Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары


Кәсіптік практика базасы ретінде ұйымды айқындау тәртібі



бет3/5
Дата05.09.2020
өлшемі54,57 Kb.
#77451
1   2   3   4   5
Байланысты:
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары

3. Кәсіптік практика базасы ретінде ұйымды айқындау тәртібі

      14. Білім алушылардың кәсіптік практиканы өткізу үшін базасы ретінде жарғылық қызметі мамандарды даярлаудың бейініне және білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін, кәсіптік практикаға жетекшілік етуді жүзеге асыру үшін білікті кадрлары және материалдық-техникалық базасы бар ұйымдар айқындалады. 


      15. Кәсіптік практиканың базасы ретінде айқындалған ұйыммен Заңның 5-бабының 24) тармақшасына сәйкес білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізуге арналған үлгілік шарттың нысаны негізінде құрастырылған кәсіптік практика түрі көрсетілген оны өткізу туралы шарт жасалады.
      16. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орындары білім алушылардың кәсіптік практика базаларымен шарт практика басталғанға бір ай бұрын кеш емес мерзімде жасалады.
      17. Шартта оқу орнының, кәсіптік практиканың базасы болып табылатын кәсіпорнының (мекеменің, ұйымның) және білім алушылардың міндеттері мен жауапкершілігі айқындалады. 
      18. Кәсіптік практиканы өткізу үшін оқу орны практика базасымен келісілген бағдарламаны, күнтізбелік кестелерді, кәсіптік практиканы өтудің оқу-тәрбиелік процесінің кестесін бекітеді. 
      Кәсіптік практиканы өтуге жолдау кезінде білім алушыға осы Қағидаға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандары бойынша кәсіптік практиканың жұмыс жоспар-кестесі, кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есебі беріледі.
      19. Кәсіптік практиканың әр түрі бойынша білім алушыларға оқу орнынан және практика базасынан – кәсіпорнынан (мекемеден, ұйымнан) жетекшілер тағайындалады. Қажет болған жағдайда консультанттар тағайындалады.
      20. Жетекшілердің қызметтерін, міндеттері мен жауапкершілігін оқу орны және практика базасы – кәсіпорын (мекеме, ұйым) келісім бойынша дербес айқындайды.
      21. Кәсіптік практикаға арналған шығындарды оқу орны және практика базасы болып табылатын кәсіпорын (мекеме, ұйым) жоспарлайды және кәсіптік практиканы өткізуге арналған шартта айқындалады.
      22. Өндірістік қажеттілік болған жағдайда білім алушы-практиканттар белгілі бір лауазымға оларға еңбек ақысын төлей отырып, уақытша жұмысқа қабылданады.
      23. Кәсіптік практиканың базасы болып табылатын ұйым кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес оны өту үшін білім алушыларға орын береді және білім алушыларға жұмыс орнында қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз етеді. 
      24. Практика базасы – ұйым білім алушылармен кәсіптік практиканы өту кезінде болатын қайғылы оқиғаларға 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес толық жауапты болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет