Кәсіби іссана өткен орын


ТАРАУ Аймақтың климаты, шаруашылықтың топырақтары



бет3/9
Дата11.03.2023
өлшемі13,35 Mb.
#171936
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Каиржанов.отчет 3 курса

2 ТАРАУ
Аймақтың климаты, шаруашылықтың топырақтары
Аймақтың климаты шұғыл континентальды, құрғақшылықты. Жылдық орташа температура +0,6 °С құрайды. Соңғы он жылдағы жауын-шашын мөлшері 250-ден 400 мм аралығында ауытқиды. Жауын-шашынның көп мөлшері шілде айында түседі. Қысы аз қарлы, соңғы жылдары әдеттен жұмсақ. Жел жыл бойы соғып тұрады. Жылдық орташа жел жылдамдығы 4,4 м/с тең. Көптеген қолайсыз климат жағдайларына қарамастан, шаруашылықта жоғары және тұрақты өнімге топырақтағы ылғалды сақтауға бағытталған дұрыс агротехника мен кешенді іс-шараларды өткізіп отыру арқылы қол жеткізуде.
Шаруашылықтың аймағы өзендер, ұзынша бөлшектелген ұсақ адырлы шоқылы жазықтықтардан тұрады. Жазықтық жерлерде бірен саран ғана далалық және жазықтық ойпаңдар кездеседі, олардың кейбіреуінде бұталар өседі.
Шаруашылыұтың аймағы қара топырақты орманды-далалы зонада орналасқан. Шаруашылықта бар топырақ материалдары негізінде, шаруашылық аймағына қара топырақтың кәдімгі карбонатты орташа қуаттыжәне әлсіз қуатты типтері белгіленген, орташа гумусты топырақтар механикалық құрамына байланысты орташа саздақ және жеңіл саздақ болып бөлінеді. Салыстырмалы түрде жер көлемнің көп бөлігін кәдімгі карбонатты қара топырақ алып жатыр. Олар кең толқынды жазықтықтарда орналасады, таза күйінде де сондай-ақ, басқа топырақ түрлерімен кешен түрінде де кездеседі. Қарашірінді мөлшері 3%-дан 7% аралығында ауытқиды. Басқа интрозональдық топырақтар арасынан: шалғындық қара топырақты, шалғындық, шалғындық-батпақты, сортаң және сор топырақтарды айтуға болады.
2.1. Климаттық және метеорологиялық жағдайлар
Шаруашылықтың климаты шұғыл континентальді, ауа райы жылдам ауытқиды, қысы ұзақ жазы қысқа. Жылдық орташа ауатемпературасы 0,6-1,8° С. Қыс мезгілі орта есеппен 5,5 айға созылады. Жекелеген жылдары аязды кезеңнің ұзақтығы 0,5 айға көп немесе 0,5 айға төмен болуы мүмкін. Ең суық ай – қаңтар, орташа температура -17,6°С. Минимальді температура 30°Сдейін төмендейді, жекелеген күндері олар -45 °С және -50 °С жетеді. Ауаның орташа жылы кезеңі шілде айында 19,5 °С-ді құрайды, жекелеген күндері +24 °С, +26 °С-ді құрайды, өте сирек +40 °С-ге жетеді. SАуаның салыстырмалы
ылғалдылығы орталық бөлігінде мамыр мен қыркүйек айлары аралығында 55-70% құрайды. Күннің ыстық болуы, ауаның салыстырмалы ылғалдығының төмендігі және күшті желдің жиілігі жауған жаңбырды буландырып, жиі түрде құрғақшылықтан өсімдіктер зардап шегеді.
Облыс аумағының климатына тән жағдай – жыл бойы соғатын күшті жел, ол көктем мен қыс айларына қарағанда жазда шамалы болады. Жылдың суық кезеңінің көп бөлігін батыс азиялық антициклон айқындайды. Көктемдегі ауа-райы тұрақсыз ережесімен сипатталады. Жаз айларында ауаның пәрменді жылуынан бұлтсыз, құрғақ, ыстық ауа-райы қалыптасады. Желі жиі соғатын айлар – ақпан мен наурыз, ал жаз айларында құмды болып тұрады.
Танаптық дақылдардың өсіп-дамуына жауын-шашын негізгі фактор болып табылады. Және осы аймақтың климатын айқындайтын да осы фактор.
Топырақ бетінің ала-құла болып келуі топырақ түзілуінің, рельефтің, ылғалдану дәрежесінің біркелкі болмауына себеп болып табылады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай топырақтың аймақтағы түрлері: кәдімгі қара қара топырақ, оңтүстік қара топырақ, қара топырақ болып біртіндеп өзгеріп отырады. Қарашірік қабатының қалыңдығы 18-ден 50 см-ге дейін жетеді, қара шірік мөлшері 2,5-6,07 %. Төменгі тау жоталарын аз көлемде тау қара топырағы мен тау қоңыр топырағы алып жатыр. Облыс аумағының жартысын қара топырақ басып жатыр, олар аса терең емес (40-80см). Топырақтың аймақтағы түрлерінің ішінен негізгі мына топтарын ажыратуға болады: қалыпты, карбонатты, сортаңдалған, тұзды, дамуы толық емес (топырақтың қалындығы 40 см-ден аспайды) және аз дамыған (30 см-ден жоғары). Аз дамыған топырақта тас жадығаттары (материалдар) жиі кездеседі және қара шірік аз болады. Осы аумақтарда карбонатты саздақ су айрығы кездескді, беткі қабаты ауыр сазды және карбонатты сазақ түрімен ерекшеленеді. Топырақтың аймақтығынан басқа интераймақтық түрлері де кездеседі. Оларға шалғынды – дала. Сондай-ақ жер асты суларына жақын немесе жоғары ылғалданудан түзілетіндер жатады. Орман алқаптарында шақат түсті күлгін топырақ, күңгірт сұр орман және шала жетілген орман топырақтары кең тараған. Солтүстік Қазақстан облыстарының топырақ қыртысы әртекті. Солтүстік Облыстарда қара топырақты, оңтүстікке қарай қоңыр топырақты, ал оңтүстігінде-шөлейт далалық топырақты болып келеді. Барлық жерлерде хлор сульфатты сортаңдануы бар топырақтар да тараған. Сортаң жерлер бүтін алқап болып та, басқа топырақтар мен қабаттасып та тараған, олардың үлесіне кейде 30-50% кеңістік тиеді.
Солодтар – орманды дала аймағында кездесетін сор аң топырақтар, бұлардың пайда болуы сортаң топырақты жерлердің бетінің ылғалдануы әсерінен, дүркін-дүркін жуылуына байланысты. Солтүстік Қазақстанның орманды-дала және далалық аймақтарында ең көп тараған мынадай топырақтүрлері, түр тармақтары және типтік топтары кездеседі.
Қара қоңыр топырақ су айырықты беткейлерде, бетегелі-ақ сәулелі өсімдіктер өскен жерлерде кеңінен тараған. Ауыр-саздақты топырақта қарашірік қабат 40-50см және ның мөлшері 3,0-4,5%. Қарашірік қабатының астында 40-50 см тереңдіктен бастап карбонатты қабат, ал 100-150 см тереңдікте гипсті қабат жатады. Қара қоңыр жеңіл саздақты және құмдақтопырақта қарашірік қабаты 22-35 см, ал оның мөлшері 2-3%. Олардың арасында карбонатты және сортандау топырақтар кеңінен тараған.
Қоңыр – ауыр саздақты топырақта қарашірік 2,0-3,5% және оның қабаты 20-40 см, бұл топырақтың көптеген түршелерінің құнарлығы мен қарашіріктілігі одан да аз болып келеді. Далалық аймақтың оңтүстік шетіне қарай шөлейт ашық қоңыр топырақта кең тараған. Ашық қоңыр сортаңсыз топырақтың қарашірік қабаты 30-40 см және оның мөлшері 2% шамасында. Топырақ түзетін аналық жыныстар – құмдақ қыртысы және ұсақ саздақты, кейде ауыр саз түрінде. Ашық қоңыр топырақтар сортандармен қара түсті өте ұсақ қуыстармен қабаттасып жатады. Сонымен қатар бұл аймақта ашық қоңыр сортаңдау топырақ кең тараған, аз дамыған ашық қоңыр және шалғынды қоңыр топырақта да кездеседі.

6 кесте - Көпжылдық орташа көрсеткіштермен салыстырғандағы 2010ж түскен ылғалдың орташа мөлшері





Жыл

Айлар

Мамыр-тамыз айлар ында




V

VI

VII

VIII




2010

1,0

11

15,5

5,0

32,5

Орташа көпжылдық

30

51

59

46

186

Орт. көпжыл. ауыт

-29

-40

-43,5

-41

153.5

Биыл жауын мөлшері өте аз, мамыр айынла 1мм жауса, маусымда 11 мм жауған екен. Шілде айында 15,5 мм жауса, тамызда 5,0 мм жауды. Орташа көпжылдықтан ауытқуы 153,5 мм.


7 кесте - Көпжылдық орташа көрсеткіштермен салыстырғандағы 2010ж жылы кезеңіндегі орташа тәуліктік ауа температурасы,





Жыл

Айлар

Температура жиынтығы

IV

V

VI

VII

VIII

IX

Сәуір-қыркүйек

Мамыр-қыркүйек

2010

6

13,5

20,1

18,6

20,2

8,8

87,2

81,2

Орташа көпжылдық

11

12,5

18,1

20,4

17,9

13,7

93,6

82,6

Көпжылдық орташадан ауытқуы

-5

+1

+2

-1,8

+2,3

-4,9

-6,4

-1,4

Ескерту қыркүйек айындағы орташа тәулікті температура алғашқы он күндікі.
2010 жылғы мамыр – қыркүйек айларындағы орташа тәуліктік ауа
температурасы 8.80С-дан 20.20С аралығындағы көрсеткіштерді көрсетті. Көпжылдық орташадан ауытқуы -50С-дан +2.30С аралығында болды. Айта кетсек биыл жаз айлары өте ыстық және құрғақ болды.
8 кесте - 2010ж. ылғалмен қамтамасыз етілуіне байланысты нақты мүмкін өнім (НМӨ)



алғы дақыл

дақыл, сорт, будан

себу алдындағы топырақтың 1м қабатындағы сіңімді ылғал қоры, мм

өсіп-жетілу кезеңіндегі түскен ылғал қоры, мм

жиынтық су пайдалану

орташа су пайдалану коэффициенті (Кс) бойынша НМӨ, мм*ц/га

нақты өнімділік, ц/га

нақты су пайдалану коэффициенті, мм*ц/га

1-ші бидай

бидай, Омская 19

110

32,5

127.5

10,6

9.3

120

2-ші бидай

бидай, Астана

96

32,5

114,5

9,5

9.3

120

Шаруашылықтың әрбір танабындағы пайдалы ылғал мөлшерін себу алдында анықтайды немесе жақын орналасқан метеостанция деректерін пайдаланады. Мен өз жобамда себер алдында әр танаптан 1 м терендіктен ұзын щупты жерге кіргізу арқылы қанша сантиметр тереңдікке кірсе, сонша ылғал болатынын анықталды.


Нақты жағдайда (дақыл, сорт, танап) қалыптасқан ылғалмен қамтамасыз етілуін, себу алдындағы пайдалы ылғал мөлшерін немесе өсіп-жетілу кезеңінің басталуын (көпжылдық және күздік дақылдар), дақылдың өсіп жетілуі кезеңінде түскен ылғалды және қалдық ылғалды негізге ала отырып, жиынды су пайдалану мен НМӨ есептелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет