ТЫҢДАЛЫМ Қоғамдық орындар Алматының Әуезов ауданында З. Қабдолов көшесінің бойында бес қабатты 50-ден астам адамды жұмыспен қамтитын «Форум» жиһаз сауда үйі ашылды. Бүгінде Әуезов ауданында ескі сауда орындары мен базарларды қазіргі заман үлгісімен салынған сауда орталықтарымен алмастыру жұмыстары өткізіліп жатыр. Бұл - уақыт талабы және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыс.
ОҚЫЛЫМ Есімдер сыры Бала туғанда әр ата-ана баласына жарасымды әрі әдемі есім бергісі келеді. Кейбір адамдар қазіргі заманға сай және кең таралған аттарды қояды. Енді кейбір адамдар атақты адамдардың есімін қояды. Сондай-ақ әр халықта балаға ат беру дәстүрі бар. Қазақ халқында балаға азан шақырып ат қою дәстүрі бар. Бұл дәстүр қазіргі кезде ауылдық жерлерде сақталған. Үлкен қалаларда үнемі сақталмайды. Дәстүр бойынша балаға есім үш күн ішінде берілу керек. Үлкен кісі азан шақырып, баланың құлағына үш рет берілген есімді қайталайды. Әдетте, қазақ халқында тұңғыш балаға есімді атасы немесе әжесі қояды. Кейде жасы үлкен, атақты және танымал адамдарға қойғызады. Сондай-ақ қазақ халқында ат қою ырымға да қатысты. Ондай ырымдар өте көп. Мысалы, ғалым, білімді болсын деп, атақты ғалымдардың атын қойған.
АЙТЫЛЫМ Мен камерамен доспын Мен фотокамерамды алып, қаланың ішіндегі бақытты, қамқор жандарды және қала сыртындағы таулы, сулы, сұлу жерлерді фотоға түсіремін. Бұл – менің хоббиім. Суреттерді кейін инстаграм мен фейсбукке жариялаймын. Осылайша, мен адамдарды табиғаттың сұлулығын бағалауға, табиғатты қорғауға шақырамын.
Бір күні саябақта қанаты сынған шағаланы көрдім. Оны өзіммен алып кеттім. Оны бірден фотоға түсіріп, инстаграмға салдым. Кейін құсты зообақ қызметкерлері емдеуге алды. 1 айдан кейін аспанда ұшқан сол шағаланың фотосын жеке парақшама тағы салдым. Ол суретке қуанып, лайк басқандар, әсерлі жазба қалдырғандар көп болды. Қазір менің он мыңға жуық суретім, жүз шақты бейнежазбам бар. Оны қарайтын миллионға жуық жазылушым бар. Бұл – менің қосымша табысым. Болашақта фотосалон ашамын.