Кәсіби іссана өткен орын



бет8/9
Дата11.03.2023
өлшемі13,35 Mb.
#171936
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Каиржанов.отчет 3 курса

9 ТАРАУ. Зерттеу бөлімі


9.1. Зерттеу жүргізудің бағдарламасы мен әдістемесі
Зерттеу бағдарламасында танаптық тәжірибелерді Солтүстік Қазақстан облысының қара топырағында салу қарастырылған.
Тәжірибеде минералды тыңайтқышпен қоректендіру аясында (Р0 және Р20) әр түрлі пісу мерзіміндегі жаңа әрі болашағы бар жаздық жұмсақ бидайдың сұрыптарының өнімі мен сапасына әсерін сүр танаптан кейінгі 2 бидай бойынша зерттеу.

22 кесте - Тәжірибе кескіні.





нұсқалар

энергия үнемдегіш-Джон Дир кешенімен себу

сұрып

тыңайтқыш еңгізілген танап (Р20)

тыңайтқыш еңгізілмеген танап (Р0)

Астана

1

4

Омская 28

2

5

Омская 19

3

6

Тәжірибе танабының жалпы көлемі 30 га, әр сорт 10 га-дан, тыңайтқыш аясына байланысты әр мөлдектер көлемі 5 га. Тәжірибе танабының ұзындығы- 1355 м, ені- 221,4м.
Себу мөлшері 3 млн. өнгіш тұқым гектарына. Себу алдында га 20 кг минералды тыңайтқыш енгізу және бидай егістігін 2 – 3 жапырақ фазасында арамшөптерге қарсы гербицидпен өңдеу. Себу жұмыстары Джон Дир кешенді сепкішімен жүргізілді. Себу мерзімі 17 мамыр. Танаптардың орналасуы қатарлап (22 кесте).
Танаптық тәжірибелерде төмендегі бақылаулар мен есептеулер және талдаулар жүргізіледі:
1. Фенологиялық байқаулар Госсортосети (2001) әдістемесі бойынша, танаптың ластануын сандық- салмақтық әдіспен ұпайын анықтау бойынша.
2. Өсімдіктердің өсу жиілігі тұрақты алаңдарда ескеріліп отырады.Ол үшін әр нұсқалардан 1 м2 қалыпты қалыңдықта өскен өсімдіктер бар 2 алаңша белгіленеді. Егін көгінің толық пайда болған кезеңінде танаптық өнгіштікті , ал егін жинау алдында сақталған өсімдіктер санын анықтаймыз.
3. Өнімділік әр мөлдекте жеке жеке 14% ылғалдылық пен 100% физикалық тазалық
ескеріле отырып анықталады.
4. Биометриялық есептеулердің негізгі көрсеткіштері мен бидай өнімділігі А.Л. Доспеховтың (1973) статистикалық өңдеулері бойынша жүргізіледі.
5. Технологиялық сапасы МСТ бойынша анықталады.
6. Тұқымның себу сапасы МСТ сәйкес алынады.
7. Фитопотологиялық сараптама дәнді дақылдар бойынша.

9.2. Зерттеу жұмыстарына пайдаланылған жұмсақ бидай сорттары


Зерттеу жұмыстарына жаздық жұмсақ бидайдың пісу мерзімі әр түрлі мынадай сорттары қолданылды: ортадан ерте пісетін-Астана, орта мерзімде пісетін-Омская 19, және ортадан кеш пісетін-Омская 28 сорттары болып табылады.


Тәжірибедегі бидай сорттарының сипаттамасы:
Астана - Астана сорты F2 Лютесценс және 2959 * Целинный сорттарын жеке сұрыптау әдісімен алған. Жаздық Лютесценс линиясы және 2959.күздік бидайдың Ильичевка сортынан тұқымдарды іріктеу әдісімен алынған. Түршесі Лютесценс. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы бойынша орта мерзімде піседі, Саратовская 29 сортынан 2-3 күнге ерте піседі.Сорт қуаңшылыққа төзімділігімен, түзу мықты сабағымен және сабақ зиянкестеріне білімсіздігімен, қара күйеге төзімділігінің тұрақтылығымен, жоғары тұқым сапасымен ерекшеленеді.1000 тұқымның массасы 30,4 гр.Клейковина мөлшері 37,0 %.(Акмола 2 сортында – 33,2%).
Омская 19 – Ресей федерациясының СібАШҒЗИ да шығарылған, авторлары – Зыкин В.А., Сусляков В.С. және басқалар. Түршесі Лютесценс.Орташа мерзімде піседі,ауруларға төзімділігі Саратовская 29 сортымен бірдей. 1000 тұқымның массасы 30-40 гр. 1994-95 жылдары СҚО Суворов сортсынау мекемесінде сүр танаптан кейін Саратовская 29 стандартынан жоғары орташа 2,44 т/га өнімділікті көрсетті . Ақмола, СҚО, Қостанай облыстарында аудандастырылған[121].
Омская 28 - Ресей федерациясының СібАШҒЗИ да шығарылған, авторлары – Зыкин В.А., Сусляков В.С.,Быков А.А. және басқалар.ортадан кеш пісетін сорт , Саратовская 29 сортынан 2-3 күнге кеш піседі. Жатып қалуға, шашылуға төзімді. Дән орташа ірілікте , жоғары натуралы.Сортта өнімділік, қуаңшылыққа төзімділік және жақсы технологиялық сапалар үйлесім тапқан.
Сорт себу тәсілі мен мерзіміне байланысты жоғары потенциалды өнімділігімен, қуаңшылыққа төзімділігінің , масақтағы мол дән саны мен масақ өнімділігінің үйлесімділігімен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет