кезең (сынама топпен мин) “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығы” кмм 12 1



бет1/7
Дата11.10.2024
өлшемі162,71 Kb.
#206138
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3 кезең сыныма топқа 2024 ж.


3-кезең
(сынама топпен 7 мин)
“Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығы” КММ
12
1
2
3
4
5
11
10
9
7
6
8
15
13
16
17
18
14
ЖАЗЫЛЫМ
Қазақстанда жасалған өнім
«Баян-Сұлу» кәмпиті –өтімді тауар
Қостанай кондитер фабрикасы өткен ғасырдың 70-жылдары құрылған. Акционерлік қоғам халқымыздың эпостық жырындағы хас сұлу Баян сұлудың есімін алды. Конфеттердің сапасы да, сыртқы безендірілуі де жоғары сатыға көтерілді.
«Баян сұлу» Еуропадағы экономикасы дамыған елдермен байланыс жасап, күрделі де жаңа технологияларды меңгерді. Бисквит цехы соның жарқын мысалы. «Баян сұлу» фабрикасының конфеттері қазір өте дәмді, тәтті. Кәсіпорын даңқын өнім сапасы шығарады. Бүгінде «Баян сұлу» өнімі­нің 30 пайызы экспортқа шығарылады.
Фабриканың тіл үйіретін конфеттері мен печеньесінің дәмі барлық жерде біледі. Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Түрікменстан, тіпті Гер­мания «Баян сұлудың» конфетін сұратады екен. Фабрика өнімі 400-ден аса аталыммен шығарылады. «Баян сұлу» атанған компания жыл сайын отандық, аймақтық, халықаралық көрмелерге қатысып, «Сапа көшбасшысы-2017» дипломымен марапатталды.
ОҚЫЛЫМ
Қалай жетуге болады?
ӘУЕЖАЙДАН: Қабанбай батыр көшесінен 1 мамыр көшесіне қарай жүріңіз. 1 мамыр көшесіне жеткенде, оңға бұрылыңыз. Бірінші қиылыста солға бұрылыңыз. Сол жағыңызда «Азамат» орталығының ғимараты көрінеді. ТЕМІР ЖОЛ БЕКЕТІНЕН: М. Лермонтов көшесінен Қ. Сәтбаев көшесіне дейін жүріңіз. Қ. Сәтбаев көшесіне жеткенде оңға бұрылыңыз. Қ. Сәтбаев көшесінің бойымен С. Торайғыров көшесіне дейін жүріңіз. С. Торайғыров көшесінің екінші қиылысында оңға бұрылсаңыз, «Азамат» орталығы ғимаратын көре аласыз.
ҚАЛА ӘКІМДІГІНЕН: Республика даңғылының бойымен Абай көшесіне дейін жүріңіз. Абай көшесіне жеткенде, оңға бұрылыңыз. Сіз С. Торайғыров көшесіне түсесіз. С. Торайғыров көшесімен тура жүріңіз. Үшінші қиылыста сол жағыңызда орналасқан М. Мақатаев көшесіне қарай бұрылсаңыз, бес қабатты ғимаратты байқайсыз. Ол – «Азамат» орталығы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет