Киіз үй қазақ халқының бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын, қыста жылы, жазда салқын, көшіп-қонуға ыңғайлы тұрмыстық үй



бет8/19
Дата17.05.2020
өлшемі0,82 Mb.
#69118
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
Киіз үй

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1. [Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 4 – 7 – томдары].

2. [ www.Google.com].

3. [Еңбекке баулу 4 – сынып].

4. [Ана тілі 2 – сынып].

5. [Қария кісілерден. (ауызба-ауыз)]

                                                                         Киіз үйдің сырты бейнесі

 

      Киіз үй  кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш сияқты негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің көптеген атаулары бар: керегенің қанаты ( төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы иегі, көгі. Сол сияқты шаңырақтың, уықтың әр бөліктерінің атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді.



       Үйдің сүйегін сәмбі талынан жасайды. Халық сәмбі талын сыр талы, қайыр талы, бз талы деп те атайды. Үйдің сүйегін жасайтан адамды «үйші » дейді.

       Киіз үйді сыртқы көрінісі мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоныр үй т, б аттармен атайды. Киіз үйлердің бұлай аталуы оның сыртынан жабатын киізіне тікелей байланысты. Мұндай жапқышты  халықта «туырлық» деп атайды. Туырлықты киіз үй сүйегіне лайықтап құрастырып дайындайды. Киіз үйдің туырлығы біріңғай ақ қойдың жүнінен басылғын киізден жасалса «қоңыр үй» деп атайды.       

    Шаңырақ. Шаңырақ-киіз үйдің ең жағарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады, шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады.

                   

Шаңырақ

1-тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі.                                                       

2-күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін   болады.                                                                                                                    

 3-беріктік. Күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі.                        

 4-шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктігін шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.

Киіз үй керегесі

Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі дейді». Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) дейді.

                                          Кереге

Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.

Уық                                                                                                                                                           

Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі  керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады.

Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Оның ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.

                                               Уық

Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау (5) тағады. Уықтың иілген жерін иығы (2) дейді. Шаңырақпен иықтың арасын уықтың қары (3) деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтан ұшын  қаламы (4) дейді, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен есіледі. Уықтың иінінің ішкі бетін шеберлер бедерлеп өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады.

Киіз үй есігі

Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау.

                                         Киіз үй есігі-«Сықырлауық»

Киіз үй есігінің құрылысы: 1-маңдайша, 2-босаға, 3-сықырлауық, 4-жақтау, 5-табалдырық.



Сықырлауықты тақтайдан жасайды. Шеберлер киіз үйді сәулетіне қарай оюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді. Сықырлауықты әшекейлеуге «қошқармүйіз», «түйемойын», «дөңгелек жапырақшалар», «түйетабан», «шырмауық» сияқты бедер-өрнектер қолданылады. Бедерлі шегелермен, желіммен сүйекті жапсырмалайды

Қазақ  халқының  көрнекті туындысы болып табылатын  киіз үйді математикалық тұрғыдан арифметикалық  зерттеу 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет