Барлық астық дақылдары дәндері бастыру тасымалдау өңдеу және сақтау кезендерінде тірі организм болып табылады әрі оларға тән зат алмасу құбылысы болады.Сақтау кезінде астық дақылы дәндерінде келесідей физиологиялық-биохимиялық процестер жүреді.1,тыныс алу газ алмасу процесі 2,жинап алғаннан кейінгі пісіп жетілу процесі3,өну процесіСонымен қатар өнімді сақтау саласында тәжірибелік маңызы бар сақтау мерзімін білдіретін сақтау ұзақтығы ұғымы қолданылады .Сақтау ұзақтығы немесе дәннің өміршендігі деп сол өнімнің белгілі бір мақсатқа пайдалануға жарамды қасиеттерін сақтап қала алатын уақыт аралығын айтады Дән өміршендігін биологиялық шаруашылықтық және технологиялық деп 3-түрге бөледіБиологиялық өміршендік дегеніміз – зерттеуге алынған дәндердің арасынан бір немесе бірнеше дәннің тіршілік қабілетін сақтап қала алатын уақыт аралығыШаруашылықтық өміршендік-деп мемлекеттік стандарт талаптарына сай тұқымдық материал бойынша шаруашылықтың талабын қанағаттандыратын сапалық белгілердің сақталып қалатын уақыт аралығын айтады Белгілі бір технологиялық жүйеден өткізу арқылы астықтың азық-түліктік мал азықтық немесе техникалық мақсатта пайдалануға болатын жарамдылық қасиеттерінің сақталып қалатын уақыт аралығын технологиялық өміршендік деп атайды.