Мәтінде белгілі бір адам туралы немесе нақты зат туралы айтылады.
Ол мәтіннің тақырыбы болып есептеледі.
Тақырып мәтіннің атауында да көрініс беруі мүмкін.
Тақырып біреу болғанымен, мәтіннің атауы әртүрлі бола береді.
ІІІ.Сергіту сәті.
ІV.Дәптермен жұмыс
Мысалы, тақырып қарлығаш. Мәтінде қарлығаш туралы айтылады.
Ал ол мәтіннің атауы бірнеше түрлі болуы мүмкін. Мәселен:
Қарлығаш;
Қарлығаш-жыл құсы;
Қарлығаш-адамға үйірсек құс;
Қарлығаш-қасиетті құсы.
2.Өлеңдерді оқы. Екеуінің тақырыбы бір ме, әлде әртүрлі ме?
Бір күн келіп алмастырып бір күнді,
Көктем келіп айналамыз құлпырды.
Қос қарлығаш тыным таппай тағатсыз,
Жөндеп жатыр ескі ұясын былтырғы.
(Бақытжан Ауданбаев)
*Бұл екі өлеңнің де аты бар. Бірі «Қос қарлығаш», екіншісі «Қарлығаштар» деп аталады. Қай өлеңге қай атау сәйкес келеді? Жаз.__________________________________________________
Мәтінді түсіну – оның негізгі айтар ойын түсіну деген сөз. Негізгі ой мәтіннің өн бойынан көрінеді. Кейде ол мәтін ішіндегі бір сөйлеммен беріледі. Негізгі ой әңгіменің басныда немес аяғында болады. Кейде атынан –ақ көрініп тұрады.
3.Өтебай Тұрманжановтың әңгімесін оқы.
*Әңгіменің тақырыбы қандай?
Мұндағы негізгі ой қайсысы?
4.Ертегіні мұқият оқып, негізгі ойды тап. Мәтінге ат қой.
Қоян-ата көжектеріне кеп сәбіз әкеп, бір-бірден бөліп берді. Ең кенжесі сұр көжек:
-Маған қотыр сәбіз бердің, жемеймін, - деп ұртын тұртитты. Сәбіздің түп жағында бұршақтың үлкендігіндей екі-үш бүртігі бар екен. Оны басқа бір көжек қағып алды да, бір-ақ асады. Сұр көжек аш қалды.
Атасы оған;
-Солай, балам... «Өкпелеген үлесінен құр қалады» - деді.
(Мұзафар Әлімбаев)
*Мұндағы негізгі ой «сұр көжек аш қалды» ма? Әлде «өкпелеген үлесінен құр қалады» деген сөз бе? Әңгімеге ат қой.
Достарыңызбен бөлісу: |