ЖАЗЫЛЫМ
Адам келбеті
Мен өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретемін. Менің тобымда әртүрлі ұлт өкілдері оқиды. Олардың сырт келбеттері де әртүрлі. Мысалы: топтағы қыздардың барлығы көрікті әрі сымбатты. Маржан мен Алтынайдың ұлты – қазақ, екеуі де қараторы қыздар. Ал, Маргарита мен Светлананың ұлты – орыс, олар ақ сары, әдемі қыздар. Қанат – қой көзді, ал Алтынайдың көзі ботаның көзіндей. Маргаританың көзі көкшілдеу, Светлананың көзі жасыл. Екеуінің шаштарының түсі бірдей . Өздері соңғы сәнмен киінеді. Розаның ұлты- татар, ол аққұба, көзі үлкен,ерні шиедей, нәзік қыз.Ол қазақша жақсы біледі. Любовь-ұзын бойлы, қысқа шашты аққұба қыз.Ұлты-украин. Вера-неміс қызы. Оның да бойы Любовьтікіндей ұзын. Бірақ Любовьқа қарағанда, ол толықтау.
АЙТЫЛЫМ
Менің елім
Менің Отаным - Қазақстан. Қазақстан Республикасы - Еуразия құрлығындағы мемлекет. Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақтар да бар. Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы - Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Астана болашағы үлкен қала. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Біздің ел тез дамиды және гүлденеді. Мен отаншылмын. Мен өз елімді сүйемін, себебі мен Қазақстанда тудым, өстім және еңбек етіп жүрмін.
ЖАЗЫЛЫМ
Ас- адамның арқауы
Дені сау болу үшін адамдар уақытылы тамақтануы және құнарлылығы жоғары тағамдарды пайдаланғаны жөн. Өйткені ас - адамның арқауы. Дәрігерлердің айтуынша, құнарлылығы жоғары тағамдармен қатар, жеміс-жидектерді де жиі пайдаланып отыру керек. Себебі жеміс-жидектердің құрамында адам ағзасына пайдалы көптеген дәрумендер бар. Түрлі аурудың алдын алу үшін сүт және сүттен өндірілген тағам түрлерін, етті, көкөністі, балықты, сонымен қатар теңіз өнімдерінен даярланған тағамдарды жеткілікті мөлшерде пайдалану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |