3 ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТАРДЫ РЕСІМДЕУ. ТАРИФТІК КЕЛІСІМДЕР
Ұжымдық шарт тараптардың - кәсіпорын иесінің (жұмыс берушінің, кәсіпкердің) және еңбек ұжымының мүдделерін келістіру құралы қызметін атқарады, қолданылып жүрген заңдар негізінде жасалады әрі бір жағынан - еңбек ұжымының, оның мүшелері мен олардың отбасыларының еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу жөніндегі меншік иесінің міндеттемесін, екінші жағынан - меншік иесінің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі еңбек ұжымының міндеттемесін қамтиды.
Ұжымдық шарт:
тараптардың әлеуметтік серіктестігі, өзара сенімі мен құрметі, құқықытары мен міндеттерінің ара жігін ажырату;
шарт қағидаларын әзірлеуге еңбек ұжымы мүшелерінің кеңінен қатысуы;
шарт қағидаларын әзірлеуде тараптардың тең құқықтылығы;
тараптарға жүктелетін міндеттемелерді материалдық, өндірістік және қаржылай қамтамасыз етудің нақты мүмкіндіктерін ескеру, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау;
шартқа енгізілген міндеттемелердің орындалуы үшін тараптардың бақылау жасауы және жауапкершілігі принциптері негізге алына отырып жасалады.
Мемлекеттік кәсіпорында немесе өзге де мемлекеттік құрылымда (бұдан әрі - "мемлекеттік кәсіпорын") жасалатын ұжымдық шарттың тараптары кәсіпорын басшысы мен еңбек ұжымы болады.
Мемлекеттік емес кәсіпорында немесе өзге де мемлекеттік емес құрылымда (бұдан әрі - "мемлекеттік емес кәсіпорын") жасалатын ұжымдық шарттың тараптары кәсіпорын иесі немесе ол өзінің өкілі болуға уәкілдік берген кәсіпорын басшысы мен еңбек ұжымы болады.
Еңбек ұжымы жалпы жиналыс (конференция) кейпінде тұтастас не кәсіподақ немесе өзі уәкілдік берген өзге де орган кейпінде қатыса алады.
Кәсіпорындарда бірнеше кәсіподақ ұйымдары болған кезде шартқа қол қою процесінде еңбек ұжымының атынан қатысу құқығын олардың ішінде қай органға беру не оларға ортақ өкілдік тапсыру туралы мәселе ұжымның жалпы жиналысында (конференциясында) шешіледі.
Ұжымдық шарттың жобасын әзірлеуді еңбек ұжымы өз мүшелерінің, осы ұжымда құрылған кәсіподақ ұйымдарының және басқа да еңбекшілер қоғамдық бірлестіктерінің кеңінен қатысуымен жүзеге асырады.
Ұжымдық шарт тараптарының кез келгені екінші тарапқа келіссөздерді бастау туралы жазбаша хабарлама енгізуге қақылы.
Тараптардың келіссөздер жүргізуден, шарт қағидаларын әзірлеуден және қол қоюдан бас тартуына жол берілмейді.
Тараптар келіссөздер жүргізу үшін комиссия құрады.
Еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді таңдауда және талқылауда комиссияға толық еркіндік беріледі.
Тараптар комиссияны келіссөздер жүргізу үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Келіссөздерге қатысушылардың мемлекеттік немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді әйгілеуіне қақысы жоқ.
Келіссөздерге қатысушылардың осы баппен көзделмеген кепілдіктерін, оларды жүргізу тәртібі туралы басқа да ережелерді тараптар анықтайды.
Келіссөздердің нәтижесі ұжымдық шарттың жобасы болуы тиіс.
Ұжымдық шарт жасасу тәртібі:
Комиссия даярлаған ұжымдық шарт жобасы еңбек ұжымында талқылаудан өтеді. Талқылау түрін еңбек ұжымы мүшелерінің мүдделерін білдіруші органдар анықтайды.
Жобаны түскен ескерпелер мен ұсыныстарды ескере отырып комиссия пысықтайды және тараптардың өкілетті өкілдері қол қояды. Ұжымдық шартқа қол қойылғанға дейін еңбек ұжымы оны жалпы жиналыста (конференцияда) бекітуі қажет.
Шарт жобасы ұжымдық келіссөздер арқылы әзірленуде.Келісім жобасын әзірлеу және шарт жасасу тәртібі, мерзімдері комиссиямен анықталады. Комиссия ұжымдық келіссөздер жүргізетін жұмыс берушілер қауымдастығының мүшесі болып табылмайтын жұмыс берушілерге келісімнің жобасын әзірлеу және ұжымдық келіссөздердің басталуы туралы келісім жасасу туралы хабарлауға, сондай-ақ оларға ұжымдық келіссөздерге қатысудың мүмкін нысандарын ұсынуға құқылы.Келісімге тараптардың өкілдері қол қояды.Келісім оған тараптар қол қойған күннен бастап немесе келісімде белгіленген күннен бастап күшіне енеді.Келісімнің қолданылу мерзімін тараптар анықтайды, бірақ 3 жылдан аспауы керек. Тараптар келісімді бір рет 3 жылдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
Тарифтік келісімдер - кәсіподақ бірлестіктері, жұмыс берушілер бірлестіктері немесе жұмыс берушілер уәкілеттік берген өзге де өкілетті органдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі, атқарушы орган еңбек және билік органдары арасындағы үш жақты келісімдер жүйесі негізінде еңбекақы төлеуді тарифтік реттеу туралы келісім.
Тарифтік келісім - мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар және кәсіпкерлер өкілдері арасындағы ұйым, еңбекақы төлеу, әлеуметтік кепілдіктер, қызметкерлерді жалдау және жұмыстан босату саласындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін салалық келісім.
Тараптар-салалық тарифтік келісімдерге қатысушылары.Меншік иесінің мүдделерін білдіретін органдар (салалық басқару органдары) және еңбек ұжымдарының мүдделерін білдіретін кәсіподақ немесе өзге де бірлестіктер салалық тарифтік келісімдерге қатысушы тараптар болып табылады.
Түрлері:
1. Тарифтік
2. Аймақтық
Достарыңызбен бөлісу: |