«Ақсай-нан» жшс-і өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру



Дата30.01.2017
өлшемі53,66 Kb.
#8317
«Ақсай-нан» ЖШС-і өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

5B073200-Стандарттау. Метрология. Сертификаттау мамандығының 4-курс студенті Д.Хасен

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Э.Зульбухарова

(Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қаласы)
Ақсай нан – тоқаш кәсіпорны, Қазақстандағы ең ірі, нан - тоқаш пісіру өндіріс орны болып табылады. Ол 1986 жылдан бері қызмет жасап келеді. Ақсай «нан-тоқаш» кәсіпорны бірнеше елдермен қарым – қатынас жасайтын және шығарған өнімі жоғарғы сапамен орындалатын жоғарғы категориялы кәсіпорын болып саналады.

Бұл қаралып отырған сапа жөніндегі басшылық сапа менеджменті жүйесінің процедуралары мен әдістері көрсетілген фундаменттік құжаттар болып саналады. Сапа жөніндегі басшылық кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің міндетті түрде орындайтын құралы болып табылады.

Сапа жөніндегі басшылық Ақсай «нан – тоқаш» барлық кәсіпорындарына таралуы тиіс.

Осы сапа жөніндегі басшылық ИСО / МЭК 21996, ИСО 8402:1994; ҚРСТ 1,1 – 94 ИСО, 9000: 2000 стандарттарының терминдері мен анықтамаларына сәйкес келеді. Сапа менеджментінің негізгі құраушы құжаттары кәсіпорынның саясатының бағыттары мен міндеттерін орындауға «Сапа аумағындағы саясатты» жүзеге асыруға қолданылады.

Сапа аумағындағы саясатты таратуға басшылық өзіне жауапкершілік және міндеттеме алады. «Сапа аумағындағы саясат» сапа жөніндегі Совет арқылы жыл сайын қайта қаралып отырады; және кәіпорынның бас директоры бекітеді.

«Сапа облысындағы саясатты» өткізу мен ендіру және дайындауға жауапкершілікті, кәсіпорынның структуралық бөлімшелеріне таратуды стандарттау сертификаттау бөлімінің бастығы жүктейді.

Алматы қаласының Ақсай «нан – тоқаш» кәсіпорнының негізгі атқаратын жұмысы, күнделікті қала тұрғындары мен облыс көлемінде нан – тоқаш, бөлкелер т. б. тамақ бұйымдарын өндіретін, сонымен қатар жоғары дәрежеде сапалы кондитерлік өнімдерді шығаратын аса ірі кәсіпорындардың бірі жиналады. [1-2].

Жоғарыда көрсетілгендей өнімнің сапасын кәсіпорын жанындағы өнім сапасын басқару зертханасындағы тексерулер жүргізіледі. Бұл жұмыста, әртүрлі өндірушілердің нан сапасын зерттеуге арналған. Нан өнімі адамзаттың негізгі күнделікті қолданылатын заты, бірақта олар өздерінің қандай нанды қолданып жүргендерін біле бермейді. Нанды пайдалану арқылы, адам өзінің ағзасындағы темірге деген қажеттілігін толтырады, сонымен қатар марганецпен фосфордың бір бөлігін алады. Нан, танып білу оның органалептикалық қасиеттеріне атап айтқанда – оның сыртқы түріне, кезектілік құрылымына, дәмі және иісіне байланысты болады. Нанның белоктары 70-78 процент сіңіреді, углеводтардың 94-98 проценттін, майдың 92-95 проценттің сіңіреді. Ұнның сорты неғұрлым төмен болса оның сіңімділігі аз болады. Сорттарының жоғарылауымен нанның ылғалдылығы азаяды, белоктардың құрамы және көміртектің сіңімділігі артады. Осылардың бәрін дұрыс жасаған жағдайда крахмал желімдіктенген, қант еріген, дәннің сыртқы жағы бөріткен және жұмсарғанын біле отырып оның адам ағзасына жататынын білуге болады. Сонымен қатар, азық түлік тауарларын дайындау және қалыптастыру оны сақтау және тарату кезінде де түрін отырады. Дайын сапалы өнім алу, еңбек ету сапасына жұмысшылардың тәжиребесіне және олардың іскерлігіне де байланысты болады.

Нанның дәмін, өнімнің ішкі құрылысын және оның жасырын ақауларын, оның физикалық, химиялық әдістермен өнімнің көрсеткіштерін анықтайды. Сонымен қатар, өлшеу, тіркеу, есептеу, органолептикалық тәжирибелік экспрерттік және саяси жағының сапа көрсеткішін анықтау әдістемесі бар. Бұл көрсетілген әдістемелер өзара байланысты, олардың барлығының негізгі міндеттері шығарылған өнімнің сапа көрсеткішіне баға беру болып табылады.

Азық- түлік тауарларының сапасына органолептикалық баға беру бірнеше түрден тұрады. Ең көп тараған түрі және азық-түлік тауарларына, әсіресе нан өніміне қолданылатын түрі, ол барлық жағдайда баллдық жүйемен көрсету.

Бұл жұмыс «Аксай-нан» кәсіпорны өндіретін және басқа кәсіпорындар дайындайтын одан шыққан нәтижелерді нормативтік құжаттармен салыстыру үшін нан сапасының көрсеткіштерін білу, нан сапасына берілетін бағаны әртүрлі әдіспен жүргізу және салыстырмалы мінездемесін беру.

Бұл үшін, нанның сыртқы түрін анықтау, дәмін, иісін, майтабанның күйін, нандағы ылғалдың массылық бөлігін, нанның кермектілігін, нанның кезектілігін, нандағы қантпен майдың массалық бөлігін тауып алынған нәтижелермен, нанның сапасы жөнінде қорытынды шығару.

Тамақ өнеркәсібі заттарының сапасын тексеру әдістемесін жоғарыда айтылған СМЖ- зертханасы жүргізеді. Жоғарыда көрсетілген нан құрамына енетін және оған берілген мінездемелердің біреуінің белгілі бір мөлшері нан құрамында болмаса, онда оны техникалық- нормативті құжаттың талаптарына сай келмейді деп, тануға болатындығын ашық айтады. Бұл шығарылған өнімнің ақауы бар дегенді білдіреді де оны қалпына келтіруге күш салысады. Өнімнің сапалы шығуына сонымен қатар шикі-зат күйіндегі келген заттардың құрамының сапалығы және технологиялық процесстердің сапалығы жатады.

«Аксай-нан» комбинаты Алматы қаласындағы нан саудасының 30 пайызын құрайды. Ал негізгі бәсекелес кәсіорындар «Алматы-нан» және «Меркур-нан» кәсіпорындары әр-қайсысы 10 пайызды жатады, ал қалған 60 пайызды қаладағы кішігірім наубайханаларға тиесілі.

«Аксай-нан» кәсіпорынның алдына қойған міндеттері ол өздерінің бәсекелестік қабілеті бар «Алматы-нан» сапа жағынан басып озу. Бұдан 8 жыл бұрын «Аксай-нан» және «Алматы-нан» кәсіпорындарының жұмыс деңгейі бір күніне 70-80т нан шығаратын. Ал қазіргі таңда бәсәкелес кәсіпорын «Алматы-нан» шығару мүмкіндігі күніне 7-8т кеміп отыр, ал «Аксай-нан» кәсіпорнының нан шығару мүмкіндігі күніне 150т артып отыр. «Аксай-нан» кәсіпорындары шығарылатын өнімдердің негізгі мақсаттары, ол арзан бағамен халықты қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқығын сақтай отырып сапалы өнім шығару. «Аксай-нан» кәсіпорында сапа жүйесінің менеджменті бекітілген, оның алдына қойған мақсаттары шығарылған өнімнің сапасын, құрамын, ішкі және сыртқы формасын зерттеу, тексеруден өткізу.

«Аксай-нан» комбинаты 2003 жылдан бері халықаралық ISO-9001-2000 стандартын негізгі деп ала отырып сапа жүйесінің менеджментін дайындайды. Осыдан кейін заңға сәйкес «тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі» жүйені енгізу керектігі жөніндегі қаулы бойынша қабылдады. ISO-14001-2004 сериялы стандарттың экологиялық жүйенің менеджментін енгізді.

Нан өнеркәсібінде басқа наубайханалармен бәсекеге түскенде жеңіл шығу, үшін және нан өнімін тұтынушылардың қызығушылығымен тудыратын, ол нан өнімнің сапасы болып келеді. Сол себепті «Аксай-нан» комбинаты жинақталған сапа жүйесінің менеджмент жұмыс істеп жатыр, бұл – табыстың көзі болып табылады. [3].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. ҚР СТ 1.14-2004 Ұйым стандарттары. Түрлері және әзірлеу тәртібі.

  2. ҚР СТ 3.15.1 – 2006 Сапа менеджмент жүйелерін сертификаттау. Негізгі ережелері.

  3. www.aksaynan.kz


Резюме

В данной статье говорится о качестве и конкурентоспособности выпускаемой продукций ТОО «Аксай-нан». Предприятие «Аксай-нан» с 2004 г. ввел серию международных стандартов ИСО-9000. Выпускаемые продукции между конкурентными предприятями «Аксай-нан» и «Алматы-нан» одинаковы, то есть за год выводится 60-70 т, но при введении системы менеджмента качества серии ИСО 9000, выпускаемые продукции ТОО «Аксай-нан» в последние 2-3 года превысил до 150 т.



Summary

This article refers to the quality and competitiveness of products LLP "Aksay-nan." Enterprise "Aksay-nan" from 2004 introduced a series of international standards ISO 9000. Manufactured products between competitive businesses "Aksay-nan" and "Almaty-nan" the same, ie for the year shows 60-70 tons, but with the introduction of quality management system ISO 9000 manufactured products LLP "Aksay-nan" in the last 2-3 years exceeded 150 tons.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет