11.4. Қарыз және несие келісім-шарттары (Mutuum et commodatum) Румдағы қарыз операцияларының негізгі институты қарыз келісім-шарты болып табылады. Оның негізгі реквизиті - затты қарыз алушының меншігіне беру.
Қарыз беруші бұрын өз билігінде болған затты заем заты ретінде ұстап қалып отыру құқығына ие болатын.
Жақтардың келісім заттарды беру кезінде қарыз алушыға міндет тудырған (қайтару туралы).
Гай айтатын; «Қарызға беру заттарды беру арқылы жүзеге асырылатын. Бұл заттарды өлшеуге, санауға болады. Бұл заттарды біз алушының меншігіне түсіп, ақырында ол бізге тура сол затты емес, соған ұқсас заттарды беру үшін береміз»
Несие келісім-шарты - белгілі жеке-дара затты уақытша қайтарымсыз пайдалануға беру.
Қарыз келісім-шарты (мутуум)
Іс жүзіндегі келісім-шарты. Бір жақ екінші бір жақтың меншігіне ақша саласын, зат мөлшерін, тура сондай түрде және сапада мерзімінде қайтару.
Кейбір кездерде грек құқығының ықпалымен пайыздар қолданылды. Егер пайыз болмаса келісім-шарт қайтарымсыз мінезде болатын.