерттеуді үсынған (Медоев,
1969; 1979).
Қазақ петроглифтеріпе қатысты мағлүматтарды біз сондай-ақ X. Арғынбаев-тың ецбегінен
(Аргынбаев, 1973), С. Шалабаев, Е. Өмірбаев, К. Сыдықовтардың "Маңғыстау" атты үжымдық
кітабынан (Шалабаев, Өмірбаев, Сыдықов, 1973), У.С.Кьідыралиннің (Кыдыралин, 1975), Т.
Жанысбековтыц (Джаньісбеков, 1981) кандидаттық диссертацияларынан, С.Әжіғалиевгіц
(Аджигалиев, 1994), Қ. Ибраева-ның (Ибраева, 1994), Ж. Адаев пен С.Әжіғалидің (Адаев, Ажиғали,
2000) жоне И.Тас-мағамбетовтыц (Тасмағамбетов, 2002) монографиялық еңбектерінен де кездестіре
аламыз.
Халқымыздың рухани модениетінің ажырамас бөлігі болып табылатын қазақ петроглифтерін
ғылыми түрғыдан зерттеу, тек откен ғасырдыц 80-жылдарыныц соңы-нан, яғни Ә. X. Марғүлан
атындагы археология Институтыныц жанынан қүрылған Батыс Қазақстан археологиялық
экспедициясыныц зерттеу жүмысынан басталады. Жинақталған материалдар бойынша авторлар
бірнеше ғылыми мақалалар жарияла-ды. Бүл мақалалардың кейбірі (Самашев, 1992, 1993; Самашев,
Жетібаев, 1993; Же-тибаев, Швең, 2002) жалпылама болса, енді біреулері қазақ петроглифтеріндегі
ортүрлі сюжеттерге арналған (Самашев, Жетібаев,1999а, 19996,2001; Жетібаев, 1993, 1994а, 19946,
Жетибаев, 2001; Жетибаев, Самашев, 1995.).
Қазақ петроглифтерін зерттеу барысында біз оныц көптеген қыры мен сы-рын, соның ішінде: ең
алдымен, мәдени мүра мәселесіи, оныц қайнар козі мен жаңғыру жолдарын айқындасақ ал ондағы
кейбір сюжеттер ата-бабамыздың дәстүрлі мәдениетінің жоғалып бара жаткан компоненттеріи,
шаруашылық-мәдени типтерінің ерекшеліктерін, қоршагап ортамен және корші елдермен
қарым-қатынастарын, рухани жан дүниесін, философиялық, эстетикалық көзқарастарын және т.т.
қал-пына келтіріп, түсіидіру үшін таптырмайтын бірден-бір дерек козі.
Өз бастауын сонау көне замандардан алатын бүл суреттер қүрамы жағынан да, мағынасы
жағынан да алуап түрлі. Олардың арасынан жеке бейнелерден бастап, коп бейнелі күрделі
композицияларға дейін кездестіруте болады. Сол коріністер мен композицияларға жасалған сараптау
мен жүйелеудің нотижесінде біз оларды оскери түрмыс; зооморфты образдар мен ацшылық
сюжеттері; үста қүралдары мен зергерлік онер туындылары; қатыпас-тасымал көліктері; атрибуттар,
символ-дар және культтік бейнелер сияқты бірнешс тақырыптарга топтастырдық.
Суреттер екі түрлі жой побайлы-сызба жоне күрделі колемді-бедерлі техника-лықәдістермен
салынған. Олардың (суреттер) басым копшілігі нобайлы-сызба одіспсн салынса, ал көлемді-бедерлі
одіспен орындалгандары негізінен қүлпытастар мен қойтас-қошқартастарда, сондай-ақ сағаналарда
гана кездеседі.
9
Салыпган суроттерге мынадай ерекшеліктер бейнеленген заттардың көпшілігіндеті
этнографиялық бөлшектің дүрыстыгы; сюжеттік бейнелеудің се-мантикалық (кездейсоқтық емес)
сипаты; суреттердіц тақырыптық және сәйкестік түрлері тон болса, ал сипаттамалық ерекшеліктері
болып қайтыс болған адамдар-дыц жынысы мен кәсібі саналады. Мысалы, қүлпытастардағы
қару-жарақтар — еркектікі, әшекей бүйымдары — әйелдердікі екендігін корсететін жеткілікті сенімді
белгілер болып табылады. Осы ескерткіштердегі заттық-сюжеттік, атрибуттық бейнелердің
басымдылығы кездейсоқтық емес. Оған мысал ретінде 1830 ж. Сесем-Ата қорымында болған
Г.С.Карелиннге осер қалдырған суреттерді алуға болады: "...әртүрлі тастарда адамдар мен
жапуарлардың бейнелері қашалған және сызылып салынгап: олар жазулардың орнына жүріп, олген
адамныц дәрежесін немесе кәсібін көрсетеді. Мысалы, кеменің сызылып салынған бейнесі олген
адамның теңізде қарақ-шылық жасағандығыи; садақ, жебе, чекан (айбалта), қылыш және басқа да
қарулар бүл қабірге ержүрек батырдың мүрдесі қойылгандығын, жылқыныц бейнесі — Жылқышыны,
яғни бақташыны; мылтық үстаған адамнын, архарға қарсы түрған бейнесі аңшыны білдіреді"
(Карелин, 1883, 491 б.).
Жалпы алганда ескерткіштің бүл түрі ертедегі кошпелілер, соның ішінде, әсіресе, коне түркі
дәуірі тайпаларының ескерткіштері сияқты прокламативтік бағытта болып келеді. Оныц негізгі мотиві
— әскери түрмыс, көшпелі омірдіц қатал көріністері, билік пен байлықжәне т.т. болса, ал салыну одісі
жағынап скиф-сақаң стиліне оте жақын.
Жоғарыдан көріп отырғандарыңыздай, ұлттық мәдениетіміздің кішкентай ғана бір пұшпағы
болып саналатын — "қазақ петроглифтері" азын-аулақ хабарла-малар мен бірнеше ғылыми мақалалар
болмаса, күні бүгінге дейін жеткілікті әрі жүйелі, сайып келгенде мүлдем зерттелмеген, кец
мағынасында белгісіз. Соның салдарынан ол ғылыми одебиеттерде өзіне лайықты орын ала алмай
отыр.
Осыны ескере отырып, біз қазақтың этнографиялық суреттерін мүмкіндігінше гылыми негізде
ғана емес, жалпы мәдени сабақтастық түрғыда зерттеп, осы еңбек аркылы оны Қазақстанға ғана емес,
корші тарихи-мәдени аймақтарға таныстыруды бірінші кезектегі міндет етіп алға қойып отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: |