Кэролайн Уилсон Алтон Гриззл Рамон Туазон Кваме Акьемпонг Чи-Ким Чун медиa және ақпaрaт тық сaуaт тылық: ОҚытушыларға көмекші қҰР



Pdf көрінісі
бет88/158
Дата06.10.2022
өлшемі5,13 Mb.
#151884
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   158
Байланысты:
Султанбаева ЮНЕСКО 23,11,18


5-мо
ду
ль


114
Әлеуметтік жарнаманың түрлі хабарландыруларының қолданылуы мен эмоционалды 
тартымдылығын талдаңыз. Оның құрамындағы ұсыныстарды анықтаңыз және олар 
сәйкес фактілермен расталатынын тексеріңіз. Әлеуметтік жарнаманың техникалық 
элементтерінің оның мағынасы немесе тартымдылығын қалай арттыратынын 
талдаңыз. Түрлі фотосуреттер мен түсірілім нүктелері беретін әсерлерді түсіндіріңіз. 
Мағынаны беру үшін дыбысты қалай қолдануға болатындығын түсіндіріңіз.
Оқытушылар әлеуметтік жарнаманы «құрамдас бөліктерге» бөліп, оларға рас-
кадровка жасай алады. Бұл үшін жарнаманы бірнеше рет көріп, оқытушылар 
өздерінің раскадровкасында керек нәрсенің барлығын жазып алу үшін әрбір кадр 
кезінде көрсетілімді тоқтатып отыру керек. Кадрлық жоспарлардың үлгілерін 
www.
storyboardsinc.com
сайтынан қарауға болады.
Қандай да бір маңызды әлеуметтік немесе мәдени сұрақ бойынша жасалатын 
әлеуметтік жарнаманың жоспарын дайындаңыз. Әлеуметтік жарнаманы дайындау 
кезінде негізге алуға болатын сұрақтар тізімін дайындаңыз. Оның мақсаты мен ау-
диториясын талқылаңыз. Бұл талқылау жарнамалық ұсыныс жасауға көмектеседі. 
Жарнамаға қандай ақпарат қосылуы тиіс және өзіңіз қандай ақпарат бергіңіз келе-
тінін ойлаңыз. 

Сіздің жарнамаңыздың объектісі кім екенін және оның назарын қалай аударуға 
болатынын ойлаңыз. Ақпарат пен ұсыныс мақсатты аудиторияға бағытталуы ке-
рек.

Концепцияны жазбаша түрде беріп, әлеуметтік жарнама жасаған кезде қолда-
нылуы мүмкін стратегиялар тізімін құрыңыз. Бұл тізімге шығармашылық стра-
тегиялар (жарнама контенті бойынша идеялар) және техникалық стратегиялар 
(өндірістік компонент) кіруі мүмкін.

Контент сипаттамасын, техникалық және шығармашылық стратегияларды, ау-
диторияны қоса отырып, әлеуметтік жарнама хабарландыруының жоспарын 
дайындаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет