Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет17/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018

Класта (сыныпта) болатын жұмыс пен далада болатын жұмысты бір күнде әлденеше алмастырма.

  • Жаттығу жұмысының бір түрін күн сайын келтіре берме.

  • Жаттығу жұмысының барлық түрін бір күнде істетіп, не жаттығудың әр түріне кетерлік уақытты мөлшерле.

  • Жаттығу жұмыстарын күндік тапсырмалармен байланыстырып отыр.

  • Қандай әңгіме, өлең, ойын, дене тәрбиесі, ненің суреті, диограмасы, есебі, ою, сызу т.б. дәл көрсетіп отыр.

  • Жаттығу жұмысы деп мына нәрселер айтылатыны есте болсын. Сурет, ою-сызу, саздан нәрсе соғу, т.б.

  • Қандай адамдармен мекемемен, ұйымдармен қатынас қылатының, олардан не пайда алатыныңды, оларға не пайда келтіретінінді шамала.

  • Өзің (мұғалім) аз сөйлегендей, бала көп жұмыс қылғанда материалды, әдісті істе түрлендіріп отыр».

    Ж. Аймаутовның мұғалімдерге ұсынған жұмыс жоспарындағы қойған мақсатына көз жіберсек, баланың биологиялық және әлеуметтік дамуы толық ескеріліп жасалған, сонымен қатар колданбалы білім беру әдісін пайдалана отырып, оқытудың қағидаларын (принциптер) қатаң ұстануды ескерткен:
    - білімнің шамаға сәйкестігі мен оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу;
    - оқытудың түсініктілік;
    - жүйелілік және бірізділік;
    - қарапайымнан күрделіге қарай жылжу және тб. Мысалы, қарапайымнан күрделіге қарай жылжу бойынша берілетін білім оқушының ой өрісін дамытуға таным белсенділігін арттыруға бағытталуы керек. Ең әуелі материалды оқушы қиындықсыз түсінетін қарапайым мәселелерді оқыту негізінде біртіндеп күрделендіру жайлы Ж. Аймауытов былай дейді: «Оқыту жақыннан алысқа, жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, таныстан танысқа жылжып отыратын болсын. ...Шәкірттің ойы қозғалып, өз бетімен жұмыс қылмаса, жан қуаттары жетілмейді, ендеше білім де ала алмайды». Алдында өткен материалды оқушы әбден түсініп болмай, жаңа ұғымды қабылдау мүмкін еместігі туралы былай түйіндейді:
    «Оқыту баланың дәл білімі жеткен жерден басталып, содан үзілмей, созылмай біртегіс жүріп отыруы керек. Мұғалім бір пән туралы бастамай тұрып ол берілетін білімнен баланың қандай хабары бар екенін шамалауға тиіс. Олай болмай, оқыту пайда бермейді. Білім жетпеген жерден берілген сабақ баланың жанына сусын бермейді, шабыттандырмайды». Мұғалім жүйелілік және бірізділік қағидаларын ұстану барысында балалардың өзіндік жұмыс жасауына, жаңа білім алуға қызығушылықтарын жүйелі түрде артуына, күнделікті сабаққа дайындалуға ынталануын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ оқушыға білім беруді тым жеңілдетуге болмайтынын да айтқан. Мұндай жағдайда оқушының өз бетімен жұмыс жасау қабілеті төмендейді және белсенділігінің дамытуына кедергі жасайды. Ж. Аймаутов бұл тұрғыда былай дейді: «Оқу үнемі оңай болып отырса, балаға ойланарлық еш нәрсе қалмайды. Шәкірттің ойы қозғалып өз бетімен жұмыс қылмаса, жан қуаттары жетілмейді, ендеше білім де ала алмайды. Үнемі оңайға әдет алған бала қиын нәрсені үйренуге бой жар бермейді, мұғалімге сүйеніп кетеді. Сондықтан баланың оңай ұққанына әуес қылмай, көбінесе баланы ойландырғандай қылып оқытуға тура келеді». Автор бұл жерде мұғалімдерге білімді дайын түрде беруді азайтып оқушыға шығармашылық қабілеттерін дамытатын өзіндік жұмыстарды беруді ұсынады. Оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін баланың ойланып, өзбетінше ізденуіне жағдай туғызатын әдістер пайдалану керек. Өзіндік жұмыстар арқылы оқушының лидерлік сапаларын дамыту тиімді жүзеге асады. Себебі өзіндік жұмысты орындау жауапкершлікті, көп ізденуді, білімді, шығармашылықты, шыдамдылықты, батылдықты, өзінің күшіне сенуді т.б. көптеген лидерлік сапаларды шыңдайды. Осыдан келіп оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын бірнеше талаптарды көрсетуге болады:

    • біріншіден – оқушылардың білім деңгейі, өзбетінше орындауға қажет дайындық шамасы, қабілеттері ескеріледі;

    • екіншіден – оқушыларды жұмыстың міндет-мақсаттарымен таныстырып, олар игеретін негізгі жұмыс бағыттары түсіндірілуі қажет;

    • үшіншіден – қажет болған жағдайда қосымша материалдармен қамтамасыз етіледі;

    • төртіншіден – оқушылардың теориялық білімдерін іс-жүзінде қолдана білулеріне жағдай жасалады;

    • бесіншіден – мұғалім оқушыларды өздерінің білімдеріне, қабілеттеріне, күштеріне сендіріп, жұмыс істеуге ынталандыру қажет.

    Ж. Аймаутов еңбегінде мына мәселелерге тоқталмай кетуге болмайды: «Мұғалімнің, оқушының да табысты болуының кілті – ұстаз тұлғасы мен шәкірттің оқу, тәрбие ісіндегі өзара қарым-қатынасы, бір-біріне деген құрмет. Қызықты мағұлмат арқылы оқушының ынтасын арттырып шабыттандырып «мейрімін қандырып оқыта білген мұғалім балалардың ерікті ілтипатын күшейтуге жол ашатындығында» дей келе оқушының оқуға ынтасын, белсенділігін дамытатын жобаларды ұсынады. Олар:
    1. Жаңа берілетін сабақты баланың бұрыннан білетін білімін байланыстыру.
    2. Тиісті таныстыру, яғни қысқаша жоспармен қысқаша сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару.
    3. Сабаққа алдын-ала сұраулар койылып, ынтасын қоздырып, ілтипатын сақтау
    4. Әрбір пайдасыз, мақсатсыз, мағынасыз, мағұлматтардан қашу, сабақта баланың ілтипатын қоздыратын қызықты нәрселермен ғана сөйлету, үйрету.
    5. Баланың ішін пыстыратын біркелкі, бір затты мағұлматты беруден сақтану, лайықты салыстыру, ұқсастыру, түрлі әдіс, оңтайлы оқытуды жандандыруға тырысу.
    6. Алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекті болу, көрнекті оқыту туралы көрсетілген жобаларды дұрыс қолдану.
    7. Оқушыларды ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсесіне өзі де ынталану, өзіде жақсы көру.
    ________________________________________________________
    Коммунистік тәрбие - Кеңес өкіметінің (1917-1991) Бүкілодақтық Лениншіл Коммунизм қоғамына ұрпақ дайындау идеологиясы.
    Коммунизм (лат. Communis - «ортақ») болашақтың қияли көрінісін, кейбір саяси партиялар мен қозғалыстардың идеологиясындағы ерекше өмір салтын білдіретін ұғым.
    Социализм - (латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім.
    Автор оқытушы сүйген нәрсені оқушыларда сүйеді деген пікірде болған.
    Қазақ ағартушылыарының мұғалімдерді кәсіби лидерліккке тәрбиелеу идеяларын қарастырғанда, кәсіби педагогикалық міндеттерді жүзеге асыру, шарттар мен талаптарды орындау, педагогтардың кәсіби білімі мен тәжірибесінен басқа адами құндылықтарына негізделеді. Олар педагог бойындағы құндылықтың бірі шынайылық деп түсінеді. Шынайы лидерлер атаққа, даныққа ұмтылмай-ақ өздерінің лидерлік әлеуетін жүзеге асырады педагог шәкіртіне шынай лидерлігімен үлгі бола алу қажетті мәселе.
    Лидер – бұл өнеге, үлгі. Лидер мұғалім - шынайылық, адалдық, жауапкершілік, парасаттылық, дарыған адам. Сонымен шынайы лидерді тәрбиелеу бұл мінез-құлық негіздерін құрайтын құндылықтар жүйесінде (мораль, парасаттылық, адалдық, борыш, ар-ұждан және т.б.) педагогтың ішкі жан дүниесі арқылы ішкі өзіндік адами сапа құрылымын қалыптастыру тұрғысынан қарағанда мүмкін болады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   63




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет