кезең (сынама топпен мин) “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығы” кмм 12 1


ЖАЗЫЛЫМ Қазақтың ұлттық ойындары



бет3/7
Дата11.10.2024
өлшемі162,71 Kb.
#206138
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3 кезең сыныма топқа 2024 ж.

ЖАЗЫЛЫМ
Қазақтың ұлттық ойындары
Қазақ халқы – ұлттық ойындарға бай халықтардың бірі. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті,батылдықты, шапшаңдықты, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты, күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің шынығуын қажет етеді. Сонымен қатар бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Қазақтың ұлттық ойындары ойын-сауық жағынан ғана маңызды емес, ол-спорт, ол-шаруашылық,тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.
Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс,күрес, теңге алу,қыз қуу, жамбы ату т.б. Олардың спорттық сипатымен бірге үлкен тәрбиелік маңызы бар, кейбіреулері ойлануды қажет етеді.
Қазақтың қай ойыны болса да айтыс, өлең жырмен өріліп, көрермендер мен тыңдаушыларға өрелі өнеге беріп, қатты әсер етеді.Ұлттық ойындар ата-бабамыздан бізге жеткен. Олар – өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.
АЙТЫЛЫМ
Табиғат құбылысы
Балқаш - сирек кездесетін әрі жойылып бара жатқан жануарларды қорғау мақсатында 1967 жылы Балқаш ауданында құрылған мемлекеттік зоологиялық қорықша. Жер көлемі 503 мың га. Іле өзені мен Тауқұм шөлінің айналасы тоғайлы, қамысты, шалғынды, құмды жерді қамтиды. Қорықшаның жері жануарлар үшін өте қолайлы. Су құстарының 200-ден астам, балықтың 30-ға жуық түрі бар. Сүт қоректілерден қабан, ондатра; құстардан қырғауыл және бауырымен жорғалаушылардан күзен, кесіртке және т.б. кездеседі. Балқаш қорықшасындағы бірқатар аң-құстар мен өсімдіктер Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
ТЫҢДАЛЫМ
Денсаулық- зор байлық
Жұмыста көңіл-күйім болмады. Сұранып кеттім. Үйде қызуым көтерілді, басым мен тісім ауырды. Жөтел пайда болды. Қызуымды өлшедім, қызуөлшегіш 38 градусты көрсетті. Үйге дәрігер шақырдым. Дәрігер тамағымды қарады. «Бұл суық тию де, тұмау да емес», – деді. «Тамағыңыз ауырып тұр», – деді дәрігер. Қызуды түсіру үшін дәрі жазып берді. «Тамақты жиі шаю керек», – деді. Жұмысқа 1 апта бармадым. «Денсаулық – зор байлық» демекші, денсаулықты күтіңіздер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет