2. Кәсіптік приктиканы ұйымдастыру
6. Кәсіптік практика білім беру бағдарламасының мiндеттi компоненті болып табылады.
7. Білім алушыны кәсіптік практиканың барлық түрлеріне жіберу өту мерзімдерін, практиканың базасы мен жетекшісін көрсете отырып, жоғары оқу орны ректорының немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы директорының бұйрығымен ресімделеді.
Білім алушыға осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама беріледі.
8. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері, көлемі мен мазмұны стандарттармен, үлгілік және оқу жұмыс жоспарларымен және бағдарламалармен айқындалады.
9. Кәсіптік практиканың бағдарламасы практика базалары ретінде айқындалған кәсіпорындарымен (мекемелерімен, ұйымдарымен) келісіледі және оқу орнының басшысымен бекітіледі.
10. Кәсіптік практиканың бағдарламасы өз мазмұны бойынша мамандықтың бейінін, практика түрінің ерекшелігін, кәсіби стандарттардың және білім беру бағдарламасының талаптарын, ұйым қызметінің, технологиялық процестің және практика нысанының сипатын көрсетеді.
Кәсіптік практиканың бағдарламасы мерзімді жаңартылады және ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін, практика базасында қолданылатын инновациялық технологияларды қамтып көрсетеді.
Кәсіптік практиканың бағдарламасын жаңарту және қайта бекіту тетігін оқу орны айқындайды.
11. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнының сырттай (кешкі) оқу нысандарында білім алушылар мамандық бойынша жұмыс істейтін жағдайда оқудан және өндірістік (технологиялық) практикадан босатылады.
Бұл жағдайда олар оқу орнына жұмыс орнынан олардың кәсіптік қызметін көрсететін анықтаманы және мінездемені ұсынады.
Сырттай (кешкі) оқу нысандарында білім алушылар диплом алды практиканың бағдарламасын орындайды.
12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарының білім алушылары кәсіптік практиканың әрбір түрінің қорытындылары бойынша практика жетекшісі тексеретін есепті ұсынады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарында өндірістік практиканың есебін қорғаудың нәтижелері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5191 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен (бұдан әрі – № 125 бұйрық) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу ережесіне сәйкес сараланған бағалаумен өткізілетін сынақтармен бағаланады.
13. Жоғары оқу орындарының білім алушылары кәсіптік практиканың әр түрінің қорытындылары бойынша тиісті кафедраға практика жетекшісі мен консультанты тексеретін және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссияның алдында қорғалатын есепті ұсынады.
Есепті қорғау нәтижелері № 125 бұйрыққа сәйкес бағалардың балдық–рейтингтік әріпті жүйесі бойынша бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |