Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы


Ауыл шаруашылығын ұжым-дастыру зардаптары



бет4/15
Дата07.02.2022
өлшемі3,97 Mb.
#87508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
тарих

Ауыл шаруашылығын ұжым-дастыру зардаптары

  • Ақмола облысында жаппай кәмпескелеу барысында 8334 жылқы, 1172 ірі қара, 242 түйе, 6009 қой тәркіленіп, 22 ұжым шаруашылықтары құрылды. Тәркіленіп алынған малдар ұжымшарларға таратылғанымен, олар осы шаруашылық бірлестіктері басшыларының жеке мүлкіне айналып отырды. Сонымен қатар жергілікті партиялық және кеңестік органдар жоғарыдан келетін нұсқауларсыз көрсеткіштердің көлемін арттыру мақсатында ұжымдастырудың қарқынын қолдан үдете түсті. Мәселен, ВКП (б) округтік комитеті бюросы 1929 жылдың 30 желтоқсанындағы қаулысы бойынша 33 мың шаруашылықты немесе барлық жеке шаруашылықтардың 41% ұжымшарлармен қамту міндеті қойылған болатын. 1930 жылдың өзінде-ақ Атбасар, Азат, Сталин аудандарының барлығы жаппай ұжымдастыру аудандары ретінде белгіленді. Және бұл жайтқа Азат және Атбасар ауданының оңтүстік аймақтарында көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтардың көп болғанын қосыңыз. Яғни бұл дегеніміз, ғасырлар бойы айрандай ұйыған қазақ ауылы жермен жексен етілу.
  • Қазақ халқының басым бөлігі 20-ғасырға дейін ауылда өмір сүрді. Қазақ экономикасы да, тұрмысы да, ауылшаруашылығына негізделді. Қазақ мәдениеті де ауылдың мәдениеті (әрине, жақсы мағынада) болды. Күштеп отырғызу барысында қазақ ауылымен бірге, қазақтың салт-дәстүрі, төл мәдениеті, ділі сынып, қазақ ұлт ретінде жойылуға шақ қалды.
  • Орталықпен (Мәскеу) Қазақстан ұжымдастару науқаны 1932 жылдың көктемінде аяқталуы тиіс аудандар тобына жатқызылды. Ал республикалық партиялық және кеңестік органдарда ұжымдастыруды осы қысқа мерзімнен бұрын аяқтау міндеті алға қойылды. Нәтижесінде жергілікті кеңесті функционерлер пайыздық көрсеткіштер ауруына шалдығып, аудандар, округтер, ұжымшаруашылықтары бір-бірімен жарысқа түсіп, жергілікті газеттер «еңбек майданындағы» кезекті рекордтарды жариялауға үлгере алмай жатты. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық жеке шаруашылықтардың 2% ғана ұжымдастырудан өтсе, 1930 жылдың сәуір айында 50,5%, ал 1931 жылдың қазан айында шамамен 65% ұжымдастырылды. 1931 жылдың күзіне қарай 122 аудандардың 78 ауданы ұжымдастырудан өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет