кезең (сынама топпен мин) “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығы” кмм 12 1



бет2/7
Дата11.10.2024
өлшемі162,71 Kb.
#206138
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3 кезең сыныма топқа 2024 ж.

АЙТЫЛЫМ
Құрметті мамандық
Менің есімім – Ғалым. Мен күндіз де, түнде де жұмыс істеймін. Мен қылмыскерлермен күресемін. Мен адамдарды қорғаймын. Менің мамандығым – құрметті мамандықтың бірі. Мен күзетші емеспін, мен ____________________.
Мен Сәулемін. Мен кеңседе, көшеде жұмыс істеймін. Мен әртүрлі тілде сөйлеймін. Кейде басқа елдерге саяхаттаймын. Мен форма кимеймін. Мен газетте жұмыс істеймін. Менің мамандығым – құрметті мамандық. Мен аудармашы емеспін, мен ____________________.
Менің атым – Нұрай. Мен форма киемін. Мен адамдармен жұмыс істеймін. Мен де күндіз-түні жұмыс істеймін. Бірақ көшеде жұмыс істемеймін, емханада істеймін. Адамдар менің мамандығымды құрметтейді. Мен мейірбике емеспін, мен ____________________.
ТЫҢДАЛЫМ
Судың да сұрауы бар!
− «Судың да сұрауы бар». Оны неғұрлым көп тұтынсаң, соғұрлым көп ақша төлейсің. Бұл – жұртты үнемшіл болуға үйрететін әділетті және қарапайым ұстаным. Дамыған елдердің тұрғындары әр нәрсенің қадірін біледі. Үнемшілдік олардың өмір салтына айналған. Тіпті, су мен жылуды ысырап етпеуді балаларға жастайынан үйретеді. Біздің азаматтарымыз да осындай үнемшіл болуы керек. Әсіресе, суды үнемдеп тұтынуымыз керек. Мен су тапшылығының артып жатқанын ұдайы айтып жүрмін. Сарапшылардың пайымдауынша, 2040 жылға қарай суға деген сұраныс 50 пайызға артады. Қазақстан 2050 жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін, − деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
ОҚЫЛЫМ
Менің демалыс күнім
Ертең демалыс. Демалыс күндері адамдар жұмысқа, балалар мен студенттер сабаққа бармайды. Олар қонаққа, театрға, киноға барады. Саябаққа шығып, серуендейді, спортпен айналысады. Ертең бізде де сабақ жоқ. Мен ерте тұрып, таңғы асымды ішемін, қоқысты шығарамын. Дүкенге барып, азық-түлік әкелемін. Ертең менің досымның туған күні. Менің досым өте жақсы жігіт, біз бірге университетте оқимыз. Демалыс күндері біз достарымызбен концертке барамыз, кейде дәмханадан тамақтанамыз. Бір-бірімізбен кездесіп, әңгіме айтып, шай ішеміз. Жазда таза ауаға шығамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет