Киіз үй қазақ халқының бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын, қыста жылы, жазда салқын, көшіп-қонуға ыңғайлы тұрмыстық үй


Аяқбау. Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп. Бақан



бет2/19
Дата17.05.2020
өлшемі0,82 Mb.
#69118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Киіз үй

Аяқбау. Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп.

  • Бас арқан. Киіз үйді желден, дауылдан сақтау үшін, туырлықты бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан.

  • Басар. Қатты жел тұрғанда, киіз үйдің үстінен бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан.

  • Белбеу. Киіз үйдің туырлығын кереге бастыра тартатын ұзын арқан.

  • Белдеу. Туырлықты айналдыра буатын арқан.

  • Дөдеге. Сән үшін үзіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз.

  • Жел арқан.Киіз үйдің жел жағына байлайтын арқан.

  • Құр. Киіз үйдің керегелері менуықтарын және үзіктің ішкі жағын байлайтын ені 2-3елідей тоқып немесе есіп жасалған жалпақтау бау.

  • Туырлық. Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз.

  • Түндік. Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз.

  • Уыққап.Көшкенде, сынбас үшін, уықтардың екі басына кигізілетін киіз.

  • Үзік. Уықтың үстіне жабылатын киіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет