12.4. Мұрагерлік құқықты қабылдау. Мұрагерлік және оның одан кейінгі жағдайлары. Жатқан мұра.
Мұра қалдырушы өлімі кезінде мұраның ашылуын мұрагерлікке ие бола алатындар, шамалап алынғандар қатыса алады. Ашылу сәтінде қатысқандар әлі мұрагерлікке ие емес.
Мұраның ашылу және қабылдану кезеңінде «жатқан» деп аталады. Бұл мұра өзінің иесін тосып жатқан затқа ұқсайды.
Мұраның иемденуі өте қарапайым болған: ол иесіз болып қарастырылған, оған иесіз заттардың иемделуі жайлы ережелер қойылмаса да, оны кез-келген тұлға иемделіп алып, бір жылдан кейін өз меншігіне айналдырды.
Классикалық құқықта «жатқан» мұралығы иесіз мүлік болып саналмаған. Мұраны заңды мұрагері қабылданбағанша, мүлік қайтыс болған кісіден қалған деп есептеліп, әртүрлі «жатқан» мүлікті өзіне қаратып алушылармен күресуге мүмкіндік жасалған.