Артқы және алдыңғы бой иініші
Белдемшенің бөліктерінің сызбасын салу үшін иініштің төменгі сызығының ұзындығын L өлшеу керек. Егер иініш төртбұрыш түрінде алынса, онда бөксенің шеңбер өлшемі мен қосымша қосындысына
L = Об + Пб тең болады.
Ал иінішті бүкпелердің жабылған формасында алсақ, онда L = 2 * ( L1 + L2) (бұл жерде: L=2*(23,8+25,2)=98см). L1 артқы бой иінішінің ұзындығы, L2-алдыңғы бой иінішінің ұзындығы
Ескерпе
Егер сіз бұл белдемшені тоқыма матадан жобаламасаңыз, онда бүйір не, артқы бойдың ортаңғы тігісінен сыдырма-ілгек салу керек. Сонымен бірге L-дің бөксенің шеңбер өлшемінен үлкендігіне көз жеткізу қажет. Олай болмаған жағдайда иінішті бөксе деңгейіне дейін ұзарту не орта сызығында кеңейту керек болады.
Сурет 35 Квадрат белдемшенің иініші
Төменгі квадрат бөлшек радиусы
Төменгі бөлшектері « күн тәріздес»белдемшеге ұқсайды , тек сырт бейнесі квадрат. Енді келесі жасалынатын жұмыс иініштің ұзындығына тең болатын L = 2 * 3,14 * Rin төменгі бөліктегі шеңбердің радиусын Rin анықтау қажет.( Сурет 35)
Rin=L/6,28=98/6,28=15,6см).
Сурет 36 Иінішке тігу сызығы
Сурет 36 Квадрат белдемшенің төменгі бөлігінің сызбасы
Төменгі квадрат бөлігі
Төменгі бөлігінің сызбасын қағазға орындамай матада пішуге болады.
Матаның енін а жаны анықтайды. Ал белдемшенің ең жоғары ұзындығы ішкі шеңбердің радиусын алып тастағандағы квадрат диоганалының жартысы мен Шк иініш ені ұзындығының қосындысына тең болады. Яғни Дю= (1,4 * а) / 2 - Rin + Шк. Мысалы квадрат жаны- а = 150см десек, онда белдемшенің ең ұзын жері (150*1,4)/2-15,6+15=89,4+15=104,4см ( төменгі қайырып тігуге берілген тігісті қоса есептегенде).
Қатпарлы белдемшелер
Қатпардың барлық түрлері үш түрлі вариантпен орындалады: бір бағытты, қарама-қарсы, бантты. Бір бағытты қатпарлар тек бір ғана бағытта; қарама-қарсы бағыттағы екі бір бағыттағы қатпардан; бантты қатпар екі жаққа бағытталған қатпардан салынады.
Әрбір қатпар өзінің мңызды параметрі –қатпар тереңдігімен (g)анықталады.
Қатпар тереңдігі бізге матаның екі; ішкі және сыртқы сынуын береді.
а б в
г д
Сурет 37 Әртүрлі қатпарлы белдемшелер түрлерінің коллекциясы
Қатпар аймағында мата үш рет бүктеледі:
1.белдемшенің ішкі қабат матасы, яғни ішке сыну шамасы
2.қатпар тереңдігіне берілген мата шамасы,яғни ішке сыну шамасы
3. матаны сыртқы қабатқа шығаратын тағы да қатпар тереңдігі
Яғни бір бағытты қатпар ішінде қатпар тереңдігіне берілген мата екі қабатқа жатқызылып - (g+g)ишамасын құрайды, ал бантты және қарама-қарсы қатпарда тереңдікке берілген мата екі есе көп 2*(g+g)(Сурет 38)
Көптеген моделдерде қатпар бір немесе бірнеше болмай айналдыра жобаланады.Бұндай жағдайда қатпардың екінші параметрі – қатпар аралығы немесе қатпар ені деп аталынатын (k) пайда болады. (Сурет 38)
Барлық моделдерде көбінесе қатпар аралығы (k) қатпар тереңдігінен (g) үлкен темесе тең болады. Екі параметрі де әртүрлі қатпарлар үшін 38 суретте көрсетілген.
Сурет 38 Қатпар түрлері
Көп қабатты белдемше
Сурет 39 Көп қабатты белдемше суреті
Көп қабатты белдемшелеле түрі мен түсіне мата фактурасында сән ағымында өз орны бар. Сонымен бірге қабат саны да түсі әр түрлі бола алады.
Бұндай белдемшелерді дайындау үшін белгілі ені мен ұзындықта төтбұрыш жолақ маталады пішу қажет болады. Бұл белдемшелерді дайындаудағы ең көп қажет ететін жұмыс- әрбір жолақ ұзындығын анықтау.
Сурет 40 Көп қабатты белдемшенің жолақ ұзындығын анықтау
Ең алдымен қабат саны мен кеңдігін, яғни төменгі сызығының кеңдігін анықтап аламыз. Төменгі кеңдігін «күн», жартылай күн немесе екі еселенген күн кеңдігінде алуға болады.
Қабат деп- тігіске бүрмеленген бір жолақты аламыз.
Жоғарыда суретте берілген модел төменгі деңгей кеңдігі екі еселенген күн болып, иініш пен үш қабаты бар
Әр қабаттың ұзындығын анықтау
Әрбір қабаттың тігіске бүрмеленген қалыңдығы бірдей деп есептесек , онда әрбір келесі қабат ұзындығы Ln+1 = L n * k. Ln+1келесі қабат ұзындығы.
K – бүрме коэффициенті қабат санына тең, яғни біздің мысалда -3
Міне осылай төменгі қабат ұзындығын өзінен жоғары орналасқан қабат ұзындығы арқылы есептеп табамыз.
Біздің мысалда төменгі қабат ұзындығын - L3 деп белгілесек, соған сәйкес екінші қабат ұзындығын - L2, үшінші қабат ұзындығын - L1 деп бірінші қабатты тігу сызығының ұзындығын L0 белгілейміз. Егер көңіл бөліп қарасаңыз L0- иініштің төменгі сызығының ұзындығы болып тұр.
Егер қабат бел сызығынан басталса L0-үшін белдің шеңбер өлшемін қолданамыз.
Сонымен: L3 = k * L2, L2 = k * L1 и L1 = k * L0, яғни
Ал сөзбен айтқанда төменгі қабат ұзындығы жоғары қабаттың тігу ұзындығына бүрме коэффициентін көбейткенге тең болады.
Пішуге қажетті бөлшектер:
Иініштің алдыңғы бойы -2бөлшек
Иініштің артқы бойы- 2 бөлшек
1-і қабат үшін-20х171 см өлшемде төртбұрыш жолақ,
2-ші қабат үшін 20х171 см,
3-ші қабат үшін 30х618 см
Бұндай белдемшені дайындау үшін ені 150см болатын матадан 2,5м мата қажет болады.
Сурет 41 Қабатты белдемше бөлшектерін лекалосын орналастыру
Бұндай белдемшені төменен өңдеген дұрыс болады. Алдымен 3-ші қабатты екінші қабатқатың бүрмеленген қимасына, екінші қабатты бірінші қабаттың бүрмеленген қимасына, брінші қабаттың бүрмеленген қимасын иініштің қабат арасына салып тігеміз. Бүйір тігісті сыдырма-ілмекпен (молния застежка) өңдейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |