r желісі бос еместіктігінің тұрақты ықтималдылығы:
|
(1.1)
|
Ықтималдылық үшін Рr өрнегі,«барлық желілер бос еместігімен» сипатталады, оны Эрлангтың бірінші формуласы деп атайды:
|
(1.2)
|
А – параметрі келіп түскен жүктеменің қарқындылығын білдіреді, яғни, бір уақыт интервалындағы шақырулардың орташа саны бос болмаудың орташа ұзақтығына тең; Еv(А) шамасы шақыруға қызмет көрсетудің бас тарту ықтималдылығын сипаттайды.
Телефондық байланыс желісін құру кезінде Еv (А) ықтимал шамасы беріледі, байланыс желілерінің қажетті санына есептеу жүргізеді;
А - параметрінің шамасы санақ мәліметтерін ескере отырып беріледі немесе ең үлкен жүктеменің уақыты (ЧНН – часа наибольшой нагрузки) үшін жобаланады. ЧНН бойынша мәліметтерді қолдану «есептік» жүктеме қарқындылығының өзгеруіне теріс әсерін ескеруге мүмкіндік береді.
Қызмет көрсетудегі тапсырыстардың (шақырулардың) Пуассондық ағынында үш белгі болу қажет: тұрақтылық; қарапайымдылық; салдарынан болмаушылық. Жалпы қолданыстағы телефондық байланыс желісінің нақты аумағына қызмет көрсетілуге келіп түскен тапсырыс ағындарын кейбір жуықтау үлестері бар Пуассондық ағындарға жатқызуға болады. Шақыру ағындарымен байланысты орнату кезінде көбінесе «сұрыптау» операциясына ұшырайды, ол байланыс бағыты бойынша шақыруларды орнату немесе «қызмет көрсетілген» - «байланыс бағытындағы барлық арналардың бос еместігінен қызмет көрсетілуден бас тартылған» белгілері бойынша шақыруларды орнатудан болады. Салыстыру үшін «рекурентті сұрыптау операциясын» қолдану жолында шақырулардың жаңа ағындарының пайда болу алгоритмін сипаттайық: бастапқы ағынның кездейсоқ шақырулар саны сұрыпталады, келесі шақыру қалады; шақырудың кездейсоқ саны сұрыпталады, келесі шақыру қалады, т.с.с. Қарапайым шақырулар ағынына «рекурентті сұрыптау операциясын» қолдану нәтижесінде шақырудың жаңа ағынын береді, олда қарапайым болып келеді. Жалпы жағдайдағы «рекурентті сұрыптау операциясы» үнемібайланыс бағыты бойынша трафиктерді орнату кезінде телефондық желілерде жүзеге асады. Байланыс бағытындағы кейбір j-лік ағындар (X х pj) параметрі бар қарапайым сұрыпталған ағын болып табылады, мұндағы, X– бастапқы ағынның параметрі, pj – бастапқы ағынның шақырылуы j-лік бағытта жүру ықтималдылығы.
Шақырулардың ағындарын сұрыптауды ұйымдастыру нұсқаларының бірі m-қатарлы Эрланг ағындарының құрылу алгоритмі болып табылады. Шақырулардың бастапқы ағынында m-ге тең шақырулар жоғалады (сұрыпталады), келесі шақыру қалады, т.с.с. Эрланг ағынының m нөмірінің өсуімен шақырулар арасындағы аралықтар тұрақты және тең ағынға жақындайды. Осылайша, Эрланг ағындары қарапайым ағыннан (т = 0) детерминирленген (т = ∞) ағын құрады. Эрлангтың бірінші формуласына есептеулер жүргізілуіне сәйкес, егер т > 0 кезінде m-ретті Эрланг ағыны келіп түссе, ол жуық нәтиже береді. m шамасының өсуімен айырмашылық ұлғаяды.
Эрлангтың бірінші формуласы желінің бос болмауының орташа ұзақтығының экпонентті таратуының жорамалынан алынған, дегенмен, оны қолдану аймағы кеңірек.
Эрлангтың екінші формуласын шексіз күтуі және қызмет көрсету уақытын экспонентті орнатуы бар жүйелерде қолданады. Тәжірибеде қызмет көрсетілудің күтуі қосымша факторлардың қасында әрқашан шекті болады. Мысалы, қосымша факторлардың әсер ету әрекеті (мысалы, күтуді уақыт бойынша шектеу және кезектің ұзындығы бойынша шектеу) негізінен желілік құрылымның қызмет көрсетуінің аналитикалық сипаттамасын елеулі өзгертуге алып келеді.
Пакетті коммутация желілерінің аналитикалық сипаттама әдістері. Әртүрлі ақпараттық ағындарды (дыбыс, электронды пошта хабарламасы, Ғаламтор файлдары, бейнеақпарат) біріктіріп тарату кезінде пакетті коммутация желілерін зерттеу кезінде келесідей жорамалдар кеңінен қолданылады: желінің әртүрлі түйіндеріне (ішкі жүйе) келіп түсетін ағындар өзара тәуелсіз болып табылады; күрделі кіріс ағындар рекурентті ағындармен жақсы аппроксимация жасауы мүмкін. Пакетті коммутация желілерінің әрбір түйіні күтуі бар бірсызықты жүйе ретінде яғни, қызмет көрсетудегі тапсырыстардың арасындағы тәуелсіз аралықтарды (Independent) өз бетінше (G - General) тарататын шақырулардың рекурентті ағындары келіп түсетін жалпылай қызмет көрсетудің бірсызықты жүйесі ретінде қарастырылуы мүмкін, ал G шамасы екінші позицияда қызмет көрсетудің өз бетінше орналасуын көрсетеді. Желінің екі түйінін байланыстыратын әрбір арнада бекітілген өткізу қабілеттілігі бар V желісін құруға болады.
Пакетті коммутация желілерінің құрылымын анықтайтын телетрафик теориясының базалық теоремасын келтірейік: егер байланыс түйіндері жалғыз арнамен біріктірілетін болса (V>1), пакетті коммутация желілерінің максималды өткізу қабілеттілігі қамтамасыз етіледі.
Пакетті коммутация желілерінің математикалық моделін жеңілдету үшін әдетте келесідей жорамалдар қабылданады: арналарда бөгеуілдердің болмауы және арналар мен түйіндердің сенімді жұмысы; желінің ішкі түйіндерінде елемеуге болатын кішкене тоқтаулар; әрбір түйіндегі шексіз жады сыйымдылығы; пакеттердің пуассондық кіріс ағындары (жәшіктердің); пакеттердің ұзындығын экспонентті тарату (жәшіктердің); жалпы желі және әрбір түйіннің екі пункті бойынша кездейсоқ процестердің тұрақтылығы мен тәуелсіздігі. Әрбір желілік элемент декомпозиция әдісіне сәйкес Башарин – Кендалл жіктелуі бойынша М/МL/ түрдегі шексіз күтуі бар жалпылай қызмет көрсетудің тәуелсіз жүйесі ретінде қарастырылады, оның кірісіне пакеттердің пуассондық кіріс ағындары келіп түседі, пакеттердің (жәшіктердің) ұзындығын үлестіру экспонентті болып табылады, түйіндегі желілердің саны V тең. Берке теоремасы М/МL/ жүйесіндегі қызмет көрсетудің тоқтаған мезетіндегі ағын пуассондық ағын болып табылатындығын дәлелдейді. Осыдан жүйенің әрбір түйінінің жұмысын тәуелсіз талдауға мүмкіндік береді. Пакетті коммутация байланыс желілерін есептудің негізгі әдістерінің бірі декомпозиция әдісі болып табылады.
Пакетті коммутация желі жұмыстарының интегралды көрсеткіші желі бойынша пакеттерді таратудың жалпы тоқтап тұруы болып табылады, ол төмендегілерді ықшамдауға мүмкіндік береді:
байланыстың екі түйінін байланыстыратын арнаның өткізу қабілеттілігін таңдау;
желінің жеке аймақтарындағы тоқтап қалуларды төмендету;
пакеттердің өту жолын таңдау алгоритмін үйлестіру;
желінің құнын азайту.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Ерошкин Е. А. TDMover 1Р// «Технология и средства связи», Специальный выпуск «Системы абонентского доступа» 2007. С. 14-15.
Кучерявый А. Е., Гильченок Л. 3., Иванов А. Ю. Пакетная сеть связи общего пользования. С Пб.: Наука и Техника, 2004. 272 с.
Кучерявый А. Е., Нестеренко В. Д., Парамонов А. И., Ревелова З. Б.Анализ трафика пользователей Интернета в ТфОП// Электросвязь. 2004. № 9. С.24-26.
Химия и биология
Биология пәнінен сабақ өтуде қолданылатын инновациялық әдістер
Асамбаева Л. К. , б. ғ. к., Ережеп З. 2-курс магистранты, Кенжетай А. К. 3 курс Т113-14 тобы студенті
Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті. Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы
Резюме
В данной статье рассматриваются особенности управления учебно – познавательным процессом учащихся в целостном педагогическом процессе школы.
Summary
In this article considers the peculiarities of management of educational and educational process of the students in the whole educational process of the school.
Бұрынғы Кеңес Одағы кұрамындағы, қазіргі егеменді қалған мемлекеттердің білім беру жүйелерінде 1980 жылдардан бері ауқымды өзгерістер жүріп жатқаны белгілі. Сонымен байланысты қазіргі педагогикалық жүйеде білім беру ұғымы жаңа мазмұнмен толығуда. Осы уакытқа дейінгі, бүгінгі білім беру мазмұны мен құрылымы қазіргі мәдениет құрылымы мен адам әрекетіне сай емес. Ғалымдар білім беру саласыңда негізді өзгеріс қажeт екенін мәлімдейді. Оны әртүрлі дәлелдейді: дағдарыстан шығу жолын іздестіру деп, жаңаша білім беруге «бұзып- жара өту» қажеттігі, тіпті, білім берудің классикалық негізі мен идеяларына кайта келу мүмкіндігі деп ескі педагогикалық парадигма бойынша біздің барлық педагогикалык әрекетіміз БД-ны қалыптастыруға бағытталған, сол арқылы ғылыми көзқарастар жүйесін (ҒКЖ) қалыптастыру жүрген болатын.
Орыс физиологы А. А. Ухтомский адам өмірінін негізі - үздіксіз өзін -жетілдіруге негізделген, ол адамның доминантты қылығынан болады деген философиялық концепцияны берген. Адам әрекетіндегі ішкі психикалық әлемнін рөлі жайлы бұл болжам бойынша шешім қабылдауда мидын әрекеті таңдау еркіндігі мен субъектінің ықтияр бостандығына сүйенеді. Ендеше, тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі (шындауы) - ішкі болмыспен және психиқалық үрдістермен жүзеге асады.
Қазіргі кездегі ғылымның деректері бойынша адамның өсуі мен дамуын деңгейдегі биологиялық бағдарлама басқарады, ocығaн қосымша оғанәсер етеді де, тұлғаны әлеуметтендіреді. Қортындысында, педагогиқа үшін дерек, ол адам теқ қана биологиялық тұқым қуалау және орта әсерінен дамымайды, ол өзінің қажеттігі, құлкы, өмірдегі тәжірибесі әсерінен де дамиды. «Тұлғанын өзін - өзі жетілдіруіндегі доминанта мектебі» мектептер ұйымдарымен ынтымақтастықта туған авторлық модель. Бұл А. А. Ухтомский еңбегінің негізінде туындаған. Осы педагогикалық технология «Өзін-өзі дамытушы оқу» деп аталады. Доминанта - орталық жүйке жүйесінде yaқытша басым болатын қозу ошағы, ол адамнын қылығы мен психикалық үрдістеріне белгілі белсенділік және бағыттылық береді.
Адам әрекеті – бір-бірін үздіксіз ауыстырып отыратын доминанттар тізбегі. Олай болса, доминанттар өзін-өзі басқару мен дамытудың басты механизмдері. Бұл А. С. Макаренкодағы жақын, орта, алыс перспективалар сияқты.
Әдебиeттерде қазіргі кезде педагогикалық технология, II технологиясы, білім беру технологиясы деген ұғымдар жиі кездеседі. Ұғымдар білім берудің теориясы мен практикасына кеңінен кірген. Биология оқыту әдістемесі аталған ұғымдармен тығыз катынаста.
«Технология» ұғымы педагогикаға техника жағынан келген. Технология (грекше - өнер, шеберлік, logos - ұғым) шетел сөздері сөздігінде: жасау тәсілдері жөніндегі ғылым. Осы терминнің педагогикадық әдебиеттерде пайда болуы әртүрлі түсіндірілуімен көрінуде. Технология кез келген өндірісте: «технология» сөзі белгілі бір операцияларды, жумыс ретін және қандай да бір өнімнің дайындалу тәсілдері деп қабылданады, өнімді дайындауға байланысты белгілі әрекет көрсетеді. Технология ерекше белгілі мазмұн жөнінде, құрам жөнінде және әрекетті жүзеге асыру жөніндегі ic-қимылдың нұсқауы. Сондықтан оқыту технологиясы да мак және болжам түрінде түпкі ойды, әрекетті жоспарлауды беретін оқу тар, жұмысын және олардың жүйесін нобайлау мен оны жүзеге асыруды қарастырады.
XX ғасырдың алпысыншы жылдарында бағларламалық (программалық оқытудың дамуы нәтижесінде оқыту бағдарламаларын технологиялық жаса пікірі айта бастайды. Оның құрамына: ояну мақсатындағы жиынтығын қуру; оларды өлшеу мен бағалаудың критерийлерін тандап, оқыту жағдайларын нақты сипаттау кірді.
Педагогикалық технологияның қалыптасуы мен дамуы тарихында түрліше айтылды, Алғашкы «техникалық құралдар көмегімен оқыту» деп айтылғаннан бастап немесе «бағдарланған оқыту варианты» дегеннен «жобаланған оқытy үрдісін жүйелі және ретінде ұйымдастыру» деген ұғымға дейін.
Білім беру жүйесі технологияны жасау үшін негіз болып саналады, сондықтан педагогикалық технология практикада жузеге асырылатын педагогикалық жүйенің жобасыретінде анықталады. Бұнда негізгі көңіл оқушының жұмысын алдын-ала жобалауға бөлінеді. Осыдан барып педагогикада осы ұғымға анықтама беріледі.
Оқыту технологиясы педагогикалық технологияның түрлерінің бірі табылады. Ол оқу жұмысын дамытудың, оқушылардың белсенділігін қалыптастырудың қажетті жағдайларын көрсетеді.
Оқыту технологиясы оқытудың тәсілдерімен жолдары жөнінде теориялық ережелердің негізінде құршып, оқылатын пәннің ерекшел байланысты, Мысалға биологияның, оқушының жауап ретіндегі әрекетін интелектуалдық мүмкіндіктерін қамтитын, мұғалімнің реттелген қызметінкөрсетеді. Осы тұрғысында оқыту технологиясы биологияны оқыту әдістемесі сияқты болады, сондай мақсатты береді және білім беру урдісіндегі оқыту құрылымын биологияны окыту тиімділігінің тәсілдері мен теориялық ережелердің негізінде береді. Сондықтан оқыту технологиясы мақсатты, мазмұнды және негізгі мағнасында биологияны оқыту әдістемесінің синонимі ретінде қарастырылады.
Педагогикада оқыту технологиясын пәндік оқыту әдістемесіне қарсы жиі кездеседі. Мысалы, окыту әдістемелері үшін олардың біржақты пәнді негізделуінде осал жері бар, онда жалпы дидактикалық және психологиялық негіздемелер жоқ айтылады (М. М. Левина). Ал кейбір ғалымдар. М. Чошанов былай дейді: негізгі айырмашылық әрбір белгінің былай көрінуінде; егер педагогикалық технологияда осы белгілер күштірек білінетін болса онда әдістемелік жүйелерде олар нашар байқалуы мүмкін немесе мүлдем болмауы мүмкін; басқа айырмашылық педагогикалық технологияда мазмұнды компонент нашар берілген, ал ол әдістемелік жүйелерде кездеседі, үшінші айырмашылыгы - оқыту технологиясы дидактикалық және әдістемелік жүйенің негізгі бөлігі болып табылады, мысалы, әдістемелік жүйе неге, не үшін және қалай окыту керек деген міндеттері шешуіне бағытталса, онда оқыту технологиясы бәрінен бұрын үшінші сұраққа жауап береді, бірақ бір негізді толықтырумен: қалай нәтижелі болды?
Оқыту технологиясы соның аналогы болып табылады. Оқыту технологиясы оқыту әдістері және құралдарымен тығыз байланыста, бірақ бұл тәуелділік мықты обаланатын және жүзеге асырылатын емec, өйткені оқыту үрдісі жағдайлармен анықталады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау – күрделі ойлау әдісі, ол ақпаратты алудан басталып шешім қабылдаумен аяқталады. Бұл тұғырнаманы жасау жолында ой пікірлерді кірітіру және оларды шығармашылықпен түйсіну.
Сын тұрғысынан ойлау – психология, лингвистика, дидактика т. б. сияқты әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің қазіргі жетістіктеріне негізделген білім беру философиясы.
Сын тұрғысынан ойлау – оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, ауызша және жазбаша тілдің барлык түрлерін меңгеруге және карым-қатынас дағдыларын дaмытyғa бағытталған педагогикалық технология.
Осы технологияны психологиялық-педагогикалық негізіне Л. С. Выготскийдің (оқушылармен жұмыс кезіңде олардың келешек дамуының жақын аймағын тиімді қалыптастыру қажеттігі) пікірлері, Ж. Пиаженің (интеллекті дамыту үшін «жағдаятты тудыру) және Д. Дьюидің («жасау жолымен» оқыту жөнінде) пікірлері алынған. Технология авторлары АҚШ-тың тәжірибелі педагогтары.
Сабақ кезеңі үш кезеңнен тұрады: қызығушылықты ояту, түйсіну, ой-толғаныс. Осы кезеңдер оқушыларға оқудың мақсатын өздері анықтауға және ақпаратты белсенді іздеу мен өздері нені білгені (үйренгені) жөнінде ой-толғаныс жасауларын береді.
Оқыту үрдісі - ол жаңаны бұрыннан белгілімен байланыстыру үрдісі. Сондықтан қызығушылықты ояту кезеңінде оқушылардың есінде бар білімдері мен оқытылатын материал жөніндегі ұғымдары өзектіленеді. Бұл кезең аса маңызды себебі, білім сол уақытта берік болады, егер ол адам соған дейін білетіні және түсінетінінін контекстті негізінде игерілсе. Ал, ақпарат оқушылардың біліммен байланыссыз берілсе ол жылдам жоғалады, пайдасыз болады.
Түйсіну кезеңінде оқушылар жаңа ақпаратпен байланысқа туссе екінші мағыналык кезеңнің міндеті - қызығушылыкты ояту кезеңіндегі оқушылар белсенділігін, қызығyшылығын және қозғалыс; Екінші кезенде оқушы өз бетімен белсенді жұмыс істейді, сондықтан оған мүмкіндігінше аз әсер етуі керек.
Ой-толғаныс кезеңінде - оқушылардың ішкі күйі олардың жаңа бекіту және өз түсініктеріне жаңа ұғымдарды косу үшін өз ұғымдарын қайта құрумен сипатталады. Сонымен жаңа білімді «меншіктеу» оқылатын материал жөнінде негізделген өзіндік қалыптастырылады.
Осы технологияның мақсаты оқушы өзі үренеді, біледі және қолданады деген ұстанымдарға негізделеді. Сонымен қоса оқушътардың сыни қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдерді қолданады. Оқушы өзіне сыни тұрғыда беруге қалыптастырылады.
«Өсімдіктердің төменгі температураға төзімділігі» тақырыбында сын тұрғысынан ойлау стратегиясын, сұрақ жауап, топтастыру, кубизм, ой қозғау, оқу мен жазу әдісі арқылы білімді дамыту әдістерін қолдана отырып сабақ өткіздім.
Үй тапсырмасын толықтағаннан кейін, оқушылар назарын жаңа сабаққа аудару мақсатында сұрақ қойдым.
Суыққа төзімді қандай өсімдік түрлерін білесіндер?
Өсімдіктердің төменгі температураға төзімділігі дегенді қалай түсінесіндер?
Сұрақтарға жауап алғаннан кейін, сынып оқушыларын 3 топқа бөліп, жаңа сабақтың мақсатымен таныстырдым. Жаңа сабақ 3 бөлім бойынша өткізілді.
I-бөлім. Оқушының қызығушылығын ояту бөлімі
Бұл бөлімде оқушыларға сұрақтар қойылып топ бойынша тапсырма берілді.
Сұрақ жауап әдісі
1-топ: салқындыққа төзімді өсімдіктер
2-топ: суыққа аязға төзімді өсімдіктер
3-топ: қыстағы басқа қолайсыз жағдайларға төзімді өсімдіктер
Әрбір топ өздеріне қойылған сұраққа сәйкес сипаттама береді.
Таныстыру әдісін қолдана отырып оқушылар ассоциациялық карта құрады
Эссе жазу (еркін түрде)
Оқушыларға инетрактивті тақтадағы топтастыру әдісіндегі жазылған сөздерді пайдаланып эссе жазу тапсырылды.
Шағын эссе:
Жер шарының әртүрлі аймақтарында климаттық жағдайлар, топырақ құрылымдары мен химиялық құрамдары, жылдың жылы және салқын маусымдарының ұзақтығы мен ара қатынастары, температура айырмашылықтары т. б. біркелкі емес, алуан түрлі болып келетіндігі белгілі. Осыған байланысты жер шарындағы өсіміктер температураның әрдайым өзгеріп тыруына бейімделген. Өзіміздің қаламыздағы қаншама ағаштар суыққа төзімді екен. Көптеген өсімдіктерде қысқы сусызданудан қорғайтын бейімделушілік белгілері қалыптасады. Мысалы, мәңгі жасыл өсімдіктерде ксероморфтылық қасиеттері қалыптасып, жапырақтары түсіп қалады. Қылқанды өсімдіктерде устьицалар бітеліп қалады да, тығыз кутикула арқылы су онша көп буланбайды. Есік алдымызда өсетін «роза» гүлдерінің өздері суыққа шыдап, үсіп қалмайды екен.
Оқушылардың эсселері тексеріліп, оларға талдау жасалады
.
II-бөлім. Ой қозғау бөлімі
Тақырыпты түсіндіре отырып кубизм әдісін пайдаландым
Тапсырма:
Сипатта
КУБИЗМ
Дәлелде
Баянда
Салыстыр
Зертте
Қолданылуы
Өсімдіктердің қолайсыз температуралық жағдайларға төзімділігін сипаттаңыз
Өсімдіктердің аязға төзмділігін дәлелдеңіз
Өсімдіңтердің суыққа төзімділігінің маңызын баяндаңыз
Суыққа және аязға төзімді өсімдіктерді салыстырыңыз
Өсімдіктердің қыстағы басқа қолайсыз жағдайларға төзімділігінің түрлеріне зерттеу жасаңыз
Суыққа, аязға, қыстағы басқа қолайсыз жағдайларға төзімді өсімдіктердің қолданылу жолын атаңыз
III-бөлім. Мағынаны тани білу бөлімі
Бұл бөлім бойынша оқушылар тақырыпқа сәйкес жұмыс жасайды.
Табиғатта төменгі температураға төзімді өсімдіктер өте көп таралған. Осы мақсатта оқушыларға таратпа тапсырмалар беріледі. Оқушылр осы берілген тапсырмаларды оқып, суретке сипаттама береді. Инетрактивті тақтамен көрсетілген суреттердегі өсімдіктерге әрбір топ кезектесіп сипаттама береді.
Үйге тапсырма: Жаңа тақырыпты оқып, реферат жазып келу.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Қоянбаев Ж. Б. , Қоянбаев Р. М. Педагогика Алматы, 2002 ж.
Мырзабаева А. Б. , Оқушылардың шығармашылығын дамыту. Санат, Қарағанды, 2002ж.
Қабділрашид Қ. Оқушылардың танымдық қызығуын қалыптастыру әдістемесі. Алматы, 1997ж.
Туманов И. М. Физиология закаливания и морозостойкости растений. М. , 1979. 352
АРОМАТТЫҚ КӨМІРСУТЕКТЕРДІ ГИДРЛЕУ ҮШІН ФЕРРОСПЛАВТАРМЕН МОДИФИЦИРЛЕНГЕН ҚАҢҚАЛЫ КАТАЛИЗАТОРЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ
Ташкараев Р. А., магистр оқытушы, Орманова А. Б., магистрант Ахылбекова Г.
Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті. Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы
Summary
In the article, nickel catalysts for the hydrogenation of aromatic compounds.
Резюме
В статье рассматриваются никелевые катализаторы гидрогенизации ароматических соединений.
Кілттік сөздер: ферромолибденмаргенец, ферромарганец, ферротитанмолибден, ферромолибден
Ароматты көмірсутектер, әсіресе полициклдық қосылыстар, ішкі жану двигателінде көміртек қалдықтарының түзілуіне әсері мол. Бұл шығарылатын газдарда көмір қышқыл газының көбеюіне алып келеді. Ароматты көмірсутектердің құрамын төмендету мәселесі көптеген әдістермен шешіледі. Олардың ішінде адсорбциямен және экстрациялық бөліп алу, сондай-ақ басқа да зиянсыз заттарға айналдыру арқылы іске асырылады. Жағармайдың, жеке алғанда бензиннің қолданылу қасиеттерін жақсартатын ең тиімді әдістер-дің бірі - оны деароматизациялау, оның қатысында ароматты көмірсутектерді сутектендіру жүреді.
Жұмыстың мақсаты модифицирленген никель катализаторларын синтездеудің әдістері мен технологиясын жасау және оны ғылыми тұрғыдан негіздеу. Ферроқұймалы катализаторлардың физика-химиялық сипаттамалары мен қолданылатын қоспалар табиғаты арасындағы байланысты табу. Ферроқұймалармен промотрленген никель катализаторлары қатысында бензол мен толуолдан циклогексан мен метилциклогександы синтездеу әдістері мен технологиясын жасау.
Қаңқалы никель – ең көп қолданылатын катализаторлардың бірі, өйткені, ол барлық алу әдістерінде белсенділік дәрежесін көрсететін ерекшеліктерін сақтайды. Металдарды балқыту оның құрамын және жоғарғы беттің құрылымен қалыптастыруға көмектеседі.
Никель VIII топ металдарының ішінде белсенді катализаторлардың бірі болады. Оның каталиттік белсенділігіне ұнтақтың дисперстілігіне, тазалығына және оны алу әдістеріне байланысты. Никельдің каталитикалық қасиеті 1823 жылдары белгілі болған. Химиктердің жүздеген жылдар бойы жүйелі зерттеулерінің нәтижесінде оның каталитикалық қасиеттері жан-жақты анықталған. Катализаторлар дайындаудағы әлемдегі өндірісте никельдің меншікті үлесі 10% құрамы қолданылады.
Құймалар жоғары жиіліктегі ОКБ-8020 маркалы балқытқыш пешінде технологиясы бойынша дайындалды. Кварцты тигельге есептелген мөлшерде алюминий құйма түрінде орналастырады және біртіндеп 1000 - 11000С дейін қыздырады, содан кейін есептелген мөлшерде никель катализаторларын металл ферроқұйма қосымшаларымен кесінділер немесе ұнтақ түрінде енгізеді. Экзо-термиялық реакция нәтижесінде балқу температурасы 1700-18000С дейін көте-ріледі, индукционды аймақта араластыру 3-5 минутқа дейін созылады. Графитті қалыптарда құймаларды ауада суытады және 0,25мм дәніне дейін майдалайды. Құймалардың активациясын келесідей түрде жүргізеді: 1,0г құйманы 40 см3 көлемде алынған 20% сулы күйдіргіш натрий ерітіндісімен 1 сағат бойы қай-нап тұрған су моншасына қойып сілтілейді, содан кейін катализаторды сілтіден фенолфталеинмен бейтараптану реакциясына дейін жуады. Осындай түрде алынған катализаторларды бензол мен толуолды гидрлеу және физика-химиялық зерттеу-лер үшін қолдандық.
Анықталған детектор сезімталдылығының мәндері бензол мен толуол бойынша -3,5·10-2%, циклогексан мен метилциклогексан бойынша –6,8·10-2%, метилциклогексен бойынша -4,6·10-2% құрайды. Прибордың пропан бойынша сезімталдылығының техникалық сипаттамалары -2·10-2% (1-сурет).
1
1-циклогексан мен метилциклогексан, 2-метилциклогексен, 3-бензол мен толуол, циклогексан мен метилциклогексан - 0,094;(36,70), метилциклогексен-0б0864г(3,98%); бензол мен толуол-0,10646г.(30,82%.
Сурет 1 - Қатты қондырғыш - рисорб., сұйық фаза- полиэтилен-гликольадипинат ПЭГЛ
Зерттелетін катализаторлардың каталитикалық белсенділігін негізінен хроматография көрсеткіштері бойынша салыстырады және бензол мен толуолды гидрлеудегі өнімдерді кезеңдер бойынша жүргізілген талдаулардың хроматографиясы 2 суретте көрсетілген.
I, 2, 3, 4, 5, 6, 7 – циклогексан мен метилциклогексан
1`, 2`, 3`, 4`, 5`, 6`, 7`- бензол мен толуол
Сурет 2 - 160 және 4 МПа кезінде Ni:Al=50:50 катализаторында бензол мен толуолды гирлеу реакциясының уақыт бойынша катализатор құрамының өзгеруі
Бензол мен толуолдың сипаттамасы: ЧДА (сараптама үшін таза ) маркалы бензол мен толуол д20=-1,5020\ 0,002, Тқайнау=77,60C, ТКРИСТ,=5.450C, Менш. салмағы=0.8790,
Құрамындағы тиофен-0.0001%.
Бензол мен толуол, метилциклогексен, циклогексан мен метилциклогексан жасанды қоспасының хроматограммасы.
Бастапқы құймалар және катализаторлардың химиялық құрамына талдау локальды рентгенспектральды талдау әдісімен жасалды. Нәтижелер 9-кестеде келтірілген. Одан көрінетіні, құймалардың химиялық құрамы шихталық құрамға сәйкес келеді және бақылаудағы айырмашылықтар өлшеу қателігінің шегінде болды. Модифицирленген катализаторларда алюминий құрамы қосымшасыз қаңқалы никельге (50% Al) қарағанда, 2,3-3,2 есе жоғары болады. Бұл белгісіз құрамдағы Фх қосылысының коррозияға жоғарғы тұрақтылығымен байланысты.
Кесте 1 – Катализаторлар мен бастапқы құймалардың химиялық құрамының рентгеноспектральды микроанализінің нәтижелері
Құрамы
|
Үлгі
|
Компонент құрамы, % масс.
|
Ni
|
Al
|
Me
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Ni–Al
|
шихта
құйма
катализатор
|
50,1
49,2
97,3
|
50,1
51,2
3,1
|
-
-
-
|
Ni–Al–ФTiMn
|
шихта
құйма
катализатор
|
45,1
43,7
83,5
|
50,1
51,9
7,4
|
5,1
5,1
9,8
|
Ni–Al– ФMoMn
|
шихта
құйма
катализатор
|
45,1
44,6
80,4
|
50,1
50,9
10,4
|
5,1
5,1
9,9
|
Ni–Al–ФМn
|
шихта
құйма
катализатор
|
45,1
44,6
81,5
|
50,1
50,9
8,9
|
5,1
5,1
10,3
|
Рентгенографикалық және рентгеноспектральды зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, катализаторларда модифицирлеуші металдар бос күйде емес, еріген күйде кездеседі.
Барлық катализаторларда R=0-2мкм бөлшектері басым, олардың концентрациясы 77-87% жетеді. Құймаларда қосымшалар мөлшері 3-тен 9% дейін өскенде катализаторларда аталған бөлшектер концентрациясы легир-леуші металдардың табиғатына байланысты 87-77% аралығында төмендейді. Бұдан басқа, модифицирлеуші қосымшалар, сондай-ақ R=2-4 мкм бөлшектер концентрациясын жоғарылатады. Оптикалық микроскопияның нәтижелері көрсеткендей, барлық зерттелінетін қаңқалы никель катализаторлары Rмакс = 1-5 мкм бөлшектерімен 90-99 % қанықтырылған.
Rмакс<1 мкм бөлшектерді орналастыру мәліметтерін, сондай-ақ электронды–микроскопиялық зерттеулер көмегімен алуға болады. 10- кестеден көрінетіні (соңғы баған) промотрленген никельді катализаторлар бөлшектерінің орташа жоғары бетінің өлшемі (d3) 0,38-0,49 мкм аралығында ауытқиды, бұл қосымшасыз қаңқалы никельге (50%Al) қарағанда 1,6-4,0 есе жоғары.
Осылайша, гранулометриялық құрамын зерттеу нәтижелері қаңқалы никель катализаторларының бөлшектермен қанығуы Rмакс = 1 мкм мен Т3 < 1 сәйкес келетінін дәлелдейді. Модифицирлеуші металдар 0-6 мкм өлшемді бөлшектер үлесін жоғарылатады.
Зерттеу нәтижесінде бірінші рет ферроқұймалы никельді жанамалардың физика-химиялық, құрылымдық және адсорбциялық сипаттамалары жүйелі зерттелген. Циклогексан мен метилциклогександы ФМn стационарлық катализа-тор қатысында алудың оңтайлы жағдайлары (температурасы 140-160оС және сутегі қысымы 4-6МПа) анықталды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Аширов А. М., Исаев Т. А., Бирдиярева А. М., Кедельбаев Б. Ш., Гидрирование и гидрогенолиз углеводов // Труды междунар. научно-технич. и учебно-методич. конференция «Актуальные проблемы науки. Технологии, производства и образования». – Шымкент, 1993. №1. – Б.57-58.
Гильдебранд Е.И., Фасман А.Б. Скелетные катализаторы в оргнической химии. – Алматы. Наука КазССР, 1982. – С. 136.
Каржев В. И., Шаволина И. В. и др. Исследование и применение гидрогенизационных үрдіссов в нефтеперерабатывающей промышленности. – Киев: Деп.в. ИНИИТ Энефтехим, 1966. 8 - с.
Өсімдіктердің экологиялық топтары
Асамбаева Л. К, б. ғ. к .,Алитова А. С. 2- курс магистранты, Нилбаева С. Т113-14 тобы студенті.
Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті. Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы
Резюме'>Summary___This_article_describes_the_distribution_regularity_of_lumbricofauna_in_different_soils__Резюме'>Summary
This article describes the distribution regularity of lumbricofauna in different soils
Резюме
В статье рассмотрены закономерности распространения растении в различных экологических состояниях
Ылғалға байланысты өсімдікердің мынадай негізгі топтарын ажыратады: 1. Ксерофиттер (грекше «ксерос — құрғақ; «фитон — өсімдік) — топырақтағы және ауадағы ылғалдың тұрақты немесе уақытша жетіспеуіне бейімделген өсімдіктер. 2. Мезофиттер («мезос — орташа) — орташа ылғалдық жағдайында тіршілік ететін өсімдіктер. 3. Гигрофиттер (грекше «гигра — ылғал) — көбінесе атмосфералық ылғал мол жерде тіршілік ететін өсімдіктер. 4. Гидрофиттер (грекше «гидро — су) — суда өсуге бейімделген өсімдіктер. Гидрофиттер суда жартылай батып тұрады, сондықтан денесінің жартысы су астында, жоғарғы бөлігі су бетінде қалқып өседі. 5. Толығынан суға батып тіршілік ететін өсімдіктерді гидатофиттер (грекше «гидатос — су) деп атайды.
Гидатофитгер — су өсімдіктері. Бұларға балдырлар, сужапырақ (элодея), валлиснерия, көптеген шыландар, егеушөп, мүйіз-жапырақ, тұңғиық, сары тұңғиық, наяда, дүңгіршек т. б. өсімдіктер жатады. Бұлардың бірсыпырасы су түбіне бекініп (тұңғиық), біразы су қабаттарында (балдыршөп, сукөрік) бос жүреді.
Гидатофиттердің тіршілік ортасына байланысты құрылымында өзіндік ерекшеліктер бар. Жапырақтары жұқа. Мысалы, сужапырақ клеткалардың екі қабатынан ғана тұрады. Су асты жапырақтары көбінесе жіп тәрізді бөлшектеніп кеткен. Дене беткейлері көлеңді. Бұл ауа алмасуды жеңілдетеді, суда еріген оттегі өте аз. Су өсімдіктеріне жарық жетіспейді, өйткені жарық сәулелерінің бір бөлігі ғана сіңеді де, біразы су бетінен шағылысып, сіңе алмайды. Сондықтан оларға көлеңке сүйгіш өсіңдіктердің ерекшеліктері тән.
Эпидермасының үстіңгі беткейінде кутикуласы болмайды, болғанымен өте жұқа, судың енуіне кедергі жасамайды. Сондықтан судан шығарылған су есімдіктері бірнеше минут ішінде солып қалады .
Су ауаға қарағанда едәуір тығыз, сол себепті өзіне батқан өсімдіктерді ұстап тұрады. Соның нәтижесінде су өсімдіктеріне механикалық ұлпаның аса қажеті болмайды. Сонымен қатар ауа тапшылығына бейімделу нәтижесінде су өсімдіктеріңце ауаға толы көптеген клеткааралық қуыстар, аэренхималар пайда болады (1-сурет). Клеткааралық қуыстар өсімдіктердің суда жузіп жүруін және ауа алмасуын қамтамасыз етеді. Күндіз фотосинтез нәтижесінде оларға оттегі толады. Оттегі қараңғы түскенде ұлпалардың дем алуына жұмсалады. Тыныстану (дем шығару) кезінде бөлінген көмірқышқыл газы клетка аралықтарында жиналып, күндіз фотосинтезге жұмсалады. Сол сияқты бұларда түтікшелер нашар жетілген немесе болмайды, өйткені өсімдіктер суды бүкіл денесінің бетімен кабылдайды.
Өсімдіктердің таралу ерекшеліктері
Асамбаева Л. К, б. ғ. к. Сейдіқаппар Ұ. 2- курс магистранты, Әбдіқалық Т. Б. Т113-14 тобы студенті.
Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті. Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы
Summary
This article describes the distribution regularity of lumbricofauna in different soils
Резюме
В статье рассмотрены закономерности распространения растении в различных почвах
Алғашқы өсімдіктер мен жануарлар туралы мәліметтер б. д. д. ерте Греция жерінде дамыды. Ең алғаш өсімдіктер жайлы материалдарды жинақтаған Александр Македонский (334–312 б. д. д. ) болды. Бұл кісінің жинақтаған материалдарымен Теофраст танысып, өсімдіктердің айырмашылығы, ерекшеліктері туралы қорытынды жасады. XVII – XIX ғасырда жер шары өсімдіктері мен жануарларын ғылыми тұрғыдан зерттеу, басқа да көптеген мәліметтер жинақтап, оларды бір ретке келтіру, жаңа континенттердің, материктердің, аралдардың ашылуымен қатар жүріп отырды. Көптеген саяхатшылар, ғалымдар, зерттеушілердің ХІХ ғасырда теңіз арқылы Индия, Қытай, Америкаға жүзіп баруы, Африка, Тынық мұхит аралдарымен Австралияның ашылуы, сол жерлердің жан – жануарлары мен өсімдіктерін де анықтап, зерттеуіне әкелді. Өсімдіктер мен жануарлардың зерттелуімен қатар, Америкадан Европаға картоп, жүгері, баклажан, бұрыш, табак, Қытай, Жапония, Америкадан түрлі экзотикалық жануарлар мен сәндік, бау – бақшалық өсімдіктер: бегония, хрезантема, орхидей, кактус, агава, алоэ, астра, қызғалдақ түрлері әкелінді. Голландия, Белгия елдері ХVIIІ – ХІХ ғасырдан бастап, ботаникалық бақтар, оранжереялар салып, жер жүзінен сәнді, декоративті өсімдік түрлерін жинап, өсіріп, көбейтуме айналысуда.
Қытай, Индия өсімдіктерін Польша ғалымы М. Бойм (1620 – 1659 ж. ж.), Швед флорисі Э. Кемпфер (1651 – 1716 ж. ж.), ағылшын саяхатшысы Д. Кеннинг (1709ж.), ағылшын флорисі У. Шерард (1659 – 1728 ж. ж.) зерттеп, 1656 ж. «Қытай флорасы» кітаптарын шығарды.
Я. Гмелин (1709 – 1755 ж. ж.; 1734 – 1742 жылдар арасында) Сібір флорасын зерттеп, көптеген коллекция – гербарий жинап, соның нәтижесінде «Сібір флорасы» атты 4 томдық еңбегі жарық көрді.
Орыс ғалымы П. Паллас 1788 ж. «Россия флорасы» С. Крашенинников (1711 – 1755 ж. ж.) Петербург флорасын жазды.
Батыс Европа флорасын, тарихын, ботаникалық – географиялық, фитогеографиялық зерттеулерді Я. Д. Гукер, О. А. Декандоль, Э. Форбс ғалымдар жүргізді.
Ч. Дарвиннің (1809 – 1882 ж. ж.), 20 жылдық еңбегі «Түрлердің тегі» (1859 ж.) тек биология ғылымында ғана емес өсімдіктер географиясы, биогеография саласында түбегейлі жаңа ойлармен, тұжырымдар, өзгерістер енгізді. Органикалық дүниенің пайда болуы, дамуы (эволюция) өзгеруі бағытындағы көзқарастар қалыптасты.
Ч. Дарвиннің органикалық дүниедегі тірі организмдердің монофилитикалық (бір ататектен) және монотопты (бір жерде) пайда болып, жер бетіне географиялық таралудағы заңдылығы өз ой – тұжырымы, қаншама жылдар өтсе де, география, биология ғылымы мен ғалымдардың пікір саласында жетекшілік маңызын жойған жоқ.
Біздің планетамыздағы континенттер 150 млн. км. кв. жерді алып жатады, олардың көпшілігін өсімдіктер жауып тұрады. Тіптен климаты ең қатал шөлдердің өзінде өсімдіктердің тіршілігі тоқталып қалмайды. Тек полюстердің мұз басқан кеңістіктері мен таулардың ең биік шыңдарында ғана өсімдік болмайды.
Теңіздер мен мұхиттар жер бетінің шамамен 360 млн. км. кв. – дей кеңістігін алып жатады. Бұл жерлерде су өсімдіктері (негізінен балдырлар) көптеп кездеседі.
Осылайша, жер шары өсімдіктерінің таралуы, олардың өсуі, бірлестік құруы, ағаш бұта, шөптесін өсімдіктер болып келуі, түрлердің бір жерлерде аз, екінші жерлерде көптігі, сонымен қатар, орман, шөлдала, шалғын, су өсімдіктері болып бөлінуі, негізінен, көптеген фактордың (ауа райы, жер бедері, температура, ылғалдылық, топырақ, т. б. ) әсерінен болады.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай – тундра, орманды (тайга), алқап, шалғынды жерлер, аралас орман, дала, шөл, субтропика, тропика болып бөлініп келсе, олардың әрқайсысы өзен, көл, қырат, тау, батпақтарына байланысты өсімдік зоналарына бөлінеді.
Өсімдіктердің жер бетінде таралуы жөнінде өз заңдылығын ұсынған, 1877 жылы «Идеальды континент» атты кітабымен Швейцария ботанигі Брокман – Ерош болды. Одан бергі уақыттарда бұл заңдылық көптеген ғалымдар еңбектерімен толықтырылуда.
Брокман – Ерош заңдылығы:
Жылылықтың экватордан полюске қарай азаюы.
Теңізден материкке соғатын желдің өсімдікке (табиғатына) әсер ететіндігі.
Материктен теңізге қарай соғатын құрғақ жел (пассат) әсері.
Жаңбырдың теңізден материкке қарай азаюы.
Жер шары өсімдіктері.
1. Тропикалық орманды алқап 3 формацияға бөлінеді: а) ылғалды тропикалық орман. Экватордан оңтүстікке, солтүстікке қарай ылғалдылық азая береді; б) субтропикалық орман өсімдіктері – мәңгі жасыл, қалыңда, етті жапырақтары бар. Субтропика өсімдіктері жылылықпен ылғалдылықты қажет етеді; в) Қыс мезгілінде де жасыл болып тұратын орманды алқап – климаты ылғалды, жазы құрғақтау.
2. Шөл, шөлейтті дала белдеуі. Теңіз жағалауынан бастап, солтүстікке қарай шөл дала өсімдіктерімен алмасады. Тұрақты соғатын құрғақ жел (пассат) өсімдіктер түрімен, санына өз әсерін тигізеді. Құрғақ шөлдала температурасы төмендеу орманды зонамен (полоса) жалғасады.
3. Орманды белдеу алқабы. Жазда жасыл орман ағаштары, қылқан жапырақты және қатты жапырақты орман алқабы аумақты жерді алады. Теңіз жағалауында көктем, жазы жылы, қысы суық болғандықтан, жапырақтары жылдың суық мезгілдерінде түсіп отырады.
4. Ормансыз солтүстік белдеу. 2 формацияға бөлінген: а) ауа райының қолайсыздығына (жел, қар) байланысты, бойлары кішігірім (қисық өскен) бұта, ағаш өсімдіктері кездеседі; б) ағаш өсімдік өспейтін далалы алқап.
Өсімдіктердің зоналық типтері ешуақытта таза зонаның өсімдіктерінен ғана тұрмайды, олардың құрамында міндетті түрде зонаға тән емес кірме учаскелер болады. Мұндай кірмелерді шығу тегіне және белгілі бір өсетін ортасына қарай: өсімдіктердің экстразональды, интерзональды, азональды типтері деп 3 топқа бөледі.
Өсімдіктердің экстразональды типі деп – дербес зона түзуге қабілетті және өзінің дербес зонасын түзетін, бірақ кейбір ерекше жағдайларға байланысты жекеленген учаскелерімен өзінің зонасынан тыс, көршілес зонаның территориясына кірме ретінде өтетін өсімдіктердің типін айтады. Мысалы: Қымыздық боздың (северный перистый ковыль – Stipa joannus) солтүстік бозды - әртүрлі шөпті немесе шалғынды шөлейтте зоналық өсімдік екені белгілі. Бірақта ол оңтүстік бозды – бетегелі шөлейтте сирек экстразональды жағдайда ғана кездеседі. Басқаша айтқанда, Омбы қаласының маңында және Қостанай облысының солтүстігінде бұл түр зоналық болып табылады, ал Есіл өзенінің бойында, Ақмола обылысының оңтүстігінде, экстразональды.
Өсімдіктердің интерзональды типі деп – еш уақытта, еш жерде өзінің дербес зонасын түзбейтін, бірақ бір немесе бірнеше зоналарда кірме ретінде кездесетін өсімдіктер қауымдастықтарын айтады. Бұған сортаң топырақтың, сор топырақтың және орманды зонадағы шымтезек батпақтарының өсімдіктер қауымдастықтары жатады. Тағы, басқаша айтқанда, аралас орман, тайга, тундра зоналарында – шалғынды, батпақты үлкен аумақты алып жатқан жерлерде баршылық. Бірақ олар өз бетінше зоналар (полоса) құра алмайды, негізгі орналасқан зоналарға кіреді. Сондықтанда, шалғынды, батпақты жерлерді – интерзональды зона деп атайды.
Өсімдіктердің азональды типі – интерзональды типке өте жақын, өйткені оларда еш уақытта, еш жерде өзінің дербес зонасын түзбейді, бірақ бірнеше зонада, тіптен кез келген зонада кірме ретінде кездеседі. Өсімдіктердің азональды типтеріне өзендердің жайылма шалғындары немесе өзен жағасының ағашты бұталы тоғайлары мысал бола алады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Ж. Сағындықов Өсімдіктер географиясы Алматы . , 1997ж.
У. Зедлаг Животный мир Земли . Москва 1975 г.
Воронов А. Г. Биогеография изд. МГУ 1963
Курнишникова Т. В. География растений. Просвещение 1987
Тахтаджян А. Л. Флористические области Земли Наука. Л. , 1978
Фромантан Э. Сахара и Сахель. М. , Наука 1990.
Ярошенко П. Д. Общая биогеография М. , 1975.
Б. Н. Головин Очем говорят названия растений. Москва 1986.
ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА КУБИЗМ ӘДІСІ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ
Орманова А.Б, Томан А. Т112-14 тобының студенті.
Қазақстан инженерлі педагогикалық Халықтар достығы университеті Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы
Резюме
Встатье рассмотрены возможности и эффективность применения стратегии критического мышления через чтение и письмо на уроках химии.
Summary
This article examine spossibilities and the effect of application of strategy of critical mentality throug hreading and writing atthelessons of Chemistry.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «ұлттық және бүкіл адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»деп көрсетілген[1].
Қазіргі қоғам талабына сай қойылып отырған талап — өмірден, қоғамнан өз орынын өз еркімен таңдай алатын, кез-келген тығырықтан жол таба алатын, істің нәтижесін болжай алатын, экономикалық тұрғыдан еркін ойлау қабілеті бар, тапқырлық қасиеті бар, іскер мамандар даярлау деп айтатын болсақ, ол сөзіміз артық айтылмаса керек. Ол үшін не істеуіміз керек? Әрине, жалпы баланың, оқушылардың шығармашылыққа деген танымдық қызығушылығын дұрыс, аса жетік түрде қалыптастыруымыз қажет.
Баланың ой-өрісін дамытып, шығармашылыққа деген қабілетін қалыптастыру әрбір педагогтың міндеті болып табылатыны бәрімізге аян. Оқу процесінде оқушының ой-өрісінің дамуы туралы ой, педагогика мен бірге педагогикалық ғалымдар тарихында да біртіндеп негізге алынған. Оқушылардың ой-өрісін дамытуға байланысты, өз принципімізді әбден шыңдап, сенімді болу үшін, аса көрнекті педагог-ғалымдар еңбектеріне ден қойсақ, В. П. Вахтеров, Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, А. Дистерверг, Н. И. Пирогов, К. Д. Ушинскийжәнет. б. барлықтарында осы мәселелер қызықтырған.
Баланың дамуы, негізінде еңбірінші педагогика мен психология тұрғысында есепке ала отырып, адам туралы басқада ғылымдар тарапынан зерттеу арқылы жүзеге асады. Зерттеу тек статикада емес сонымен бірге динамикада да, тек физикалық тұрғыда емес сонымен қатар тұлғаның ақыл-ой өрісімен көңіл-күйіне қатынасы болуы керек.
Дамушы педагогика тұсында
В. П. Вахтеров мынадай аса кең терминді ұсынған:«дамуға ұмтылу» («стремление к развитию»).
«Дамуға ұмтылыс» ұғымын И. Г. Песталоцци мына түрде айқын ашып көрсетті:«Көз-көргісі келеді, құлақ-естігісі келсе, аяқ-жүргісі келеді, ал қол — ұстауды қалайды»[3]. Сонымен қатар «күш», «дамушы күші», «дамуға деген ішкі күштің талпынысы» («внутреннее стремление к развитию»)терминіне мына түрде жақын келуге бағыттайды: кез-келген талаптарда, болашақта өмірсіздік қалыптан шығып, «дамыған күш»болуға ұмтылу.
Вахтеров бойынша, «баланың дамуы» мына екі фактор арқылы жүзеге асады: бірінші, дамуға ішкі ұмтылыстың болуы, екінші қоршаған ортаның әсері. Баланың қоршаған ортаға дағдысы және қоршаған сол ортаның баланың мұқтаждықтарына дағдысы—бұл тәрбиенің негізі[2].
Адамдық қоғам прогресімен тәрбиенің негізгі мәселесі—балаға даму ұмтылысында көмектесу. Алайда бұл ұмтылыс, құлшыныстар жанұяда және мектеп қабырғасында қалыптасуы мүмкін. Өз дәуірінде педагог-демократ А. Дистерберг«дамыта оқыту» — қоғамды демократизациялауға, «еркін ұлтты»тәрбиелеуге қызмет етеді, ал«ескі әдіс» — шексіз билік (абсолютизм), әміршілділікке (авторитаризм)қызмет ететіндігін айқындаған.
Негізінде ең бірінші жоспарда, дамуға баланың өзінің ішкі жан дүниесінде өмір сүріп жатқан табиғи талпынысын алға қоюы шарт және де педагогтың ісі осындай құлшыныс, ұмтылыс, талпыныстарды қозғаушы күш ретінде әсер етіп, баланың дамуында болатын жасандылық жолдарын тежеуге көмек көрсету; әрбір бала қайталанбас жеке тұлға; әр бала өз ойымен, ойлау қабілетімен, сезімімен, ұғымымен, қабылдауы мен ерекшелінеді, әр бір бала өзінше«дамуға ұмтылады»;әр бірінің өз даму периодымен темпі болады.
Жаңа педагогиканың қазіргі таңдағы талабының маңызы аса зор, ол үдемелі дамуда адамның табиғи ұмтылыс негізіне сүйене отырып, баланың табиғи ұмтылысымен бейімділік–дағдысынан әзік түрде қарым-қатынас жасауды талап етеді. Әр бір баланың бейімділігі қандай болса, мұғалім сол қалпында қабылдауы керек. Қандай бала болмасын, мейлі нашар оқитын оқушы болсын, онда бәрі бір үдемелі дамуының белгілі бір ұмтылысы бар, асыл адам өмірі болып табылады және де біздің, педагогтардың міндеті сол қалыпты және адами ұмтылыстарды қанағаттандыруымыз қажет. Сонымен қатар, әр бір жеке тұлғаның, оқушының жеке ұмтылысын дұрыс қабылдап, олардың (баланың)жаңадан оянып келе жатқан қызығушылығын, дағдымен икемділігін сол сәтте дамыта білуіміз керек.
В. П. Вахтеровтың«Біздің оқыту әдісіміз және ақыл-ой жауыздығы (Наши методы преподавания и умственный паразитизм)»атты мақаласында оқушылардың ақыл-ой дамуы дәрежесіне және оқыту әдістеріне қолданылатын түрлі әдістер дәрежесіне кітапқа, екі санатқа бөледі. Бірінші топқа кіретіндер: мұғалім оқушының өзінің танымдық іс-әрекетіне бағыт бере отырып, шығармашылық белсенділігіне әсер етіп, белгілі бір материалдарды бере отырып сұрақ қояды, ал қалғандарын оқушының өзі одан ары толықтырып аяқтайды. Олар өздері сол материалдарға, фактілер мен сандарға қорытынды жасайды, кейде керек кезінде өздері жұмыс істеп оны бақылайды. Мұнда, оқушының өзі ойлап шығарушы, ойлап табушы:оқушының өзі жаңалық ашады (бұл жерде әрине ғылымда емес, оқу процесінде), сол бастапқы негіз салушы немесе жаңалық ашушы сияқты, оқушының өзі, ақыл–ой процесінде ойланып толғанады[4].
Оқушылардың өздері сол өтілген сабақтарды классификациялайды, байланыстырады, салыстырады және ондағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарын анықтайды, қорытындылайды. Мұндай түрде құрылған оқу процесі аса тапқыр зеректілікке, ақыл-ойдың жетік дамуына, өз пікірін терең пайымдап, ой жүгіртуге, талқылауға дағдылығын, жеке инициативалық дағдысын, өзін-өзі тексеруге дағдылануға өте зор мүмкіндік береді, ұмтылыстардың өзі барлық өзге пікірлердің сынын көтеруге, шығармашылыққа, байқағыштыққ аүйретеді.
Шығармашылық, танымдық қабілеттің дамуы үшін:
Бала өз-өзіне сенуі, мұғалімге сеніп еліктеуі керек;
Оқушы мұғалімді құрмет тұтып, сыйлауы керек;
Оқушы мен мұғалім бірін – бірі түсінуі керек;
Мұғалім әр бір балаға сеніп, жеке тұлға ретінде қарым-қатынаста болуы шарт;
оқушыда, мұғалімде еңбек етуден жалықпауы керек;
оқушыда, мұғалімде жеткен жетістігіне қуана білуі керек;
танымдық қабілеттің белгілі бір түріне деген қабілетті дер кезінде анықтап, оның қалыптасуы мен әрі қарай дамуына жағдай жасау;
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы — әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Бұл бірлестіктің мақсаты барлық оқушыларға кез-келген мазмұнға сай сын тұрғысынан қарауды аудиториялық сабақтарда үйрету. Әлемде өмір сүру күрделенген сәтте және демократиялық құрылым тараған сайын жастар кез-келген қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, әртүрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім жасауға үйрену қажеттігі айдан анық болып тұр.
Сын тұрғысынан ойлау стратегияларына: бағытталған оқу, хаттардың түрлері, кластер тұрғызу, кубиктер, мәтінді талдай отырып оқу, «ми шабуылының»түрлері, ЖИГСО, конференция, Венндиаграммасы, Insertт. б. әдістер жатады. Кейінгі кезде психология ғылымында дамымалы оқыту концепциясы ұсынылып жүр. Ондай оқыту ұйымдастырудың маңызды шарты —оқушы мен оқытушы арасындағы біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру.
Л. С. Выготскийдің пікірінше«Қатаң ғылымит ұрғыдан алғанда басқа адамды тәрбиелеуге болмайды. Тәрбиелеу—оқушыны тәрбиелеу емес, оқушы өзі тәрбиеленетіндей етіп ұйымдастырылуы керек. Тәрбиелеу процесінің негізінде оқушының жеке іс-әрекеті жатуы керек». Осы тұрғыдан алғанда СТО-ның шын мәніндегі дамытпалы оқыту стратегиясымен үндесекендігі көрінеді.
Дамытпалы оқытудың белсенді әдістері қолданылады. Оқытудың белсенді әдістері:программалық оқыту, проблемді оқыту, интерактивті әдістер;эвристикалық әңгіме, пікірталас әдістері, «дөңгелек стол», іс ойыны, сайыстар (талданылатын практикалық әдістер), «ми шабуылы», тренингтер. Ондай әдістер оқушының белсенді іс-әрекетіне бағыттталады, іс-әрекеттің пәнімен нәтижесі іс-әрекет субъектісінің өзі болады, ал негізгі көрсеткіші—оқытылатын адамның ойлай алу іскерлігін қалыптастыруға бағытталады. Сын тұрғысынан ойлаумен дамытпалы оқытудың)мақсаттары, 2)міндеттері, 3)әдістері, 4)алынатын нәтижелері бойынша жақын екендігін байқауға болады.
Сын тұрғысынан ойлау стратегияларының арасында «Блумның сұрақ қою өлшемдері» немесе «Блумның таксономиясы» — оқушыны ойлауға үйрету, сұрақты бірте-бірте күрделендіре отырып, шығармашылық ойлауға үйрету сатылай көтеруге көмектеседі. Шығармашылық ойлаудың басымдылығы жағдайында ойлаудың басқада деңгейлерін дамытуға әкеледі. Блумның сұрақ қою өлшемдері бір сұрақтың бірнеше жауабын табатындай дивергенттік ойлауға (Дж. Гильфорд бойынша)машықтандыруға таптырмайтын құрал. Сабақтас ұрақ қоюды оқушылар өздері ұнатады. Бір-біріне өте тамаша сұрақтар қойып, білімдерін жүйелеуге жағдай жасайды, мәтінді бірнеше рет саралап, барлық сәттерін ескеріп түйіндей алады.
Мысалы:
1)Темір қашаннан белгілі элемент?
2)Темірдің тарихына қандай шолу жасар едің?
3)«Аспаннан темір жауды»деген ұғыммен келісесіңбе?
4)Ағылшын ғалымы, жазушысы Дж. Рескин«темір—өмір тынысы»деген екен, осыған түсініктеме бере аласыңба?
5)Ең маңызды металл-темір десек басқа металдарды ренжітпеймізбе? Пікірлеріңді дәлелде.
RWCT бағдарламасындағы«Болжау, кубизм, пікірталас» т. б. стратегиялар оқушыларды ойлаудың жоғары деңгейіне көтереді. Ең бастысы шыңға шығуға талпыну бірте-бірте оқушының қажеттілігіне айналады. Ол ешкімнің жетектеуінсіз танымдық талпыныстар жасауға үйренеді. Мысалы«Кубизм»стратегиясын алсақ бір мәселені алты қырынан талдауға болады.
1)Темір элементінің периодтық жүйедегі орны
2)Темірдің физикалық қасиеттері
3)Темірдің химиялық қасиеттері
4)Темірдің қолданылуы
5)Темірдің алынуы
6)Темірдің табиғатта таралуы дей отырып оқушыға темір тақырыбын алты түрлі қырынан талдатуға болады. Сол сияқты кез-келген тақырыпты, кез-келген ұғымдык убизм әдісіне бейімдеп жүйелеуге болады.
Біз өзбалаларымыздың, оқушыларымыздың таланттарын, шығармашылықтарын көрсетуін, оны жетілдіруді меңгеруін, өмірде табыстарға жетуін қалаймыз. Ол үшін мектеп, мұғалім оқушының табиғи нышандарының оянуына, оның ақиқатқа айналуына көмектесуі қажет. Осы тұрғыда«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау дыдамыту»бағдарламасы өз уақытында қолға алынған, дидактиканың бүгінгі күнгі көкейкесті мәселесін шешуге бағытталған технология деп айтуға болады. Химия пәні күрделі жаратылыстану ғылымы, одан көп оқушылар үркеді, қорқады, психологиялық (барьер)кедергі туындайды.
Сол кедергіні жоятын барлық оқушыға өз мүмкіндігінше жауапберуге жағдай жасайтын әдіс.
Оқушының шығармашылығын таңдайтын, оның ойын оқшау азамат етуг ықпалы мол әдістер жүйесі деп таныған жөн.
Insertстратегиясы, ізденгіш адамды қалыптастырады.
Бұрыннан таныс мәлімет, «√»
|
Білмейтін ойы, «–»
|
Жаңа танылған мәлімет, «+»
|
Таң қалдырып сұрақтар тудырған ой, «?»
|
|
|
|
|
Мәтін мен жұмыс істеген кезде қарындаш пен жайғана түртіп белгі қойып отырады.
Көрсетілген жүйемен жұмыс істеп үйренген оқушы мәтінді оқымастан бұрын дайындалады, судыратып оқып шықпай, оймаржандарын түю, әдемі бір сыр сақтайтын туынды әзірлеу үшін мән бере түсініп мағынасын ажырата оқиды. Химия пәні әрдайым сарамандық жұмыстар, демонстрациялық тәжірибелер арқылы ерекшеленедіғой, ендеше«Болжау»стратегиясыда айқындаушы роль атқарады.
Мысалы:Активті металлкальцийкеросин ішінде сақталуы, су мен әрекеттескенде реакция қалай өтеді, неге металл су бетінде жүгіреді?Білімі бар оқушы реакция нәтижесінде сутегі газы бөлінеді және газ туғызатын қысым әсерінен металл субетінде жүгіреді деп жауап беруі керек, көп мөлшерде энергия бөлінеді, отшашып әрекеттесуі мүмкін:
Са+2Н2О=Са (ОН)2+Н2↑+Q
Сын тұрғысынан ойлау сабақтары негізгі ІІІ бөліктен тұрады:
тақырыпқа қызығушылықты ояту
мағынаны ажырату.
ой-толғаныс
Химия пәнінде сабақтың қай бөлігінде болмасын аталған стратегияларды қолдануға болады. Оқушылардың танымдық қабілеті дамиды, әрбір оқушы жеке, жұпта, топта бірлесе отырып шешім қабылдауға, бірін-бірі сыйлауға, пікірлерін қорғай алуға үйренеді. Ұжымдық жұмыс нәтижесінде коллектив қалыптасады, проблемалы міндет-тапсырмалар оқушыны ой операциясына жетелейді.
«Жұлдызды сәт» ойынынан фрагменттер келтіретін болсақ:
Химия пәнінде басқа пәндермен тығыз байланысжүзеге асады, мысалы:география пәні. Өндірістік тұрғыдан алғанда өзара тығыз байланысты кен өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптің дамуымұнда бірыңғай территориялық-өндірістік комплекстің қалыптасуына себеп болды. Оның негізін үш торап—Қарағанды-Теміртау, Балқаш, Жезқазған өнеркәсіп тораптарын құрайды, бұл тораптар былайша айтқанда, ерекше үш бұрыштың ұшына орналасқан деуге болады. Оларға көптеген жоғары Вольтты электр желілері және ерсілі-қарсылы көп жүк тасымалдайтын теміржолдар қызмет етеді. Осы орайда Қарғанды облысының картасын пайдаланып, ауыл шаруашылығы, өндіріс өнеркәсібіне сепке ала отырып пайдалы қазбалар туралы шағын эссе жаздыруға болады.
Толықтыру тестісін ойтолғау сәтінде қолдануға болады.
Ең алғаш мыс табылған (Кипрде)Купрум деген осыдан шыққан.
Cu CO3*Cu (OH)2 қосылысының аты (. . . )деп аталады (малахит)
Қызғылт-қара-көгілдір-көктүсті тұнба—қара-қызғылт. Осы түс өзгерістерін формулалармен алмастыр. Мұнда мысқа қатысты айтылған.
Теңіздегі бунақ денелілер қаны (. . . )түсті болады. (көк), өйткені олардың қанының құрамында Cu2+ иондары бар.
5000 жыл бұрын белгілі болған, бактерицидтік қасиеті бар, ақ деген түсті білдіретін металл— (. . . ) (күміс).
Египетте«Нуб», германелінде«Гело», ағылшын елінде«Голд»деп аталатын сары металл— (. . . ) (алтын).
Патша сұйығы дегеніміз (. . . ) (1көлем азот қышқылы және 3көлем тұз қышқылынан тұратын қоспа).
«Дөңгелек стол»есептер шығару.
Мағынаны тану сатысында есептер шығаруға болады.
1. 200г 10%-тік мыс сульфатының ерітіндісін дайында, қанша грамм мыс сульфаты және су қажет? (А тобы)
2. Cu (NO3)2→?+?+?
Ag NO 3→?+?+?қандай өнімдер бөлінеді? Тотығу – тотықсыздану процестерін көрсетіңдер.
3. 6 моль алтын реакцияға қатысса қанша грамм алтын хлориді түзілер еді? (А тобы)
4. 1)Күміс нитратынан атрийхлоридін. 2) Күміс нитратын анатриййодидін қосып реакция теңдеулерін аяқтап, толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жаз.
5. Мыс (ІІ) нитратының және мыс хлоридінің гидролиз теңдеулерін жазыңдар (С тобы)
6. Мыс сульфатының ерітіндісінің 300г электролиз процесіне ұшырағанда анодта қандай зат және қанша бөлінеді?
7. Глицеринге сапалық реакция жаса (В тобы)
8. 300г 15проценттік күміс нитраты ерітіндісіне 400г 20проценттік калий хлоридінің ерітіндісіне қосылды, қанша грамм тұнба түседі? (В тобы)
9. Әрбір деңгей өкілі тақырыпқа сай есептер құрастырсын.
Бұл жерде тапсырманың берілу шарттары әртүрлі. Мұнда тек есеп шығарып қана қоймайды, әрбір есепті шығару барысында әртүрлі қиыншылықтарды жеңу үшін ілгері ұмтылып мағынасын таниды. Сонымен қатар бұл жерде әр деңгей өз бетінше есептерді шығарып, жолдастарымен пікіралмаса алады. Дәл осы кезде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді.
Толғануды тиімді етуге лайықталған:«Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т-кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшеліктеріне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Қорыта келе, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары—демократиялық білім берудің қайнар көзі. Тиімді стратегиялар: «Кластер», «Венн диограммасы», «Дөңгелек стол», «Кеңауқымды лекция», «Insert», «Галереяны аралау», «Блумның сұрақ қою өлшемдері». Оқушылар жеке, жұпта, топта жұмыс істегенде ерекше шығармашылық қабілеттерін танытады, әрқайсысы өзінше сыр шертеді.
Бұрын«ұстаз—беделді тұлға» болса, қазір оқушы үшін«ұстаз — дос, серік, білім беруші».
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
ҚР«Білім туралы заңы». — 1999.
Вахтеров В. Г. Основыновой педагогики — М. , 1913. — №2. — С. 25.
Песталлоцци И. Г. Избр. пед. произв. — М. , 1965. —С. 19.
Радецкий А. М. , Горшкова В. П, Кругликова Л. Н. Дидактический материал по химии для 10-11кл.:Пособие для учителя — М. :Просвещение, 2002 — 21б.
Жанпейісова М. М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде —Алматы, 2002. — 15б.
БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
МахатоваА. аға. Оқыт, Мадияр Ш. Б. 2-курс, БГ-115 тобы студенті.
Қазақстан инженерлі-педогогикалық Халықтар достығы университеті. Шымкентқаласы, Қазақстан Республикасы
Summary
Biological Scien ceofte XXI century. Therefore, itisclosely related tothen ewinformation technology. The main purpose of the education system of the modern student paysmore attention toits development a san individual. Teacher of the courser quire sahuge problem, because itmust meet the needs of the entire class
Резюме
Биологическая наука ХХI века. Таким образом, она тесно связана с новыми информационными технологиями.Основная цель системы образования современного студента уделяет больше внимания его развитию как личности. Учитель, конечно, требует огромной проблемой, поскольку она должна удовлетворять потребности всего класса.
“Инновация”ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты. Жаңа технология түрлерін сабақтарда пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады: І кезең:оқып-үйрену; ІІ кезең: меңгеру; ІІІ кезең: өмірге ендіру; IVкезең: дамыту.
Биология–XXI ғасыр ғылымы. Сондықтанда ол жаңа ақпараттық технологиялармен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесіндегі негізгі мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. Бұл пәнді оқыту мұғалімнен зор міндеттерді талап етеді, өйткені ол бүкіл сыныптың қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептердің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Интерактивті әдіс диалогтік әдіс нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір–бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Интерактивті тақта мектеп сыныптарында әр пән бойынша, соның ішінде биологиядан зертханалық сабақтарды өткізген кезде оның құрылғылары қолданылады. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, инерактивті тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивті тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дұрыс дайындау керек. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің оқу–тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Сонымен қатар мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Мектептегі пәндерді оқыту процесінде компьютермен сабақ өткізу мұғаліммен оқушы қарым–қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекетінің мазмұнын, құрылымын, өзгерте отырып, олардың мотивациялық эмоционалдық ортасына, сезімінің өсуіне әсер етеді. Сабақта мұғалім интерактивті тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ынғайлы, әрі уақытты үнемдейді. Интерактивті тақтаны оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивті тақтаны пайдаланатын мұғалімдер айта алады. Мұғалім әріптестерімен бірге отырып сабақ берумен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасында арттырады.
Биологияны оқыту технологиясы-педагогикалық ғылым. Биологияны оқыту әдістемесі-мектеп пәндерінің ерекшелігіне байланысты оқыту және тәрбиелеу процестерінің жүйесі туралы ғылым. Бұл жүйені білу мұғалімге биологияны оқытуды меңгертеді. Әдістеме педагогикалық ғылым. Сондықтанда оның мақсат, міндеті жалпы білім берумен тәрбиелеуге бағытталған. Биологияны оқыту әдістемесі түрлі әдістерді мұғалімге меңгертудің нәтижесінде оларды оқушыларға нақты биологиялық білім беруге және осы алған білімдерін өмірде қолдануға үйретеді. Әдістеме пән оқулығының мазмұның әдістер тәрбиелеу мен оқытудың формаларын қарастырады. Әдістеме биологияны не үшін оқытукерек, қалай оқыту керек және неге тәрбиелеу керек деген сұраққа жауап береді. Биологияны оқыту әдістемесінің өзіндік пән ретінде ерекшеленеді. Мұнда нақты обьектілер (өсімдіктер, жануарлар, адам)және тірі табиғат және оның дамуы қарастырылады. Сондықтан сабақты ұйымдастыруға ерекше түрлер үйге тапсырма, кластан тыс жұмыс және көрнекіліктер, сарамандық жұмыстар қажет. Биология курсын оқыту үшін дұрыс толық жабдықталған кабинет, тірі аймақ бұрышы қажет. Биология қоршаған ортаны толықб ілуге, қорғауға, ауыл шаруашылығының ғылыми негізгі жалпы және еңбек гигиенасының ролін беруге мүмкіндік беріп өмірге дайындайды. Тірі табиғат обьектілерін бақылау және оны салыстыру, аңықтау оқушылардың ой-өрісін дамытады.
Зертханалық, сарамандық оқу-тәжіребесін аймақты, үйірмеде тірі табиғат бұрышы. Оқушылардың жұмыстануы олардың танымдық қызығушылығын ұйымдастыру дағдысын еңбек мәдениетін арттырады. Биологияны оқыту әдістемесі-биология ғылымымен байланысты. Мектеп биология курсын оқыту үшін мұғалімнен биология теориясын білімді практикалық дағдыны табиғатта өсімдіктер мен жануарларды тану және оны аңықтай алу, оларды өсіру эксперемент жүргізе білуді сұрайды. Биология ғылымы мен мектептің биология пәнінің мақсаттары әртүрлі. Биология ғылымының мақсаты: табиғаты зерттеу нәтижесінде тану, ал биологиялық пәннің мақсаты: осы зерттеулер нәтижесінде алынған ғылыми фактілермен жабдықтарды оқушыларға беру. Биологияны оқыту әдістемесі агрономия, медицина, психология, педагогикамен тығыз байланысты. Әдістеменің дамуы мұғалімнің жеке тәжірибесінің нәтижесінде алынған әдістемелік нұсқаулар зерттелуінен пайда болған. Әдістемелік проблемаларды шешу алғашқы уақытта шашыраңқы болған жаратылыстың жалпы әдістемесінен жеке әдістемелер бөліп шығып, өзіңше дамыған жинақталған материалдарды қорытып, біржүйе келтірудің нәтижесінде әдістеменің негізін қалайды. Әдістеме оқушыларды дұрыс оқуға және оқыту уақытын үнемдеп пайдалануға мүмкіндік беретін практикада тексерілген ғылыми теорианы ұсынады. Әдістеме оқытудың мақсатын тануға және тәрбиелеуге көмектеседі. Мұғалім әдістеме теориясының негізін білмей сабақты жүйелі береді деу өте қиын.
Оқытудың жаңа технологиялары. Мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату-басты міндет болып қала береді. Өйткені егеменді елдің ертеңі оқу-білімнің тереңдігі мен өлшенеді. Толассыз үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнанда қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді. Осыған байланысты мектептегі оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мынадай болуы тиіс. Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, оқушыларға оның әсерімен ықпалы ерекше болады. Сондықтан жаңа педагогикалық технологияларды енгізу оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймай басқада көптеген мәселелерді шешеді. «Технология»терминінің түсіндірмесіәрқилы В. И. Шепеельдің айтуы бойынша технология-өнер, шеберлік, біліктік, жағдайды зерттеуге бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы ұғымын білдіреді. Технологияларға жатады:қалыптасқан оқыту жүйесі, жетілдірілген тех. , баламалы тех. , дамыта оқыту технологиялары және авторлық мектептер.
Модульдық технологияны пайдаланып сабақты құрастыру әдістері«Модуль»белгілі бір жүйенің құрлымының өз бетінше бола алатын, бөліне алатын бөлшегі екені белгілі. С. И. Ожеговтың сөзіне үңілсек модуль-оқу мазмұны мен оны игеруге негізделген технологияның бірмақсатты түйіні. Модуль-оқушының мазмұнды, оқу әдісін өз бетінше игеру деңгейі мен оқу-таным әрекетіне сай жеке оқу бағдарламасы. Сабақты құрастыра отырып, оқу жөнінде ақпарат беретін: оқулық, қосымша әдебиеттер, кесте, сызба нұсқалар, техникалық жабдықтар т. б. құралдар пайдалануға болады. Модульді сабақтарда тапсырмалар орындау үшін білімді тексеретін әртүрлі бақылаулар қолданылады. Олар:өзін-өзі тексеру, өзара тексеру, мұғалім тексеруі, ағымдағы және аралық тексеру. Осылайша білім олқылықтары, модульді игеру анықталады. Модульдер шартты түде үшке жіктеледі:танымдық, операциялық, аралас. Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:
оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;
оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;
оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы;
оны үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы туралы айтты.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін модернизациялау болып табылады. Білікті мамандар даярлаудағы маңызды бағыттардың бірі–оқытудың жаңа білім беру жүйесін қолдану болып табылады. Білім жүйесін жаңғырту аясында, жұмысшы кадрлардың зәрулігін еңсеру үшін қолданбалы мамандықтардың заманауи орталықтарын құру үшін оқу орындарында дуалды оқыту жүйесін енгізу міндеттері қойылды. Дуалды оқытуда теориямен практиканың өзара байланысы принципі жүзеге асырылады, мұның өзі болашақ маманға кәсіпорында жұмыс істеу кезінде қажетті біліктілікке ие болуға көмектеседі. Сондай ірі жобалардың бірі–оқытудың дуальді жүйесі. Оқытудың дуалдық жүйесінің элементтерін енгізу бағытында біраз жұмыстар тындырылды. Құзіреттілігі жоғары мамандар даярлау жүйесінде дуалдық оқыту жүйесі маңызды орын алмақ. Өйткені бүгінгі күні дуалды оқоқыту жүйесі әлемдегі кәсіптік–техникалық кадрлар даярлаудағы ең тиімді формасы болып табылады. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде оқытудың дуальді жүйесі–кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының біріне айналып отырған жүйе болып табылады. Теория мен практиканы біріктірген бұл жүйе бойынша болашақжұмысшылар оқу уақытының 70-80% - ын өндірісте, қалған 20-30% -ын оқу мекемесінде өткізеді. Яғни, біліммен шеберлікке бірдей баулынады.
Білім берудің дуальді жүйесін пайдаланудың артықшылықтары:
Оқытудың дуальді жүйесін пайдалану тәжірибесі дәстүрлі жүйемен салыстырғандағы осы жүйенің келесі артықшылықтарын көрсетті:
Мамандарды дайындаудың дуальді жүйесі дәстүрлі оқыту формаларымен әдістеріндегі кемшіліктерді–теория мен практика арасындағы алшақтықтарды жояды;
Мамандарды дайындаудың дуальді жүйесі механизміне маман тұлғасына әсер ету, болашақ қызметкердің жаңа психологиясын қалыптастыру енгізілген;
Қызметкерлерді оқытудың дуальді жүйесі жұмысының барысында білім алу мен дағдыларды қалыптастырудың жоғары мотивациясы құрылады, себебі олардың білімінің сапасы жұмыс орындарында қызметтік міндеттерін атқаруға тікелей қатысты;сәйкес мекеме басшыларының өз қызметкерін практикалық оқытуға қатысты қызығушылығы;тапсырыс берушімен өзара тығыз байланыста жұмыс істейтін оқу орны оқыту барысында болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескереді. Коучинг-заманауи оқыту әдістемесінің бір түрі. Коучинг– (ағылш. coaching)сөзбе-сөз аудармасы–тәлім ету, дайындау, жаттықтыру. Бұл—әріптестердің (коучпенәріптесі)құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Коучинг–бұл психотерапия емес және емдеу емес. Бұл белгілі бір мақсатқа немесе дәрежеге жеткен және ары қарай дамып, өзіне және өзгелерге жаңалық ашуға дайын адамдарға арналған. Олар өзінің белгілі бір қасиетін өзгерткісі келетін адамдар, мысалы, өз жұмысын әлдеқайда тез және жеңіл атқаруға немесе өзінің өмірін өзгертіп, өзіне пайдалы және ұнамды істер жасауға көбірек бос уақыт бөлгісі келетіндер. Үдеріс барысында, әріптес өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал екінші әріптес еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешужолдарын іздейді.
«Кейс-стади»- кәсіби білім берудегі заманауи технология ретінде. Кейс-технология–оқытушылардың дәстүрлі және қашықтықтан кеңес беруін ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуалдық, мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген. Кейс-технологиясы (ағылшынның case–потрфель) оқытудан жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады Кейс-стадидің басты қағидасы: «Ақиқатты іздену—ақиқаттың өзіненде маңызды». Сase-study—таңдау жасаумен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратын тиімді әдіс. Кейс-стадиді кейде«нақты оқу ситуациялар әдісі»депте атайды, «кейс»сөзі«жағдай», «оқиға»дегенді білдіреді.
Инновациялық технология–бұл жаңашылдыққа негізделген технология. Оның студенттер үшін пайдасы төмендегідей:
оқу-әдістемелік әдебиеттермен материалдарды тиімді пайдалануына жағдай туғызады;
кәсіби білім-білікті терең үйренуге жол ашады;
түйінді-ізденгіштік ойлау қабілетін дамытады;
болашақ кәсібі жөніндегі танымын қалыптастырады;
ғылыми-зерттеушілікпен айналысу белсенділігін арттырады;
алған білімін өзіндік бақылау мүмкіндігі кеңиді;
Қорытынды. Мектептегі білім сапасын көтеретін нақты механизмдер, ол–оқыту процесіне жаңа технологияларды кеңінен еңгізу. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыталуда. Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді. Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұнымен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Высшее образования России журнал 2001 №4 /11-13/
Выготский Л. С. Педагогическое психология М-1991/374-391/
Жумабаев М. Педагогика. Алматы «Ана тілі» 1992/25-29/
Биология және салауаттану негізі журналы 2005№1/17-19/
ЖАСАНДЫ ТАЛШЫҚТАР АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Ташкараев Р. т. ғ. д. , профессор, А Рысбек Ж. , Т-112-15 топ студенті
Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті. Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы
Резюме
В статье рассмотрен новый экологически безопасный способ получения искуственных ткань.
Summary
The paper consider sane wenvironment allysafe method of obtaining artificial fabrics.
Химиялық талшық, жасанды талшық—табиғи органикалық және синтездік полимерлерден алынатын талшықтар. Шикізатқа байланысты оның синтездік (синтездік полимерлерден)және жасанды (табиғи полимерлерден)жолмен алынатын түрлері болады. Кейде бейорганикалық қосылыстардан (шыны, металл, базальт, кварц)алынатын талшықтардыда химиялық талшық деп атайды. Жасанды химиялық талшыққа ацетат, вискоза, мыс-аммиакты талшық, штапель, т. б. , алсинтездік химиялық талшыққа полиамид, полиэфир, полиакрилнитрил, полипропилен, т. б. көптеген талшықтар жатады. Химиялық талшық өнеркәсіпте моноталшық (ұзын жеке талшық), штапель талшық (талшықтың қысқа кесіндісі), филамент жіптер (жіңішке, өте ұзын талшықтарды ширатып жасаған буда)түрінде шығарылады. Филамент жіптің қолдануына қарай тоқыма және техникалық немесе арқан (мықты жуан жіп)сияқты түрлері шығарылады. Химиялық талшықты әртүрлі заттардан (желім, шайыр)алу мүмкіндігі жөнінде 17 және 18 ғасырларда түрлі пікірлер айтылған, бірақ 1853 жылы ағылшын ғалымы Аудемарс шексіз жіңішке жіптін итроцеллюлоза ерітіндісін спирттің эфирдегі қоспасына араластыру арқылы алу әдісін ұсынды. 1891жылы француз инженері И. Де Шардонне осындай жіпті өндірістік көлемде шығаруды алғаш ұйымдастырды. Қазіргі кезде химиялық талшық өндіру күшті дамып келеді. Қазір кең қолданылатын синтездік полиамидт алшығы 1940жылы (АҚШ)шығарылды. 1954—60 жылы полиэфир, полиакрилонитрил және полиолефинсинтездік талшықтары өндірілді. Химиялық талшық—берік, өзінің пішінін сақтайтын, ылғал, жарық әсеріне тұрақты зат. Химиялық талшыққа жаңа тоқыма бұйымдарын дайындау үшін табиғи талшық қосуға болады. Химиялық талшық арнайы ерітінді немесе балқыма дайындау, қалыптау, талшықты өңдеу процестері арқылы өндіріледі. Арнайы ерітінділер дайындау үшін бастапқы полимерді тұтқыр-аққыш күйге келтіріп, ерітінділерді механикалық қоспалардан, ауа көпіршіктерінен, т. б. тазартады және оған жылу мен жарыққа тұрақтылығын арттыратын әртүрлі заттар қосылады. Арнайы ерітінді металдан жасалған көп тесікті кішкене қалып—филер арқылы өткізіледі. Қолданылуына қарай филердің диаметрі, тесіктер саны әртүрлі болады. Қалыптау процесінің жылдамдығы жуандығына, қалыптау әдісіне байланысты. Бұдан кейін талшық әр түрлі реагенттермен өңделеді. Құрамындағы кіші молекулалы қосылыстар, еріткіштер кетіріледі, қышқылдар, тұздар, т. б. заттардан жуылып, тазартылады және кептіріледі. Химиялық талшық өнеркәсіптің әртүрлі саласында жібек, жүн, мақта талшықтарының орнына қолданылады. Қазақстанда Қостанай қаласында мыс-аммиакты жасанды штапель талшығын өндіретін зауыт бар.
Ги-Дратцеллюлозды жасанды талшықтар өндірісіне шикізат ретінде шыршаның, қарағайдың, самырсынның, шамшаттың, мақта мамығынан алынатын құрамында 90-98% а-целлюлозасы бар табиғи целлюлоза қызмет етеді. Жіптерді қалыптастыру құрамында күкіртті қышқыл және басқа реагенттері бар, бір немесе екі былаулы тәсілмен тұнбабылауында табиғи целлюлозаның сілтілі (вискоздыталшықтар)немесе мысты-аммиакты (мысты-аммиакты талшықтар)ерітіндіндісінде іске асырылады. Талшықтарды қалыптастыру кезінде целлюлозаның ерітіндісі бұзылады, гидратцеллюлозаның макромолеулалары пайда болады және өседі. Химиялық құрамы бойынша гидратцеллюлоза табиғи целлюлозаға ұқсас, бірақ физикалық құрылымы бойынша табиғи целлюлозаға қарағанда (300-800тұрады), гидратцеллюлозаның полимеризациялау деңгейі аз болады, макромолекулаларындағы звеноларының орналасуы өзгеше, молекула үсті құрылымындағы макромолекулаларының орналасуы және бағытталуы, қаптау формасы ерекше болады. Гидратцеллюлозды талшықтардың криссталдану деңгейі 40-50%.Гидратцеллюлозды талшықтардың қасиеттерінің табиғи целлюлозды талшықтардың қасиеттерінен айырмашылығы, ол борпылдақ, қалыптаспаған құрылымды болады.
Вискозды талшықтар (у І8С08 а)бір мезетте тарту мен бір былаулы тәсілімен алады, бұл талшықтың құрылымының біркелкі болмауына әсер етеді. Вискозды талшықтардың қалыптасу үдерісінің уақыты:ұзын макромолекулалары өсетін, ерітінді ағымының сыртқы қабығында целлюлозаның қалпына келтіру үдерісінің бастапқы кезеңінде ғана жүргізіледі; ішкі қабығында целлюлозаның қайта қалпына келтірілуі ақырын жүргізіледі, сондықтан макромолекулалары қалыптаспаған және өте қысқа болып шығады. Қалыптасу мөлшеріне қарай талшық көлемі азаяды, бұл үстіңгі қабатының деформациялануын туғызады және көлденеңі қатты кесілген формадан тұрады. Сыртқы қабаты ядромен салыстырғанда макромолекулаларының орналасуы тығыз және бағытталған, көлденең қимасының бетінің 35-50%құрайды және талшықтың мықты бөлшегі болып табылады. Вискозды талшықтардың гигроскопиялық, жарыққа төзімділік, жұмсақтыққа және жууға төзімділік қасиеттері жоғары. Бірақ, олардың кемшілігі, бірқалыпты емес, жұмсақ және аз реттелген құрылымына байланысты. Вискозды талшықтар ылғалдау кезінде қатты ісініп, тоқыма материалдардың отыруын жоғарылатады (50%-ға дейін), созылу кезіндегі беріктік шегін және қажалуға тұрақтылығын айтарлықтай жоғалтады. Кемшіліктерін азайту үшін вискозды материалдардың арнайы әрлеуі қолданылады. Вискозды талшықтардың химиялық реагенттермен байланысы табиғи целлюлозды талшықтармен бірдей, бірақ борпылдақ құрылымына және қолжетімділігіне байланысты вискоза талшықтарының тұрақтылығы аз. Бұл талшықтарға температураның, сәулелі ауа-райының және микроорганизмдердің әсері мақта мен зығыр әсеріне ұқсас.
Жоғары модульді вискозды талшық (тогі аі)бұл талшық түрленген вискозды тәсілмен алынады. Жіптер жәй жіптерге қарағанда аз жылдамдықта созылады және термобелгілеумен қалыптасады, мұндай тәсіл жоғары бағытталған біртегіс, тығыз және бір салмақты құрылым алуға көмектеседі. Вискоза талшығынан қалыпты жағдайда мықтылығы 1, 6 есе көп болатын, ал ылғалды жағдайда - 2 есе жоғары, модульді сиблонвискозды талшығы шығарылады. Сиблон қарапайым талшықтарға қарағанда аз деңгейде ісінеді, отырады және өзінің қасиеттері бойынша мақта талшығына ұқсас, бірақ соңғысына ылғал кезінде мықтылығы, сілтіде еруі және бүгуге тұрақтылығы төмендеу келеді. Сиблон таза күйінде, орташа талшықты мақтаны мақта және синтетикалық талшықтарды алмастырғыш ретінде қолдануға болады.
Вискозды талшықтардың құрылымы.
Вискозды талшықтарды микроскоп арқылы қарағанда бетінде бойлық штрихтер, талшықтардың кесекөлденең ені қабырғалы дұрыс емес формада болып келеді. Мұндай құрылым қалыптасу үдерісінде сыртқы және ішкі талшықтар қабатының бірмезгілде қатпағанын көрсетеді. Ішкі қабаты қата бастаған кезде қысылу жүретіндіктен беткі қабаты қыжымдалады және талшықта бойлық түйіршіктер пайда болады.
Талшықтың қабырғалы формасына қарамастан вискозды талшықтар қатты жылтырмен қамтамасыз ететін, жақсы тегістері бар, ал маталардың-жіптерінің сырғанақтығы, жылжымалылығы және сетінегіштік қасиеті жоғары.
Вискозды талшықтардың химиялық құрамы.
Вискозды талшықтар, табиғи целлюлозадан молекулярлы тізбектің ұзындығының және талшықтағы макромолекулалар бағытталуының аздығы мен ерекшеленетін гидратцеллюлозаны көрсетеді.
Вискозды талшықтардың қасиеттері.
Вискозды талшықтар жақсы гигроскопиялық-11%, жарыққа төзімділік болады.
Қарапайым талшықтардың сызықтық тығыздығы 0, 27-0, 66 текс*, кесе-көлденең ені-25-60 м құрайды. Құрамдас вискозды жіптердің жуандығы оларды құрайтын элементарлы талшықтардың санымен жуандығына байланысты болады.
Текс*- Талшықтардың жуандығын өлшейтін халық-аралық өлшем бірлік.
Полинозды талшықтар жоғары модульді вискозды талшықтар қатарына жатады. Ол жоғары пластификационды созатын екі былаулыт әсілмен алынады, соның арқасында формасы дөңгелек болып келетін кесе-көлденең енінің қимасында талшықтар құрылымының біркелкілігі, макромолекулаларының бағытталуы және (500-800)целлюлозаның полимеризациялаудың жоғарғы деңгейі қамтамасыз етіледі. Полинозды талшықтың молекулярлы жоғары құрылымы және кристалдығы мақтаның құрылымымен кристалдығына жақын болады. Полинозды талшықтар өзінің қасиеттері бойынша жіңішке талшықты мақтаға ұқсас. Ол созылғанда мықтылыққа, ылғалды, созылғыштық, серпімділік және отыру қасиеттері төмен.
Мыс-аммиакты талшық (сирго), бұл талшық екі былаулы тәсілде қалыптасады:бірінші былауда ол целлюлозаны бөлшектеп қалпына келтіру арқылы алғашқы созылымын алынады, екінші былауда созылым аяқталады. Мыс-аммиакты талшық бетінде бағытталмаған қабықты біртекі құрылымды болып келеді, сондықтан біртегі сбоялады. Өзінің физико-химиялық қасиеттері бойынша ол элементарлы вискоза талшықтарына ұқсас, бірақ мықтылығымен ұзару қасиеті төмендеу келеді. Мыс-аммиакты талшықтар шектеулі көлеммен шығады және басты түрде трикотаж өндірісінде қолданылады.
Вискозды және мыс-аммиакты талшықтардың өндірісі экологиялық мәселелерге байланысты, өйткені тазалауға көп шығындарды қажет ететін улы заттар бөлініп шығады, тағы судың көпмөлшері шығындалады.
Вискозды талшықтардың альтернативі лиоцелл тобының целлюлозды талшықтары болып табылады. Бұл талшықтарды өндірудің ерекшелігі целлюлоза ерітіндісін алу үшін целлюлозамен химиялық байланысқа түспейтін және сүзуден кейін қайта қолдануға жарайтын органикалық еріткіш қолданылады. Сондықтан өндірістің экологиялық таза тұйық циклы құрылады. Вискозды талшықтары толығымен целлюлозадан тұрады. Мықтылығы полиэфирлі талшықтармен, гигроскопиялық қасиеттері бойынша-мақтамен салыстыруға болады, ылғалды күйде ісінуге қабілетті, азот-ыратын, жұмсақ грифті және жылтырлау болып келеді. Тепсе жіптері мата құрылымында қозғалғыштығымен және жоғары көлемділігімен ерекшеленеді.
Ацетилцеллюлозды талшықтар.
Ацетилцеллюлозды талшықтарды алу үшін негізгі шикізат ретінде құрамында 98% а-целлюлозасы бар мақта целлюлозасы қолданылады.
Үш ацетатты және ацетатты талшықтарды құрғақ әдіспен бастапқы полимер ерітіндісінен қалыптастырады. Целлюлозаны құрамындағы гидроксильді топтардың санының қысқаруы ацетилцеллюлозалы және гидратцеллюлозалы талшықтардың негізгі қасиеттерінің айырмашылығын көрсетеді.
Ацетат жіптерінің құрамындағы гидроксильді топтарының мөлшері аз болғанымен, үш ацетатты талшықтарға қарағанда, су өткізгіштігі жоғары болғанымен, ацетилцеллюлозды талшықтардың су өткізгіштік қасиеті айтарлықтай төмен. Үш ацетатты талшықтар серпімділігі жоғары, бұйымда форманы жақсы сақтайды, ылғалды және жылу мен өңдегенде отырмайды.
Ацетатты және үш ацетатты талшықтар термопласты, олар 140-150С температурада (ацетатты) және 180-190С (үш ацетатты)талшықтар жұмсара бастайды, ал 230-290С температурада олар жайылып балқиды. Ацетицеллюлозды талшықтар микроорганизмдердің әсеріне, жарыққа төзімділігінің жоғарылығымен және жақсы диэлектрлік қасиеттерімен сипатталады.
Ақуызды химиялық талшықтар
Жасанды ақуызды талшықтардың өндірісіне бастапқы полимер ретінде казеин (сүт ақуызы)және зеин (өсімдікті ақуыз)қолданылады. Казеиннің және зеиннің макро-молекулаларының табиғи формасы сфералы шиыршықталған глобула түрінде болады. Сондықтан мұндай полимерлерден талшықтар алғанда глобулярлы макромолекулалар жіп секілді, сызықты түрге бұрылуға ұмтылады және осы форманы тұрақты сақтау үшін жағдай жасайды. Бірбылаулы тәсілді ерітіндіден қалыптастырғаннан кейін, алынған жіпті илеу операциясына жібереді, мұның мәні ақуыз макромолекулалары арасында химиялық көлденең байланыстарды құру болып табылады. Созылуы және гигроскопиялық көрсеткіштері бойынша казеинді және зеинді талшықтар табиғи жүнге жақын. Қолмен сипаған кезде талшық жұмсақ, жылы, жақсы жылу бөлгіш. Бірақ талшықтардың мықтылығы, ылғалдығы төмен.
Металл жіптер және әйнек алшығы.
Металл жіптер қызыл мыстан, мыстың никель мен балқытпасынан және басқа металдармен немесе алюминий таспа жолағын (фольга)кесу арқылы сымды біртіндеп тарту (созу)жолымен алынады. Металл жіптерді өте жіңішке алтын және күмістен алынады.
Металл жіптердің негізгі түрлері:дөңгеленген металл жіп;таспа түріндегі жазық жіп, спираль түріндегі жіп, ширатылған жіп, иірім-жібекті немесе мақта тажібі, алюнит (люрекс) алюминді, күмісті немесе полиэфирлі үлпектен алынған түрлі-түсті жабындылармен қапталған жіптер.
Металл жіптерді жылтыры (қамқа) көп әдемі маталар шығару үшін, кестелер, ызба, погон, сонымен қатар айырмашылық белгілерін дайындауда қолданады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Алыменкова Н. Д. Ассортимент плательных материалов. М. : МГУДТ, 2000. 48с.
Бершев Е. Н., Горчакова В. М., Курицина В. В., Овчинникова С. А. Физико-химические комбинированные способы производства нетканных материалов. М. : Лепромбыт издат, 1993. 352с.
Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. Алматы:«Мектеп»баспасы, 2007. 352бет, суретті. ISBN9965-36-092-8
Педагогика ипсихология
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА МЕКТЕП ПЕН ЖАНҰЯНЫҢ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Камардинова У. О. ҚИПХДУ п. ғ. к., доценті., М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің оқытушысы Урматова Т. К. Жетпісбаева А. 1-курс магистранты
Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті. Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы
Summary
Primary school personality development of students in grades Significance of joint work and family
Резюме
В статье рассматриваются роль семьи в формировании коммуникативных навыков.
Жалпы білім беретін мектептің ең маңызды міндеттерінің бірі – жеке тұлғаны тәрбиелеу және оны дамыту арқылы қалыптастыру. Қазақстан Республикасының тәлім тәрбие тұжырымдамасында: «тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген. Осыған байланысты, жас ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыру – қазіргі кездегі тәрбие мен білім берудің басты өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы – оқушылардың тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның ынтымақтастық жұмысын дамытудың және оның тиімді әдістемесін жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кіруі, демократиялық дәстүрге өту жағдайында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған жалпы адамзаттық құндылықтар мұрасына ден қоюы адамгершілік, гумандық процестің айқын көрінісіне айналуда. Бұл мәселе, соңғы жылдар ішінде ғалымдардың зерттеу обьектілеріне айналуымен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде бастауыш мектеп оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда олардың қасиеттерін жан-жақты дамыту басты нысанаға алынған.
Жеке тұлға өзіндік құндылық. Оның тұлғалық қасиетінің дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты болуы керек.
Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру үшін, ол күн сайын жанұя мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым – қатынастардың куәсі болуы қажет. Жанұя мүшелері бір – бірімен тату – тәтті, өзара түсінікте болса, одан адамгершілік пен әділеттің, көрінісі айқын сезіліп тұрады. Жанұяның бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір – біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірыңғай саяси көзқарасты ұстануымен, соған орай, ерлі – зайыптылық және ата – ананың сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.
Жанұя мен мектептің ынтымақтастығының негізгі міндеті – баланың тұлғасын қалыптастыруға, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттердің барлығы – негізінен жанұя мен мектепте, яғни жан иелерін тәрбиелеп шығаратын ортада дамып, қалыптасып нығаяды.
Барлық зерттеу жұмыстары баланы өмірге дайындауға жанұя тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелгенін көрсетеді. Әділдік пен бауырмашылдық, өзара түсінушілік, ата – анаға және туған туыстарына деген сүйіспеншілік пен сыйластық, отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға және еңбекке леген құрмет тағы да сол сияқты тұлғалық қасиеттер баланың кішкентай кезінен жанұяда және мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан, жанұядағы, мектептегі және айнадаладағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды.
Алайда, жанұя тәрбиесінің педагогикалық маңыздылығы мектептен бірлесе отырып, жұмыс атқарса, онда жемісті болар еді. Сөйтіп, оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда оның педагогикалық мәселелерінің ғылыми-теориялық негізінің жоқтығы мен практикалық мұқтаждығының арасында қайшылық айқын байқалады. Педагогика ғылымының соңғы жетістіктері тұрғысынан қарағанда, бастауыш мектеп оқушысы жеке тұлғасын, қалыптастыру өзекті мәселенің біріне айналды. Баланың жеке тұлғасын дамыту ісінде тәрбие институттары ішінде мектепке ең күрделі міндеттер артылады. Алайда, ол мектепте жеке тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады. Бастауыш мектептегі оқытудың жаңа эксперименттік жүйелері шеңберінде мектеп окушысы жеке тұлғасының мотивациялық қажеттілік саласында елеулі өзгерістерді айқындайтын фактілер жинақтала бастады. Сөйтіп, оқу және тәрбие арасындағы байланысты айқындайтын педагогикалық тәжірибе пайда болды.
Жеке тұлғаның оқудың екі амалындағы даму нұсқаларын салыстырып талдау көзделді: біріншісі, білім берудің бұқаралық жүйесінде қалыптасқан және қарапайым дағдылар мен ептіліктерді қалыптастыруға (бағытталады; екіншісі, оқу пәндерінің мазмұны теориялық ұғымдар жүйесіне негізделеді. Мектеп оқушылары ұғымдардың пайда болуын оқу үрдісінің орталық буынын құрайтын ортақ ұжымдық жұмыс барысында оқып үйренеді.
Бастауыш мектепте бала тұлғасының мотивациялық құрылымында түбегейлі өзгерістер болатыны анықталды. Олар балалардың танымдық мүдделерінің жедел қалыптасуы негізінде оқу қызметі мотивтерінің қайта құрылуынан басталады. Олар бастауыш мектеп жасының аяғына таман жинақталып қалыптасады да, баланың әр түрлі оқу материалына көзқарасы, арқылы айқындалып қызығуын қанағаттандыратын көздерді өз бетімен іздеуге жетелейді. Яғни, оқу-танымдық мотивтер оқуда ғана емес, оқушы тіршілігінің бүкіл жүйесінде жетекіші орын адады. Өйткені, осы мүдделер ортақ ұжымдық қызмет барысында пайда болады, оларды бала толық қоғамдық формасы - топтық құндылық бағдары ретінде ұғынады.
Талдау бастауыш мектепте оқуды ұйымдастыру әдісі және бала тұлғасын дамыту арасындағы байланыстың психологиялық механизмдерін айқындауға мүмкіндік берді. Қазіргі жағдайда бастауыш мектеп кезеңі - қоршаған ортаға деген субьективтік эгоцентристік көзқарастың объективтік (танымдық, өнегелік) көзқарасқа ауысуына ең қолайлы мезгіл екендігі көрсетілді. Алайда, бұл оқу мазмұны мен оқыту әдістерін түбегейлі өзгерту жағдайында мүмкін болады.
Балалар қарым-қатынасында алуан түрлі тұлғааралық байланыстар құрудың өзгермелі үрдісі бала тұлғасы сана-сезімінің дамуына ықпал етеді: алдымен, оқудағы жетістіктерін дәл бағалауға қатысты, екіншіден жеке тұлғаның моральдық қасиеттеріне байланысты. Қарым-қатынас барысында белгілі жұмысты атқаруға орай қасиеттер емес, баланың тұлғасы, оның адамгершілігі үлкен маңызға ие болады.
Сөйтіп, бастауыш мектеп жасында келесі кезеңдерге өтуді қамтамасыз ететін тұлғалық әлеует қалыптасады. Орта және жоғары сыныптарда жекетұлғаның тұрақты кұрылымы қалыптасатынын зерттеулер байқатты. Оның негізін тіршіліктің саналы мотиві ретінде айқындалатын идеял құрайды. Оқушылардың өмірі туралы анық түсінігі қалыптасады, бұл имандығын саналы түрде таңдауды қамтамасыз етеді. Оқу мерзімі бойы сынып ұжымы құрбылар үшін негізгі референттік тән нағыз тәрбие ортасы болып қалады.
В. Давыдов оқу қызметінің, құрылымында оқу қажеттілігі, мотивтер, міндеттер, әрекеттер мен операциялар секілді бөліктерді атап көрсетеді. «Мектептің бірінші сыныбына келген балаларда оқу қызметінің біртұтас құрылымы болмайды. Қолайлы жағдайда ол мектеп қабырғасында бірнеше жыл ішінде, әсіресе, бастауыш сыныптарда қалыптасады» - дейді ғалым. Бастауыш мектепте оқу қызметінің негізгі және жекеше түрі болып табылады. Оны атқару барысында оқушылардың бойында жаңа психикалық құбылыстардың дамуына негіз қалайтын және ең алдымен, заттардың пайда болу және даму заңдылықтарын ашуға бағытталған теориялық ойлау негізіндедамиды. «Педагогика ғылымы теориялық жағынан іргелілік сипатта болса, тәрбие мен оқытудың теориясын іске асыру жағынан қолданбалы сипат алады.
Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден, оның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру, екіншіден азаматтық өркениетті тұлғаның біртіндеп сіңіру, үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы үш компонент тығыз бірлікте қызмет етеді. Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда, тәрбиеге қоғамдықбақылау және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдыққұрылымдар арқылы басқарып бақылайтын, қоғамның қазіргі және болашақөміріне мақсаттылықпен даярлау ісі деп қараймыз. Тәрбие ісі адамныңқабілетін қоршаған ортада және оның санасында қалыптастыруды мақсат ететін болғандықтан, ол психологиялық процесс. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мазмұны мен міндеттері тәрбие бағыттарымен өзара тығыз байланысты дамиды.
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің бірі – оның интеллектуалдық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Балалардың интелектуалдық мәдениетін қалыптастыруда мынадай міндеттерді шешу арқылы жүзеге асады:
Оқушылардың пәндерге қызығуға, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;
Табиғат құбылыстарын және өмірді дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу.
Балаларды бірінші сыныптан бастап, мектепте алған білімінің өмірлік қажеттілігін түсіндіре білуге үйрету қажет, олардың оқуға ынтасын арттыру, сабақ үстіндегі белсенділігін қалыптастыру орынды; әр оқушыны сыныптың жалпы шараларына қатысуға, сыныпта және үйде тапсырмаларды үнемі орындауға бағыттап отыру керек.
Бастауыш сынып оқушыларында бақылау, салыстыру, зерттеліп отырған құбылыстардың ішінен жалпысын және ерекше көзге түскенін бөліп ала білу сияқты ойландыратын істерді дамыту қажет, сондай-ақ оқу еңбегін ұйымдастыру, алған білімдерін өмірде қолдана білу, балалардың мезгілді баспасөздерді, жазбаша және ауызша мазмұндамаларды өздігінен оқу, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру керек.
Бастауыш сынып оқушыларын жақсылықты жаманшылықтан айыра білуге үйрету, достыққа, жолдастыққа, ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда мынадай басты ерекшеліктерді есепке алу қажет:
Өз Отанына, еліне деген сүйіспеншілікті ету, сондай-ақ көрші елдерге деген достық қатынасты сіңіру, мейірімділікке, қарапайымдылыққа, адалдыққа, әділдікке, шындыққа, міндеттілікке тәрбиелеу;
Үлкендерге құрмет көрсетуге, туыстық қарым-қатынасты бағалауға үйрету;
Зұлымдыққа қарсы тұра білуге, немқұрайдылықты жоюға тәрбиелеу;
Үсті-басын ұқыпты ұстауға, ұқыптылыққа, мәдениетті сөйлеуге, қоғамдық орындарда ұстамды болуға, мәдениеттілікке, қонақжайлылық көрсете білуге тәрбиелеу;
Ой және дене еңбегін ажырата білуге, қоғамдық-пайдалы еңбектің мәнін түсіне білуге, мектепте алған біліктерін өмірде қолдана білуге, әрбір істе жауаптылықты сезінуге үйрету;
Еңбек үрдісінде бастысы - жұмыс орнын таза ұстауға, жұмыс аспаптарына ұқыптылықпен қарауға, ұжымдаынтымақты болуға, кәсіптің ұлттық түрін, соның ішіндезергерлік өнерді игеру мүмкіндігін жасауды үйрету;
Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу және қоғамдық меншіктіжеке меншіктіктен ажырата білуге баулу;
Буды, ауаны және еліміздің кеңістігіндегі космостықтазалықты сақтауға қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық және экономикалық мәдениетін қалыптастыруда табиғатты қорғауға, жерді, суды және т. б. өз заттарын ұқыпты пайдалануға, ұжымдық, еңбексүйгіштік, ұқыптылық, тәртіптілік, мүдделік сезімдері мен қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Әр оқушының өз әлсіздігі болады және әрқайсысынан өзіне тән жақсы сапаларды да табуға болады, мысалы жинақтылық немесе басқалармен қарым-қатынас жасай білу. Оқушының мінез-құлқының жақсы жақтарына сүйене отырып, оның өз күшімен мүмкіндігіне сенімін арттыру керек.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында табиғатты қорғаудың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру орынды және оларға адамның еңбекке қабілеті табиғатқа байланысты болуының мәнін, адамның табиғатты өз қызметінде пайдалануы туралы түсіндіру қажет. Қоғамдық пайдалы еңбектің қажеттілігін сынып ұжымының істеріне қатысудың өркениетті, демократиялық қоғамдағы өмірін білудің қажеттілігін түсіндіріп тәрбиелеу орынды.
Адамгершілік тәрбиесі үрдісінде ерте кезден бері қалыптасып келе жатқан құрмет көрсетушілік, адалдық және ұждандық, кішіпейілділік пен мейірімділік, қарапайымдылық және басқа да маңызды адамдық сапалар ұстанымын оқушылардың игеруін қамтамасыз ету қажет. Ата-аналар мен үлкендер отбасындағы балалар тәрбиесіне, өзара достық қарым-қатынасқа, сондай-ақ аса маңызды іске қоғамдық орындардың қатысуына көңіл бөлу керек.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беруде табиғат әсемділігін түсіну арқылы адамдықтың жақсы сапаларын қалыптастыруда үлкендерге көмек көрсету жүзеге асырылады. Рухани-адамгершілік тәрбиесі еңбекке дұрыс көзқарас қалыптастыруды да қарастырады. Сондықтан мұғалімнің басты міндеттерінің бірі оқушылардың бойына адам еңбегін құрметтей білуді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсіне білуді дарыту болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларын кез келгсн жұмысты тиянақты дер кезінде орындай білуге, басталған істі ақырына дейін жеткізе білуге, еңбек мәдениетінің қарапайым элементтеріне, ұжымда еңбек ете білуге, жұмыс орнын таза ұстауға, еңбек құралдарын дұрыс пайдалана білуге үйрету керек. Бастауыш сынып оқушыларында қоғамдық-пайдалы еңбекке қатысуға, өзінің еңбегімен басқаларға пайда келтіруге ынтасын тәрбиелеу, сонымен бірге өздігінен бастама жасай білу қабілетін қалыптастырған орынды. Бастауыш сыныптан бастап нарықтық экономикалық табыс, жалгерлік пен жалға алудың еңбек процесінде қоғамға пайдалылығы, жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорынның арасындағы айырмашылық, товар ақша айырбастау сияқты ұғымдарға үйрету қарастырылады.
Бастауыш сынып оқушыларын күн режимін сақтау арқылы уақытты үнемдей білуге; еңбек сабағында және оқудан тыс кезде жасалатын заттарға жұмсалатын материалдарды үнемді пайдалана білуге; өздері шығарған өнімдерден пайда ала білуге және ақау жібермеуге, жеке және мемлекеттік меншік арқылы алынған табыстың салмағын айыра білуге үйрету қажет. Ақшаны тиімді жұмсай білу арқылы тиыннан теңге құралатынын түсіндірген жөн. Еңбек сабақтарында немесе қызметтің басқа түрлерінде есеп жұмыстарының дағдыларын игеруге мүмкіндік жасау керек. Бастауыш сынып оқушыларын дене мәдениетіне тәрбиелеуде мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделеді. Тазалықты, күнделікті еңбекте және әскерде қызмет етуге даярлықта қиындықтарды жеңе білуде денені шынықтырудың маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушыларына адамның денсаулығы үшін күн режимін орындаудың мәнін түсіндіру, спортқа қызығушылықты арттыру қажет. Тәрбиеші балаларды өзінің сыртқы түріне қарай білуге үйретуі керек. Денсаулық пен жеке бас гигиенасының ережелерін сақтау мен организмді шынықтыру арасында тікелей байланыс бар екенін үнемі түсіндіріп отыру қажет. Бастауыш сынып оқушылары эстетикалық және физиологиялық жағынан, адамгершілік-имандылық тұрғысынан тәрбиелеп қалыптастырудың маңызын аша көрсетіп, олардың мінез-құлқын осы заман талабына сәйкес жетілдіруге деген сенімін арттырады. Оны іске асырудың маңызды құралы ретінде оқу ісінде, жекелеме және ұжымдық түсіндірмелі әңгіме түрінде, кештер мен конференцияларда, саяси хабарлар мен пікір таластарда кеңінен колданады. Бұл істердің бәрінде сендіру әдістерінің нәтижелі болуы оның мазмұнына және эмоционалдық сезімге құрылуына байланысгы болмақ.
Бастауыш сынып окушысы үлкендердің іс-әрекетіне еліктей отырып, оны саналылықпен және моральдық сеніммен ерекше қабылдап, өзіне «қайталайды». Оқушылар басқаның аса жоғары мұратты іс-әрекетін байқап, бакылай отырып ерлік, еңбек сүйгіштік, саналылық дегендердің мазмұны мен мәнін ой елегінен өткізіп, өзінше тебіреніп барып қабылдайды. Басқаның іс-әрекетіне өзінше баға беретін болады. Баланың басқаға еліктеуі оны көшіре салу емес, өмірге өзінше баға беріп, сана-сезімінде сыннан өткізу арқылы басқаның адамгерішілік сезімі мен көзқарасына сын көзімен қарап, өзінше түсініп, өзінше қабылдайды деп қараймыз. Бұл жағдайда бастауыш сынып оқушылары өзін-өзі тәрбиелеуге жауапкершілік сезіммен қарай бастайтын болды. Осы тұрғыдан қарағанда бастауыш сынып оқушыларының өзіне жақын адамдардың жеке үлгісін зор сеніммен қабылдап, оны өзінің рухани қажетіне үлгі етіп жаратуы тәрбиедегі ең маңызды іс болып саналады. Басқаның жеке бас үлгісін жастарға өнеге еткенде, келтіріліп отырған мысалға қоғамдық тұрғыдан талдау жасап, ол іс-әрекет несімен құнды, неліктен оны үлгі етеміз дегенді саналы түрде талдау арқылы қабылдау керек.
Бір сөзбен айтқанда, баланың оқу-тәрбие процесіне байланысты мектепте істейтін іс-әркеттерінің бәрі жаттықтыру арқылы іске асырылады. Жаттықтыру тәрбиенің жалпы әдісі ретінде баланы саяси, қоғамдық, адамгершілік, дене және эстетикалық жағынан дамыту міндеттерін шешуде қолданылады. Әсіресе, бұл әдісті баланы адамгершілікке тәрбиелеуде кеңінен қолдану қажет. Ол баланы үстел басында отыруға, жүріп-тұруға, жолдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретуден бастап, принципшілдікке, адалдыққа, отан сүйгіштікке, ерлікке, саналы тәртіпке үйрету сияқты жоғары моральдық қасиеттерді олардың бойына сіңіруге дейін қолданылатын әдіс. Жаттықтыру дене тәрбиесінің көркемдік эстетикалық қабілетті дамытудың негізгі әдісі болып саналады. Тәрбиенің әдіс-тәсілдерін қорыта келе айтарымыз, барлық әдісті тиісті жерінде орынды қолдану, оларды бір-бірімен байланысты деп қарау ғана жеке басты қалыптастыруда нәтиже береді. Оның бәрі оқу-тәрбие жүйесінде тиісті орнымен жұмсалғанда ғана нәтижелі болып шығатынын ескеру керек. Тәрбие әдістерін кешенді түрде орынды қолданғанда ғана тәрбие ісі жемісті болмақ.
Бала тәрбие үрдісінің объектісі ретінде сырттан үлкендердің, қоғам-ұйымдардың және түрлі сананың, табиғат пен әлеуметтік ортаның сын сезініп, белгілі әлеуметтік тәжірибені және ақпаратты игереді. Бала обьективті тәрбие үрдісінің мүшесі ретінде әлеуметтік жүйеге еніп, белгілі тәуелділікке түседі. Соның барысында, балалардың дағдылары қалыптасып, іс-әрекеті, санасы, дүние туралы түсінігі қаланып, тұлғаның психикалық қасиеті мен ойлауы дамиды. Сөйтіп, бала қоғам өмір мен өндіріске қатынасатын мүшеге айналады.
Бала-тәрбие үрдісінің субъектісі ретінде табиғи күш пен қабілеттері негізінде алғашқы қажеттіліктер мен түрткілерге және қызығуына байланысты дамиды. Оның қабілеті мен қажеттіліктерінің қалыптасу мүмкіндігі мол, өйткені ол әлеуметтік орта және тәрбиемен тығыз байланысты, баланың жеке басының қалыптасуы тек ішкі заңдылықтармен шектелмейді, сол сияқты әлеуметтік жағдайдың ықпалынан да оның түрлі қыры, мысалы, дарыны, қызығуының дамуы немесе дамымауы мүмкін. Бала-тәрбие субьектісі ретінде біртіндеп қалыптасып, азаматтық тұлға, ол өз түрткісі мен іс-қылығының әсері арқылы қоғамдық сананы, түсінікті, идеяларды саналы түрде таңдап, оны бойы сіңіреді. Біріншіден даралық қасиетті, қажеттілікті, өмірлік үстанымды түрлі ықпалды, сапалы қарым-қатынасты, өзара әрекеттесуді талдауды үйренеді.
Оқушылар ұйымында балалардың мораль мен адамгершіліктің қоғамдық құбылыс ретіндегі түсініктері жетіледі. Ұжымдық еңбекті ұйымдастыру барысындағы бір-біріне тәуелділікті, достық қатынасты, қоғамдық моральге бой ұсынуды, бір-бірінің, өзінің, ұжымның және қоғам алдындағы жауапкершілігін саналы түсінеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. Педагогика А., 1998.
Айтмамбетова Б., Бозжанова К. және т. б. Балаларды жанұяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. А., 2004.
Қалиев С. Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері. А. 2002ж.
Атемова Қ. Т. Оқушылар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастырудағы отбасының ролі. А., 2002.
Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. ІІІымкент. 1994.
1>
Достарыңызбен бөлісу: |