Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет16/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018
анатомия (копия), ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ, сопромат, metod1
М. Дулатов өз еңбектерінде білім беру жүйесін жетілдіру жолын зерттейді. Оқытудың жаңа әдістерін ұсынып, сабақтың құрылымын және оны жүргізудің тиімді әдістер жайлы сұрақтарды қарастырады. Педагогикалық үрдістің бөлшегін құрайтын оқу бағдарламасы дей келе, баланы оқытқанда теориялық білім мен практикалық дағдыны қалыптастыруды ескеру керектігін төмендегі идеясынан білуге болады:
«....Медресеге сайласын екі молла,
Бірі оқытсын мұсылманша, бірі орысша.
Педагогия тәртібімен оқытса олар,
Қазағым, кетер едің сонда алға» - деп жазады.
М. Жұмабайұлы оқу-тәрбие үдерісінде баланың көшбасшылық сапаларын дамытуды оқуға деген қызығушылықтарын ояту, белсенділіктері мен сенімдерін арттырып, жігерлендірудің қажеттілігін айтқан: «.....мұғалім бір сөзді ұзыннан ұзақ соза берсе, шәкірттің де іші пысады. Әсерлер, суретте тез алмасса да адамның іші пысады. Мысалы, көз алдымызда түрлі-түрлі нәрселер тез-тез алмасқандықтан, біздің отарбада кетіп бара жатқанда ішіміз пысады. Мұғалім үсті-үстіне төпеп, түрлі білімді, түрлі сөзді айта берсе, баланың да іші пысады. Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімнің бәрін балаға тез білдіруде емес, еппен, басқыштап білдіруде. Мұғалім сөзі жинақты, жігерлі, қызықты болуға тиісті. Болмаса баланың абайы басқа бір нәрсеге аунап кетеді. Сабақ уақытында балалардың ойнауы, тыныш отырмауы, бір-бірімен сөйлесулері мұғалімнің жинақы, жігерлі бола білмегендігінен» деген, Ұлы педагогтың айтылған идеясы лидер шәкіртті, тек лидер – ұстаз тәрбиелейді дегенге саяды.
Ш.Есмұханбетұлы жас ұрпақтың оқудағы табыстылығын арттыру үшін мұғалімдерге төмендегідей педагогикалық талаптар мен шарттар қояды:

  • жүйелі білім беру;

  • саналы белсенділік және оқытудың басқарушылық маңызын арттыру;

  • білім алушылардың өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  • қоғамшылдыққа тәрбиелеу;

  • өзі –өзі басқару;

  • дербес білім алу дағдыларын қалытастыру т.б.

Ж. Аймауытов «Мұғалім кез келген мәселеге бүгілмей суырып салғандай мағұлматты, комплекс тақырыбын табиғат таңдауға үйлестіруге, байластыруға, икемді, тапқыш, көпті көрген көне, жырыңды тәжірибелі ойдан шығарғыш, зерек, іс бастағыш көсем, түбірлегіш, талантты болу керек.» – деп мұғалімнің өз кәсіби қызметінде баланың оқуға деген қызығушылығын арттыруда түрлі әдістерді қолданып, жан-жақты тапқыр, шебер болуын талап еткен.
Мұғалімдерді білім беру жолында талмай еңбек етуге және шығармашылықпен ізденіс жолдарына шақырғанын мына сөздерінен білуге болады. «Бірден мұндай шарттар табылмайды әуре болмайық», - деп қорқу керек емес. Ізденсе, талаптанса қолдан жасалмайтын шарт жоқ. Құнтамаған, ізденбеген соңына түспеген адамның жұмысы еш уақытта берекелі болмақ емес, программен, комплекспен оқыту күбе соқта емес, инемен құдық қазуда емес екенін істей келе көреміз». Ж. Аймаутов мұғалімдерге қойған талабы осы күнде де өте орынды. Себебі балаларды өзінің өмір сүріп жатқан ортасы мен әр қоғамның талабына сай оқыту мен тәрбиелу өзекті мәселе болып саналады.
Ж. Аймаутов мұғалім кәсіби қызыметін сапалы орындау үшін

  1. Күндік жұмыс жоспары.

  2. Сабақ желісі.

  3. Сабақ кестесі деп бөлді.

Мұғалімнің жұмысын жеңілдету, уақытын үнемдеу мақсатында жалғыз бір жоспармен шектелуді жөн деп есептеген: «Күндік жоспарды жасамай болмайды. Азайтамыз десек, апталық «жұмыс жоспарын» жоюымыз керек. Сонда бас-аяғы бір-ақ планмен «сират көпірінен» өткен боламыз».
Күндік жоспарды құрастыру барысында Ж. Аймауытов ұсынған бірнеше талаптар бүгінгі күнде де өз құндылығын жоғалтпаған.
Ж. Аймаутов күндік жоспарды жасағанда мұғалімдерге ұстанатын негізгі талаптарды төмендегідей көрсеткен:

  1. Бір күнде бітірерлік сабақтарды (3,4 сағатқа) шамала.

  2. Жаттығу жұмыстарын жетерлік қып, аралас келтір.



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет