Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет18/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018

Ш.Е. Әлжанов әдіс (метод) мұғалімнің қолындағы негізгі қаруының бірі»,- деп пайымдайды.оқыту мақсатына сәйкес мектепте оқыту әдістерін таңдаудың негізгі критерийлері ретінде бірнеше шарттарды қояды:
«1. Пәннің барлығына бірдей өзгермейтін әдісті қолдануға болмайды;
2. Оқыту методтары оқушылардың жас ерекшеліктері мен психологиялық дамуына сәйкес болуы керек;
3. Оқыту методтары мектептің оқыту оқу құрал-саймандарына басқа жағдайларға қолайлы болуы.
Ш.Е.Әлжановтың пікірінше мұғалімнің ауызша баяндауы, сөйлеу әдебі бірнеше талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  • мұғалім асықпай, жайлап сөйлеумен қатар, оның тілінің түсінікті, образды, көркем болуы шарт.

  • оқушылардың ойында тақырыптың ең негізгісін, ең қажетті, маңызды жерін қалдыруға тырысу керек.

  • тақырыпты түсіндіргенде мұғалімнің сөзі жоспарлы, жүйелі болуы керек.

Сонымен қатар ғалым мұғалімнің сұрақты нақты, дұрыс қоюы міндетті екенін айтады: «Тетіктің көбі сол сауалдарды дұрыс қоя білуде. Мұғалім сауалдарды дұрыс қоя білмесе, жауапта дұрыс болып шықпайды». Ш.Әлжанов сұрақ құрылымы көмескі, өте жеңіл, баланың білімінен тысқары болмай, оқушы ойланып ықшамды, дәлелдермен нақты түрде жауап алатындай сауал болуы керек деп пайымдайды.
Ғалым оқыту әдісі мен оқытудың психологиялық ерекшеліктері мәселесін тығыз байланыстыра отырып, сабақты оқытудың негізгі ұйымдастыру формасы ретінде қарастырады. Сабақтың түрі мен құрылымы мәселесін көтере отырып, автор мұғалімнің сабаққа дайындалуына, сабақты өткізуіне көп көңіл бөліп, оған бірнеше талаптар қояды. Мысалы:
1. Алдағы өтетін сабақтағы тақырыптың негізгі көздеген мақсаты қандай материалдарды өтпек, сол тақырыптың мазмұн жағын ойланып, оны жоспарлап келуі керек.
2. Осы сабақ пен келесі сабақпен өткен сабақтағы тақырыптың мазмұнын қалай байланыстырмақ. Бұл өте қажет.
3. Ең ауыр мәселе, бір сабаққа арналатын материалдың көлемі. ...Себебі бір тақырыптың 45 минуттық бір сабаққа сиюы не симасы, әрине тақырыптың көлеміне байланысты, екіншіден әр пәннің өзгешелігіне байланысты, үшіншіден, мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
4. Сабаққа дайындалған уақытта сол оқытылатын класстағы балалардың жас ерекшеліктерін, білім деңгейлерін және басқа өзгеше жағдайларын есепке алу.
5. Сабақ уақытындағы коммунистік тәрбиені қаматамасыз ету жағын ескерер.
6. Теориялық білімді социализм құрылыстың тәжірибесі мен байланыстыру негізгі шарттың бірі.
7. Сабақтағы оқылатын материалдың ілімі болмау І, ІІ, ІІІ, VІІІ-Х кластарда да әр пәннің ілімдік сапасын төмендетуге болмайды. Екінші сөзбен айтқанда, сабақты түсінікті екен деп өте жеңілдетіп, жабайыландырып ілімдік маңызын жойып жіберу қауіпі бар. Ендеше мұғалім осы тілектерді ылғи есінен шығармауы керек.
8. Алдағы өткізетін сабақты қандай методпен өткізеді, мұғалім өзі сөйлеп түсіндіре ме, әңгімелесе ме, опыт, демонстрация жасай ма мұны ертеден ойланып, жоспарламаса ойына келген «методпен» сабақты тек өткере салуға болмайды.
9. Сабақтың ашық, түсінікті, көңілді болуы көрнекті оқу құралдарына байланысты. Құрғақ сөзбен түсіндірген қалай, сөзді байытып, сонымен қатар оқушылардың көз алдына келтіріп, көрнекті оқу құралдары арқылы көрсетіп отырып, түсіндірген қалай? Біздіңше, соңғы жол дұрысырақ тәрізді.
Ш. Әлжановтың педагогикалық иедясында жалпы сабаққа қойылатын негізгі талаптар орындалмай сабақтың сәтті өтетініне кепілдік беруге болмайтынын баяндайды. Демек әр сабақтың жоғары деңгейде өтуі мұғалімнің білімдігіне, тапқырлығына, шығармашылықпен жұмыс істей алатын қабілетіне және шеберлігіне байланысты.
Ш. Есмұханбетұлы еңбегінде «Оқыту методтарының психологиялық-педалогиялық негізі» атты тарау «Стимуляция мәселелері», «Ес және есте қалдыру мәселелері», «Ой мәселелері», «Дағдылану мәселелері» деген бөлімдерден тұрады.
Ғалымның стумил әдісіне тоқталып кетсек, аталған әдіс тұлғаның лидерлік сапаларын дамытуда орны ерекше. Мысалы, түіндірме сөздіктерінде стимул – лат.т. stimulus – өгіздірді түртетін темірден, ағаштан жасалған үшкір таяқ. Ал педагогикада стимул – сыртқы түрті. Демек стимул белгілі бір ішкі мотив туғызатын сырттай қозғаушы күш. Педагог шәкірттерінің лидерлік сапаларын дамыту мақсатында мотивациялау үшін әр түрлі ықпал ету әдістерін қолдану іс-әрекетін стимулдау деп атаймыз. Стимулдау әр түрлі формаларға бөлінеді. Стимулдау мотивациялауға қарағанда өзгеше. Себебі стимул беру арқылы лидерлік сапаларды дамытуға қажетті ішкі түрткі мотивациялау жүзеге асады, мысалы, жігерлендіру, ынтаны артыру, тырысу, өзін-өзі тану, адамгершілік, бағыттылық, мақсатқа жету, жауапкерілік, жасампаз, т.б
Әлеуметтік табыстылық үшін қажетті лидерлік сапаларды дамыту үшін ұстаздың шәкіртінің жан-жақты дамуына әсер етуші педагогикалық шарт ретінде психология және педагогика бойынша жан-жақты білімінің болуын, оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін, өзі беретін пәнді жетік меңгеруін және сол пәнге деген сүйіспеншілігін, өзінің қызығушылығын балаларға жеткізе білу білігінің болуын ерекше атап өтеді. Ғалымның ойынша, педагогикалық іс-әрекет үдерісінде мұғалім қоғам талабы бойынша балаларды тәрбиелеуге міндетті және сол талаптарға сай оқыту мен тәрбиелеуді мақсатты түрде жүзеге асырушы тұлға. Осы мәселе жөнінде ғалым: «...Іс жүзінде оқытып жүрген мұғалімдердің кейбіреулері (әсіресе ауыл мұғалімдері) тәрбие оқыту жұмыстарында психология, педалогия пәндерінің тәрбиеге, білімге қоятын тілектерін көбінесе орындамайды, ескермейді. Әрине бұл дұрыс емес. Шынында осы айтқан пәндерден хабары жоқ мұғалімнің дұрысында мұғалімдігі де шамалы. Әсіресе психология мен педалогияның оқыту методтарына қоятын негізгі заңды тілектерін орындауға әр мұғалім міндетті. Біз бұларада сол тілектердің бәрін сипаттамай-ақ, тек кейбір негіздеріне ғана тоқталмақшымыз. Қашанда мұғалім баланың психикасының (мінез-құлқының) өсіп-даму заңын, ілтипат, ес, ұғыну, ойлау заңын, баланың әр жасының шегінде қандай түрде өзгертіліп, отыратындығынан хабары болуы керек. Болмаса балаға білім беріп, оны дұрыс тәрбиелеу өте қиын болады. Баланы ілгері ұмтылдырып, білімге қызықтыру мәселесі өте бір маңызды мәселе, шынында бала ілгері ұмтылмаса, білімге қызықпаса, онда мұғалім көздеген мақсатына жете алмайды. Сондықтан мектеп және мұғалім баланы өз ықтиярына қоя бермей, қайткенде де белсенді түрде араласып баланың ынтасын, оның қызығушылығын пролетариат топ мақсатына қарай бейімдеп коммунистік көзқарасты туғызуы керек. ...Мұғалім өзінің оқытып жүрген сабағына оқушыларды қызықтырып, ілгері ұмтылдыруы ол ең алдымен өз пәнін жаратып соған берілуі керек, сонда ғана мұғалім балаларды еліктіріп артынан ертіп, сол оқылатын пәнге қызықтыра алады». Автор оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, ынталандыру жолдарын сипаттап, «баланың сабаққа қызығушылығын артуы мұғалімнің сабақ беру әдісіне, яғни оқыту методтарына байланысты» деген тұжырымға келеді. Бұдан ғалым-педагогтың оқытушының беделі мен басқарушылық ролін арттыру қажеттілігіне ерекше тоқталатындығын байқаймыз. Яғни, мұғалім оқыту әдістері арқылы оқушыларға білім беруде өзінің іс-әрекетін балалардың таным әрекетіне басшылық етуге бағыттап отыруы тиіс.
Жоғарыда талдау жасалған ағартушылардың идеяларынан педагогтардың маңызды кәсиби лидерліктерін дамытудың қаншалықты маңызды екенін көруге. Аталған шарттар мен талаптарды орындау және кәсіби міндеттерді жүзеге асыру педагогтардан кәсіби білім мен тәжірибеден басқа адами құндылықтарға негізделеді. Білім алуға, оқуға, адами құндылықтарды бала кезден дарыған лидері бар халықтың, топтың немес ұжымның еңбек әлеуеттері жоғары болмақ.
Лидерлік сапалары дамыған басшысы бар елде, топта, ұжымда жұмыс істеу мүмкіндігі, жоғары идеяны жүзеге асыруда өзін қажетті адам ретінде сезінуі қуаныш және ішкі қанағаттану сезімін тудырады, бұл қаражаттық пайда көруден маңызды. Бүгінгі күн біздің қоғамдық-саяси және мәдени-рухани өмірімізде демократиялық бағыт кең өріс алған заман. Себебі авторитарлық тоқырау заманында өмір сүрген Ұлт лидерлері қазақ ағартушыларының өскелең ұрпаққа сапалы білім беру арқылы еркіндік, белсенділік, жігерлілік т.б., құндылықтарды дарытып, лидерлік сапаларын дамытудағы педагогтың кәсіби міндеттеріне ерекше назар аударған. Ел үшін адал лидер армандаған қазақ халқының XX ғасырдың басындағы құнды идеялары тұлғаның әлеуметтену үдрісінде лидерлік сапаларын дамытудың қайнар көзі.

Семинар сабағының мазұны


Қазіргі білім беру жүйесінде лидерлікті дамыту мәселелері. Кәсіби лидерлік сапаларды қалыптастыру. XX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанда лидер және лидерлік идеялардың қалыптасуы мен дамуы. Ұлт интеллигенциясының жаңаша мектеп құру жолындағы еңбектері. М. Дулатұлының ұлттық идеологияға негізделген педагогикалық мұрасындағы лидерлік идеялары. Алаш қайракерлерінің еңбектерінде лидер және лидерлікке тәрбиелеу идеяларының бағыттары. Тұлғаның лидерлік сапаларын дамытуда тәрбие теориясының маңызы


Тақырып бойынша сұрақтар





  1. Білім берудегі лидерлік туралы түсінік

  2. Білім берудеггі лидерлік түсініктемесіндегі көзқарастар

  3. Лидерлікті тек өзін-өзі реттеу тетігі ретінде ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жүйені, өзін-өзі басқарудың факторы ретінде қарастыру

  4. Мемлекет саясатың білім беру жүйесіне ықпал етуі

  5. Қазақстанда саяси платформаның ауысу жағдайында жастарды оқу-тәрбиелеу мәселелері

  6. Алаш қайраткерлерінің қазақ балаларына білім беру жолындағы күресі.

  7. Ұлы тұлғалардың педагогтарды кәсіби лидерлікке тәрбиелу идеялары

  8. Патша үкіметінің Қазақстанды отар аймақты әлеуметтік-экономикалық құлдыққа түсірудегі мақсаты

  9. Қaзақ ғaртушылaрының еңбектерiндегi лидерлiк идеялaры.

  10. XX ғасырдың басында қазақ интеллигенциясының мектептің ашылуына қосқан үлестері

  11. А.Байтұрсынұлының педагогикалық жолға бет бұруына әсер еткен факторлар

  12. А. Байтұрсынұлының еңбектеріндегі лидерлік идеялары

  13. А. Байтұрсынұлының «Қазақша оқу жайынан» атты мақаласынының басты идеясы

  14. Кеңес өкіметінің кезінде Қазақстанда білім беру жүйесінде қол жеткізген жетістіктері.

  15. Патшалық Ресейдің „культрогерлік“ саясаты:

  16. Қазақстанда Кеңес өкіметі орнағанан кейінгі педагогиканың басты мақсаты мен міндеттері

  17. 1917 жылы Ресей педагогы А. Анастасиевтің «Народная школа» атты кітабындағы сабақ өткізуде мұғалімге қойылған талабы.

  18. Қазақстанда саяси платформаның ауысу жағдайында ұлт интеллигенциясының жаңаша мектеп құру жолындағы патриоттық іс-әрекеттері

  19. М. Дулатұлының лидерлік идеялары

  20. С.Торайғыровтың Қазақстанның болашақта өркениетті дамуының ағартушылық саласында қосқан үлестері.

  21. С. Торайғыровтың лидерлік сапаларының дамуына ықпал еткен ұзтазы.

  22. Ж.Аймауытұлының педагогика саласында білгірлік танытып, өз тәжірибесін ұтымды пайдалануы

  23. Ж. Аймаутовның «Комплекспен оқыту жолдары» атты еңбегінің басты идеясы

  24. Ж. Аймаутов оқушының оқуға ынтасын, белсенділігін дамытуды қсынған жобалары.

  25. Ж. Аймаутовұлының Ә. Бөкейхановтың теория мен тәжірибені байланыстыру керек деген идеясын қолдау.

  26. Ж.Аймауытұлының сабақ жаспарының мазмұнындағы лидерлік сапаларды дамыту идеясы. (Қазіргі кездегі сабақ жоспарымен салыстыру арқылы жауап беру)

  27. М. Жұмабайұлының 1926 жылы бірлесіп жазған ірі педагогикалық еңбегі.

  28. Х.Досмұхамедұлының ұлттық тәлім – тәрбиенің адамның жас кезеңдеріндегі көріністері

  29. Х.Досмұхамедұлының педагогикалық қызметінің тағы бір қыры – этнопедагогикалық терминдерді ұстануы

  30. Х. Досмұхамедұлының халық-ағарту саласындағы еңбегінің бір саласы

  31. Кеңес өкіметіндегі халықтың арасындағы сауатсыздықты жоюдың алғашқы қадамы.

  32. Ш.Е. Әлжанов қазақ мектептердегі оқу сапасын арттырудағы еңбектері.

  33. Ш.Е. Әлжановтың педагогтардың кәсіби лидерліктерін дамыту идеялары.

  34. Ш.Әлжанов жоғарғы мектепте оқыту әдістерін жетілдіру туралы

  35. Ш.Әлжанов қазақ мектептерінде білім беруде, оқу шеберлігін қалыптастыруда педагогтарға қойған талаптары

  36. Ш. Есмұханбетұлы «Оқыту методтарының психологиялық-педалогиялық негізі» атты еңбегіндегі лидерлік идеялары.

  37. Ш.Әлжанов оқыту үдерісіндегі педагог басшылығы

Өзіндік жұмысқа тапсырмалар:





  1. X X ғасырдың басында Алаш қайраткерлерінің педагогтарды кәсіби лидерлікке дайындау мәселелері

  2. А. Байтұрсынұлының өлеңеріндегі лидерлік идеялары

  3. Ж. Аймауытовтың еңбектеріндегі лидер және лидерлік идеялары

  4. Ж. Аймауытовтың «Ақбілік» поэмасындағы лидерліктің гендерлік аспектісі

  5. Ж. Аймаутов еңбегінде баланың интеллектуалды дамуына байланысты идеялары

  6. Ж. Аймаутов «Тәрбиеге жетекші» еңбегінің педагогтың кәсіби лидерлігін дамытудағы маңызы

  7. Ж. Аймаутов «Қарт Қожа», «Күнекейдің жазығы» поэмасындағы лидерлік идеялар

  8. XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ еліндегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік жағдайлардың ғалым, педагогтардың лидерлердің дүниетанымдық көзқарастарының қалыптасуына әсері

  9. Алаш қозғалысының қайраткерлерінің лидерлік идеяларының құндылығы

  10. Х.Досмұхамедұлының лидерлік идяларының қалыптасуы мен дамуы

  11. Х. Досмұхамедұлының «сынықтан өзгенің бәрі жұғады» идеясының мәні

  12. Х. Досмұхамедұлының «Оқушының саулығын сақтау» еңбегіндегі лидерге тән ерекшеліктері

  13. «Алаш» қозғалысы мен олардың көшбасшыларының қызметі

  14. М. Дулатұлының педагогикалық көзқарасндағы лидерлік идеялары

  15. М. Жұмабайұлы баланың лидерлік сапаларын дамытуда психологиялық ерекшеліктері

  16. Ұлы тұлғалардың педагогтарды кәсіби лидерлікке тәрбиелу идеялары

  17. X X ғасырдың басындағы қазақ ағартушыларының педагогикалық үдерісті басқару идеялары

  18. XX ғасырдың бас кезінде Қазақстандағы құнды идеялар тұлғаның әлеуметтену үдрісінде лидерлік сапаларын дамытудың қайнар көзі.

  19. Алаш қайраткерлерінің өмірбаяны мен шығармашылығы

  20. М. Дулатұлының «Оян қазақ» өлеңіндегі лидерлік идялары

  21. М. Дулатұлының мұғалімнің кәсібилігі негізгі қызметін анықтап, пәнді оқытудың құрылымын көрсеткен еңбектері

  22. М. Жұмабайұлының «Педагогика» оқулығындағы лидерлік мәселелер

  23. Ш.Е. Әлжановтың педагогикалық идясындағы баланы оқытуда қолданатын әдістердің лидерлік сапалардың дамуына ықпалы.

  24. Ш.Е. Әлжановтың педагогикалық еңбектеріндегі лидерлік мәселелер

  25. Ш. Есмұханбетұлының еңбектеріндегі оқушының қызығушылығын тудыруда мұғалімнің рөлі

  26. XX ғасырдың басындағы ұлт зиялылары және лидерлік іс-әрекеттері мен идеялары

  27. С. Торайғыровтың жастарды лидерлікке тәрбиелеу идеялары

  28. С. Торайғыровтың сан қырлы және әртүрлі жанрлы бай мұрасы.

  29. С. Торайғыров – ағартушы педагог

  30. XX ғасырдың басындағы Алаш зиялыларының қазақ жастарының лидерлік сапаларын дамытуда дидактика бойынша айтқан идеялары

  31. Алаш қайраткерлерінің педагогтың кәсіби лидерліктерін дамыту идеялары

Ұсынылған әдебиеттер тізімі


Негізгі әдебиеттер:

  1. Антология педагогической мысли Казахстана / Сост. К.Б. Жарыкбаев, С.К.Калиев. – Алматы, Рауан, 1995. –512с.

  2. Жарикбаев К.Б., Калиев С.Қ. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. Алматы, 1995-34б.

  3. Вендровская Р.Б. Очерки истории советской дидактики. –М., Педагогика, 1982.-185с.

Қосымша әдебиеттер

  1. Сейталиев Қ.Б. Қазақстанда жоғары педагогикалық білім берудің қалыптасуы мен дамуы (1920-1991 ж.ж). пед. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – А., 1996.

  2. Шалғынбаева Қ.Қ. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың педагогикалық–ағартушылық идеялары. пед. ғыл. кан. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – А., 1995

  3. Ә. Бөкейханов шығармалары Алматы, «Қазақстан» 1994 384б.

  4. Ә. Бөкейханов таңдамалы Алматы, «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясы 1995 477б.

  5. Байтұрсынов А. Шығармалары Алматы, 1989ж 442б.

  6. Жұмабаев М. Таңдамалы шығармалар. Алматы: Ғылым, 1982-272б

  7. Ж.Аймауытов Таңдамалы шығармалар 5т (қазақ тілінде)

  8. Ж. Аймауытов 5-томдық шығармалар жинағы Алматы 8. «Ғылым» 1998 VІ т 447б.

  9. Ж. Аймауытов 5-томдық шығармалар жинағы Алматы «Ғылым» 1999 V т 301б.

  10. 12. Сембаев А.И. История развития школ и народного образования на юге и Юго-Востоке Казахстана (1860-1930 гг). Автореф. дисс. на соиск. учен. степени канд. пед. наук. – Ташкент, 1978.

  11. 13. Қазақ тілі терминдерінің салалаық ғылыми түсіндірме сөздігі Педагогика және психология Алматы «Мектеп» 2002 251б.

  12. Тұрсынова А.Б. Халел Досмұхамедұлының тәлім-тәрбиелік мұрасы (этнопедагогикалық және этнопсихологиялық аспектілері) 13.00.01.

  13. Жалпы педагогика педагогикалық ғылым канд. Ғылыми дірежесін алу үшін жазылған диссертация, Алматы 1997 134б.

  14. Ә. Сыдықов «Жаңа типті мектептегі оқу прцесі мен оқыту әдістері жайында» Алматы, 1960.

  15. Храпченков Г.М. Школы Казахстана в начале ХХ века (1901-1917 гг). Дисс. на учен. степени канд. пед. наук. – А., 1996.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет