Кәсіпорынның (ЗАҢ БӨлімінің) Қызметінің Ұйымдастырылуы


Кеңесші-заңгер қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер



бет5/11
Дата24.06.2020
өлшемі57,16 Kb.
#74463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Отчет адина

1.3 Кеңесші-заңгер қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер
Нормативтік құқықтық акт – құқық нормасынан тұратын мемлекеттің құқықшығармашылық актісі. Бұл құқық нысаны әлемінде негізгі қолданылатын, басқа қайнар көздердің алдында басымдылыққа иелердің бірі.

Нормативтік- құқықтық акт–әлемнің барлық құқықтық жүйесінде басымдылық танытатын құқықтың қайнар көзі. Олармен біз әрқашан кездесеміз, олар бізбен барлық жағдайда бірге болады: жұмыста, демалыста, емделуде. Бұл Конституция, заңдар, нормативтік сипаттағы Президенттің дарлықтары және т.б. Нормативтік-құқықтық акт бірқатар даусыз қасиеттерге ие.

Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы (02.21.2019ж. Толықтырылған) 2-бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасы.

1. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және адвокаттық қызмет пен заң көмегін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Заң көмегі осы Заңның ережелеріне сәйкес және Қазақстан Республикасының кодекстерінде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып көрсетіледі.

3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

4. Жеке тұлғаларға заң көмегін көрсету шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

10 шілде 2017 жыл, Астана. 2017 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды.

Заң «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар кешені туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 437 Жарлығын орындау үшін әзірленген.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабының 1-тармағына прокуратура қызметінің аясы сипаттап көрсетілген өзгерістер енгізілді.

Осыған байланысты, жаңа Заңда Қазақстан Республикасы прокуратурасының мәртебесі, құзыреті, қызметін ұйымдастыру тәртібі айқындалған.

Заңның 1-бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан заңда белгіленген шектерде және нысандарда Қазақстан Республикасы аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекет мүдделерін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.Заң адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған.

Жоғары қадағалау шектері мен нысандары айқындалған, оның негізгі бағыттары нақтыланған, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіндегі заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалау шекарасы белгіленген.

Прокурордың өкілдіктері (құқықтары мен міндеттері), оның жауапкершілігі бекітілді, прокуратураның міндеттері айқындалды, тексерілетін субъектілердің құқықтары мен міндеттері көзделді, прокурорлардың тексерістер тағайындау үшін негіздер, сондай-ақ прокурорлардың талап қоюымен сотқа жүгіну негіздері қысқартылды.

Қадағалаудың үш түрі көзделген: заңды күшіне енген құқықтық актілерді тексеру, талдау, бағалау.

Прокурордың құқықтық актілер жүйесі оңтайландырылды. Прокурорлық қадағалау актілерінен (ден қою) «алдын ала ескерту» және «ұйғарым» алынып тасталды.

Қазақстан Республикасындағы нотариат – бұл нотариаттық iс әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институт.

Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңмен белгiленген жағдайлар мен шектерде нотариаттық iс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар: 

1) мемлекеттiк нотариат кеңселерiнде жұмыс iстейтiн нотариустар (мемлекеттiк нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар); 

2) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдары; 

3) Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар; 

4) Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңына сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi өзге де адамдар.

Жекеше және мемлекеттiк нотариустардың нотариаттық қызметтi жүзеге асырған кездегi құқықтары, мiндеттері тең болады. Олар ресiмдеген құжаттардың бiрдей заң күшi болады.

Нотариаттық қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.

Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, жасы жиырма беске толған, жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, нотариуста кемінде бір жыл мерзіммен тағылымдамадан, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қызмет атқаратын әкімшілік мемлекеттік қызметші мемлекеттік нотариус болып табылады.

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуды қоспағанда, мемлекеттік нотариусқа осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптар қолданылады.

Заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған, белгiленген тәртіппен іс-әрекет жасауға қабiлетсіз не iс-әрекет жасауға қабілеттілігі шектеулi деп танылған адам нотариус бола алмайды.

Өзiне қатысты ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iс тоқтатылған, лицензиясынан айырылғандықтан не нотариаттық iс-әрекет жасау кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бергенi үшiн мемлекеттiк нотариус қызметiнен босатылғандықтан нотариаттық қызметтi тоқтатқан адам да осындай оқиға болғаннан кейiн бес жыл бойы нотариус бола алмайды.

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi берген лицензия (нотариус лицензиясы) нотариусқа нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк бередi.

Нотариус лицензиясы мерзiмi шектелмей берiлетiн басты лицензия болып табылады және ол Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет