Қорытынды: Асқазан полипозы Асқазанның рентгенограммасында, РКЗпен толық толтыру барысында, асқазанның үлкен иінінде, саны-1, пішіні табақша тәрізді, біртекті емес, шеттері тегіс емес, айқын түзіліс анықталды.
Қорытынды: Асқазанның қатерлі ісігі
негізі бул асказаннын пилорикалык болымындегы рак
Құрсақ қуысның жалпы шолу рентгенограммасында, ішектердің бойында жарты ай тәрізді дөңгелек, овальды, енімен ұзарған арка тәріздес, тостағанша тәріздес қараюлар анықталады. Бұл көлденең деңгейлі жарты ай тәрізді қараюлар Клойбер табақшалары, ал жарты ай тәріздес сопақша келген қараюлар Клойбер аркалары деп аталады.
Қорытынды: Ішек өтімсіздігі
Өт қапшығының сонограммасы
сонограммада біреу, біртекті, шеттері тегіс, айқын гиперэхогенді түзіліс.
Сондай ақ акустикалық жол симптомын көреміз.
Қорытынды: өт тас ауруы
Сол жақ бүйректің ультрасонограммасы.
Әртүрлі өлшемді көптеген кисталарды көруге болады.
Қорытынды: АДПП (Аутосомно-доминантный поликистоз почек)
Компьютерлі томограммада бауыр берілген.
(КТЗ ретінде йодгексол, ультравист).
Кесіндіде әртүрлі көлемді көптеген ошақтарды көруге болады.
Қорытынды: Бауыр рагі
Құрсақ қуысының компютерлік томограммасында саны 1, дөңгелек, интенсивтілігі орташа, біртекті емес, шеттері айқын құрылым анықталды.
Қорытынды: Бауырдың қатерлі ісігі
Құрсақ қуысының компьютерлі томограммасында, ұйқы безінің бас бөлігінде саны-1, пішіні дөңгелек, диаметрі 6х6см, шеттері тегіс емес, айқын емес құрылым анықталды.
Қорытынды: Ұйқы безі басының қатерлі ісігі
Бүйректің сонограммасы
Бүйрек паренхимасында біреу, біртекті, айқын, шеттері тегіс, гиперэхогенді түзіліс көреміз. Сондай ақ акустикалық жол симптомын көреміз.
Қорытынды: несеп тас
Құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенограммасында, сол жақ несепағардың жоғарғы бөлімінде, саны 1еу, пішіні дөңгелек, диаметрі 1,5 см, шеттері тегіс, айқын, құрамында Са бар құрылым(түзіліс, қараю) анықталады.
Қорытынды: Бүйрек-тас ауруы (несеп-тас ауруы)
Бүйректің КТ-ангиограммасында, оң жақ бүйректің жоғарғы полюсінде, диаметрі 2 см жуық болып келетін,біртекті емес, шеттері тегіс емес, бірақ айқын, гиперваскуляризацияланған дөңгелек пішінді құрылым анықталады.
Қорытынды: бүйректің қатерлі ісігі
Компьютерлі томограммада қуықтың латеральды және төменгі қабырғасында, саны-2, пішіні овальды, диаметрі 1см, шеттері тегіс емес, айқын емес құрылым анықталды, толу деффектісі
Қорытынды: Қуық ісігі(рагы)
Цистограммада, қуықтың төменгі қабырғасында саны 1,пішіні дұрыс емес,интенсивтілігі орташа,шеттері тегіс емес,айқын құрылым анықталды, толу деффектісі
Қорытынды: Қуықтың қатерлі ісігі
Іш қуысының жалпы шолу урограммасы. Урограммада бүйрек түсірілген. Экскреторлы урография әдісі.
Оң жақ бүйректің қалыпты орнынан ауытқуын көреміз. Нефрооптоздың 3 сатысы, жамбас қуысына жақындаған. Оң жақ бүйректің шеткі бөлімінде ауқымды кистаны көреміз. Бұл, қатерсіз ісік, қабырғалары тегіс, біртекті.
Сол бүйректің астаушасы деструкцияға ұшыраған және кеңейген. Тостағаншалары деформацияланған.
Қорытынды: бүйрек кистасы
Бүйрек сонограммасы
Бүйрек паренхимасында біреу, дөңгелек, шеттері тегіс, айқын, диаметрі 4см, анэхогенді құрылым көреміз.
Қорытынды: Бүйрек кистасы
Бүйрек сонограммасы
Бүйрек паренхимасында -саны бірнешеу
Пішіндері-әртүрлі.Ең үлкені шамамен 3-4 см,кішісі 1-5 мм дей
Сонаграммада анэхогенді(крч тығыз тіндерде осылай болады.Потому что киста іші суға толған.)
Шеттері тегіс болып келген құрылымдар байқалады.
Қорытынды: Бүйрек поликистозы
Оң жақ тізе-буын сүйектерінің рентгенограммасында тізе буындық беттердің арасы кеңіген, сүйек остеофиттері және жалпы буын деформациясы анықталады.
Қорытынды: артрит, артроз 3-сатысы
Тізе буынының қабынуынан буындық беттердің арасының тарылуы
Остеофиттердің пайда болуы
Тізе буынының буындық беттерінің арасының кеңуі
Анкилоз
Балтыр сүйектерінің рентгенограммасы (Сол аяқ берілген).Қателік:Екі жақты түсірілмеген
Асықты жіліктің медиалды тобығының жұлынған сынық сызығы, ығысуы, жарықшақтары бар , және шыбық сүйегінің диафизінің дисталды бөлігінің қиғаш сыну сызығы, ығысуы, жарықшақтарымен анықталады.
Қорытынды: Асықты жіліктің медиалды тобығының сынығы және шыбық сүйегінің қиғаш бағытта сыныуы.
Рентгенограммада тіке проекцияда тізе буыны,асықты жіліктің проксимальды бөлігі және оның шыбығы берілген.(Сол жақ)
Асықты жіліктің проксимальды бөлігінің метафизінде:
Саны біреу
Пішіні шар немесе оваль пішіндес,жиегі тегіс,шекарасы анық
Ұзындығы 4-5 см,ені 3-4 см дей
Интенсивтілігі орташа біртекті құрылым байқалады.
Қорытынды: Сол жақ асық жілік сүйегінің проксимальды бөлігінің оң жақ метафизіндегі кистасы
Сол жақ тізе-буын сүйектерінің рентгенограммасында, тіке проекциясында, шыбық сүйегінің жоғарғы бөлігінде, саны біреу, дұрыс емес пішінді, интенсивтілігі әртүрлі , шеттері анық емес, біртекті емес құрылым анықталды. Айналасында көптеген спикулалар көрінеді.
Қорытынды: Сол жақ шыбық сүйегінің жоғары бөлігінің остеосаркомасы