Бағалауды реформалау тобы / Группа реформы оценивания / Тhe Assessment
Reform Group -
бағалау рәсімдерінің, сондай-ақ оқыту мен оқу тәжірибесінің
білім берудегі релеванттық нәтижелерге сай болуын қамтамасыз ету мақсатында
1989 жылы Білім беру саласындағы зерттеулер бойынша британ қауымдастығы
(ағылшын тілінде British Educational Research Association (BERA)) ұйымдастырған
ерікті зерттеушілер тобы. Сонымен қатар бұл топ бағалау рәсімдерінің мақсатын,
міндеттерін және күтілетін нәтижелерін анықтау мақсатында мұғалімдер,
мұғалімдер қоғамдастықтарымен және білім беру ұйымдарымен тығыз
ынтымақтастықта жұмыс істеді. Топ 2010 жылы өз жұмысын тоқтатты.
Достарыңызбен бөлісу: |