Кеуде қуысының тіке түсірілген жалпы шолу рентгенограммасы дұрыс түсірілген, дұрыс тұрғызылған, үйлесімді н\е қалыпты


Кеуде қуысының тіке түсірілген жалпы шолу рентгенограмммасы



бет3/5
Дата14.05.2024
өлшемі14,02 Mb.
#202131
1   2   3   4   5
Байланысты:
Практикалық дағды-1

Кеуде қуысының тіке түсірілген жалпы шолу рентгенограмммасы

Кеуде қуысының тіке түсірілген жалпы шолу рентгенограмммасы

дұрыс түсірілмеген, дұрыс тұрғызылған, үйлесімді н\е қалыпты.

Өкпе алаңдарында дөңгелек пішінді, көптеген, біртекті, шеттері тегіс емес, әртүрлі көлемді ошақты қараюларды көреміз. Оң жақ өкпе түбірі тығыздалған, кеңейген. Сол жақ өкпе түбірі тығыздалған. Өкпе суреті күшейген.

Қорытынды: өкпедегі метастаздар


Дұрыс тұрғызылмаған.
Дұрыс түсірілмеген(немес шеттері қиылып қалған болуы мүмкін)
Үйлесімді.
Кеуде қуысының жалпы шолу рентгенограммасында, тіке проекцияда, оң жак өкпе алаңы таза, сол жак өкпеде жоғарғы бөлігінде,саны 1еу,шеттері тегіс,біртекті емес, айқын,интенсивтілігі күшті,дөңгелек және горизантальды деңгейдегі қараю анықталды.
Қорытынды: Сол жақ өкпе абцесс
Дұрыс тұрғызылған.
Дұрыс түсірілген.
Үйлесімді.
Кеуде қуысының жалпы шолу рентгенограммасында өкпенің тік проекциясында сол жақ өкпе алаңы таза,оң жақ өкпенің жоғарғы бөлімінде интенсивтілігі жоғары, күшті, біртекті, шеттері тегіс,анық айқын қараю байқалады.
Қорытынды: ателектаз.
Дұрыс тұрғызылған.
Дүрыс түсірілген.
Үйлесімді.
Кеуде торының жалпы щолу рентгенограммасында тік проекцияда екі өкпені диффузды алып жатқан интенсивтілігі күшті, шашыранды құрылымдар бар. Саны көптеген, ұсақ диаметрі: 2-3 мм қараюлар анықталады.
Қорытынды: миллиарлы туберкулез.
Дұрыс тұрғызылған.
Дұрыс түсірілген.
Үйлесімді.
Кеуде қуысы ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында, тіке проекцияда, екі өкпе алаңы таза,жүректе митралды конфигурациясы , жүрек пішіні үшбұрышты, жүрек белі шығыңқы.
Қиғаш проекцияда контрастталған өңеш артқа қарай кіші радиуста ығысқан.
Қорытынды: Митральды саңылаудың тарылуы
Дұрыс тұрғызылған.
Дұрыс түсірілген.
Үйлесімді.
Кеуде қуысы ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында, тіке проекцияда,екі өкпе алаңы таза, жүрек конфигурациясы митральды, жүрек үшбұрышты пішінді, үшінші доға өте үлкейген.
Қиғаш проекцияда контрастталған өңеш артқа қарай улкен радиуста ығысқан.
Қорытынды: Митралды қақпақша жетіспеушілігі.
Дұрыс тұрғызылған.
Дұрыс түсірілген.
Үйлесімді.
Кеуде қуысы ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында, тіке проекцияда, екі өкпе алаңы таза,жүректің конфигурациясы аортальды, жүректің пішіні отырған үйрек тәрізді, жүрек мықыны айқын, бірінші және төртінші доғасы ұлғайған.
Қорытынды: Қолқа ақауы немесе қолқа жетіспеушілігі
Дұрыс тұрғызылған.
Дұрыс түсірілген.
Үйлесімді.
Кеуде қуысы ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында, тіке проекцияда,екі өкпе алаңы таза, жүрек конфигурациясы шар тәрізді, жүректің барлық доғалары бірдей ұлғайған немесе жоғалған, жүрек мықыны анықталмайды(.митралды конфигурация)
Қорытынды: экссудативті перикардит
Рентгенограммада өңеш контрастты(барий сульфатымен) толық толтырылган, қарағанда: өңеш 2-3есе жуандаган, көлемі ұлгайган, кардиалды бөлік воронка тәріздес тарылган. Тарылған жерден жоғары супрастенозды кеңеюі және өңештің жогаргы бөлімдерінде біртекті емес құрылымның, яғни контрасты затпен араласқан кілегейдің көп екенін көреміз.
Қорытынды: өңештің ахалазиясы.
Немесе кардиалды бөлімнің спазпы(кардиоспазм) деп атаган бұрын. Оның себебі нейрогуморалдық жолмен реттеу бұзылысы салдарынан кардиалды бөлімнің қысылып қалуы.
Рентгенограммада өңеш контрастты (барий сульфатымен) толық толтырылган.
өңештің төменгі бөлімінде саны 1см, ұзындығы 4см, ені 2см, пішіні дөңестенген,бұдырлы жиегі бар, біртекті емес, контуры тегіс емес толу деффектісі байқалады. шырышты қабықтың қатпарлары бұзылған қатерлі рельф, ісік деңгейінде перистальтика жоқ.
Қорытынды диагноз:өңештің эндофитті обыры
Өңештің жартылай толтырылган контрастты рентгенограммасы: жартылай толтырылган контрассты зат өңештің қатпарларын (тек шырышты қабатын) көрсетеді. Өңештің диаметрі артып, ұлгайған. Қатпарлары тегіс емес, бөлек-бөлек, үзік-үзік болып келеді және жуандалган. Өңештің төменгі бөліміндегі айқын қараюлар шырыштың көп бөлінуін көрсетеді.
Қорытынды: эзофагит (өңештің қабынуы)
Өңештің рентгенограммасында, жартылай толтыру барысында, шырышты қабатның бағытының өзгеруі, Қатпарлары қалыңдауы және бұралуы байқалады, оның бойында тізбек тәріздес, дөңгелек пішінді ұзына бойына, бір-бірімен жалғасқан қараюлар анықталды.
Қорытынды: Өңештің варикозды кеңеюі
Өңеш рентгеннограммада контрастылы зат арқылы толтырылған.
Өңештің төменгі бөлімінде саны бір, ұзындығы 3см, ені 2см, дөңгелек пішінді, шығыңқы орналасқан қараю/құрылым байқалады.
Қорытынды: Өңеш дивертикулы
Іш қуысының көзделген рентгенограммасында асқазанның кіші иіні бойында саны -1, дұрыс конус тәрізді пішінінен айырылған, диаметрі - 2см, шеттері тегіс анық емес, үш деңгейлі көлеңкелі ойықша (ниша), қабыну валы, шырышты қабаттың конвергенциясы бар құрылым анықталады.
Қорытынды: Асқазанның пенетрациялық жарасы
Іш қуысының рентгенограммасында горизонтальді проекцияда, саны 1, дөңгелек пішінді, ұзындығы -2см,ені- 3 см, қанықтылығы күшті, біртекті, контуры айқын тегіс түзіліс анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет