Кәсіптік оқыту әдістемесі


Оқушылар білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын бағалау



бет44/54
Дата07.02.2022
өлшемі1,03 Mb.
#91012
түріКонспект
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54
Байланысты:
Конспект лекций

9.2 Оқушылар білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын бағалау Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы.

Бағалау деп жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Үлгерімді бағалаудың білім беру және тәрбиелік маңызы бар. Білім берудің мағынасы оқушылар объективті білім алады, ой-өрісі кеңиді, ғылыми көзқарасы қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді. Тәрбиелік мағынасы жағынан объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін қалыптастырудың құралы. Білімді,


іскерлікті және дағдыны тексеру және бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат – оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін және кері байланысын есепке алу.

Мұғалім оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеру сапасын тексеріп қана қоймайды, ол оларды ойлау тәсілдеріне, практикалық жұмысқа үйретеді және біліміндегі кемшілікті жоюдың жолдарын іздестіреді.


Оқушылардың білімін бағалау үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет:


а) оқушы білімінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәлелдеу;


ә) баға әділетті болуы қажет, оқушының бағасын әдейі төмендетуге, оған өте жеңіл-


желпі қарауға және ымырашылдыққа салынуға болмайды;


б) әрбір баға – бұл тек қана білімді есепке алу емес, ол шын тәрбиелік құрал.


Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды;


в) оқушылардың кейбір теріс қылықтары үшін бағаны жазалау құралы есебінде


қарастыруға болмайды;


г) оқушылар білімін тексеруді және бағалауды сабақтың әрбір кезеңінде іске асыру керек.


Үлгерімді бағалау «балл» есебінде көрсетіледі. Біздің мектептерде үлгерімді бағалау жүйесі бес балды болып қабылданған:


«5» бағасы – оқу материалын толық, дәл логикалық бір ізділікпен айтылған жауапқа қойылады;


«4» бағасы – материалды толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;


«3» бағасы – жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;


«2» бағасы – оқушы жауабында қателіктер, білімінде елеулі кемшіліктер бар;


«1» бағасы – тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан өрескел қателері үшін қойылады.


Оқушылардың білімін тексеру процесінде, оларға тек қана баға қоюмен шектелуге болмайды. Мұғалім оқушы оқу материалын қалай ұқты, білімі


қаншалықты берік, терең, дәл, анық, міне, осы жағынан баса көңіл аудару керек. Оқытушы тексерудің барысында оқушылардың үлгерім динамикасын, білімдерін тексеруде олардың ынтасын зерттейді, тексерудің үнемі жүйелі түрде болып отыруын қамтамасыз етеді.

Оқушылардың үлгерімін сандық белгімен көрсетудің әр түрлі жүйелері «балл» түрінде басқа елдерде де қолданылады.


Венгрия, Югославия және Чехославакия елдерінде «бес» балды жүйе қолданылады. Венгрия мен Югославияда «бес» жоғары, «бір» төмен баға Чехославакияда «бір» жоғары, «бес» төмен баға болып қойылады.


Румыния, Голландия және Ауғаныстан мектептерінде оқушыларға 1-ден 10-ға дейің баға қойылады. 10 – өте жақсы, 1 өте төмен, ал сыныптан сыныпқа көшіру 5,6 сандық белгілермен бағаланады.


Францияның бастауыш мектептерінде оқушыларға 10 балдық жүйе бойынша, ал лицейде 20 балдық шкала арқылы баға қойылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет