Балалар демалыс күні тауға барған. Мақсат шахмат алып шығатын болған. Дайындап-ақ қойып еді, бірақ тарс есінен шығып кетіпті.
Балалардың бірі ренжіді, екінші біреулері түсіністікпен қарады....
-Өкінішті-ақ...Енді не істесек екен?...-деді бірі.
-Жарайды, бір амалын табармыз, - деді екіншісі.
-Саған
сеніп қалдық қой, әйтпегенде ала шығар едік,- деді үшіншісі.
-Ұмытып
кететінің бар, неге мойныңа аласың?- деді тағы бірі.
-Асығып жүріп ұмытып кеткен болар. Соға бола, сонша неге ашуланасыңдар? Жарайды, бүгінше
басқа ойын ойнармыз,- деп сыныптың старостасы балаларды сабырға шақырды.
*Балалардың қайсысы түсіністікпен қарады? Қайсысы ренжіді?
Достарыңызбен бөлісу: