Кеңестік қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарысы



бет6/8
Дата08.07.2022
өлшемі56,37 Kb.
#147354
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Идеологиялық тоқырау
2. Қауіпсіздік ережелері (1), кпврвскпесаг, registration man ru, Закон Республики Казахстан от 11 июля 1997 года №151-i о языках -emirsaba.org, қазақ тілі бақылау
Қорытынды.
Біз Семей ядролық полигонының тарихын, қалай жүргізілгенін, және зардабы әлі күнге дейі жалғасқанын білеміз. Сондықтан бұл Семей рполигоны мен Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағыдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұррпақтын болашақ алдындағы борышы.


4. Әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтар: ұлт саясатындағы әділетсіздік, Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қолдану аясын тарылту.
Бұдан табаны күректей тура қырық жыл уақыт бұрын Қазақстанда «Неміс автономиялық облысы» атты әкімшілік-территориялық құрылым құрылып кете жаздады. Бұл кейін тарихта «Целиноград оқиғасы» деген атпен қалған Тың өлкесі бас қаласы тұрғындарының толқулары бой көтеруіне алып барды. Нәтижесінде Мәскеудің волюнтаристік жолмен қазақ жерінде жаңа әкімшілік бөлінісінің іргесін қалауына жол берілмеді. Бірақ бұл қарсылық қозғалысын кімнің ұйымдастырғаны, оның басында кім тұрғаны әлі күнге дейін белгісіз күйінде қалып қойды.
1979 жылы Қазақстанның Целиноград облысының аумағынан неміс автономиясын ашу жөніндегі идеяны жүзеге асырудың барлық алғышарттары пісіп-жетіліп келіп тұрды. Осыған сәйкес, жаңа құрылым құрудың барлық қажетті құжаттары дайын еді. Алайда ең соңғы шешуші сәтте Кремль жоспарының тас-талқаны шықты.Бұл оқиғаның мынадай да ілкі факторы бар. 1941 жылдың жазында Еділ бойындағы Неміс Автономиялық Республикасы аяқастынан таратылды. Ал 28 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Еділ бойындағы аудандарда тұратын немістерді көшіру туралы» Жарлығы шығып, ол бұрынғы республиканың жүздеген мың тұрғынын Қазақ КСР-і аумағына күштеп көшіруге негіз болды. Сол кезде неге мұндай шұғыл шешім қабылданғаны түсінікті еді. Одақ билігі елдің батыс шебінен баса-көктеп кірген н еміс-фашист басқыншылары бұл жерлерге дейін жетсе, жергілікті немістердің солардың жағына шығып кетуінен қауіптенді. Сөйтіп, ықтимал сатқындықтың алды алынды. Алман жұрты қандастары жағына шығып кете алған жоқ. Сонда да болса соғыс жеңіспен аяқталғаннан кейін немістерді бұрынғы тұрған жерлеріне қайтаруға қасақана тыйым салынды. Бұл немістер тарапынан айтарлықтай наразылық туғызып отырды. Алайда Орталық Комитет олардың тілегі мен ашу-ызасына селт ете қоймады. Бұған билік өкілдері бұрынғы автономия орнына кейін шоғырланып үлгерген халық санының тығыздығына байланысты мұның мүмкін еместігін алға тартып, сырғақ жауап берумен құтылып келді. Осыдан кейін неміс диаспорасына Қазақстанда неміс тілінде «Фройндшафт» деген газет шығаруға рұқсат етілді. Осымен автономияны қалпына келтіру мәселесі біржола жабылғандай болып еді. Бірақ 1976 жылдың тамыз айында СОКП Орталық Комитеті ойламаған жерден неміс автономиясын құру жөнінде арнайы топ құрды. Оған Юрий Андропов жетекші етіп бекітілді. Міне, осы жауапты топ неміс автономиясын құру жөнінде ұсыныс жасауға тиісті болды. Мәселені екі жыл егжей-тегжейлі зерттеген комиссия 1979 жылдың басында Орталық Комитетке жаңа автономияны Қазақстан жерінде құруға болатыны туралы құжаттар мен ұсыныс өткізді. Соның нәтижесінде сол жылдың 31 мамырында СОКП ОК Саяси бюросы «Неміс автономиялық облысын құру туралы» құпия қаулы қабылдады. Ол бұқаралық ақпарат құралдарында айтылмады, газеттер беттерінде жарияланған жоқ. Мәселенің бәрі астыртын түрде іске асып, шекара мәселесі шешілді. Осыған байланысты Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы Александр Коркиннің басшылығымен неміс автономиясын құруды ұйымдастырып, жүзеге асыру жөніндегі комиссия құрылды. Ол автономияның құрамы мен шекарасын анықтап, кадрлар таңдап, облыстық мекемелерді орналастыру мәселесімен шұғылданды. Жаңа құрылымның орталығы рөліне Целиноград қаласынан 100 шақырым жердегі аудан орталығы – Ерейментау қаласы ұсынылды. Автономия басшысы лауазымына сол кезде Краснознамен аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып жүрген ұлты неміс Андрей Браун тағайындалатын болып келісілді. Әкімшілік-аумақтық құрылымның ауданы 202 мың адам тұратын 46 мың шаршы шақырымнан артық аумақты қамтыды. Алғашында мұнда 30 мың неміс тұрады, сосын уақыт өте келе ұлғая береді деп шешілді. Облыс құрамына Целиноград облысының Сілеті ауданы, Павлодар облысының Ертіс ауданы, Көкшетау облысының Уәлиханов ауданы, Қарағанды облысының Молодежный ауданының Молодежный поселкелік кеңесі, Дальный, Пролетар, Родников, Тельман және Шідерті селолық кеңестерін біріктіру көзделеді.Көп ұзамай көшелерге Андрей Браун мен болашақ автономияның өзге де басшыларының портреті ілінеді. Кәсіпорындарда кеңес немістерінің мемлекеттілігін қалпына келтірудің пісіп-жетілгені жөнінде еңбекші ұжымдарымен жиналыстар өткізіліп, қызу дайындық басталады. Сол жылғы 18 маусымда Целиноградта неміс автономиясы құрылуына байланысты салтанатты жиын өткізу жоспарланған еді. Оған Дінмұхаммед Қонаевтың қатысатыны белгілі болды. Ендігі іс табаға салған майдай болып бұдан әрі дөңгеленіп, айналымға түсіп жүре беруге тиісті еді. Сондықтан салтанаттың соңын кәдімгі халықтық серуенге, бұқаралық мерекеге ұластырып жіберу көзделді. Әлбетте, үкіметтің тиісті соңғы қаулысын алу да кезек күтіп тұрды. Бірақ шараның өткізілетіні туралы дақпырттың өзі тұрғындардың бір бөлігінің ашу-ызасын туғызып, ол қарсылық қозғалысына ұштасты. Жұрт арасына мына өктемдікке қарсы күресуге шақырған парақшалар таратыла бастайды. Қазақ жастары ашуға мінеді. Сөйтіп, кенет күтпеген жайттар орын алып, соңғы сәтте бәрі құрдымға батып кете барды…Қарсылық қозғалысы сенбі, 16 маусым күні таңертеңгі сағат 8-ден басталды. Наразы топтар Целиноград қаласының бірнеше мүйісіне жиналды. Олардың басым бөлігін жастар мен мұғалімдер құрады. Олар содан кейін сап құрып, облыстық партия комитетінің ғимараты алдындағы Ленин атындағы орталық алаңға қарай шеру тартты. Мұндағы митинг сағат 10-да өріс алды. Кейін куәлардың айтуларынша, бұл күні алаңға бірнеше жүздеген адам жиналған. Шеруге шығушылар өздерінің неміс автономиясын құру жөніндегі шешімге үзілді-кесілді қарсы екендерін білдірді. Олар қолдарында қазақ және орыс тілдерінде жазылған «Қазақ жері бөлшекке түспейді», «Неміс автономиясына жол жоқ!» деген транспоранттар ұстап шығып, «Ерейментауда неміс автономиясына жол жоқ!» деп ұрандатты. Әлбетте, алаңға облыстың басшылар тобы да келді. Жиналған жұрт билік өкілдеріне өз талап-тілектерін жеткізді. Олар мәселе оңды шешілмейтін болса, 19 маусым күні тағы бір жиын өткізетіндерін, егер сол кезде де тірлік орнынан жылжымаса, 22 маусымда қолдарына алау ұстап тағы шеруге шығатындарын мәлімдеді. Митинг шамамен бір сағатқа созылды. Содан кейін ақырын тарап кетті.Келесі жиын, бұрын уәде етілгендей, сейсенбі, 19 маусым күні сағат 10-да Ленин атындағы алаңда өтті. Бұл жолы шерушілер саны алдыңғыдан он еседей көп болды. Олар қолдарында тағы да көптеген ұрандар жазылған транспоранттар ұстап тұрды. Жиналған жұрт арасынан бір жігіт шығып, алдын ала жазылып қойылған үндеудің мәтінін оқыды, онда Қазақстанда жүзден астам ұлттың өкілдері тұратыны, олардың барлығының бір-бірімен тату екені және бөлісе алмай жүрген ештеңелері жоқтығы айтылды. Жиында сөз алушылар басшылыққа «Бұл жерлердегі қазақтар тағдыры қалай болады?», «Неміс автономиясын не істейміз?» деген сұрақтар қойды. Бәрі бейбіт қалыпта өтіп жатты.
Шынтуайттап келгенде, Қазақ КСР үкіметі шерушілерге іштей қолдау көрсеткен сияқты. Бұған митингіні ұйымдастырушылардың соның алдында қаладағы үйлер мен жатақханаларды жағалап, бас көтеруге шақырған парақшалар таратуларына кедергі келтірген ешкім болмағаны айғақ. Мұның тағы бір нышаны шерушілердің өз талаптарын сеніммен қоюлары мен өжеттіктерінен де байқалып тұрды. Олай болатыны, Қазақ КСР басшылығы республика территориясынан немістерге автономия беріліп кетсе, келешекте бұлайша үй ішінен үй тігуді осында тұрып жатқан ұйғыр, өзбек, орыс, украин секілді басқа халықтар да талап етеді деп қауіптенген сыңайлы. Соңғы күні жиынға келгендер билікке автономияны жұрттан жасырып, құпия түрде құрып жатыр деген айып тағып, мұның жайын түсіндіріп беруді талап етті. Сосын облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Николай Морозов сөз алып, халық толқитындай ештеңе болмағанын, проблема түпкілікті оңынан шешілгенін айтты. Бірақ ол сөзін алдымен жиналғандарды түк толғандыра қоймайтын қазіргі халықаралық жағдай туралы хабарлама жасаудан бастап, биылғы жылы облыста астықтан мол өнім алу күтіліп тұрғанын айтып кетті. Ал автономияға келгенде «бұл мәселе күн тәртібінде ешқашан қойылған жоқ» деп бір қайырып алып, бұдан әрі «Мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Қонаевпен телефон арқылы сөйлестім, енді ешқандай да автономия болмайтыны жөнінде сеніммен айта аламын» дегенді айтты да, сөзінің ақырын: «Біздің жұмысымыз бастан асады, енді бейбіт түрде тарайық» деп аяқтады.
Түркі тілдерінің ішіндегі ең бай, ең сұлу, ең көркем, мәнді де мағыналы тіл – қазақ тілі екені сөзсіз. Осы тұрғыдан алғанда, біздің көкейімізге ең алдымен Елбасымыздың Нұрсұлтан ӘбішұлыНазарбаевтың: «Біз тегіміздің – Түркі, дініміздің – Ислам, тіліміздің – қазақ тілі екенін ешқашанда ұмытпауымыз керек!» деп ұрпаққа салмақты ұран тастаған өсиет сөзі оралады.
Тіл – асыл қазына, рухани мұра. Халық үшін тілден асқан байлық бар деудің өзі күпінушілік, астамшылық болса керек. Олай болса, ана тіліміздің өркендеп өсуіне, еркін қанат жаюына үлес қосу кез-келген қазақ азаматының міндеті.
Мемлекеттік тілге деген қажеттілік тәуелсіздігімізден бастау алып, заман талабына сай күннен күнге артып келеді. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында мемлекет тарапынан нормативті-құқықтық кесімдер мен бағдарламалар қабылданып, түрлі іс-шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, еліміздің 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституциясынан бастап 1997 жылғы 11 шілдедегі «Тілдер туралы», Қазақстан Республикасының заңдарының қолданысқа енуін мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, өрісін кеңейту үшін жасалған қадамдар деп қабылдаған жөн.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі әлі де ресми тілдің ықпалында, ығында болса да, әйтеуір алға жылжуда. Ұзақ жылдар бойы орыс тілі өркениетке, жақсы тұрмысқа жету құралы болды. Орыс тілін жетік білетіндерді өзіміз алға оздырып отырдық. Бүгін, кімге болса да бірден қазақша сөйлеп кетпеді деген сыңайда өкпе артамыз. Жылдар бойы қалыптасқан адам санасын өзгерту оңай емес, кезінде орысша бір ауыз сөз білмеген қазақ орысшаны жетіскеннен үйреніп пе? Қажеттілік тудырылғаннан кейін, ұзақ саясат жүргізілгеннен кейін үйренді. Сол сияқты, қазақ тіліне деген сұраныс, қажеттілік, ешкім ештене жасамаса, өзінен өзі туа сала ма? Қазіргі Қазақстандағы басым болып тұрған орыс тілі өзінің қазақ тілінен табиғи артықшылығы арқасында басым болып тұрған жоқ. Ұзақ жылдар бойы арнайы жүргізіліп келген саясаттың жемісі екені белгілі. Сондықтан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, оның шын мәніндегі мемлекеттік тілге айналдыру үшін бізге де сондай тегеуірінді саясат керек. Тегеуірінді саясат заңмен қорғала отырып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі туралы» Заңды негізге ала отырып жүргізілуі тиіс. Тіл мәселесі айғайлап ұрандатумен немесе ту ұстап, көшеге шығумен шешілмейді. Тіл – нәзік, табиғи нәрсе, ол ұтымды жолдармен, сауатты саясатпен шешілуі керек.
Біздің міндетіміз – елдіктің ерекше бір белгісі - мемлекеттік қазақ тілінің қоғамда лайықты беделін көтеру.
Қазақ елінің отаншыл азаматы ретінде сезінетін әр адам мемлекеттік тілге деген қажеттілікті қалыптастыруға титтей болса да өз үлесін қосу керек екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет