Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша дәрістер жинағы



бет9/11
Дата19.02.2017
өлшемі1,5 Mb.
#10650
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3. Өткізуді ынталандыруға бағытталған баға өзгерісі:

А) Қызықтыру бағасы (қармаққа іліндіргіш) – сапасы жоғары болса да, әйгілі тауарды арзан бағамен сату арқылы сату көлемін өсіру. Оны кейде «арнайы ұсыныс» деп атайды.

Б) Арнайы шаралар бағасы. Ерекше ұсыныс кезінде қолданылады. Мысалы, маусым аяқталғанша, сату орны жабылар алдында, табиғат апатынан сапасы төмендеген тауарларды сатқанда.

В) Сыйлық (орнын толтыру -компенсация). Бөлшектеп сатуда өңдірушінің сатып алушыға ақша төлеуі (әсіресе АҚШ тараған). Егер сатып алушы өңдірушіге белгілі бір купон, мәлімдеме жіберсе, тауар құнының бір бөлігін өңдіруші оған қайтарады.

Г) Қарызға сатқанда тиімді пайыз ставкаларын қолдану. Алғашқы тауар үшін төлеу үлесі, қарыздың үстемесі, қайтару уақыты тұтынушы үшін тиімді жасайды.

Д) Кепілдемелік шарттар және қызмет көрсету (сервис) келісімі.

Е) Адам психологиясына әсер ететін баға өзгерісі. Салыстырылатын тауар бағасынан әлдеқайда төмен бағамен сату.

Ж) Бағаның жағдайларға байланысты өзгеруі (дискриминация). Ол тұтынушылық сегментке, өнім формасына және қолданылуына, тауар немесе фирма беделіне, орналасуына, маусымға қарай болуы мүмкін.

З) Ұсынылатын тауар ассортименті бойынша бағаны сатылап түсіру. Кәсіпорын бір өнімнің бірнеше модификациясын шығарғанда оларға әртүрлі баға қолданады (әртүрлі факторларға қарай).

Ерекше қондырғыларға баға сатысы. Жалпы тауардың кейбір бөліктеріне (машина қондырғыларына) бағаны әртүрлі етіп жасайды.

Функциональды жүйелерде қажет өнімдерге баға сатыларын жасау. Негізгі өнімнің бағасын жоғарлатып, оған қажет қосалқы тауарды сонымен қоса сатып алушыға беру. Немесе негізгі тауармен қоса тұрақты қажет заттарды сатқанда оның жалпы бағасын оларды жеке –жеке сатқанға қарағанда төмендету.

И) Баға қосылымы – тсатып алушының ерекше талаптарына байланысты, мысалы, арнайы немесе жеке тапсырысты орындағанда, тауардың сапасын көтергенде, қосымша сервистік қызметтер жасағанда, төлемді бөліп-бөліп төлегенде және т.с.с. жағдайларда тауар бағасын көтеру.



Тақырып 8. Өнім сапасы, негізгі көрсеткіштері (1 сағат)

Дәріс жоспары:

  1. Өнім сапасы түсінігі

  2. Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер

  3. Өнім сапасын бақылау және басқару

Семинар (1 сағат)

Семинар сұрақтары:



  1. Өнім сапасы туралы түсінік беру

  2. Өнім сапасы көрсеткіштері

  3. Өнім сапасын бақылау әдістері

  4. Стандарттау, сертификаттау жүйелері

  5. Халықаралық стандарттар жүйесі

  6. Тұтынушылардың құқықтары және оларды қорғау ерекшеліктері

Әдебиет

1. Дәрістер

2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 106-134 б.


  1. 3. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 54-68 б


Студенттің өздік жұмысына арналған тапсырма

Студенттер берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс орындау қажет. Өздік жұмыс тақырыбын студент оқытушымен ақылдасып, өзі таңдайды. (7-8 бет).


Дәріс.

1. Өнім сапасы түсінігі

Өнім сапасы – өнімнің қолдану мақсатына сәйкес қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған қасиеттерінің жиынтығы.

Кәсіпорынның негізгі міндеттерінің бірі ретінде халық сұранысын жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету болып табылады.

Өнім сапасы оны құрастыру кезеңінен басталады, жасау кезеңінде қамтамасыз етіледі, айналыста болу және өткізу кезеңдерінде сақталынады және қолдану кезеңінде қажет деңгейде ұстауға күш сіңіріледі.

Қазіргі заманғы нарықтық экономика өнім сапасына мүлдем басқа талаптар қояды. Кез келген фирманың нарықтағы орнын сақтау және тұрақты етіп жасау үшін оның бәсекелестік қабілетін өсіру қажет. Ал фирманың бәсекелестік қабілеті екі көрсеткішпен байланысты болады — баға деңгейі және өнім сапасы. Аталған екінші фактордың дәрежесі бірінші орынға шықты. Тіпті еңбек өнімділігін өсіру, қорларды үнемдеу шараларының маңызы өнім сапасын өсіру жұмысынан төмен болып қалды.

Сапа — бұл фирма беделі, пайданың, дамудың қайнар көзі, барлық дерлік персоналға ең негізгі көрсеткішке айналды. Өнім сапасының өсу процесі кәсіпорынның нарық жағдайларында өз орнын сақтау қабілетін қамтамасыз етуге, ғылыми-техникалық прогрес қарқынын өсіруге, өндіріс нәтижелігін өсіруге негіз болады.

Бәсекелестік қабілет факторы ретінде болатын өнім сапасы бүкіл ұлттық экономикаға әсер етеді.

Өнім сапасының деңгейін төмендетудің негізгі салдары:


  1. Экономикалық

1.1. Сапасы төмен өнімді шығаруға, тасымалдауға, сақтауға кеткен материалдық, еңбек шығындары.

1.2. Өндірістік инфрақұрылымдағы жоғалтулар.

1.3. Жөндеуге кеткен қосымша шығындар.

1.4. Халықтың жөндеуге кеткен қосымша уақыт шығындары.

1.5. Табиғи қорларды алу үшін қолданылатын төмен сапалы техниканы қолдану нәтижесінде осы табиғи қорлардың жоғалтулары.

1.6. Экспорттың төмен үлесіне байланысты алынбай қалған валюталық табыс.

1.7. Импорттауға байланысты қосымша валютаның шығындалуы.

1.8. Сапаны техникалық бақылау органдарының қосымша материалдық және еңбек шығындары.



2.Әлеуметтік

2.1. Отандық өнімнің дефициттілігі.

2.2. Ұлттық кәсіпорындарында шығарылатын өнім беделінің төмендеуі.

2.3. Қажеттіліктерді толық көлемде қанағаттандырмау.

2.4. Халықтың тұрмыстық жағдайының төмендеуі.

2.5. Халықтың тауар жасау дефектілерін жоюға байланысты өз бос уақытын тиімсіз жұмсау.

2.6. Ұжымдағы моральдық климаттың нашарлауы.

2.7. Кәсіпорын пайдасының азаюы.

3. Экологиялық

3.1. Ауа, су бассейндерін, жерді тазартуға кеткен қосымша шығындар.

3.2. Халық денсаулығын қалпына келтіруге байланысты қосымша шығындар.

3.3. Нашар экологияға байланысты ауыл шаруашылық өнімдерінің шығарылу көлемдерінің азаюы.

3.4. Ауаның нашар сапасына байланысты ғимараттар мен транспортты қосымша жөндеуге кеткен және тездетілген амортизация шығындары.
2. Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер

Өнімнің қасиеттері оның сапа көрсеткіштерінде айқындалады. Көрсеткіштердің келесі топтары бар.



Қолдану көрсеткіштері өнімді қолданудан болатын пайдалы эффектіні сипаттайды және қолдану шектерін көрсетеді. (мысалы машина өнімділігі)

Сенімділік көрсеткіштері өнімнің бұзылмаушылығын, сақталу дәрежесін (өз көрсеткіштерін сақтау қабілеті), қолдану мерзімін (өнімді қажет деңгейде сақтау үшін кеткен шығындар).

Технологиялылық көрсеткіштері өнімді шығарғанда немесе жөндегенде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін конструкторлық-технологиялық шешімдердің нәтижелігін сипаттайды..

Стандарттау және унификациялау көрсеткіштері — өнім құрамында стандартты, унификацияланған және бірегей құрамдас бөліктердің үлесін көрсетеді және басқа өнімдерге қарағанда унификация деңгейін сипаттайды.

Эргономиялық көрсеткіштер адамның өніммен әрекеттесуін сипаттайды (гигиениналық, антропометриялық, физиологиялық және психологиялық қасиеттер).

Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің ақпараттық көркемділігін, форманың тиімділігін, тұтастығын сипаттайды.

Тасымалдау көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін сипаттайды.

Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнімнің патентпен қорғалуын, патенттік тазалығын сипаттайды.

Экологиялық көрсеткіштер — өнімді қолдану, сақтау, тасымалдау нәтижесінде қоршаған ортаға кері әсер ету қасиеттері.

Қауіпсіздік көрсеткіштері сатып алушыға және қызмет көрсетуші персоналға қауіпсіздігін сипаттайды. Сонымен қатар, өнімнің бағасы да өте маңызды көрсеткіштің бірі болып табылады.. Баға көрсеткішіне байланысты экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа мәселесі туындайды. Сатып алушы өнімді алғанда оның қасиеттері оның бағасын қайтаруға жеткілікті ме деген сұраққа жауап беруге тырысады. Бағамен қоса өнімнің эксплуатациялық сипаттамалары да маңызды орын алады, өйткені олар осы өнімді қолдануға және жөндеуге кеткен шығындарды айқындайды.

Экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа деп сапаның шығындарға қатынасын атайды:



Копт =

Q

(1)

C

мұндағы Копт – экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа;

Q – өнім сапасы;

C - өнімді шығаруға және қолдануға кеткен шығындар, теңге.
Осы формуланың алымын анықтау үшін квалиметрия ғылымы қолданылады. Бұл ғылым өнім сапасына сандық баға беру үшін қажет әдістер құрастырды.
3. Өнім сапасын бақылау, басқару

Қазіргі уақытқа дейін қолданылған сапаны бақылау жүйелері:

1. Саратов жүйесі (бірінші тапсырудан қабылдау)

2. Львов жүйесі (еңбекке қатысу коэффициенті)

3. Сапаға кешенді басқару жүйесі

4. Мемлекеттік қабылдау


Өнім сапасын жақсарту бағыттарына келесілер жатады.

1. Өнім сапасын бақылау деңгейін көтеру

Сапаны басқару мақсаты ретінде өнім сапасының белгіленген деңгейін қамтамасыз ету болады, сапасыз өнімнің алдын алу, нашар сапалы өнім шығаруды болдырмау. Өнім сапасына жауапкершілік барлық персонал алу қажет. Өнім сапасын бақылау органдарының саны және жұмыскерлер саны кәсіпорын өлшеміне және олардың орындайтын міндеттемелеріне тәуелді болады.

Сапаны бақылау құралдарына бақылау-өлшеу аспаптары, құрал-саймандар және автоматтандырылған бақылау құрылғылар кіреді. Әсіресе, технологиялық жабдыққа орнатылған автоматты бақылау құралдары үлкен нәтиже береді, өйткені нақты өндірістік процесті бақылайды.

Сапаны бақылау түрлері:

а) топтық — бөлшекті толық және жарым-жартылай өңдеумен байланысты шектес операциялар тобы бойынша;

б) операция бойынша - өте күрделі немесе дәлдікті талап ететін технологиялық процестерде қолданылады;

в) таңдамалы— жалпы көлемнен бірнеше өнім бірлігі таңдалады және бақылауға жіберіледі;

г) жалпылама— әр өнімге жасалынады.

д) қабылдау және аралық бақылау

е) соңғы бақылау.

ж) инспекциялық

з) өзін-өзі бақылау

и) жедел

Өнім сапасын бақылау әдістері: сыртқы қарау (бақылау), өлшемдерін тексеру, механикалық, физикалық қасиеттерін тексеру, экологиялық тазалықты тексеру. Жеке әдіс ретінде сапаға техникалық бақылаудың статистикалық әдісін атауға болады. Бұл әдістің математикалық негізі ретінде ықтималдылық теориясы қолданылады. Сонымен қатар эксперттік әдістер қолданылу мүмкін. Олар мамандардың жалпы тәжірибесіне, интуициясына негізделеді. Оларды басқа әдістерді қолдану мүмкіндігі жоқ болған кезде пайдаланады.

Соңғы жылдары әлемдік тәжірибеде сапаға тотальды бақылау жүргізу жүйесі кең өріс алды (TQC). Оның негізгі ерекшеліктері.

1. Сапаны басқару өкілеттілігі жоғарғы басқару бөлімінен төменгіге түсіріледі.

2. Шағын ұжымдар шектерінде «сапа кружоктары» сияқты қызметтің дамуы.

3. Клиент талаптарына артық қарау негізінде нарықта беделге ие болуға тырысу.

4. Өткен тәжірибені зерттеу арқылы тұрақты даму.

2. Өнім сапасын басқару

Сапаны басқару – өнімнің сапасын анықтау, қамтамасыз ету және сақтау мақсатында осы өнімді шығарғанда, қолданғанда немесе тұтынғанда жасалынатын іс-әрекеттер.

Сапаға әсер ететін факторлар:



  • Машиналар құрамы;

  • Жұмыскерлердің кәсіби білімі, дағдылары, тәжірибесі, денсаулығы.

Сапаны қамтамасыз ету шарттары:

өндірістік процесс сипаты, оның қарқындылығы, ырғақтылығы, ұзақтығы;

қоршаған ортаның климаттық жағдайы;

интерьер және өндірістік дизайн;

материалдық және моральдық стимулдар сипаты;

ұжымдағы моральды–психологиялық климат;

ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру формалары мен жұмыс орындардың жабдықталу деңгейі;

жұмыскерлердің әлеуметтік-материалдық жағдайы.

Сапа бойынша тиімді және үнемді жұмысты ұйымдастыру үшін адамдар келесі схема бойынша іс-әрекет жасайды:


  1. Қажеттілікті анықтау және өнім сапасына талаптарды белгілеу (жоспар, сапа бағдарламасы);

  2. Бастапқы материалға қажет қасиеттер беру (жоспарды орындау);

  3. Шыққан сапаның қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру (ауытқуларды анықтау);

  4. Ауытқуларды жоюға бағыталған әсер жасау (кері байланыс). Деминг циклы

Өнім сапасының берілген параметрлерден ауытқуы, көбінесе теріс жаққа болады және оның жалпы және жеке көріністері болуы мүмкін.

Жалпыға өнімнің моральдық тозуы, табиғи және моральдық ескіруі жатады, яғни өнімді қолданғанда және сақтағанда тұтынушылық қасиеттерінің жоғалуы.

Кейде жеке ауытқулар да болады. Олар алуан түрлі болуы мүмкін және олардың табиғаты экономикалық және техникалық сипатта болмайды, көбінесе сыртқы сипатта болатын шарттармен анықталады: қолдану ережесін және шарттарын бұзу, құрастырушылар мен жасаушылардың қателері, тәртіпті бұзуға, жабдықтардың бұзылуына және т.б. байланысты болады. Жеке ауытқулар кездейсоқ сипатта болады. Олардың пайда болуын белгілі бір ықтималдықпен анықтауға болады.

Сонымен қатар, өнім сапасына баға бергенде тұтынушылар талаптарының өзгеруін де есебке алу қажет.



3. Өнім сапасын өсіруді ынталандыру.

Ынталандыруды екі жақтан қарастыру керек: объектіні ынталандыру (кәсіпорынды) және субъектіні ынталандыру (жұмыскерді).

Жұмыскерлерді үш бағытта ынталандыруға болады: материалдық, моральдық және ұйымдастырушылық-техникалық.

4. Өнімді стандарттау және сертификаттау.

Стандарттаудың басты міндеті — әртүрлі қажеттерге керек өнімге прогрессивті талаптарды айқындайтын нормативтік-техникалық құжаттар жүйесін жасау және оның дұрыс қолданылуын бақылау.

ҚР стандарттау жүйесі келесі міндеттерді атқарады:

• тұтынушылардың, мемлекеттің сапа және өнім номенклатурасы бойынша мүддесін қорғау;

• ғылым және техниканың, халық қажеттіліктерінің дамуына сәйкес өнім сапасын үнемі өсіру;

• өнімнің өзара сәйкестігі мен өзара ауыстырғыштық қасиеттерін қамтамасыз ету;

• адам және материал қорларының үнемделуін қамтамасыз ету, экономикалық көрсеткіштерді өсіру;

• әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар және жобалардың нормативтік-техникалық базасын құру;

• өндірісте және саудада техникалық кедергілерді жою, отандық өнімнің бәсекелестік қабілетін өсіру;

• әртүрлі апаттардың болу тәуекелін есебке алып шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін өсіру;

• елдің қорғаныс қабілетін өсіру.

Жоғары сапалы өнімді шығару кепілі ретінде оны сертификаттау жүйесі болады.



Сертификаттау — өнімнің іс жүзіндегі қасиеттерінің халықаралық, отандық стандарттарға сәйкестігін күәландыратын шаралар мен іс-әрекеттер жиынтығы, яғни әр кәсіпкер өз өнімін үнемі жаңартып тұруға тырысады . Сыртқы экономикалық қызметтің дамуы фирмаларды халық аралық талаптарға сәйкес сертификаттау жұмыстарын қарқынды жүргізуге мәжбүр етеді.

Міндетті сертификаттауға адамға немесе қоршаған ортаға теріс әсер жасай алатын өнімдер және сапа көрсеткіштері жіберіледі және үкіметтің арнайы актілерінде келтірілген басқа көрсеткіштер мен сипаттамалар (мысалы азық-түлік өнімдері).

Сертификаттау өнімге толық және дәл талап қоятын нормативтік құжаттардың болуын, өнім сапасын бақылаудың жоғарғы деңгейін, өңдірушінің толық жауапкершілігін және өңдірушінің сынау әдістері жөнінде ақпарат алуын көздейді.
Тақырып 9. Басқару функциясы - жоспарлау (2 сағат)

Дәріс жоспары:


      1. Жоспарлау түсінігі, оның түрлері, әдістері

2. Стратегиялық жоспарлау

3. Кәсіпорынның базистік стратегиясын таңдау



Семинар: (1 сағат.)

Қарастырылатын сұрақтар:



  1. Жоспарлау және болжау ұғымдарын сипаттау.

  2. Жоспарлардың жіктелуі.

  3. Нарық жағдайларындағы бизнес-жоспарлау

  4. Жоспарлау әдістері

  5. Старегиялық жоспарлау

  6. Кәсіпорын мақсаттарының жүйесі

  7. Жағдайлық және PIMS-талдау ерекшеліктері

Әдебиет

1. Дәрістер

2. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 108-118 б

3. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 293-300 б.

4. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 1999 г., 434-456 б

5. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997 г., 308-344 б.

.

Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалары

Берілген тақырып бойынша студенттер 8-10 сөзден тұратын сөзжұмбақ дайындау қажет.



Дәріс

1. Жоспарлау түсінігі, оның түрлері, әдістері

  Жоспарлау – бұл мақсаттарды анықтау және оларға жету тәсілдерін таңдау процесі.

Бұл процестің алгоритмі:

1.   Ағымдағы жағдайды анықтау және оны талдау. Құрал ретінде STEP және SWOT-талдау қолданылады. Негізгі міндеті кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтау.

2.   Мақсаттарды таңдау. Міндеті – мүмкіндіктерді және қауіптерді зерттеп, нысандарды анықтау.

3.  Мақсатқа жету тәсілдерін анықтау. Міндеті – жүретін жол мен қажет құралдарды табу.

Жоспарлау цикл сайын қайталанатын процесс ретінде қарастырылады :

Мақсаттарды анықтау Шешімді қабылдау Іске асыру Бақылау


Түзету Ауытқуларды талдау

 
  Жоспарлардың жіктелуі:

?   қолдану өрісіне қарай – жалпы және жарым-жартылай,

?   мазмұнына қарай (кәсіпкерлік саясат аспектіде) стратегиялық, тактикалық және оперативті

?   жоспарлау затына қарай- мақсатты, қорларды жоспарлау, бағдарламалық жоспарлау және іс-әрекеттерді жоспарлау

?   қызмет ету өрісіне қарай - өткізуді жоспарлау, өндірісті жоспарлау, персоналды жоспарлау, жабдықтауды жоспарлау, инвестициялық жоспарлау, қаржыны жоспарлау және кеңейтілген жалпы жоспарлау

?   жоспарлау тереңдігіне қарай - глобальды, контурлы, бөлшекті,

?   мерзіміне қарай –қысқа мерзімді, орташа мерзімді, ұзақмерзімді

?   құрылымдық ұйымдастыру тұрғысынан жалпы жоспарлау, кәсіпорынның орналасуын жоспарлау, қызмет өту өрісін, жеке бөлімдерде және учаскелерді жоспарлау

?   уақытқа қарай жеке жоспарларды координациялау бойынша - жүйелі және біруақыттық

?   мәліметтердіғ өзгеруін есебке алу бойынша – қатал және икемді жоспарлау

?   уақыттағы реті бойынша – реттелген, ағымдағы жоспарлау, ауыспалы жоспарлау және кезектен тыс, эвентуальды жоспарлау.


Жоспарлаудың әдістері:

a)   Төменнен жоғарыға қарай жоспарлау (down- up).

b)    Жоғарыдан төменге қарай жоспарлау (up- down).

c)   Қарама-қарсы жоспарлау (bottom– up).

Жоспарлау жүйесі деп бір-бірімен байланысқан, үйлестірілген және тәуелді болатын жоспарлау процестерінің жиынтығын айтады.
2. Стратегиялық жоспарлау

Стратегиялық жоспарлаудың міндеттері:

1. Жағдайды талдау.

2. Ұйымның дамуының негізгі мақсаттарын және міндеттерін анықтау.

3. Қорларды шоғырландыру стратегиясын анықтау.

Стратегиялық жоспарлауда бірнеше аналитикалық тәсілдер қолданылу мүмкін. Олардың ең маңыздылары келесі:

1. Шаруашылық және өнім қоржындарын талдау.

2. Жағдайлық талдау.

3. Таңдалған стратегияның пайдалылық деңгейіне әсер етуін талдау (PIMS — the Profit Impact of Market Strategy).

Талданатын аса маңызды көрсеткіштің бірі ретінде нарықтық үлес көрсеткіші анықталады.

Жалпы алғанда кәсіпорынның нарықтық үлесі неғұрлым жоғары болса, оның пайда көлемі солғұрлым жоғары болады. Алайда нарықтық үлес және пайда арасындағы корреляция әрқашанда жоғары болмайдығ кейде байланысы өте әлсіз де болуы мүмкін.

Өте жиі Бостонның кеңестік топ матрицасы қолданылады. Мұндағы графикте әртүрлі өнімдерге салыстырмалы нарықтық үлес және нарықтың салыстырмалы өсу жылдамдығы көрсетіледі.



Сур 1. Бостон кеңестік тобының матрицасы

Бұл матрица бойынша 4 жағдай болуы мүмкін: жоғары нарықтық үлес және жоғары нарықтық өсу жағдайында – «жұлдыздар» (оларды бекітіп, дамыту керек, көп инвестиция қажет етеді), жоғары нарықтық үлес және төмен нарықтық өсу – «сауылмалы сиырлар» (қаржы көзі ретінде қолданылады. Төмен нарықтық үлес және жоғары нарықтық өсу – «қиын балалар» (арнайы зерттеледі, инвестициялар салып, жұлдыздарға айналу мүмкіндігі қарастырылады. Төмен нарықтық үлес пен өсу жағдайы – «иттер» - кәсіпорынға шығын әкелетін өнімдер.

Бұл матрицаны қолданғанда кейде үшінші көрсеткіш қолданылады және ол өнімнің графиктегі орнын белгілетін нүктенің сыртына сызылған шеңбердің радиуысын сипаттайды. Бұл көрсеткіш ретінде өткізу көлемі немесе пайда көрсеткіші қолданылады.

Бұл матрица жеке нарықтарға және жалпы нарыққа салынады.

Берілген матрицаның көптеген кемшіліктері болады. Біріншіден, нарықтық үлес және оның өсуі жөнінде ақпарат жинау қиындығы. Екіншіден, бұл матрица шаруашылық қызметтің статикалық көрінісін береді және болашақта қандай өзгерістер болуын болжауға мүмкіндік бермейді. Бұл кемшілікті жою үшін бұл матрицаны әрбір уақыт мерзімі сайын қайталап салу керек, сонда өзгерудің бағытын анықтауға мүмкіндік туады.

Тағы бір кемшілік ретінде бұл матрицаның бизнестің жеке түрлерінің өзара тәуелділігін (синергетикалық эффектіні) есебке алмайды. Сонымен қатар, тек қарастырылған екі көрсеткіш арқылы қарастырылатын бизнестің жағдайына толық баға беруге болмайды. Сондықтан да осы екі көрсеткіш бойынша көп критериальды баға жасауға болады, мысалы General Electric (GE) матрицасы бойынша.

GE матрицасы, немесе Мак-Кинзи матрицасы жеке шаруашылық бірліктерінің қызықтырғыштығын бағалау үшін қолданылады: Х осі фирманың саладағы орнын сипаттайды, ал Y осі саланың қызықтырғыштығын көрсетеді. Олар өздері бірнеше параметрлер бойынша анықталады.



Сур 2. GE матрицасы

Фирма позициясының күші салыстырмалы нарықтық үлеске, оның өзгеру динамикасына, алынатын пайда мөлшеріне, имиджге, бағаға, өткізу нәтижелігіне, географиялық артықшылықтарға, қызметкерлер жұмысының нәтижелігіне тәуелді анықталады. Бұл күштің үш градациясы болуы мүмкін: күшті, орташа, әлсіз. Сала қызықтырғыштығы индексы нарықтың көлеміне, алуан түрлілігіне, өсу жылдамдығына, бәсекелес санына, пайданың орташа салалық мөлшеріне, сұраныс циклдығына, салалық шығындардың құрылымына, баға саясатына, заңдылыққа, еңбек қорларға тәуелді анықталады. Оның үш түрі бар: жоғары, орташа, төмен. Суреттен осы екі көрсеткіштің байланыстары үш зонаны құрайды: ұйым инвестиция жасау керек зонасы; ұйым инвестицияларды бұрынғы деңгейде сақтау қажет зонасы және максимальды мүмкін пайданы алып, шығып кету қажет зонасы болады.

Әр квадратқа арналған стратегиялар:

1 Инвестиция жасау және күшті жақтарын сақтау арқылы нарықтағы орнын сақтау және оны бекіту.

2. Лидерлік үшін күреске инвестиция жасау.

3. Таңдамалы өсуді қамтамасыз ету

4. Ең қызықты нарықтық сегменттерге ірі инвестиция жіберу.

5. Нарықтық қызметтің бар бағдарламаларын қорғау.

6. Қызметті кеңейтуді шектеу.

7 Позицияны сақтау және қызметті басқа нысанға бағыттау

8. өнімді модернизациялау, инвестицияларды азайту және аса пайдалы сегменттердегі позицияларды сақтау арқылы ақша табуға бағдарлану.

9. Нарықтан шығу

Қоржынды талдаудың тағы бір құралы ретінде Shell/DPM матрицасын көрсетуге болады (DPMDirect Policy Matrixбағытталған саясат матрицасы). Бұл матрицада GE матрицасына қарағанда бизнестің сандық көрсеткіштеріне негіз жасалынған. Сонымен, БКТ матрицасында стратегиялық таңдау белгісі ретінде ағымдағы ақша ағыны болса (яғни қысқа мерзімді жоспарлау), GE матрицасында керісінше инвестицияларға (яғни ұзақмерзімді жоспарлауға) көңіл бөлінеді. Ал Shell/DPM моделі осы екі көрсеткішке бірден негізделіп стратегиялық шешім қабылдауды ұсынады.

Бұл модель, көбінесе сала тұрғысынан шектелген, тек капитал сіңіргіштігі жоғары салаларға тән (химиялық, мұнай өңдеу, металлургия).

Shell/DPM моделі жетекшілерді ақша массасын туындыратын бизнес-облыстардан ақша ағындарын болашақта қайтарылымы жоғары болатын бизнес-облыстарға инвестиция түрінде қайта бөлуге бағдарлайды.

Аталған матрицалардың кемшіліктері ретінде олардың күрделілігін, қымбат болуын және кейбір көрсеткіштерді олардың көмегімен өлшеу қиындығын атйтуға болады. Сонымен қатар, олар болашақ жөнінде ақпарат бермейді, тек ағымдағы жағдайды көрсетеді.

Жағдайлық, немесе «SWOT-талдау» (Strengths— күшті жақтар; Weaknesses — әлсіз жақтар; Opportunities — мүмкіндіктер; Threats — қауіптер, тәуекелдер).

Күшті және әлсіз жақтарды талдау ұйымның ішкі ортасын зерттеумен байланысты болады, яғни фирманың маркетингтік, қаржы, өндірістік және кадрлық-ұйымдастырушылық бөліктерін.

Сыртқы ортаны зерттеу арқылы ұйым мүмкін қауіптерді және жаңа мүмкіндіктерді анықтайды.

SWOT-талдау әдістемесі фирманың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктер мен қауіптерді зерттеп одан кейін осы сипаттамаларының арасындағы байланыстарды зерттейді.

Байланыстарды матрица түрінде көрсетуге болады. Сол жақтан күшті және әлсіз жақтар көрсетіліп, үстіден мүмкіндіктер мен қауіптер жазылады.

Олардың қиылысу бөліктерінде 4 жағдай пайда болады: «КЖМ» (күш және мүмкіндік); «КЖҚ» (күш және қауіп); «ӘЖМ» (әлсіздік және мүмкіндік); «ӘЖҚ» (әлсіздік және қауіп). Әрқайсысына сәйкес стратегия құрастырылады.

Берілген әдістеме бойынша, сондай-ақ, әр пайда болған мүмкіндікті және қауіпті жеке зерттеу үшін мүмкіндіктер және қауіптер матрицалары жасалыну мүмкін. Бұл матрицаларда мүмкіндіктердің және қауіптердің болу ықтималдылықтары (жоғары, орташа, төмен) және ұйымға әсер ету дәрежесі (жоғары, орташа, төмен) жазылады және олардың өзара қиылысуын зерттейді.

Мүмкіндіктерді және қауіптерді үш бағытта зерттеу керек: нарық, өнім және өнімді мақсатты нарықта өткізу қызметі бойынша.

PIMS-талдау, немесе таңдалған стратегияның пайдалылық деңгейін анықтау. Бұл талдау стратегиялық өзгермелі шамалардың (нарықтық үлес, өнім сапасы, вертикальды интеграция) және жағдайлық өзгермелі шамалардың кең диапазонын (нарықтың өсу жылдамдығы, саланың даму кезеңі, капитал ағынының жылдамдығы) пайдалылық шамасымен салыстыратын моделді құруға негізделген. Мақсаты – бірнеше варианттың ішінен ең тиімді стратегияны таңдау.

Көп шамалық регрессия теңдеулері құрастырылады, мұнда пайдалылық көрсеткіштері әртүрлі өзгермелі шамалармен байланыстырылады. Бұл әдісті қолданғанда 37 фактор есебке алынды. Өзгермелі шамалар 5 класка топтастырылды:

1. Нарықтық жағдайлардың қолайлығы:

саланың ұзақмерзімде өсу жылдамдығы (4 — 10 жыл);

саланың қысқа мерзімде өсу жылдамдығы (3 жылға дейін);

өнімнің өмірлік циклының кезеңі.

2. Бәсекелестік позициялардың күші:

нарықтық үлес;

салыстырмалы нарықтық үлес;

салыстырмалы өнім сапасы;

өнім линиясының салыстырмалы тереңдігі.

3. Инвестицияларды пайдалану тиімділігі:

инвестициялардың интенсивтілігі (сату көлеміне саналған жалпы инвестициялар);

негізгі капиталдың интенсивтілігі (сату көлеміне қатынасы);

вертикальды интеграция (қосылған құнның сату көлеміне қатынасы);

қуатты пайдалану пайызы.

4. Бюджетті келесі бағыттарда қолдану:

маркетинг шығындарының сату көлеміне қатынасы;

ғылыми бағыттағы шығындардың сату көлеміне қатынасы;

жаңа өнімдерге шығындардың сату көлеміне қатынасы.

5. Нарықтағы алатын орынның ағымдағы өзгерістері:

нарықтық үлестің өзгеруі.

Миссия - ұйымның қызмет етуінің нақты айтылған себебі. Миссия – кәсіпорынның барлық мақсаттарын байланыстыратын нысан.

Миссияны құрастырғанда келесі факторлар есебке алынады:

1. Ұйымның пайда болу және даму тарихы, имиджы.

2. Меншік иелерінің, жетекшілердің қызмет етуінің стилі, әрекет ету тәсілі.

3. Бар қорлар.

4. Қоршаған орта.

5. Ұйымның ерекше жақтары.

Миссияда ұйымның барлық халық топтары алдындағы жауапкершілігі көрсетіледі.

Ұйымның миссиясы ынталандырғыш сипатта болу керек, көбінесе ол әлеуметтік сипатта болған дұрыс.

Миссияның негізінде стратегиялық мақсаттар құрылады:

1. нарықтық үлестің нақты белгіленген шамаларын қамтамасыз ету. 2. инновациялық мақсаттар

3. Қорларға қатысты мақсаттар. 4. Қызмет нәтижелігін көтеру мақсаттары. 5. Әлеуметтік мақсаттар. 6.  Нақты белгіленген пайда мөлшерін алу.
3. Кәсіпорынның базистік стратегиясын таңдау

Мақсаттардың келесі түрлері болады :

1. Монетарлы – ақшалай көрінісі бар мақсаттар.

2. Маркетингтік: айналымды, сатуларды, табысты өсіру.

3. Рентабельділік бойынша: пайданы өсіру, барлық рентабельділік түрлерін жақсарту

4. Қаржы-экономикалық: ликвидтілікті өсіру, капитал құрылымын жетілдіру, шығындарды азайту

5. Монетарлы емесақшалай көрінісі жоқ мақсаттар.

Монетарлы емес мақсаттар

А) Экономикалық: нарық үлесін өсіру,  өнім сапасын өсіру, қоршаған ортаны қорғау, инновацияларды жақсарту, сервисті жақсарту

Б) Әлеуметтікжұмыскер табысын өсіру, әлеуметтік қауіпсіздікті өсіру,  жұмыстан қанағаттану, әлеуметтік интеграция, персоналды дамыту

В) Бедел мақсаттары: дербестік, бедел мен имидж, саяси ықпалы, қоғамдық ықпалы

 

Жіктеу белгісі

Мақсат топтары

Орнату мерзімі

Стратегиялық

Тактикалық

Оперативтік

Мазмұны

Экономикалық

Ұйымдастырушылық

Ғылыми

Әлеуметтік

Техникалық

Саяси

Құрылымдық

Маркетингтік

Инновациялық

Кадрлық

Өндірістік

Қаржы

Әкімшілік

Ортасы

Ішкі

Сыртқы

Орындау реті

Аса маңызды

Маңызды

Басқа

Өлшеуіне қарай

Сандық

Сапалық

Қайталануына қарай

Тұрақты

Бір реттік

Иерархиясына қарай

Ұйымның

Бөлімдердің

Өмірлік цикл кезеңі

Объектіні жобалау және жасау

Объектінің өсуі

Объектінің жетілуі

Өмірлік циклдың аяқталуы

Барлық мақсаттар кәсіпорын мақсаттарының жүйесін құрайды

Мақсаттардың бір-біріне қатынасы келесі түрде болады.

-         Комплиментарлы мақсаттар, бір мақсатқа жету басқа мақсатқа жетуге көмектеседі.

-         Бәсекелі мақсаттар, бір мақсатқа жету басқа мақсатқа жетуге кедергі жасайды.

-         Индифферентты мақсаттар, бейтарап мақсаттар.

    Мақсаттардың иерархиялық деңгейі:

Жоғарғы деңгейлі мақсаттар, орташа деңгейлі мақсаттар,  төменгі деңгейлі мақсаттар.

Стратегия деп іс-әрекеттің басты бағытын, ұйым миссиясын орындаудың негізгі жолын айтады.

Барлық кәсіпорындарға жалпы базистік стратегиялар болады. Оларды құрастыру үшін екі координата қолданылады: нарық және өнім, нәтижелер матрица түрінде көрсетіледі.

Даму кезеңінде болатын ұйымдарға мынадай стратегияларды ұсынуға болады (Ансофф матрицасы).

Игерілген нарықтағы орнын кеңейту – егер ұйымда технологиялық немесе өндірістік артықшылықтар бар болса нәтиже береді. Жаңа технологияларға салымдар жасалынады және бағаларды азайтады.

Өнімді дамыту стратегиясы - жаңа өнімдерді шығаруды көздейді. Ол үшін фирмада дамыған ғылыми-өндірістік, конструкторлық база мен персонал болу керек.

Жаңа нарықтарды дамыту стратегиясы – жаңа нарықтарды іздеп, оны игеру үшін инвестиция жұмсалады.

Диверсификация стратегиясы - жаңа өнімдерді жаңа нарықтарға жіберуді көздейді. Бұл стратегияны, көбінесе өте бай ұйымдар жүргізе алады.

Құлдырау кезеңінде орналасқан ұйымдарға келесі стратегияларды ұсынуға болады.

Астықты жинау стратегиясы. Ұйым барлық артық шығындарын (маркетинг, жарнама, өткізу) күрт азайтып, өткізу көлемі азайса да пайда көлемін максимальды етуге тырысады.

Нарықтық орнын қысқарту стратегиясы. Әртүрлі себептерге байланысты (бәсеке, заңның өзгеруі, және с.с.)

Өнім номенклатурасын қысқарту стратегиясы. Егер кейбір өнім түрлерінің бәсекелестік қабілеті төмен болса.

Бизнесті тоқтату стратегиясы – барлық сатуларды тоқтатады (барлық операцияларды тоқтату арқылы немесе өз орнын сату арқылы.

Сонымен қатар бәсекелестік күрес стратегиялары болады.

Шығындар бойынша лидер болу стратегиясы өнімді бәсекелестерге қарағанда төмен бағамен сату. Жалпы нарықта

Шығындарға назар аудару стратегиясы. Шығындарды үнемдеуді көздейді. Нақты нарықтарда.

Дифференциальды артықшылықтар бар стратегия. Тұтынушыға максимальды пайда әкелу көзделеді (сапа, сервис және т.с.с). Жалпы нарықта

Дифференциацияға назар аудару стратегиясы. Нақты нарықтарда.

 Базистік стратегияларды бөлшектегенде олар келесі стратегияларға айналу мүмкін:

·         жұтып алу стратегиясы, компания ұтылған бәсекелесті өзіне қосып алады;

·         қосылу стратегиясы; бірнеше компаниялар өте мықты жаңа компанияны құрайды;

·         елде немесе шетелде филиал ашу стратегиясы;

·         басқа компания акцияларын сатып алу стратегиясы;

·         басқа компаниялармен әртүрлі өрістерде іскерлік байланыстар жасау (ғылыми, өндірістік, коммерциялық және т.с.с.;

·         вертикальды интеграция.
Тақырып 10. Инвестициялар, жобалардың тиімділігін есептеу әдістері (2 сағат)

Дәріс жоспары:

  1. Инвестициялар түсінігі, түрлері

  2. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері.

  3. Инвестициялық жобаның қаржы жоспары.

Практикалық сабақ (1 сағат)

Сабақта студенттер практикалық сабаққа арналған есептер жинағы бойынша берілген тақырыпқа байланысты есеп шығарады (4.2-4.3).



Тапсырма

Есептер жинағы бойынша 2 есеп шығару.



Әдебиет

        1. Дәрістер

        2. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 336-360 б

        3. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 134-159 б.

        4. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 1999 г., 306-326 б

        5. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997 г., 344-364 б.

  1. 6. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 68-78 б

7. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы

/Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 43 б.



Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар

1. Есептер жинағында берілген тақырыпқа байланысты өздік жұмысқа арналған есептер (1-5 тапсырмалар).



1. Инвестициялар түсінігі, түрлері

Инвестициялар – пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне капитал жұмсау. Мақсатына және мерзіміне қарай инвестициялар келесі топтарға бөлінеді:

  • қоржынды – бағалы қағаздарды сатып алу және оларға басқару жүргізу.

  • венчурлық – жаңа қызмет өрістеріне немесе жаңа өнімдерге жұмсалатын қаржы

  • тура – шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жарғылық капиталына жасалынатын салымдар

  • аннуитеттер – сақтандыру және зейнетақы қорларына жасалынатын салымдар.

Жалпы алғанда инвестициялар қоржынды және нақты болып бөлінеді.

Нақты инвестициялар келесі түрде бөлінеді:



  1. мүлікке – күрделі шығындар

  2. материалдық емес (кадрларды даярлау, жарнама, зерттеулерге, құрастыруларға).

Формасына қарай инвестиция түрлері:

  1. ақшалай немесе оған эквивалентты қаржымен;

  2. жер қорымен;

  3. ғимараттармен, құрлыстармен, жабдықпен немесе басқа мүлікпен;

  4. ақшалай саналған мүлік құқықтарымен (патент, сауда маркалары, лицензия).

Инвестиция көздері:

  1. кәсіпорынның өзіндік қаржысы (пайда, амортизация, сақтандыру қоры);

  2. келтірілген қаржы (акция, облигация, бағалы қағаздар сату);

  3. қарызды қаржы (несие, облигациялық қарыз, шетел банктердің, ұйымдардың несиелері, сақтандыру және зейнетақы қорларының несиелері);

  4. Жоғары тұрған холдингпен, қаржы-өнеркәсіптік топтармен берілетін қаржы;

  5. Мемлекеттік бюджет пен қаржы қорларынан тегін салымдар;

  6. Шетел инвестициялары.

Инвестициялау қағидалары:

  1. «замазка» қағидасы. Инвестиция тиімділігін алдын-ала анықтау.

  2. Адаптациялық шығындар қағидасы. Жаңа инвестициялық ортаға бейімделу шығындары.

  3. Мультипликатор қағидасы. Салалардың байланысын ескеру.

  4. Q қағидасы. Қатаң реттеу жүргізілмейтін кәсіпорындарда қолданылады. Инфляцияны, тәуекелді, қайтарып алу мерзімін және капитал салу шарттарын есебке алу.

Инвестицияларды жасау нәтижелері: экономикалық, техникалық, әлеуметтік, экологиялық, саяси

Күрделі шығындар - өндірістік қорлардың құнын өсіруге жіберілетін салым

Күрделі шығын түрлері:


  1. ескі – іс жүзінде істейтін негізгі қорлар құны (Ке).

  2. жаңа – жаңа жабдықтың құны: бағасы, жеткізу және орнату құны, модернизация шығыны, жобалауға, құрылысқа және айналым қаржыны өзгертуге кеткен шығындар:



  1. Кқолд– қолданылған күрделі шығындар.

  2. Кқосж–Ке

2. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері.

Инвестиция тиімділігін анықтағанда келесі көрсеткіштер анықталады:



  1. Коммерциялық тиімділік көрсеткіштері – тікелей қатысушылар үшін нәтижелерді сипаттайды.

  2. Бюджеттік тиімділік көрсеткіштері – мемлекеттік, жергілікті бюджетке әсерін сипаттайды.

  3. Экономикалық тиімділік көрсеткіштері– қатысушылардың, аймақтың, жалпы елдің тура мүддесіне қатысты болатын жоба бойынша шығындар мен нәтижелерді сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет