Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет15/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018
анатомия (копия), ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ, сопромат, metod1
«Жануарлар» атты 3 бөлімнен тұратын еңбегін 1928 жылы Қызылорда қаласында жариялады. Х. Досмұхамедұлы оқу-құралының кіріспесінде оқу-ағарту саласында атқарылып жатқан шаралар мен уақыт талабына байланысты кездесетін қиындықтар жөнінде баяндай келіп: «Қазақ тілінде шәкірттер оқырлық дәріс кітаптарының жоқтығы бұрыннан мәлім болса да қазақ тілінде тәртіпті оқу жоқ болған соң, қазақтың саяси істері оңбаған соң көп сезілмейтін еді. төңкерістен соң саяси істері өзгерді. Елді ағартып, надандықты жоюдың шын жолы – ана тілімен ғылым үйрену, ғылым үйрететін мектептерді көбейту, осы күнде қазақ халқы осы жолға түсе бастаған сықылды көрінеді. Қазақтар ішінен тәртіпті мектептер ашыла бастады, бұл мектептерде тәртіпті оқулар оқытыла бастады. Ташкенттегі қазақ-қырғыз институты, медреселер ашылды, барлық ғылым пәндері қазақ тілінде оқытыла бастады. Міне, осы кезде, дәрістік кітаптардың жоқтығы сезіле бастады. Қазақ тіліндегі жалғыз-жарым дәрістер бастауыш мектептердің екі-үш жылдығына ғана жарайды, онан жоғары кеткен соң дәрістік кітап жоқ, шәкірттерге сабақ тек ауызбен ғана айтылып жүр» - деп жазды. заман қажеттілігінен туған ойларын жазды.
Қазақ балаларына мектептің, онда оқытылатын пәндердің жетіспеуі Х. Досмұхамедұлы тәрізді лидер азаматтарымызды немқұрайлы қалдырмады: «Дәрістік кітаптардың жоқтығы үлкен кемшілік және халық ағарту жолындағы зор кедергі. Осындай кемшілікті жойып, кедергіні бұзу білімі бар қазақ зиялыларының міндеті. Алаштың ішіндегі білімділердің мойнындағы борышын атқаратын заман келді» - деп Х. Досмұхамедұлы педагогика, тарих, психология, арифметика, әдебиеттанудан оқулықтар жазуы өз міндеттеріне алды.
Медицина мен гигиена, биология мен адам анатомиясы, жалпы табиғаттану саласында өз заманында шыңға шығып, қоғам сұранысына сай іргелі еңбектер жазған жаратылыстанушы ғалымның рухани қоғамдық ғылымдар салаласында қайталанбас мұра қалдырудағы кәсіби лидерлік сапалары кімді де болса таң қалдырады.
Қазақ елінің болашағы үшін репрессия құрбандары болған ағартушылардың кәсіби лидерлікке тәрбиелу идеяларын қарастырғанда болашақ педагогтардың кәсіби лидерлік сапаларын дамытуда педагогикалық шеберліктің маңызы ерекше екенін түсінеміз. Педагогикалық шеберлік пен кәсіби лидерлік бір-бірімен тығыз байланысы бар түсінік. Себебі лидердің тұлға ретінде әлеуметтік қалыптасуы, лидерлік әлеуеттінің дамуы, лидерлік рөлді қабылдау, ұйымдастыру міндеттерін жүзеге асыру педагогикалық шеберлік негізінде дамиды.
Кәсіби лидерлік сапалар педагогқа тән тұлғалық қасиет-белгілер жиынтығы, қойылған мақсатқа жетуде шәкіттеріне тиімді ықпал ету үшін басқару қабілеті. Осыған орай лидер-педагогты қалыптастыру жауапкершілік, белсенділік, мотивациялық, жігерлілік, құзыреттілік және т.б., тұлғалық сапаларын дамытуға ықпал ету арқылы жүзеге асады.
Қазақ ағартушылары өскелең ұрпаққа сапалы білім беру үшін педагогтың кәсіби міндеттерін жоғары деңгейде жүзеге асыруына ерекше назар аударған, атап айтсақ:
С.Торайғыров «білім беруде ең әуелі түсінікті нәрселерден үйретуден бастау; жас ерекшеліктері мен қабілеттерін, мүміндіктерін, қызығушылықтарын ескеру, дара ерекшеліктерін ескеру» деген.
А. Байтұрсынұлы еңбектерінен әр замандағы өзекті мәселе баланы қалай оқыту керек? деген сұраққа жақсы жауап алуға болады. А. Байтұрсынұлының пікірі бойынша: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрету білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика мен методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».
А. Байтұрсынұлының «Қазақша оқу жайынан» атты мақаласында жоғары кәсібилікке назар аударады: «...ескертетін бір жұмыс бар. Ол мынау: бір нәрсені істегенде сол істі істей білетін адам істесе шапшаң да, жақсы да істейді. Бұл жалғыз қол ісі емес, ми ісінде де солай. ... Содия содиялық ғылымды оқығаннан болғанда, доктыр доктырлық ғылым оқығаннан болғанда, мұғалім мұғалімдік ғылымын оқып шыққан адамдардан болуы тиісті» дейді.
А. Байтұрсынұлының мұғалім тұлғасына берген сипаттамалары қазіргі педагогикалық-психологиялық ғылыми еңбектердегі педагогтың кәсіби лидерлік ұйымдастырушылық-жасапаз сапаларының анықтамаларымен тарихи сабақтастығын байқауға болады «...ақыл-ойының, ынтасының, жігерінің, белсенділігінің, сенімділігінің т.б. түрткі болатын ұстаздардың өз дәрежесінде білімді болуын сұрайды «...ескертетін бір жұмыс бар. Ол мынау: бір нәрсені істегенде сол істі істей білетін адам істесе шапшаң да, жақсы да істейді. Бұл жалғыз қол ісі емес, ми ісінде де солай
А. Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектері мұғалімдердің шеберліктерін шыңдап, кәсіби лидерліктерін дамытуда қажетті құны жетпес бағалы мұра.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет