65
кейін жарақат мидың қысылуына әкеледі. Жарақат кезінде мидың
торлы қабықшасында кішкене жыртық
пайда болады және сол
жерден субдуралдық кеңістікке жұлын-ми сұйықтығы ағып
шығады, жыртық вентильді клапан тәрізді жұмыс істейді, ал бұл
жұлын-ми сұйықтығының торлы қабық кеңістігіне қайта шығуына
кедергі жасайды. Операция алдында субдуралдық гидроманы
гематомадан ажырату мүмкін емес. Гидромалық қуысты
сұйықтықтан босатқаннан соң ол
жерде табақша тәрізді мидың
қысылуы көрінеді. Мидың домбығуы жоқ жағдайда мидың қатты
қабықшасын тігеді және сүйек жыртығын орнына келтіреді.
Ми ішілік гематомалар.
Бассүйек іші гематомаларының 9%
құрайды. Ол 30-150 мл дейін сұйық қанның және ми ұлпаларының
ұйымасының жиналуын көрсетеді.
Ми ішілік гематоманың екі негізгі түрі бар:
1) Ми іші "орталық" гематома;
2) Ми ұлпасының контузиялық геморрагиялық жұмсарған
ошағы көп мөлшерде гематомамен бірге жүреді, ол ортасында
немесе жұмсару ошағының астында орналасады.
Көп мөлшердегі ми іші "орталық" гематомасы мидың барлық
бөлігінде кездеседі. Сирек жағдайларда олар шүйде бөлігінде
орналасады, себебі шүйде бөлігінің жарақаты кезінде онда
орналасқан мидың шүйде бөлігінің полюсі түскен күшті
серіппейді, мұндай жағдайда көбінесе жарақаттың кері соққы түрі
болады. Орталық ми іші гематомасы ми беткейін қамтуы мүмкін,
көбінесе ми ұлпасының көлемді
контузиялық геморрагиялық
жұмсару ошағы болған.
Периваскулярлы экстравазаттардың себебі ретінде диапедез-
дік немесе қан тамыр жыртылуы болады. Ірі ошақты ми ішілік қан
тамырларының бірінші реттік жыртылуынан емес сонымен қатар
диапедездік және ангионеврозды анастамоздардың да маңызы зор.
Ми ұлпасының контузиялық геморрагиялық жұмсару ошағы
көбінесе ми жарақатталған ошақта орналасады. Бұл жағдайда ми
қыртысының және жақын жатқан ақ заттың езілуі және кортикалды
тамырлардың жыртылуы байқалады. Езілген аймақта, тез арада
пайда болған домбығу мидың
қыртысын қатты қабықшаға
ығыстырады, содан шыққан қан ішке қарай мидың жарақатына
66
құйыла отырып, ми іші гематомасын құрайды. Операция кезінде
қысылу аймағында ми жарасының жабысуы жиі кездеседі. Миды
ажырата отырып, 3-4 см тереңдікте шектеліп үлгерген үлкен
көлемді ми іші гематомасын байқайды.
Эпидуралдық және субдуралдық гематомалардағыдай үлкен
ми ішілік гематомалар да кейде өте ауыр ми шайқалуынан және ми
жарақатынан комалық жағдай пайда болады. Соның әсерінен ми
іші гематомасының клиникасын байқау өте қиын.
Ми ішілік гематомасының симптоматикасында мидың
домбығуы және оның көлемінің ұлғаюы қатар жүреді.
Сонымен
қатар анық шектелген ми басылуының симпоматикасы байқалады.
Мидың компрессиясының ұлғаюы эпидуралық гематомаларда ғана
кездеспейді. Бұл жағдайда ұлғайған ми іші гематомасы байқалады.
Тек ота кезінде ісіктердің шектеу нүктесінің қайда орналасқанын
көруге болады. Ұлғайған эпидуралдық және субдуралдық
гематомалардың тура диагнозын қоюға ангиография болса, ал бұл
әдіспен ми іші гематомасының диагнозын қою қиын. Жарақаттан
1/2 - 1 1/2 тәулік өткеннен соң, барлық жағдайда мидың ауыр
компрессиясының болатынын ұмытпау керек. Бірақ, созылмалы
ағымда жарақаттың бірінші аптасынан
кейін гематомалардың
белгілері керісінше анық емес, ал науқастардың жағдайы орташа
дәрежеде болады.
Жарақаттың 3-4 аптасында ми іші гематомасының нақты
клиникалық суреті көрінеді. Уақытша жалған операция жазылу
үрдісіне әкеледі.
Эпидуралдық, субдуралдық
және ми іші гематомаларының
дифференциациясын жасау қиын болғанда, фрезалық тесік салуға
әкеледі. Бірақ эпидуралдық және субдуралдық гематомаларды бұл
әдіспен табу қиындай түседі. Трепанациялық фрезалық тесіктен
эпидуралдық және субдуралдық кеңістікті қарап тексеруге болады.
Сонымен бірге, осы жерден ми іші гематомасын анықтау үшін
миға пункция жасалынады. Ми түбінен кішкене ғана көлемді қан
ұйымасы ұлғаймалы ми іші гематомасының соңғы клиникалық
көрінісін береді. Бұл жағдайда кең түрдегі операциялық кірісуді
қолдану керек, сүйек тесігін қысқышпен ашып көргеннен гөрі,
сүйек пластикасының трепапациясын жасау дұрыс. Бұл жағдайда
67
ми домбыққан тез арада сүйек
ақауына енеді, кейде сол жердің
бетінде ондаған жұмсарған геморрагиялық ошақ немесе жалпақ
субдуралдық гематома болады. Олар мидың қысылуына әкелмейді.
Гематомасы бар жағдайда домбыққан мидың бетін сипап сезгенде
флюктуациясы бола қоймайды. Пункция кезінде кейде бірнеше
миллилитр ұйыған қара қанды алуға болады. Миды гематома
бағытына тілегенде біріншіден жарық түсіп тұру, екіншіден қатесіз
жоюға тырысу керек.
Гематома қуысында көп мөлшерде қан ұйымалары арасында
сұйық қан кездеседі. Қуыс ішіндегі
заттарды сорып немесе
изотониялық ерітіндісінің ағысымен жуады. Гематоманың көлемі
қалыпты жағдайда 50-150 мл дейін болады.
Гематоманы тазартқаннан кейін ми көтеріледі. Уақытылы ота
жасалғандарда ми іші гематомасынан басқа зақымдар кездеспесе,
онда бұл ауру тез жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: