Ән «Апатайым анашым»Хор
Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.-дей отыра сіздерге арналған тақпақтары қабыл алыныздар!
Раяна
Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.
Алинұр
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам
Аяна
Алпештеген аялаған.
Ақ сүт берген апатайым.
Салем жазып бүгін саған.
Мейрамыңмен құттықтайымын!
Мұхаммедали
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
Айша
Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын.
Еміп өскен бөбекпіз,
Анамыздың мамасын.
Жүргізуші:
Ақ қар еріп
Су көбейіп!Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады.
Балаларым айтындаршы бұл қай кезде болады?\Көктем мезгілінде\
Көктем келеді. \балалар мен ,ата-аналармен амандасады.\
Жүргізуші:Көктем ,қош келдің ,төрлет Көктем! Біз сені көп күттік ! Біздің балалардың көктемнің алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың тамашала !
Мерекеге арналады бүгін билер ,
Көтерілсін канекей,көңіл күйлер
Алдарыңызға қазір ұлдар биі.
Қол соғып демеу берер көрермендер
Би « Ұлдар биі»Орындайтын –ұлдар.
Жүргізуші:Ендігі кезекті ата-аналарға арналған қызықты ойынмен ертеңгілігімізді жалғастырсақ.
Ойынның аты:Менде ән саламын.
Ойын шарты:Ортаға ата-аналар шығып 2 командаға бөлінеді. Бірінші команда кез келген халық әнінің бір шумағын айтады,ал қарсылас команда сол әнді жалғастыруы тиіс.
Ринат
Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде,
Шаттанып ойнап- күлем!
Кәусар
Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Аят
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар!
Дария
Қызықтап әр сөзімді
Жүрегінде сақтаған,
Сабырлы да төзімді
Анашыммен мақтанам!
Абдул-Хақ
Бізге қарап елжіреп,
Сүйіп беттен ақ мамам,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіремін шаттанам.
Ердаулет
Аялаған анашым
Мәпелеген анашым
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
Қыздардың әні: «Қайда әже»
Аяна
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Айқын.
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де
Нұрай
Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау, алақай!
Құстар сайрап, гүл атты!
Нұрали
Көктем келді жадырап
Күн нұрымен таласып,
Жайнай берші жарқырап
Жаны жайсаң аналар!
Ақтоты
Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек?
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
Ұлдардың орындауында «Анашым қартаймашы» әні
Жүргізуші:ойын.__Кім_жылдам'>Жүргізуші:ойын.
Кім жылдам?
Ортаға топтағы балалардың аналары шығады.
Ойын шарты: Қазір мен гүлдерді жерге қоямын,музыка ойналады,сіздер билейсіздер,музыка тоқталғанда тез гүлді жерден алу керек,кім үлгірмейді сол ойынан шығады.
Көктем:Балалар міне менің уақытым келіп қалды. Бірақ мен енді әркез сендермен бірге боламын! Сау болыңыздар!
Мың бұралған ақ қайындай
Бишелер шықсын ортаға.
Ал ендеше қол соғайық,
Қошеметпен қолқала.
Ортаға мың бұралған биші қыздарымызды шақырамын.
Тақпақтар:
Асқар
Баланың да тірегі
Дананыңда тілегі
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.
Адина
Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын
Мансұр
Жанымызды жайнатқан
Өзіңіз ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
Нұрым
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Аналарды құттықтап
Жырдан шашу арнаймыз.
Ән: «Анашым анажаным»қыздардың орындауында
Жүргізуші:Тамаша,міне көрдіңіздерме біздің балалар өнерлі әнші,мың бұралған биші.
Біз сыйлықты дүкеннен сатып алмаймыз.
Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.
Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!
Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді
Өмір-думан, бақ әкелсін мереке-дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.
Достарыңызбен бөлісу: |