Кәсіпорынның (ЗАҢ БӨлімінің) Қызметінің Ұйымдастырылуы



бет2/11
Дата24.06.2020
өлшемі57,16 Kb.
#74463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Отчет адина

Таныстыру практикасы одан әрі салалық заң пәндерін оқуға көмектеседі, ал осы тәжірибеден алынған дағдылар ары қарай өндірістік практиканы нәтижелі өтуіне себебін тигізеді. Танысу практикасы студентке кәсіби білімді тереңдетуге,нақтылауға білім мен тәжірибені ұштастыруға және алынған білімді тексеруге мүмкіндік береді.


Халық арасында танымал, көпшілік таңдайтын бірнеше мамандық бар. Олар әр қоғамда, қандай жағдай немесе тәртіпте болмасын сұранысқа ие болады. Сол мамандықтардың ішінде заңгерлік те бар. Бұл мамандық иелері мемлекеттік мекемелерде, заң органдарында, түрлі ұйымдарда,шағын фирмаларда, кәсіпорындарда, коммерциялық және қоғамдық құрылымдарда ауадай қажет.

Әрине, көп адамдардың заңгер болуға деген құштарлығы бекер емес. Заңгер мамандығы пайда болған қиындықты шешуге бағытталады. Заңгер әділетсіздіктің құрбаны болған тұлғаға, қылмыстан зардап шеккен жәбірленушінің өз құқықтарын қалпына келтіруге, оларды қорғауға, заңсыз жұмыстан шығарылған адамның қайта жұмысына тұруына, даулы мүліктік және тұрғын үй сұрақтарын шешуге көмек береді.

Тергеуші, судья болып жұмыс істейтін заңгер қылмыскерге әділ жазасын беру үшін қызмет етсе, прокурор болып қызмет атқаратын заңгер заң бұзған шенеунікті жауапкершілікке тартады.

Заңгер жұмысы – құқық үшін күрес, ол күрес заңгерлерге үлкен рухани ләззат сыйлайды.

Заңгер мамандығының тағы бір жақсы жері – алынған білімді мемлекеттік басқарудың әр саласында: ғылымда, экономикада, мәдениетте, спортта және журналистикада пайдалануға болады. Жоғары білікті заңгер – кәсіби қызметте әруақыт қажет. Заңгер мамандығын тәмамдаған шынайы білікті мамандар жоғары интеллектуалды әрі ұйымдастырушылық қабілетке ие болады.

Қазақстанда заңгер қызмет жасай алатын жұмыс орындарына жататын тізімге назар аударсақ, оларға прокурорлық қызмет, прокурордың көмекшісі, тергеушілер, судья, адвокаттар, юристконсульттар, нотариустар, ішкі істер органдарының жедел іздестірушілері, салық полицейлері, кеден органдарының, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдардың, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлері, HR менеджерлер, меншіктің барлық нысанында құрылған кәсіпорындардың басшылары жатады. Заңгерлердің кәсіби мүмкіндіктері арнайы құрылымдарға таралады, яғни, олар: сот, құқық қорғау органдары, сонымен қатар, басқарушылық және шаруашылық секторлар. Тәжірибеде көбінесе, заңгерлер өз мамандығы бойынша банктерде, саудада, сақтандыруда, заңды тұлғалардың басшылығында жұмыс істейді. Жаңа жұмыстар жеке кәсіпкерлердің, тұтынушылардың, авторлардың құқықтарын қорғауда, заңсыз бәсекелестіктің алдын алуда, құрылыс пен риелторлық қызметте пайда болады.

Бүгінгі таңда құқық қорғау органдарында білікті мамандардың жетіспеушілігі орын алуда. Қылмыстың өсуі әсерінен тергеу аппаратын, соттар санын, прокурорлардың санын ұлғайту мәселесі туындауда. Ал өндіріс аясында жұмыс берушіге тиімді қызмет атқаратын заңгерлер қажет. 

Қазіргі күнде, заңгерлер салық органдарына, ішкі істер органдарына, әкімдіктерге, прокуратура органдарына, сотта қажет болса, коммерциялық ұйымдарда шет тілін, компьютерді жетік меңгерген, экономикалық құбылыстардан хабары бар мамандар керек. Шет тілін және мемлекеттік тілдерді жетік меңгеру студенттерге шетелдік ұйымдарда жұмыс жасауға мүмкіндік береді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет