Байланысты: Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындары
білім алушыларының практика түрлерін ұйымдастыру және өткізу
тәртібі
25. Оқу практикасының негізгі міндеттері:
1) мамандықпен және оның білім беру бағдарламаларымен танысу;
2) болашақ кәсіптің объектісі болып табылатын ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанымен, құрылымымен, басқару жүйесімен және т.б. жалпы танысу;
3) болашақ кәсіптік қызметінің түрлерін, функцияларын және міндеттерін зерделеу;
4) іскерлік хат алмасуды зерделеу және іс қағаздарын жүргізу;
5) еңбек ұжымында жұмыс жасау дағдыларын игеру болып табылады.
26. Оқу практикасы барлық мамандықтардағы білім алушылар үшін өткізіледі.
27. Нақты пәндік саланың ерекшелігіне және болашақ маманның кәсіптік біліктілігіне байланысты оқу практикасының танысу, далада өтетін, экскурсиялық, бағдарлы, мектептік, есептеу, пленэр және т.б. нысандары қолданылады.
28. Оқу практикасы болашақ кәсіптік қызметтің объектісі болып табылатын ұйымда танысу экскурсияларын қамти отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарында өткізіледі.
29. Оқу практикасы аталған мамандық бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын арнайы кафедраға, бөлімге, директордың өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарына бекітіледі.
30. Оқу практикасының бағдарламасы білім беру бағдарламасының талаптарына және мамандықтың бейініне сәйкес әзірленеді.
31. Оқу практикасы мамандыққа байланысты өндірістік оқыту (техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша) және оқу процесінің жалғасу (кәсіпорында танысу практикасы, геодезиялық, медициналық тағы басқалар) түрлерінде жүзеге асырылады.
32. Оқу практикасын оқу пәндерін оқып зерделеудің жалғасы болатын жағдайда (геодезиялық, педагогикалық, медициналық тағы басқалар) өндірістік оқыту шебері немесе тиісті пәнді оқытатын оқытушы жүргізеді.
Оқу пәндерінің жалғасы болып табылатын практикалық сабақтардың тізбесін пәндік-циклдық комиссиялар айқындайды және оқу орнының басшысы бекітеді.
33. Оқу практикалық сабақтарды әдістемелік пен материалдық дайындауды өндірістік оқыту шебері немесе тиісті пәнді жүргізетін арнайы пәндер оқытушылары жүзеге асырады.
34. Мамандыққа байланысты оқу практикасы оқу және оқу-өндірістік шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында, оқу-тәжірибелік учаскелерде және оқу орнының басқа оқу-көмекші объектілерінде, сондай-ақ (дуальды оқыту болған жағдайда) кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде өткізіледі.
35. Оқу практикасын өткізу кезінде оқу тобын «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес кіші топтарға бөлу ұсынылады.
36. Білім алушылардың оқу практикасында, оқу орнының оқу-көмекші объектілерінде жұмыс күнінің ұзақтылығы 6 сағатты құрайды, ұйымдарда (кәсіпорындарда, мекемелерде) еңбек туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті қызметкерлердің дәрежелері үшін жасқа және өндірістің жағдайларына байланысты. Оқу практикасы аяқталғаннан соң білім алушыларға олардың практика кезінде жұмысы бойынша ағымдағы бақылаудың негізінде баға қойылады.
37. Білім алушылардың оқу практика бағдарламасының орындауын есепке алу нысаны Заңның 5-бабының 23) тармақшасына сәйкес бекітілген өндірістік оқытуды есепке алу журналында белгіленеді.
38. Технологиялық практиканың (мамандықтың бейіні бойынша) негізгі міндеттері:
1) білім алушыларды болашақ кәсіби қызметімен ұйымдарда (кәсіпорындарда, мекемелерде) тікелей таныстыру;
2) білім алушылардың мамандық бойынша бастапқы машықтар мен дағдыларын меңгеру;
3) ұйымдарда (кәсіпорындарда, мекемелерде) нақты кәсіптік қызметін орындау мен зерттеудің негізінде арнайы пәндерді оқу кезінде алынған білімдерді бекіту, тереңдету және жүйелеу;
4) кәсіби ойлауды дамыту, өндірісте машықтарға баулау және кәсіби қызметінің дағдыларды игеру болып табылады.
39. Технологиялық практика (мамандықтың бағыты бойынша) ұйымдарда (кәсіпорындарда, мекемелерде), сондай-ақ оқу орындарының оқу-өндірістік және оқу шаруашылықтарда өткізіледі.
40. Технологиялық практиканың аяқталғаннан кейін мамандықтардың бағыты мен күрделілігіне қарай тиісті кәсіби біліктілікті растау және алуға арналған емтихандық жұмыстар орындау түрінде аралық аттестаттаудыөткізуі қарастырылған.
Мамандықтар бағыттары бойынша емтихандық жұмыстарды өткізу үшін ұйымдар (кәсіпорындар, мекемелер) мен оқу орындары өкілдерінің енгізуімен біліктілік комиссиялары ұйымдастырылады.
41. Аралық аттестаттаудың қорытындылары бойынша білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіби біліктіліктің қол жеткізген деңгейі (разряд, класс, санат) беріледі.
42. Технологиялық практиканың қорытындылары бойынша кәсіптік практиканың бағдарламаларын орындау туралы жазбаша есептің және осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіптік практиканы өту туралы күнделік-есептің тапсырылуы, сондай-ақ практикадан өтетін орнынан ұсынылатын біліктілік деңгейін көрсете отырып өндірістік мінездеменің берілуі қарастырылған.
43. Технологиялық практиканы орындау нәтижелерін бағалау ұйымнан (кәсіпорнынан, мекемеден) практика жетекшісі құрастырған өндірістік мінездеме ескеріле отырып, әңгімелесу негізінде анықталады.
44. Білім алушылардың технологиялық және өндірістік (диплом алды) практика бағдарламаларының орындауын есепке алуы кәсіптік практика бағдарламасының орындалуы туралы жазбаша есепте және осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есепте белгіленеді.
45. Өндірістік практика барлық мамандықтардағы білім алушылар үшін жүргізіледі, білім алушылардың оқуды аяқталғанына дейін мамандарды мен жұмыс кадрларды даярлау бағытына байланысты 1, 2-курстан бастап ұйымдастырылады.
46. Өндірістік практика оның мазмұнына байланысты арнайы кафедраға, бөлімге, нәтижесінде аталған өндірістік практика түрінің нысандары болып табылатын теориялық оқытуды жүргізетін жауапты тұлғаға бекітіледі.
47. Өңірлік ерекшеліктеріне сәйкес мамандықтар топтары, оның ішінде «Техникалық ғылымдар және технологиялар», «Ауылшаруашылық ғылымдары», «Қызмет көрсету» және «Ветеринария», бойынша білім алушылардың кәсіптік практикасы дуальды білім беру жүйесінің қағидаларын есепке алады.
48. Өндірістік практиканың бағдарламасы мамандықтың білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес әзірленеді және білім алушыларда кәсіби мағыналы машықтарды өндіруге және кәсіби стандарттарының талаптарына сәйкес арнайы құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
49. Диплом алды практиканың негізгі міндеттері:
1) дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша практикалық материалдарын жинақтау, өңдеу және жалпылау;
2) диплом алды зерттеудің тақырыбы бойынша статистикалық мәліметтері мен практикалық материалдарды талдау;
3) дипломдық жұмыстың (жобаның) немесе есептің тақырыбы бойынша қорытындыны, заңдылықтарды, кепілдемелер мен ұсыныстарды тұжырымдау;
4) дипломдық жұмысты немесе есепті білгіленген талаптарға сәйкес ресімдеу болып табылады.
50. Диплом алды практика жеке оқу жоспарына сәйкес дипломдық жұмысты (жобаны) немесе есепті орындалатын барлық мамандықтардың түлектері үшін бітіруші курста өткізіледі.
51. Дипломдық жұмысты (жобаны) немесе есепті әзірлеу және жазу үшін білім беру бағдарламасында диплом алды практика көзделген.
52. Диплом алды практика бойынша басшылықты әдеттегідей дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі немесе мамандықтың (біліктіліктің) ерекшелігін және практика базаларының қызметін жақсы танитын тәжірибелі оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері жүзеге асырады.
53. Диплом алды практиканың ұзақтылығы мамандықтың күрделігіне және біліктіліктің деңгейіне қарай білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес айқындалады.
54. Диплом алды практиканың мазмұны дипломдық жұмыстың (жобаның) немесе есептің тақырыбымен айқындалады.
55. Диплом алды практиканың қорытындылары арнайы кафедра немесе бөлім немесе директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары ұйымдастыратын дипломдық жұмысты (жобаны) алдын ала қорғауда шығарылады.