Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары


Жоғары оқу орындары білім алушыларының практика түрлерін ұйымдастыру және өткізу тәртібі



бет5/5
Дата05.09.2020
өлшемі54,57 Kb.
#77451
1   2   3   4   5
Байланысты:
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары

5. Жоғары оқу орындары білім алушыларының практика
түрлерін ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      56. Жоғары оқу орындары білім алушыларының оқу (танысу) практикасының мақсаты оқыту процесінде алынған теориялық білімдерді бекітуді және тереңдетуді, зерттеу қызметінің алғашқы дағдыларына ие болуды, іскерлік хат алмасуды жүргізуді машықтарды қамтитын бастапқы кәсіби құзыреттерді игеру, оқитын мамандыққа сәйкес қызметтің практикалық машықтар мен дағдыларды игеру болып табылады. 


      57. Оқу (танысу) практикасының негізгі міндеттері:
      1) жоғары оқу орны қызметінің негізгі бағыттарымен танысу;
      2) мамандықпен және оның білім беру бағдарламаларымен танысу;
      3) болашақ мамандықтың объектісі болып табылатын ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанымен, құрылымымен, басқару жүйесімен және т.б. жалпы танысу;
      4) болашақ кәсіптік қызметінің түрлерін, функцияларын және міндеттерін зерттеу; 
      5) іскерлік хат алмасуды зерттеу және іс қағаздарын жүргізу;
      6) еңбек ұжымында қызметті жасау дағдыларын игеру болып табылады.
      58. Оқу практикасы барлық мамандықтардағы білім алушылар үшін өткізіледі және 1-курста ұйымдастырылады.
      59. Нақты пәндік саланың ерекшелігіне және болашақ маманның кәсіптік біліктілігіне байланысты оқу практикасының танысу, далада өтетін, экскурсиялық, бағдарлы, мектеп, есептеу, пленэр және т.б. түрлерін ажыратады. 
      60. Оқу (танысу) практикасы болашақ кәсіптік қызметінің нысаны болып табылатын ұйымда танысу экскурсияларын қамти отырып жоғары оқу орындарында өткізіледі.
      61. Оқу практикасы аталған мамандық бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын арнайы кафедраға бекітіледі. 
      62. Оқу практикасының бағдарламасы білім беру бағдарламасының талаптарына және мамандықтың бейініне сәйкес әзірленеді. 
      63. Тілдік практиканың мақсаты білім алушыларда ауызша және жазбаша аударудың дағдыларын, іскерлік мен достық қарым-қатынас дағдыларын, соның ішінде оқытылатын тілдердің сөйлеушілерімен қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру болып табылады. 
      64. Тілдік практиканың негізгі міндеттері:
      1) білім алушыларды ауызша және жазбаша аударудың теориясы мен практикасының негіздерімен танысу;
      2) теориялық және практикалық білімдері мен машықтарды бекіту және кеңейту;
      3) тілдік коммуникация саласындағы практикалық дағдылар мен машықтарды алу;
      4) арнайы лексиканы аудару дағдыларын ұлғайту және бекіту;
      5) тиісті мамандық бойынша сөздік қорды арттыру;
      6) сөйлеу тілін, шет тілде тілдесудің диалогтық нысанын дамыту және бекіту болып табылады.
      65. Тілдік практика тілдерді білетін кадрларды даярлайтын және көптілді білім беретін мамандықтарда білім алушылар үшін жүргізіледі, сондай-ақ мамандыққа байланысты білім алушылардың оқуды аяқтағанына дейін 2-курстан бастап ұйымдастырылады.
      66. Тілдік практика аталған мамандық бойынша мамандарды даярлайтын арнайы кафедраға бекітіледі.
      67. Тілдік практиканың бағдарламасында білім берудің деңгейлі моделі мен шет тілдерді меңгерудің және көптілді білім беру қағидаларының талаптарын есепке алу қажет.
      68. Мамандықтың ерекшілігіне байланысты 1-курстан кейін кәсіптік практиканың далада өтетін, археологиялық және басқа түрлері ұйымдастырылады және өткізіледі.
      Бұл практика түрлерінің мақсаты білім алушыларда кәсіби міндеттерді дамытуды толықтыратын және тиісті құзыреттерді қалыптастыру болып табылады.
      Кәсіптік практиканың басқа түрлерін бағдарламалары аталған мамандық бойынша мамандарды даярлайтын арнайы кафедралары әзірлейді. 
      69. Педагогикалық практиканың мақсаты жалпығылыми, культурологиялық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша білімдерді бекіту және тереңдету, теориялық білімдер негізінде педагогикалық машықтарды, дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру болып табылады. 
      70. Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері:
      1) педагогикалық қызметтің бастапқы тәжірибесін игеру;
      2) сабақ беру мен оқыту әдістемесін меңгеру;
      3) педагогикалық шеберліктің негіздерін білу;
      4) оқу-тәрбие және оқытушылық жұмысты өз бетінше жүргізудің машықтары мен дағдыларына баулау;
      5) ғылыми-психологиялық және педагогикалық зерттеудің дағдыларын меңгеру;
      6) тәрбие жұмысының әдістемесін меңгеру;
      7) оқытудың инновациялық технологияларды білу;
      8) оқу және тәрбие жұмысы барысында білім алушыларға олардың даму ерекшеліктерін ескере отырып жеке тәсілді жүзеге асыру болып табылады. 
      71. Педагогикалық практика бүкіл оқу мерзімі бойы әр курста өткізіледі және:
      1) 1-курстың білім алушыларының педагогикалық практикасын;
      2) 2-курстың білім алушыларының психологиялық-педагогикалық практикасын; 
      3) 3-курстың білім алушыларының оқу-тәрбиелік педагогикалық практикасын; 
      4) 4-курстың білім алушыларының өндірістік педагогикалық практикасын қамтиды.
      72. Педагогикалық практика үздіксіз болып табылады және теориялық оқытуымен қатар өткізіледі.
      73. Педагогикалық практиканың базасы:
      1) мектепке дейінгі ұйымдар;
      2) жалпы білім беру (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) ұйымдары;
      3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары болып табылады. 
      74. Педагогикалық практика педагогика кафедрасымен бірлесіп арнайы кафедраға бекітіледі. 
      75. Педагогикалық практиканың бағдарламасы мамандықтың білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес әзірленеді және білім алушыларда кәсіби мағыналы машықтарды жасауға және мұғалім мен педагогтың педагогикалық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
      76. Өндірістік практиканың мақсаты кәсіби құзыретін бекіту, кәсіби қызметінің практикалық дағдылары мен тәжірибені игеру болып табылады. 
      77. Өндірістік практиканың негізгі міндеттері:
      1) мамандық бойынша кәсіптік қызметінің түрлерін, олардың функциялары мен міндеттерін оқып зерттеу;
      2) теориялық білімдерді бекіту және бұл негізінде кәсіби машықтарды, дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру;
      3) инновациялық технологияларды, еңбек пен өндірістің озық әдістерді меңгеру;
      4) ұйымдастырушылық және кәсіптік тәжірибені игеру; 
      5) командалық жұмыстың, басқарудың корпоративтік қағидалары құзыретінің дағдыларын игеру;
      6) өз бетінше өз қызметті жоспарлау, әріптестермен пайдалы байланыстарды орнату, рольдік кәсіби ұстанымын айқындау, жауапкершілік сезімін қалыптастыру машықтарды меңгеру болып табылады. 
      78. Өндірістік практика барлық мамандықтардағы (педагогикалық мен тілдік мамандықтарынан басқа) білім алушылар үшін жүргізіледі және білім алушылардың оқуды аяқталуына дейін 2 курстан бастап ұйымдастырылады.
      79. Өндірістік практика оның мазмұнына байланысты арнайы кафедраның немесе нәтижесінде аталған өндірістік практика түрінің объектілері болып табылатын теориялық оқытуды жүргізетін кафедраға бекітіледі.
      80. «Техникалық ғылымдар және технологиялар», «Ауылшаруашылық ғылымдары», «Қызмет көрсету» және «Ветеринария» мамандықтар топтары бойынша білім алушылардың кәсіптік практикасы дуальды білім беру жүйесінің қағидаларын есепке алады.
      81. Өндірістік практиканың бағдарламасы мамандықтың білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес әзірленеді және білім алушыларда кәсіби мағыналы машықтарды өндіруге және кәсіби стандарттарының талаптарына сәйкес арнайын құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
      82. Диплом алды практика дипломдық жұмысты (жобаны) орындайтын білім алушылар үшін ұйымдастырылады. 
      83. Диплом алды практиканың мақсаты дипломдық жұмысты (жобаны) жазудың аяқталуы болып табылады.
      84. Диплом алды практиканың негізгі міндеттері:
      1) дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша практикалық материалдарды жинақтау, өңдеу және жалпылау;
      2) дипломдық зерттеудің тақырыбы бойынша статистикалық мәліметтері мен практикалық материалдарды талдау;
      3) дипломдық жұмыстың (жобаның) немесе есептің тақырыбы бойынша қорытындыны, заңдылықтарды, кепілдемелер мен ұсыныстарды тұжырымдау;
      4) дипломдық жұмысты немесе есепті білгіленген талаптарға сәйкес ресімдеу болып табылады.
      85. Диплом алды практика жеке оқу жоспарына сәйкес дипломдық жұмысты (жобаны) немесе есепті орындалатын барлық мамандықтардың түлектері үшін бітіруші курста өткізіледі.
      86. Дипломдық жұмысты (жобаны) немесе есепті әзірлеу және жазу үшін білім беру бағдарламасымен диплом алды практикасы көзделген. 
      87. Диплом алды практика бойынша басшылықты әдеттегідей дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі жүзеге асырады.
      88. Диплом алды практиканың ұзақтылығы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес дипломдық жұмысты (жобаны) жазуға берілген кредиттер санымен айқындалады. 
      89. Диплом алды практиканың мазмұны дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбымен айқындалады.
      90. Диплом алды практиканың қорытындылары арнайы кафедра ұйымдастыратын дипломдық жұмысты (жобасын) алдын ала қорғауда қорытындыланады.
      Дипломдық жұмысты (жобасын) алдын ала қорғау кафедра отырысында өткізіледі және хаттамамен ресімделеді.

Кәсіптік практиканы ұйымдастыру   
мен өткізу қағидаларына және практика
базалары ретінде ұйымдарды айқындау 
қағидаларына 1-қосымша     

Жолдама

Өндірісте қалады
__________________________________________________________________________________________________________________________________
                               (негіздеме)

20___ж. «_______» ___________________

Білім алушы _________________________________________________________________
                    аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________   (кәсіпорнының атауы)

_____________________________ кәсіптік практикадан өту үшін жолданады

Практиканың басталу мерзімі 20____ж. __ ___________________
Практиканың аяқталу мерзімі 20____ж. __ ___________________
Оқу орнының басшысы _______________________________________
      М.О. ____________________________
                     (қолы)
_________________________________________________________________

---------------------------------------------------------------------

Оқу орнына қайтарылады
Келу мен кету туралы белгі

Білім алушы _________________________________________________________
                      аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)
кәсіптік практикадан өту үшін _______________________________________
_________________________________________________________________
                 (кәсіптік практиканың атауы)

Келді                                  Кетті
_____________________________________  ______________________________
20____ж. «______»____________________  20____ж. «______»_____________
Мөр, қолы                              Мөр, қолы

Кәсіптік практиканы ұйымдастыру   
мен өткізу қағидаларына және практика
базалары ретінде ұйымдарды айқындау 
қағидаларына 2-қосымша     

«Бекітемін»
Оқу орны басшысының
оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі
орынбасары
________________________________
Аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)
20_____ж. «______» _____________

«Келісілді»
Кәсіптік практиканың жетекшісі
(ұйымның, кәсіпорынның, мекеменің)
___________________________________
Аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)
20_____ж. «______» ________________

Кәсіптік практиканың жұмыс жоспар-кестесі

____________________________________________________мамандығы бойынша
Білім алушының ______________________________________ _________ курс
                 аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)
_____________________________________________________________________
                         (оқу орнының атауы)

р/с


Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес орындауға (оқытуға) жататын жұмыстар тізбесі

Кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мерзімдері

Ескертпе

басталуы

аяқталуы

1.













2.













3.













Қолы_________________________________________________________________
              (оқу орнынан кәсіптік практиканың жетекшісі)

20___ж. «______» __________________
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру   
мен өткізу қағидаларына және практика
базалары ретінде ұйымдарды айқындау 
қағидаларына 3-қосымша     

Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп



Білім алушы _________________________________________________________________
                     аты-жөні, тегі (ол бар болған кезде)

р/с


Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы

Кәсіптік практиканың жеке тақырыптарының, жұмыстарының орындау мерзімдері

Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы

басталуы

аяқталуы

1.













2.













3.













      1. Оқып болған конструкциялардың, жабдақтардың, технологиялық
процесстердің, өндірістің механизациялау мен автоматтандырудың және
еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы.
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Білім алушының қолы ________________
20 ___ж. «_____» ___________________

__________________________________________
(кәсіптік практикасының тікелей жетекшісі)

20 ___ж. «_____» _________________________

    

  2. Білім алушы практиканттың мадақтамалары мен жазалары.
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

      3. (Ұйымнан, кәсіпорыннан, мекемеден) кәсіптік практика
жетекшісінің қорытындылары.
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(ұйымнан, кәсіпорыннан, мекемеден) кәсіптік практика жетекшісінің
қолы____________________________

20____ж. «______»_______________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет